Халықаралық валюта қорының соңғы шолуы бойынша Қазақстан әлемнің ең ірі экономикалары арасында 47-орынға көтеріліп, номиналды ЖІӨ көлемі 398 млрд долларға бағаланды.
Автор: Лейла Болтаева
Степногорскіде балалар емдеуге сертификаты жоқ тіс дәрігері 345 баланы қабылдап, МӘМС қорынан 2,5 млн теңгеден астам қаражат жымқырған. Прокуратура тексерісінен соң қаражат қазынаға қайтарылды.
Қараша айында қазақстандық салық төлеушілер 2026 жылдың үшінші тоқсаны бойынша негізгі есептерді тапсырып, бірқатар салық пен міндетті төлемдерді өтеуі тиіс.
Қазақстанда алтын құймаларының бағасы 16%-ға арзандап, қымбат кезінде сатып алғандар спред салдарынан қаржысының 24%-на дейін жоғалтты.
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын жүйелі түрде бұзған жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды. Реттеуші орган борышкерлерге несие міндеттемелерінің жойылмайтынын ескертті.
Алматыда Терренкурдан Медеуге дейінгі серуендеу жолын салып жатқан мердігер құрылыс қоқысын ағаш түбіне көмген. Алайда қалалық әкімдік заң бұзған компанияға тек ескерту жасаумен шектелді.
Қазақстанда такси жүргізу, жеткізу қызметі және құмар ойындардан түсетін табыс алимент төлеуден жалтарғандарды әшкерелеуге көмектеседі.
Қытай ғалымдары жойылып кету қаупі төнген Тибет қодасын сәтті клондап, олардың санын он төлге арттырды.
Үкіметтің ипотека бойынша бастапқы жарнаны азайту әрекеті құрылыс нарығындағы күрделі мәселелерден хабар береді. Сарапшылар тұрғын үй саудасында ұзаққа созылатын құлдырауды болжауда.
Маңғыстау облысында жаңадан тағайындалған Қарақия ауданының әкімі Жансейт Қайнарбаев пен Самбо федерациясының бірінші вице-президенті Манарбек Бисекенов адам ұрлады деген күдікпен ұсталды.










