Қазақстан 2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізу эстафетасын ресми түрде қабылдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Халықаралық үстел теннисі федерациясының туын табыстау рәсімі Лондонда өтіп жатқан қазіргі әлем чемпионаты алаңында ұйымдастырылды. Осы сәттен бастап Қазақстан әлемдегі ең ірі халықаралық спорттық жарыстардың бірін қабылдайтын ел мәртебесіне ресми түрде ие болды. Үстел теннисінен әлем чемпионаты 2027 жылғы 22-30 мамыр аралығында Астанада өтеді. Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде бұл турнирді алғаш қабылдайтын мемлекет атанып отыр. Мұндай деңгейдегі жарыс отандық спорттың дамуына ғана емес, елдің халықаралық беделін нығайтуға да ықпал етеді. Чемпионатқа спортшылар, жаттықтырушылар, ұлттық федерациялар өкілдері, төрешілер және халықаралық делегаттарды қоса алғанда шамамен 1250…
Автор: Лейла Болтаева
Ішкі істер министрлігі табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде танымал болу немесе видео түсіру мақсатында жартастарға, ескерткіштерге және табиғи нысандарға жазу жазу жағдайлары көбейген. ІІМ мұндай әрекеттер елдің мәдени және табиғи мұрасына зиян келтіретінін атап өтті. Министрлік мәліметінше, қорықтар, ұлттық парктер, тарихи ескерткіштер мен табиғи нысандар мемлекет қорғауында. Сондықтан оларды бүлдіру немесе сыртқы келбетін өзгерту заң бұзушылық болып саналады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 294-бабына сәйкес, вандализм үшін 100-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар қоғамдық жұмысқа тарту, 50 тәулікке дейін қамау, бас бостандығын шектеу немесе…
Бүгін Қазақстанда Аналар күні аталып өтіп жатыр. Биыл мереке 10 мамырға сәйкес келді. Аналар күні елімізде мамыр айының екінші жексенбісінде тойланады. Бұған дейін бұл дата қыркүйек айында аталып өтетін. Алайда Үкіметтің 2023 жылғы 31 мамырдағы қаулысына сәйкес, мереке күні халықаралық тәжірибеге жақындатылып, мамырдың екінші жексенбісіне бекітілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай дәстүр әлемнің 20-дан астам елінде бар. АҚШ, Канада, Германия, Италия, Түркия, Жапония, Бразилия және Аустралия сияқты мемлекеттер де Аналар күнін дәл осы уақытта атап өтеді. Қазақстанда ана мәртебесін көтеру және отбасы институтын нығайту бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Аналар кеңесі құрылған. Қазір республика бойынша кеңестің 1 713 бөлімшесі жұмыс істейді.…
Жеңіс күніне орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағына барып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік құттықтауын жеткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Аймақ басшысы соғыс және еңбек ардагері Вениамин Скаленконы құттықтады. Ол Бөрлі ауданында дүниеге келген. 17 жасында әскер қатарына алынып, майданға аттанған. 98-гвардиялық әуе-десанттық Свирь дивизиясы құрамында болып, Будапешт, Вена және Братислава қалаларын азат етуге қатысқан. Зайыбы Ксения Федосеевна да тыл ардагері. Нариман Төреғалиев соғыс және еңбек ардагері, Халық қаһарманы Иван Гапичтің де шаңырағына барды. Ол 1923 жылы Ақмола облысында дүниеге келіп, Алматыда білім алған. Майдан жылдары Польша, Чехословакия және Украинаны азат етуге қатысты. Мәскеуде өткен әйгілі Жеңіс шеруінде болды.…
Батыс Қазақстан облысында Жеңіс күніне орай батырлар рухына тағзым ету рәсімі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен майдангерлерді еске алды. Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсімін облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен соғыс ардагері Константин Кочережкин бастады. Батыс Қазақстан облысынан қан майданға 76 мың азамат аттанған. Олардың жартысына жуығы туған жерге оралмады. Жиынға қатысқан тұрғындар сол ерлікті еске алып, аға буынның рухына құрмет көрсетті. Қазір облыста 6 соғыс ардагері және 1,5 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады. Жеңістің 81 жылдығына орай оларға және Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысы бар өзге санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек берілді.…
