Автор: Лейла Болтаева

Tesla-ның тынысын тарылтқан гибрид көліктер

Электр көліктер саудасында көшбасшы саналатын Tesla компаниясының сатылым көрсеткіштері төмендеуіне гибрид көліктерге деген сұраныстың артуы себеп болған, деп жазады Ertenmedia.kz. Tesla жариялаған биылғы бірінші тоқсанның қаржылық есебіне сүйенсек, гибрид автомобильдердің танымал болуы компанияның сатылым нәтижелеріне кері әсерін тигізген. Автонарықтағы жаңа шындық Соңғы кездері автоөнеркәсіп нарығында гибрид көліктерге деген қызығушылық күшейіп келеді. Әсіресе General Motors (GM), Toyota сияқты ірі автомобиль өндірушілері электр көліктерінен гөрі, гибрид технологияларына басымдық бере бастады. Мұндай өзгеріс нарықтағы бәсекелестікті арттырып, Tesla сияқты электр көлігін өндірушілердің жағдайын қиындатып отыр. Tesla басшысы Илон Маск қаржылық есепті таныстыру кезінде: «Әлемде электр көліктерінің таралу қарқыны баяулап барады. Көптеген автомобиль өндірушілері электр…

Толық оқу
Қытай жартылай өткізгіштер индустриясы

Қытай жартылай өткізгіштер индустриясында үлкен серпіліс жасап, алғаш рет отандық аса жоғары ультракүлгін (EUV) литография қондырғысының прототипін әзірледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл технология осыған дейін Қытайдың қолы жетпейтін, тек Нидерландтағы ASML компаниясының қолында болған озық өндіріс жүйесі саналып келген еді. Қытайдың технологиялық секірісі EUV-литография қазіргі таңда ең жетілдірілген компьютер чиптерін өндіруге қолданылатын күрделі технология. Бұған дейін АҚШ және оның одақтастары бұл технологияның әскери және жасанды интеллект саласында қолданылуы мүмкін екенін алға тартып, Қытайдың оған қол жеткізуіне жол бермеу үшін түрлі шектеулер қойып келген болатын. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қытай инженерлері осындай шектеулерге қарамастан, толықтай жұмыс істейтін EUV қондырғысының прототипін жасап шығарған.…

Толық оқу
Назарбаев Кремльге барды

Күні кеше ғана Мәскеудің төрінде Владимир Путинмен кездескен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары қоғамда қызу талқыға түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Саяси сарапшы Нұрлан Жұмахан бұл кездесуді «қырық жылдан кейін төркіндеп барған кәрі кемпірдің әрекетіне» теңепті. Оның айтуынша, Назарбаевтың Кремльге қайта-қайта барып, Путиннің маңайынан алыстамауы билікке ұмтылудың ескі әрі тиімсіз әдісі деп санайды. Әлеуметтік желіде тараған видеода Путин мен Назарбаев гүлмен безендірілген үстел басында емін-еркін әңгімелесіп отыр. Сарапшының пікірінше, Назарбаевтың Мәскеуге жиі сапарлауы халық арасында түрлі қауесеттерге жол ашатыны белгілі. Әсіресе, желтоқсан айында оның саяси белсенділігі ерекше күшейіп кетеді. Себебі қазақ қоғамында осы ай саяси өзгерістердің символы. – Кезінде Назарбаев Мәскеуге арқа…

Толық оқу
Жасанды интелект жаңалықтары

Токио қаласында орналасқан Integral AI технологиялық компаниясы жасанды интеллект саласында үлкен серпіліс жасағанын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Компанияның мәлімдеуінше, олар толықтай жаңа тапсырмаларды дербес түрде, алдын ала деректер жиынтығынсыз және адамның көмегінсіз игеруге қабілетті жасанды жалпы интеллект (Artificial General Intelligence, AGI) жүйесін жасап шығарған. Токионың тосын сыйы Жасанды жалпы интеллект көп жылдан бері жасанды интеллект саласының басты әрі қол жеткізілмеген мақсаты саналады. AGI мәтін жазу, сурет тану немесе көлік жүргізу сияқты жекелеген тапсырмаларды орындауға үйретілген қарапайым жасанды интеллекттен мүлдем басқа деңгейдегі жүйе. Ол адам сияқты ойлау, бейімделу және түрлі тапсырмаларды өз бетімен үйрену қабілеттеріне ие болуы тиіс. Осы уақытқа дейін…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал астрологиялық кеңестер

28 желтоқсан жыл соңына дейін шешілмеген істі реттейтін маңызды күн. Жаңа жылдың қарсаңында ойыңды жинақтап, ұсақ-түйек нәрселерге дейін мұқият болған жөн. Бұл күні сырттағы шуға емес, ішкі сеніміңе сүйену маңызды, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін бастаған істі соңына дейін жеткізуге тырыс. Қарқының жақсы болғанмен, асығыстыққа жол берме. Бір ұсақ-түйек деталь, елеусіз қалған хабарлама маңызды шешімге себеп болуы мүмкін. Біреу жол-жөнекей кеңес берсе, құлақ қой, ол сен үшін пайдалы болып шығады. Кешке қарай ойың анықталып, ісіңнің бағыты айқындалады. Торпақ Бүгін әңгіме мен байланыстың маңызы зор. Туыстарыңмен сөйлессең, ойыңды анықтайсың. Қаржы мәселесіне қайта-қайта назар аударуға тура келеді – жоспар мен шығынды жазып…

