Автор: Лейла Болтаева

Вице-министр Досжан Мусалиев

«Kundelik» білім беру платформасына иелік етуші компания оқушылардың жеке деректерінің қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін айыппұл төледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәліметтердің таралуы 2016-2020 жылдар аралығындағы ескі деректерге қатысты болған. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мусалиев деректердің жария болуы бұрын болған жағдай екенін айтты. – Таралған ақпарат жүйедегі ескі мәліметтер, олар 2016-2020 жылдар кезеңіне қатысты. Ол деректер кейін өзгермеген, бүгінгі күнгі қолданыстағы ақпаратқа толық сәйкес келеді. Әрбір деректің таралуы әртүрлі жағдаймен байланысты, бұл жерде жүйеге сыртқы шабуыл жасалмаған. Пайдаланушылардың бірінің логині мен паролі 2020 жылы алынған болуы мүмкін, – деді вице-министр. Цифрлық жауапсыздық Оның айтуынша, жеке мәліметтердің қауіпсіздігін…

Толық оқу
Есірткі саудасы күрес

Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күрестің жаңа кешенді жоспары бекітілді, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026-2028 жылдарға арналған стратегиялық құжат жастарды қорғау, цифрлық трансформацияны күшейту және есірткі тарату желілерін түбегейлі жоюға бағытталған. Жаңа жоспар аясында еліміздегі есірткіге қарсы күресте технологиялық серпіліс жасалады. Атап айтқанда, жасанды интеллект деректерді талдап, қылмыстық іздерді анықтау мақсатында қолданылады. Бұған қоса газ талдағыш құрылғылармен жабдықталған дрондар іске қосылады, ал күдіктілердің «цифрлық ізі» бойынша арнайы дерекқор жасалады. Қоғамдық қауіпсіздікке арналған іс-шараларда да бірқатар жаңалық енгізілмек. Наркоскрининг ережелері жаңартылып, жастар мен жасөспірімдер ортасында «спайкингке» (сусынға немесе тағамға есірткі қосу) қарсы күрес күшейтіледі. Сондай-ақ құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен азаматтарға арнайы ынталандыру…

Толық оқу
елге экстрадицияланды

Грузияда жасырынып жүрген қазақстандық кәсіпкер елге экстрадицияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол мемлекетке 1,3 млрд теңге салық төлемей, жалған шот-фактураларды ұйымдастырғаны үшін айыпталуда. Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігі бірлесіп, Тбилиси қаласында бой тасалап жүрген күдіктіні елге қайтарды. Тергеу материалдарына сәйкес, 2023-2024 жылдары Алматы қаласында компания басқарған азамат заңсыз жолмен жалған шот-фактуралар жазып, мемлекетке ірі көлемде залал келтірген. Қылмыстық істің деректері бойынша, компания ешқандай нақты қызмет көрсетпестен, қағаз жүзінде ғана жұмыстар атқарып келген. Нәтижесінде бюджетке 1,3 млрд теңге салық төленбей, мемлекетке экономикалық залал келтірілген. Күдікті қыркүйек айында Грузияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілген бойда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол жеті жылға…

Толық оқу
Украина президенті Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған бейбітшілік жоспарына қатысты бүкілхалықтық референдум өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алайда бұл үшін Ресей тарапы кем дегенде 60 күнге атысты толық тоқтатуы тиіс. Axios басылымына берген сұхбатында Зеленский бұл шарттың Украина үшін шешуші мәні бар екенін жеткізген. Оның айтуынша, Трамп жоспары бойынша келіссөздер 28 желтоқсанда АҚШ президентімен өтеді. Зеленский осы кездесуде Киевтің ұстанымын нығайтуды көздеп отыр. Трамптың ұсынған бейбітшілік жоспары Украинадан кейбір аумақтарды, соның ішінде қазір Ресей әскері бақылауында жоқ жерлерді де беруді талап етеді. Зеленскийдің айтуынша, Украина халқының атынан шешім қабылдау үшін референдум қажет, ал оны ұйымдастыру үлкен…

Толық оқу
Менің атым Қожа Нұрлан Сегізбаев

Ел жүрегінде мәңгі сақталған «Менің атым Қожа» фильмінде басты кейіпкер Қожаның рөлін сомдаған әйгілі актер, сценарист әрі кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Нұрлан Санжарұлының есімі ұлттық кино тарихында өшпестей болып жазылған. Ол 1951 жылы Алматыда дүниеге келді. Әсіресе, бала күнінде сомдаған Қожа рөлі қазақ көрерменінің санасында терең із қалдырды. Қожа бейнесі арқылы халықтың сүйікті актеріне айналды. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты, сондай-ақ Кинематографистер одағының мүшесі ретінде ел руханияты мен мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Марқұмның қайтыс болуына байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі оның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша халыққа көңіл айтты. «Нурлан…

