Қазақстанда Конституцияға қатысты жалпыхалықтық референдум өтті. Референдумды ұйымдастыруға шамамен 20,8 млрд теңге жұмсалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа Конституция жобасы қабылданғаннан кейін енді бізді Құрылтайға (яғни Парламентке) жаңа сайлаулар күтіп тұр. Ал бұл дегеніміз тағы да қосымша шығындар деген сөз. Қандай қаржы көлемі туралы әңгіме болуы мүмкін? Соңғы рет Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы жақында ғана, 2023 жылы өткен еді. Сол кезде сайлау науқанына шамамен 33,4 млрд теңге жұмсалған болатын. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, енді өтетін жаңа парламенттік сайлауға да шамамен осындай қаржы немесе бұдан да көбірек қаражат бөлінуі мүмкін. Себебі, сайлауға дайындық шаралары, үгіт-насихат жұмыстары, сайлау учаскелерінің ұйымдастырылуы,…
Автор: Лейла Болтаева
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақ елі бірлігі мен ынтымағын танытып, тарихи шешім қабылдағанын айтып, көпшілікті рефрендум нәтиесімен құттықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. – Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдірді. Біз сіздермен бірге ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның тікелей куәгері болдық. Президентіміз атап өткендей, қазақстандықтар жаңару мен жаңғыру үшін дауыс беріп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлестерін қосты. Әділетті әрі Өркендеген Қазақстанның жаңа тарихы ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді ұлықтап, тек демократиялық…
1920 жылдардан бастап Иран тарихында елдің саяси келбетін түбегейлі өзгерткен екі ерекше кезең болды. Олар Иранның ішкі сипатын ғана емес, сонымен қатар оның әлемдік қауымдастықпен қарым-қатынасын да анықтады. Қазір Ислам республикасы бұрын-соңды болмаған қысымға тап болып, Иран тарихында үшінші маңызды кезең басталуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Алғашқы тарихи кезең 1925 жылы Реза хан Пехлевидің таққа отыруымен басталып, 1979 жылғы революциямен аяқталған Пехлеви монархиясының дәуірі. Бұл кезеңде Иранның бет-бейнесі зайырлы, заманауи мемлекет ретінде қалыптасып, Батыс лагерімен тығыз байланыста дамыды. 1948 жылы Израиль мемлекетін алғаш мойындаған елдердің бірі – Иран болатын. Сонымен қатар, ел Парсы шығанағы аймағында АҚШ-тың басты серіктесіне айналып, Батыс…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумның экзит-полл қорытындысымен танысып, осыған байланысты өз мәлімдемесін жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазмедиа орталығында» экзит-полл нәтижесі таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы тарихи күн екендігін ерекше атап өтті. – Бүгін Қазақстан үшін тарихи күн! Азаматтарымыз конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді қатысты. Бұл – еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам. Жаңа ғана экзит-полл нәтижелері жарияланды. Қазақ елі өзінің тарихи таңдауын жасады. Барша халыққа алғысым шексіз. Азаматтарымыздың отаншылдығы айқын көрінді. Енді жыл сайын 15 наурызды – Конституция күні ретінде атап өтетін боламыз. Себебі халқымыз жаңару мен жаңғыруға дауыс берді. Бұл – баршамыздың ортақ жетістігіміз. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! – деді…
Кір жуғыш машинаның ішкі құрылысы мен жұмыс істеу принципін қарапайым тілмен түсіндіріп, оған қалай дұрыс күтім жасау керектігі туралы кеңестер құлақ асу керек, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі үй шаруашылығында кең таралған алдыңғы жағынан ашылатын (фронталды) кір жуғыш машина бірнеше негізгі бөліктен тұрады. Оның ішіндегі механизмдер электр энергиясын механикалық қозғалысқа айналдырып, киімдерді су мен кір жуғыш ұнтақ араласқан ортада айналдырып жуады. Осылайша, кірленген киімдер тазарып, соңында лас су сыртқа шығарылады. Кір жуғыш машинаның негізгі бөлшектері: • Су кіретін құбыр – таза су машинаның ішіне кіретін жер. Мұнда су жуу циклы басталар кезде жіберіледі. • Басқару тақтасы – машинаның жұмыс режимдерін, температура…