Толық оқу
Бүгінгі ауа-райы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 28 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Дегенмен батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын түсіп, жаңбыр аралас қар жаууы ықтимал. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде сынап бағанасы –23 –25 градусқа төмендесе, күндіз ауа температурасы –12 –14 градус шамасында болады. Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, бірақ тұман түседі. Түнде –2 –4 градус суық болса, күндіз ауа +3 –5 градусқа дейін жылынады. Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +1 –3 градус аралығында болса, күндіз +8 –10 градус…

Толық оқу
Жаңажылдық фильмдер

Жаңа жылдық фильмдерді көргіңіз келсе, бірақ әдеттегі картиналардан жалықсаңыз Ertenmedia.kz мерекелік көңіл-күй сыйлайтын туындыларды ұсынады. Фильмдер (Kinopoisk рейтингі): Үш жаңғақ Золушка үшін («Три орешка для Золушки», 1973, 8.1) Отбасылы адам («Семьянин», 2000, 7.9) Боб мысықтың Рождествосы («Рождество кота Боба», 2016, 7.8) Сен ұйықтап жатқанда («Пока ты спал», 1995, 7.6) Ғажайып Рождество хикаясы («Необыкновенная история на Рождество», 2017, 7.6) 34-көшедегі ғажайып («Чудо на 34-й улице», 1994, 7.4) Рождество хроникалары («Рождественские хроники», 2018, 7.1) 12 рождестволық кездесу («12 рождественских свиданий», 2011, 6.8) Эльф («Эльф», 2003, 6.3) Мультфильмдер: Клаус («Клаус», 2019, 8.7) Қар адамы («Снеговик», 1982, 7.7) Поляр экспресі («Полярный экспресс», 2004, 7.2)…

Толық оқу
Қорқыт ата әуежайы

Қазақстанның екі әуежайы әуе отынының бағасын заңсыз қымбаттатқаны үшін 26 млн теңгеге жуық айыппұл төледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әуе отыны нарығында монополиялық жоғары баға орнатып, үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін Қостанай және Қызылорда қалаларындағы әуежайларға айыппұл салды. Қостанай әуежайынан 16,6 млн теңге көлемінде айыппұл және заңсыз кіріс тәркіленді. Ал Қызылордадағы «Қорқыт Ата» әуежайы 7,3 млн теңге айыппұл төлеп, қосымша 2,5 млн теңге заңсыз тапқан пайдасын қайтарды. Сондай-ақ, сот шешімімен Қызылорда әуежайы әуе отынының бір тоннасының бағасын 780 000 теңгеден 533 750 теңгеге дейін төмендетуге міндеттелді. Қазіргі уақытта аталған шешімдер заңды күшіне енді. Ал Түркістанның халықаралық…

Толық оқу
Жастар Момышұлы рухына тағзым етті

Елордада Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Батырдың рухына тағзым етуге арналған шараға «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, елорданың белсенді жастары, «Астана жастары» орталығының еріктілері және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Жиын барысында қатысушылар батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен оның ерлігіне құрмет білдірді. «Жас сарбаз» қозғалысының мүшесі Олжас Самархан осындай іс-шаралар жастар бойында азаматтық жауапкершілікті арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. – Біз үшін Бауыржан Момышұлы сияқты тұлғаны есте сақтау өте маңызды. Оның өмірі Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі. Батырдың қайсарлығы мен ұстанымдары бізді шешім қабылдай…

Толық оқу
Дональд Трамп рейтинг

АҚШ-та табысы төмен азаматтардың Трампқа деген сенімі рекордтық деңгейге дейін төмендеген, деп жазады Ertenmedia.kz. Newsweek журналының зерттеуіне сәйкес, жылдық табысы 50 мың доллардан аспайтын америкалықтардың тек 31 пайызы ғана Дональд Трамптың президенттік қызметін оң бағалаған. Зерттеу нәтижесі бойынша осы әлеуметтік топтағы респонденттердің 65 пайызы Ақ үй басшысының жұмысына қанағаттанбайды, қалған 4 пайызы нақты пікірін білдірмеген. Табысы жоғары азаматтар арасында президенттің әрекетін қолдау деңгейі 40 пайызға жеткенімен, олардың 51 пайызы да президент жұмысына теріс баға берген. Newsweek журналының жазуынша, Трамп рейтингісінің төмендеуінің басты себебі тұрғын үй бағасының қолжетімсіздігіне байланысты мәселе. Тұрғындардың тұрмыс жағдайындағы мұндай қиындықтар республикалық партияның 2026 жылы өтетін сайлаудағы…

Толық оқу