Автор: Лейла Болтаева

Жетісу

Жетісу облысында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында тұрғын үй қорын басқару саласындағы реформаларға арналған өңірлік форум өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» деп аталған жиынға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, партия өкілдері, депутаттар, тұрғын үй қатынастары саласының мамандары, мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары қатысты. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Жетісу облысы құрылған күннен бастап халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қысқа мерзім ішінде ауыз сумен қамту, газдандыру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй салу, абаттандыру, цифрландыру және қоғамдық қауіпсіздік бағытында нақты нәтиже бар. Өңір басшысы «TURGYNDAR AMANATY» жобасы осы жұмысты жаңа…

Толық оқу
AMANAT

Шығыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының бастамасымен «AMANAT Керуені» әлеуметтік акциясы бастау алды. Ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және елді мекен тұрғындарына практикалық көмек көрсетуге бағытталған акцияның алғашқы іс-шарасы Самар ауданында өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндағы басты мақсат ауыл тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізу, мемлекеттік қолдау шаралары мен партиялық жобалар, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы мүмкіндіктер туралы түсіндіру жұмысын жүргізу, сондай-ақ өзекті мәселелер бойынша кеңес беру. Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Жанат Мекеева «AMANAT Керуені» жобасының мәні мен маңызына тоқталды. – «AMANAT Керуені» тұрғындарға нақты көмек көрсетуге бағытталған аса маңызды жоба. Бүгінде білікті дәрігерлердің…

Толық оқу
Цифрлық даму министрлігі

Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі елде ірі дата-орталық салу жөнінде халықаралық консорциуммен меморандумға қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаға Dornan Engineering Group және Ample Solutions Hong Kong компаниялары қатысады. Келісім аясында Қазақстанда сенімділігі жоғары Tier III–Tier IV деңгейіндегі дата-орталық салу жоспарланып отыр. Нысанның қуаты 50 МВт-тан 200 МВт-қа дейін болуы мүмкін. Ең жоғары қуатты дата-орталыққа салынатын инвестиция көлемі 1,5 млрд доллардан 3 млрд долларға дейін бағаланып отыр. Мұндай жоба іске асса, елдің цифрлық инфрақұрылымындағы ең ірі бастамалардың біріне айналады. Дата-орталықты тұрақты энергиямен қамту үшін қуаты 250 МВт-қа дейін жететін газ электр станциясын салу көзделген. Оған 200 млн доллардан 400 млн долларға…

Толық оқу
жүкті әйел

Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі қысқаруы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір елде жұмыссыздық бойынша төлемді 185 мыңнан астам адам алып отыр. Көп жағдайда мұндай төлем алты айға дейін беріледі. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең ұзақ мерзімді төрт айға дейін қысқарту мәселесін қарап жатыр. Жаңа тәртіп күшіне енсе, ол тек өзгерістен кейін төлем тағайындалатын азаматтарға қолданылады. Министрлік өкілі Раун Балуанбековтің айтуынша, 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 185 мыңнан асқан. Оның ішінде 14 160 адам төлемді 5 айға, 115 107 адам 6 айға алып отыр. Енді ең ұзақ…

Толық оқу
Нұрлыбек Нәлібаев

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол осыған дейін атқарған қызметінен босатылды. Нұрлыбек Нәлібаев соңғы жылдары өзіне жүктелген міндеттерді жүйелі орындап, аймақтық басқару тәжірибесі арқылы орталық биліктің назарын аударған басқарушылардың бірі саналып келді. Мұндай тағайындау Қазақстандағы кадрлық саясаттың жаңа бағытын да көрсетеді. Соңғы жылдары орталық билік өңірде нақты жұмыс істеп, инфрақұрылым, әлеуметтік сала, инвестиция және халықпен байланыс мәселесінде тәжірибе жинаған әкімдерді жоғары мемлекеттік қызметке көбірек тарта бастады. Себебі кабинетте дайындалған есеп пен жергілікті жердегі нақты ахуалдың айырмасы үлкен. Аймақ басқарған адам бюджет тапшылығының не екенін, инфрақұрылымдағы мәселенің қалай шешілетінін, халықтың…