Ирандағы соғыстың экологиялық зардаптары алдағы ондаған жыл бойы сезілуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшылардың айтуынша, зымыран соққылары мен мұнай қоймаларындағы жарылыстар салдарынан ауаға таралған улы заттар миллиондаған адамның денсаулығына қатер төндіруде. Бұл зиян тек Иран аумағымен шектелмейді, көршілес елдерге де таралу қаупі жоғары. Британдық CEOBS үкіметтік емес ұйымының дерегінше, қақтығыс басталғаннан бері қоршаған ортаға зиян тигізген 300-ден астам қауіпті оқиға тіркелген. Ең ірі экологиялық апаттардың бірі Тегерандағы мұнай қоймаларына Израильдің жасаған соққысынан кейін болды. Бұл аймақта қала маңындағы елді мекендерді қоса есептегенде 18,5 миллиондай адам тұрады. Одан кейінгі жауын-шашын жағдайды одан әрі ушықтыра түсті. Физик Димитрис Каскаутистің айтуынша, мұнай өрттері…
Жұлдыздардың сырына үңілу – ертеңгі күнге жасалған болжам ғана емес, алдыңнан шыққан мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді алдын ала сезінудің амалы. 16 наурыз күні қай жұлдыз белгісінің жолы ашық, кімге сақтық танытқан жөн екенін Ertenmedia.kz хабарлайды. Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір) Бүгін Тоқтының байқаусызда айтылған сөзі ұзақ уақытқа созылатын ренішке себеп болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді тежеп, әзіл-қалжыңды орнымен айтқаныңыз жөн. Бөтеннің құпиясын сақтап, артық қызығушылық танытпасаңыз, күніңіз тыныш әрі жанжалсыз өтеді. Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр) Торпақтардың ойын бүгін қаржы мәселесі көбірек мазалайды. Ақша аз болса, уайымдаудың қажеті жоқ. Қаржы ешқашан жеткілікті болмайды, сондықтан бар нәрсеге қанағат етіп, көңіліңізді көтеріңкі ұстаңыз.…
Жердің айналу жылдамдығы соңғы онжылдықтарда ерекше қарқынмен баяулауда. Мұндай өзгеріс соңғы миллиондаған жылдарда өте сирек кездескен, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеушілердің айтуынша, бұл өзгеріске адам әрекетінен туындаған климаттың жылынуы себеп болып отыр. Күнделікті өмірде Жердің айналуының баяулағаны байқалмайды: қазір бір тәулік шамамен әрбір жүз жыл сайын 1,33 миллисекундқа ұзарып отыр. Дегенмен, ғалымдар тәулік ұзақтығының аздаған өзгерісі уақытты дәл өлшеуге және ғарыштық навигация жүйелеріне әсер етуі мүмкін екенін айтады. Себебі олардың барлығы Жердің айналу жылдамдығына тікелей байланысты. Жер өз осінен бір тәулікте бір рет айналатынын мектеп қабырғасынан білеміз. Бірақ нақты қарағанда, тәулік ұзақтығы Айдың тартылыс күші мен Жер ішіндегі геофизикалық процестерге, беткі…
16 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Тек кейбір өңірлерде жаңбыр, қар, тұман түсіп, желдің екпіні күшеюі ықтимал. Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Қарағанды және Астанада ауа райы жауын-шашынсыз, бұлтты болады. Күндізгі ауа температурасы +2…+4 градус шамасында, түнде −5…−10 градусқа дейін төмендейді. Астанада кей уақыттарда тұман түсуі мүмкін. Өскеменде түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын аралас (қар мен жаңбыр) түседі. Күндіз −2…0 градус, ал түнде ауа температурасы −10…−12 градусқа дейін төмендейді. Семейде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанды: күндіз −1…−3, түнде −10…−12 градус. Павлодарда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндізгі температура −2…−4 градус, түнде −12…−14 градус аралығында…
Автокөлікке бейнетіркегішті қосу мен оны қоректендіруге қатысты бірнеше түрлі әдіс бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Олардың арасында ең көп тарағандары – көліктің USB-портына, темекі тұтатқышына (прикуриватель), автокөліктің аккумуляторына тікелей немесе арнайы портативті аккумуляторға қосу. Әрбір тәсілдің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Қай әдісті таңдасаңыз да, бейнетіркегіштің қай жерден және қалай қоректенетінін нақты білгеніңіз жөн. Мәселен, құрылғыны темекі тұтатқышына қоссаңыз, ол тек автокөлік оталғанда ғана қоректенеді. Егер сіз бейнетіркегішті тек қозғалыс кезінде қолдануды жоспарласаңыз, бұл дұрыс таңдау. Ал егер құрылғыны түнде бейнебақылау камерасы ретінде пайдаланғыңыз келсе, бұл әдіс сіздің үмітіңізді ақтамауы мүмкін. Сонымен қатар, бейнетіркегіштің қосылым кабельдері мен контакттары берік және сенімді…










