Оралда Отан қорғаушы күні қарсаңында Қазақстандағы ең ірі кеме суға түсірілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты рәсімге Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Оның айтуынша, жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің қорғаныс қабілетін күшейту жөніндегі тапсырмасы және ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысы аясында жүзеге асқан. Жаңа кемеге мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Облыс әкімі «Зенит» зауыты ұжымының кәсіби шеберлігі мен еңбегін атап өтіп, экипажға сәттілік тіледі. «Орал «Зенит» зауыты» АҚ жасап шығарған су көлігі кәсіпорын тарихындағы 37-інші кеме саналады. Оның салмағы 720 тоннаға жетеді. Ұзындығы 51 метр, ені 9,5 метр. Жүк тасымалдауға арналған трюм көлемі 30 текше метр.…
Автор: Лейла Болтаева
FlyArystan 7 мамырдан бастап портативті аккумуляторларды тасымалдауға қатысты жаңа талап енгізеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әуе компаниясының мәліметінше, енді power bank құрылғыларының қуатына қарай шектеу қойылады. Қуаты 100 Вт·сағатқа дейінгі аккумуляторларды қосымша рұқсатсыз алып жүруге болады. 100-ден 160 Вт·сағатқа дейінгі құрылғыларды тасымалдау үшін әуе компаниясының рұқсаты қажет. Ал қуаты 160 Вт·сағаттан асатын power bank ұшаққа кіргізілмейді. Бір жолаушы өзімен бірге екіден артық портативті аккумулятор алып жүре алмайды. Оларды тек қолжүкпен тасымалдауға рұқсат етіледі. Power bank-ті тіркелетін багажға салуға болмайды. Ұшу кезінде портативті аккумуляторды пайдалануға және зарядтауға тыйым салынады. Сонымен қатар құрылғы қысқа тұйықталудан қорғалуы керек. Яғни аккумулятордың ұшы ашық қалмауы, металл…
Өскеменде зауытта газ-ауа қоспасы жарылып, кейін жану және ішінара опырылу болды. Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға шаң ұстау цехында, шаң ұстау құрылғысы орналасқан жерде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстан кейін цех аумағында өрт шығып, нысанның бір бөлігі опырылған. Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Мамандар аумақты тексеріп, зардап шеккен адамдардың бар-жоғын анықтау үшін барлау жүргізуде. Төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрылды. Құтқарушылар мен жауапты қызметтер жағдайды бақылауға алып, қауіпсіздік шарасын күшейтті. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге нақтыланып жатыр. Ресми мәлімет шыққан сайын оқиғаның мән-жайы қосымша хабарланады. Қазақстанда жыл басынан…
Қазақстанда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 900-ден астам қару тәркіленді. Арасында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар да бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті сақтау және заңсыз қару айналымына қарсы жұмысты күшейтіп жатыр. Polisia.kz мәліметінше, тәркіленген қарудың ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару да бар. Сонымен қатар 4 мыңнан астам оқ-дәрі айналымнан алынған. 27-29 сәуір аралығында ел аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өтті. Үш күн ішінде полиция 67 атыс қаруын және түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәріні тәркіледі. 27 сәуірде Алматы қаласында полиция қызметкерлері Сайран көлі жағасынан қару тапты. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, ол қаңтар оқиғасы…
Қазақстанда алимент төлеуге міндетті адам шетелге кетуді жоспарласа, төлем мәселесін алдын ала реттеуге болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Заңгерлердің айтуынша, бұрынғы жұбай тұрақты тұруға немесе уақытша шетелге шығатын болса, алимент бойынша келісім жасасуға құқылы. Егер тараптар өзара келісе алмаса, мүдделі адам сотқа жүгініп, алимент мөлшерін нақты ақшалай сомада белгілеуді, болашақ төлемдерді біржолғы өндіріп алуды немесе алимент орнына мүлік беруді талап ете алады. Мұндай тәсіл баланың мүддесін алдын ала қорғауға мүмкіндік береді. Яғни алимент төлеуші елден кеткеннен кейін оны іздеп, қарызды өндіріп жүруден гөрі, міндеттемені шетелге шықпай тұрып нақты бекіткен тиімді. Егер адам тұрақты тұруға ресми құжат рәсімдемей кетіп, алимент төлеуді тоқтатса,…