Толық оқу
Түркістан

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда жаздық дақылдар 388 мың гектар алқапқа егілген. Шаруаларды қолдау үшін «Кең Дала» бағдарламасы аясында 1 441 жоба қаржыландырылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Егіс науқанын уақытылы жүргізу мақсатында диқандарға 15 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай таратылып, алқаптарға 54 мың тонна тыңайтқыш енгізілген. Өңірде көктемгі жұмыстармен қатар алдағы суғару маусымына дайындық та қатар жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков көктемгі дала жұмыстарының барысын талдап, аудан және қала әкімдіктеріне тыңайтқыш жеткізу мәселесін жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, отандық өндірушілермен бірлесіп, қажетті көлемдегі өнім қысқа мерзімде аудан орталықтарына жеткізілуі керек.…

Толық оқу
нан

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына кіретін нан бағасы өңірлер арасында айтарлықтай айырмашылық көрсетіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылғы 29 сәуірдегі дерек бойынша, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай нанының елдегі орташа бағасы 227 теңге болды. Алайда қала бойынша қарағанда, баға айырмасы екі есеге жуықтайды. Ең қымбат нан Қонаевта тіркелген. Онда бір келі нан 347 теңгеге жеткен. Алматыда баға 308 теңге, Жезқазғанда 281 теңге болды. Жоғары баға тіркелген қалалар қатарында Ақтау, Семей және Талдықорған да бар. Ақтауда бір келі нан 253 теңге, Семейде 246 теңге, Талдықорғанда 240 теңге деңгейінде қалыптасты. Ал ең төмен баға Оралда байқалды. Мұнда бір келі нан…

Толық оқу
Жқлдыз жорамал

6 мамыр күні жұлдыз белгілерінің басым бөлігі үшін асығыс қорытынды жасамай, сөзге, қаржыға және келісімге мұқият қарау маңызды, деп жазады Ertenmedia.kz. Күн ескі мәселені саралауға, жоспарды қайта қарауға және тыныш шешім қабылдауға қолайлы. Ал эмоциямен қабылданған қадам кейін өкініш тудыруы мүмкін. Тоқты Бүгін қаржы, жоба немесе жеке жоспарға қатысты сөйлесетін адамдарға мұқият қараған жөн. Сырттай қолдау білдірген адамның бәрі сенімді бола бермейді. Кешке достармен дауласпай, өз әрекетіңіздегі асығыстықты саралаған дұрыс. Торпақ Маңызды шешім қабылдайтын адаммен әңгіме тууы мүмкін. Басшылықпен немесе ресми ортадағы диалогта артық тартысқа бармаңыз. Сабырмен ұсыныс айтып, қарсы тарапқа ойлануға мүмкіндік берген тиімді. Егіздер Күмән мен артық ой…

Толық оқу
ауа райы

Қазақстанның басым бөлігінде 6 мамыр күні күн құбылмалы болғанымен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, елдің оңтүстік өңірлерінде күн айтарлықтай ысиды. Ең жоғары температура Қызылордада тіркелмек. Онда күндіз ауа температурасы +31…+33 градусқа дейін көтеріледі. Астанада күн ала бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Түнде +9…+11 градус, күндіз +21…+23 градус жылы болады. Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Күн ала бұлтты, жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +11…+13 градус, күндіз +26…+28 градус шамасында болады. Шымкентте күн ашыққа жақын болады. Жел секундына 5-10 метр. Түнде +13…+15 градус, күндіз +28…+30 градус ыстық күтіледі. Ақтауда күн…

Толық оқу
Үкімет

Қазақстанда инвестор құқығын қорғау, инвестициялық жобаларға кедергі келтіретін тосқауылды жою және шетелдік капитал тарту жұмысын күшейту мәселесі Үкімет деңгейінде қаралды, деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында кеңес өткізді. Жиынға мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы, квазимемлекеттік сектор және бизнес өкілдері қатысты. Үкімет басшысы инвестициялық ахуалды жақсарту Президенттің ерекше назарында екенін айтты. Жуырда инвесторлар, кәсіпкерлер және жоғары білікті мамандар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында көші-қон саясатын жетілдіру туралы Жарлыққа қол қойылған. Бектеновтің сөзінше, аталған құжат елге сапалы шетелдік адами капитал тартуға және инвестициялық ортаны күшейтуге жаңа институционалдық мүмкіндік…

Толық оқу