Толық оқу
қаржыгер, экономист Расул Рысмамбетов

Жыл соңында көбіне мемлекеттің қабылдаған шешімдері мен жаңа бағдарламалары жиі айтылады. Дегенмен, экономиканың шынайы келбеті қабылданған шешімдердің қалай орындалғанына байланысты екені анық, деп жазады Ertenmedia.kz. Белгілі қаржыгер, экономист Расул Рысмамбетов 2025 жылы банк секторында байқалған үрдістерді егжей-тегжейлі талдады. Оның пікірінше, экономиканың кей салаларын бағалау үшін мамандандырылған көзқарас қажет болса, банк секторының жағдайы бірден қаржы ағымдарынан көрінеді. Мәселен, 2025 жылдың алғашқы он айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің активтері 67,8 трлн теңгеге дейін өссе, ссудалық портфель көлемі 42,1 трлн теңгеге жеткен. «Қатаң ақша-несие саясаты жағдайында банк жүйесінің мұндай өсім көрсетуі қаржы институттарының ресурстарды экономиканың нақты секторына тиімді бағыттап отырғанын білдіреді»,…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал астрологиялық кеңестер

27 желтоқсан сана мен сезімнің арасына көпір салатын күн. Әр сөз, әр қадам таразыға тартылып, адам ішіндегі шынайы ниет анық көрінеді. Жаңа жыл қарсаңында көңіл күйіңізді тұрақты ұстауға тырысыңыз. Ертеңгі күнге деген сенім мен бүгінгі істің нақты нәтижесін көргіңіз келсе, Ertenmedia.kz ұсынған жұлдыз жорамалға назар салыңыз. Тоқты Бүгін бір істі қолға алсаңыз, оны ақырына жеткізгеніңіз дұрыс. Қарқын жақсы, дегенмен асығыстықтан сақтаныңыз. Майда-шүйдеге мән беру маңызды ұсақ нәрседен қате кетуі мүмкін. Біреу кеңес берсе, бас тартпаңыз, бұл пайдалы болуы ықтимал. Кешке қарай бір мәселенің анық шешілгеніне көзіңіз жетеді. Торпақ Бүгінгі күннің олжасы аралас-құралас. Кездейсоқ әңгімеден күтпеген жақсы хабар келуі мүмкін. Ақша…

Толық оқу
Тоқаев Бектеновты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет басшысы Президентке экономикалық реформаларды жүзеге асыру және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында берген тапсырмаларын орындалу барысын баяндады. Үкімет басшысы Президентке еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындыларын ұсынды. Оның айтуынша, экономиканы әртараптандыру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде ішкі жалпы өнімнің өсімін негізінен өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз еткен. Биылғы жылдың он бір айында көлік қызметі 20,3 пайызға, құрылыс саласы 14,7 пайызға, сауда 8,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 6,1 пайызға, ал өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға артқан. Ел экономикасына тартылған инвестициялар көлемі 18,5 триллион теңгеге жетті, оның ішінде жеке сектор…

Толық оқу
Отырарда мақта зауыты ашылды

Түркістан облысы Отырар ауданындағы Қарақоңыр ауылдық округінде «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» серіктестігінің заманауи мақта өңдеу зауыты іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа өндіріс орнының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өндіріс ұжымы мен жергілікті тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтады. Өңір басшысының айтуынша, мақта шаруашылығын дамыту Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін жаңғыртудың негізгі тетігі. Осы бағыттағы ірі жобалардың бірі саналатын жаңа зауыт заманауи технологиялармен жабдықталып, өндіріс көлемін еселеп арттырады. Серіктестік қытайлық инвесторлармен бірлесіп, 32 мың гектар аумаққа тамшылатып суару жүйесін енгізіп, жоғары өнім көрсеткішіне қол жеткізген. Қазірдің өзінде 120 мың тонна шитті мақта жиналса, оның 30 мың тоннасы толық өңделіп, таза…

Толық оқу
road_opening_ceremony_kazakhstan_sunny

Алматы облысында «Күрті – Қонаев» автомобиль жолының (0-67 шақырым) қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, төрт жолақты қозғалыс іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қонаевқа бастайтын жолақтар Бұл бағыт «Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы» дәлізінің негізгі бөлігі саналатындықтан, атқарылған жұмыс көлік қатынасының сапасын арттырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие. Аталған жоба арқылы Алматы агломерациясын елдің орталық өңірлерімен байланыстыру жеңілдеп, жол жүру уақыты қысқарды. Құрылыс жұмыстары Еуропалық қайта құру және даму банкі қаражаты есебінен қаржыландырылды. Жаңартылған автожол Іб техникалық санатына сай төрт жолақпен жасақталған. Құрылыс барысында төрт көпір, бір көлік айрығы, айрық құрамына кіретін бір жол өткелі, бес бұрылыс алаңы…

Толық оқу