АҚШ‑тың Калифорния штатында орналасқан ұйқыны зерттейтін REMspace компаниясының ғалымдары бұрын ғылыми фантастикада ғана айтылатын құбылысқа қол жеткізгенін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу барысында екі адам ұйықтап жатқан күйінде, яғни саналы түс көру (lucid dream) кезінде бір‑бірімен байланыс орната алған. Тәжірибеге саналы түс көру тәжірибесі бар екі ерікті қатысқан. Қатысушылар өз үйлерінде ұйықтап жатқан кезде олардың ми белсенділігі қашықтан, нақты уақыт режимінде бақылауға алынған. Ғалымдардың негізгі мақсаты – адам оянбай‑ақ түс ішінде қарапайым хабарлама жіберіп, оны қабылдап, жауап бере ала ма деген сұраққа жауап табу. REMspace зерттеушілерінің айтуынша, тәжірибе сәтті өткен. Саналы түс көру адам ұйықтап жатқанымен, түс көріп жатқанын түсінетін…
Автор: Лейла Болтаева
Қытайдағы Бейжің университетінің ғалымдары ақпаратты электр тогының орнына жарық арқылы өңдейтін жаңа «толық оптикалық» чип жасап шығарды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл инновациялық технология кәдімгі электрондық чиптердің 2-3 ГГц жылдамдығынан әлдеқайда асып, 100 ГГц жиілікке дейін жұмыс істей алады. Ғалымдардың айтуынша, бұл жетістік жоғары жылдамдықты есептеу жүйелері мен байланыс технологиясының дамуына тың серпін береді. Кез келген компьютер құрылғысының жүрегі саналатын орталық процессордың (CPU) жылдамдығы гигагерц (ГГц) өлшемімен есептеледі. Әрбір гигагерц – секундына миллиард такт циклына тең көрсеткіш. Процессордың жиілігі жоғары болса, ақпаратты өңдеу де жылдамырақ іске асады. Қазіргі қолданыстағы дәстүрлі процессорлар электронды осцилляторлар арқылы такт сигналдарын шығарады. Алайда мұның энергия тұтынуы…
ҚР Орталық референдум комиссиясы жариялаған қорытындыға сәйкес, Алматы облысының тұрғындары референдумға ерекше жауапкершілікпен қатысып, белсенділік көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірдегі дауыс беру құқығына ие 1 миллионнан астам азаматтың 71,46 пайызы, яғни шамамен 800 мыңға жуығы өз таңдауын жасады. Әсіресе облыстың шалғай жатқан Райымбек, Кеген және Балқаш аудандарындағы халықтың белсенділігі ерекше жоғары болды. Бұл аудандарда тұрғындардың 90 пайыздан астамы референдумға қатысып, азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Референдум өткізу барысында барлық учаскелер талапқа сай жұмыс істеді. Дауыс беру процесі ашық, әділ әрі заң аясында ұйымдастырылды. Қоғамдық тәртіп сақталып, дауыс беру кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелмеді. Жалпы, Алматы облысы тұрғындарының бұл белсенділігі өңір халқының ел тағдырына бейжай…
Бүгін елімізде өтіп жатқан республикалық референдумға Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл шаруашылығы саласының өкілдері ерекше белсенділік танытып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бірлесу ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының төрағалары өздері тіркелген референдум учаскелеріне барып, ел болашағына қатысты маңызды саяси шешімге өз дауыстарын беруде. Шаруалар бұл науқанның маңыздылығына тоқталып, халықтың саяси өміріне белсенді қатысуы әр азаматтың борышы екенін атап өтті. «Бірлік» шаруа қожалығының төрағасы өз таңдауын жасаған соң: – Бүгінгі референдум әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін сезінетін күн. Мен шаруа ретінде ел экономикасына ауыл шаруашылығы саласы үлкен үлес қосып отырғанын жақсы білемін. Сол себепті ауылдағы еңбеккерлер ел дамуына әсер ететін шешімдерден шет қалмауы тиіс. Әр…
Бүгін Түркістан облысында республикалық референдумға қатысу деңгейі түстен кейін де жоғары қарқында жалғасып жатыр. Аймақтағы барлық дауыс беру учаскелерінде тұрғындар белсенділік танытып, өз азаматтық таңдауларын жасауда, деп жазады Ertenmedia.kz. Референдуммен қатар облыс аумағында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Көптеген учаскелер маңында азық-түлік және қолөнер жәрмеңкелері, көркемсурет көрмелері өтуде. Бұл іс-шаралар тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, референдумның ерекше мерекелік жағдайда өтуіне ықпал етіп отыр. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыста 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 26-сы – жабық учаскелер. Облыс халқының жалпы саны 2 млн 154 мың адам болса, оның 1 187 257 азаматы дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Сағат…