Жетісу облысында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. «Талдықорған» ипподромында ұйымдастырылған мерекелік спорттық шараға еліміздің бірнеше өңірінен 100-ден астам шабандоз қатысты. Жарысты облыс әкімі Бейбіт Исабаев арнайы барып тамашалады. Турнир ат спортының үш түрі бойынша өтті. Қатысушылар құнан бәйге, топ бәйге және аламан бәйгеде бақ сынады. Ұлттық спорттың мереке күнгі бағдарламаға енуі Жеңіс күні тағылымын елдік рухпен, дәстүрмен және дала мәдениетімен ұштастырды. Құнан бәйгеде Алматы облысы Жамбыл ауданынан келген «Бақ» атты тұлпар бірінші болып келді. Жүйріктің иесіне 1 млн теңге ақшалай сыйлық берілді. Бұл санатта бес жүлделі орын белгіленіп,…
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Астанадағы Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері де қатысты. Рәсім барысында Мемлекеттік кеңесші батырлар ерлігі халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті. Бауыржан Момышұлы Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, белгілі қаламгер және қазақ халқының әскери рухын биікке көтерген тұлға. Оның өмір жолы жас ұрпақ үшін отансүйгіштік, ар-намыс және елге адал қызмет етудің айқын үлгісі саналады. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың Атырау облысында өткен отырысында берген тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы «Айбын» орденінің дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері берілген. Сонымен қатар Президент…
Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалдық кешенінде 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мерекелік жиынға ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Олар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, бейбіт күн үшін жанын қиған батырларды еске алды. Шара Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 35748 әскери бөлімі оркестрінің орындауындағы Мемлекеттік әнұранмен басталды. Жиналған жұрт майдан даласында қаза тапқан ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Салтанатты рәсімге Шымкент қаласының әкімі, қалалық мәслихат төрағасы, ардагерлер және қоғам өкілдері қатысты. Олар Мәңгілік алауға, сондай-ақ «Жұлдыз» және «Ұшақ» монументтеріне гүл шоқтарын қойып, «Даңқ» аллеясын аралады. Жеңіс…
Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары батырлар рухына тағзым ету және ұлттық құндылықтарды дәріптеу шараларымен жалғасты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қала тұрғындары, еріктілер, оқушылар мен ата-аналар тарихи-мәдени нысандарды тазалап, ескерткіштер маңын абаттандырды. Акция экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, жастарға ел тарихын нақты іс арқылы танытатын тағылымды бастамаға айналды. Іс-шараның негізгі нысандарының бірі «Даңқ» мемориалы кешені болды. «Жастар ресурстық орталығының» еріктілері 145 мыңнан астам жауынгердің есімі қашалған мәрмәр тақталарды тазалап, «Мәңгілік алау» аумағын ретке келтірді. Тазалық және абаттандыру жұмыстары Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы, Сабыр Рахимов және Әлия Молдағұлова ескерткіштерінің маңында да жүргізілді. №12 және №29 мектептердің оқушылары мен…
Абай облысында Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімі Берік Уәли мереке күндеріне орай Мәскеуге барған соғыс ардагері Григорий Маларовпен байланысқа шығып, оны Жеңіс күнімен құттықтады. Аймақ басшысы Абай облысындағы көзі тірі жалғыз майдангерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Президент құттықтауында ардагердің өмір жолы жас ұрпақ үшін шынайы отансүйгіштіктің үлгісі екені айтылған. Сонымен қатар «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмыт қалмайды» деген сөз Жеңіс күнінің бар мәнін айқындайтыны атап өтілген. Григорий Маларовқа мемлекет тарапынан 5 млн теңге қаржылай сыйақы берілді. Биыл жазда 100 жасқа толатын ардагер 19 жасында Отан…