5 мамырға арналған жұлдыз жорамалы барлық белгіге сөзге, қаржыға және берілген уәдеге мұқият қарауға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Астрологтардың айтуынша, сейсенбі сабырлы талдау жасауға, бұрынғы қатені түзетуге және алдағы жоспарды нақтылауға қолайлы. Бірақ күрт шешім қабылдауға, дау тудыруға және эмоцияға еріп әрекет етуге асықпаған жөн. Тоқты Сейсенбі жұмыстағы әңгімеде де, отбасылық талқылауда да ұстамдылықты қажет етеді. Өз ойыңыздың дұрыс екеніне сенімді болсаңыз да, айналаңыздағы адамдарға қысым жасамаңыз. Кешке спортпен айналысу немесе серуендеу ішкі ширығуды басуға көмектеседі. Торпақ Күн қаржы мәселесін және кейінге қалып жүрген тұрмыстық шаруаны реттеуге ыңғайлы. Сатып алу кезінде асықпаңыз, кез келген келісімнің шартын мұқият тексеріңіз. Кешті…
Қазақстанда 5 мамыр, сейсенбі күні бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал елдің шығысында топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазгидромет мәліметінше, Астанада күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 метрге дейін күшеюі ықтимал. Ауа температурасы түнде +10…+12 градус, күндіз +25…+27 градус болады. Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +12…+14 градус, күндіз +22…+24 градус жылы. Шымкентте де жауын-шашын күтілмейді. Күн ала бұлтты, жел 3-8 м/с шамасында болады. Түнде +12…+14 градус, күндіз +25…+27 градусқа дейін жылынады. Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 9-14…
«Астана-РЭК» компаниясы электр энергиясымен жабдықтау қызметіне тарифті көтеру жөнінде өтінім әзірлеп жатқанын хабарлады. Әзірге барлық санаттағы тұтынушылар үшін қазіргі тариф 2025 жылғы деңгейде сақталып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Компания мәліметінше, 2026-2030 жылдарға арналған электр энергиясын беру тарифтері мемлекеттік орган тарапынан бекітілген. Әңгіме Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің бұйрығы туралы болып отыр. Ал тұтынушылар төлейтін энергожабдықтау тарифіне қатысты өзгеріс бөлек қаралады. «Астана-РЭК» қазір тарифті көтеру жөніндегі өтінімді қалыптастырып жатыр. Оны маусым айында қарау жоспарланған. Компания тариф деңгейі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланатынын, сондай-ақ қоғамдық тыңдау ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Тарифті көтеру қажеттілігі шығындардың өсуімен және электр жүйесіне түсетін жүктеменің артуымен түсіндіріліп…
Ақтау қаласында ұлттық өнерді жаңғыртуға бағытталған «Тәрбия» қолөнер орталығы ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты рәсімге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мәлік Әбдіқадыров қатысып, өңір тұрғындарын жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады. Іс-шара барысында ұлттық нақыштағы сән көрсетілімі ұйымдастырылып, қонақтарға қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Сондай-ақ арнайы лента қию рәсімі өтті. Үш қабатты орталықта ұлттық қолөнердің толық өндірістік циклі қамтылған. Бірінші қабатта шеберлердің дайын бұйымдары қойылған шоурум орналасқан. Екінші қабат «Шабыт кеңістігі» ретінде шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға арналған. Үшінші қабатта жіп иіру, киіз басу, талшық өңдеу, өрмек тоқу, бау-басқұр жасау және сәндік әрлеу бағыттары бойынша шеберханалар жұмыс істейді. Орталық базасында кілем тоқу шеберханасы да іске…
Қазақстанда 2026 жылғы сәуір айында айлық инфляция 0,8 пайыз болды. Ұлттық статистика дерегіне сәйкес, сәуірде азық-түлік тауарлары 0,7 пайызға, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 0,9 пайызға қымбаттады. Баға өсімі бірқатар өнім мен қызмет түрінде байқалғанымен, кей тауарлар арзандаған, деп жазады Ertenmedia.kz. Азық-түлік ішінде банан мен апельсин бағасы 3 пайызға төмендеді. Көк шөп пен үрме бұршақ 0,6 пайызға, зефир 0,5 пайызға, кептірілген өрік 0,4 пайызға арзандады. Ал жүзім 5,6 пайызға қымбаттады. Сары май мен карамель бағасы 1,2 пайызға, картоп 0,8 пайызға, сүзбе 0,6 пайызға өсті. Орама мен кекс 0,4 пайызға, лимон мен жасымық 0,3 пайызға қымбаттаған. Азық-түлік емес тауарларда да әртүрлі…