Ақтау қаласындағы референдум учаскесінде дауыс беру ерекше инновациялық сипат алды. Қалалық Оқушылар сарайында ұйымдастырылған референдумда тұрғындарды қазақтың ұлттық киімін киген гуманоид робот қарсы алып, көпшілік назарын бірден өзіне аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Дауыс беруге келген қала тұрғындары мен қонақтары роботтың өнерін қызықтап, оны мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Гуманоид робот келгендерді Маңғыстауға тән дәстүрлі қол алысу ишарасымен қарсы алып, халықты Амал мерекесімен құттықтап, тіпті қазақтың ұлттық әуеніне билеп берді. Осылайша, дауыс беру күні ерекше салтанатты әрі есте қаларлықтай көңіл-күй сыйлады. Қала тұрғындары бұл ерекше инновациялық көріністі жоғары бағалап, ерекше әсер алғанын жасырмады: – Референдум еліміз үшін аса маңызды күн. Осындай тарихи сәтте ұлттық…
Бүгін Маңғыстау облысында өткен республикалық референдумға ерекше есімді егіздердің ата-анасы да қатысты. Ұлдарына Қасым және Жомарт деген есім берген ерлі-зайыпты азаматтық борышын орындау үшін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Олардың айтуынша, референдумға қатысу – әрбір азаматтың парызы. Себебі бүгін қабылданатын шешімдер ел болашағына, мемлекетіміздің дамуы мен келешек ұрпақтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Қасым мен Жомарт есімдері жұртшылықтың ерекше назарын аударып, бұл отбасының азаматтық белсенділігіне символдық мән берді. Ерлі-зайыптылар балаларының бойына отаншылдық сезімді, ұлттық құндылықтарға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті жастайынан сіңіріп келе жатқанын атап өтті. Аймақтағы өзге де тұрғындар сайлау учаскелеріне белсенді келіп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға үлкен…
Бүгін Щапов ауылдық округінде орналасқан №171 референдум учаскесінде ерекше көрініс орын алды. Саяси науқанға Сарымсақовтар әулетінің 11 мүшесі ұйымшылдықпен бір уақытта келіп, азаматтық ұстанымдарын білдіріп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әулеттің үлкендері бастаған бұл үрдіске үйдің жас буыны да қосылып, отбасының татулығы мен ынтымағын айқын көрсетті. Әсіресе жастардың аға буын өкілдерінен үлгі алып, саяси науқанға белсенді араласқаны көпшіліктің көңілінен шықты. «Тату үйдің тамағы тәтті» дегендей, бір отбасының бір кісідей жұмылып келуі, олардың ауызбіршілігінің, ел болашағына деген шынайы жауапкершілігінің белгісі. Сарымсақовтар әулеті өздерінің осы бірлігі арқылы ауыл тұрғындарына, әсіресе жастарға үлгі-өнеге көрсетті. Отбасы мүшелері бұл әрекеттерімен тек өздерінің ғана емес, ауылдың, тұтас…
Республикалық референдум күні Қонаев қаласының тұрғындары үшін маңызды шара өтті. Тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне еркін жетуін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық көлік қызметі тегін ұйымдастырылды. Бұл бастама халықтың референдумға қатысу белсенділігін арттырып, дауыс беру процесін барынша қолжетімді етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл күні қала көшелерінде жалпы саны 30 автобус жолаушыларға қызмет көрсетті. Олар 9 бағыт бойынша жүріп, қаланың барлық аумағын, соның ішінде шалғайдағы елдімекендерді де қамтыды. Автобустардың 4 бағыты қала маңындағы ауыл-аймақтар мен елдімекендер арасында қатынаса, қалған 5 бағыты қалаішілік бағыттарға қызмет көрсетті. Қала тұрғындары, әсіресе егде жастағы қариялар, студент жастар мен қала маңындағы ауылдарда тұратын азаматтар бұл бастаманы қуанышпен қарсы алды. Олар…
Бүгін Кентау қаласындағы №52 референдум учаскесінде ерекше шара өтті. Мұнда келген дауыс берушілерге арнап «Қаланың мақтанышы» атты фотокөрме ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Көрмеде Кентау қаласынан шыққан, еліміздің түрлі саласында танымал болған тұлғалардың фотосуреттері қойылды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін арттырып, жастарға жерлестерінің жетістіктерін үлгі ету болды. Көрмеге келушілер жергілікті танымал тұлғалардың өмір жолымен, кәсіби жетістіктерімен танысты. Тұрғындар осы шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, туған қаласының тарихы мен мақтаныштары туралы естеліктермен бөлісті. Фотокөрме көпшіліктің қызығушылығын туғызып, ерекше әсер қалдырды. Қазір Кентау қаласында референдум жоғары белсенділікпен өтіп жатыр. Қала бойынша таңғы сағат 07:00-ден бастап 35 дауыс беру…










