Автор: Лейла Болтаева

Жетісу облысында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтіп, өңірдің барлық аудан-қалаларын қамтыды. Биылғы мереке дәстүрлі мазмұнымен қатар, заманауи технологиялармен ұштасқан ерекше форматымен есте қалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Талдықорған қаласындағы орталық алаңда «Наурыз ауылы» құрылып, ұлттық нақыштағы киіз үйлер тігіліп, тұрғындарға қазақы рухтағы кеңістік ұсынылды. Бұл жолы мерекенің басты ерекшелігі – цифрлық киіз үйдің ашылуы болды. Мұнда келушілер өңірде жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобалармен танысып, жаңа технологиялардың мүмкіндігін көзбен көрді. Цифрлық алаңда қонақтарды жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін гуманоид робот қарсы алды. Ол Наурызбен құттықтап қана қоймай, Қара жорға биін орындап, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар робот-ит пен басқа да…

Толық оқу
ит құлақ

Көпшілік иттер тек бұйрық арқылы ғана үйренеді деп ойлайды. Алайда соңғы зерттеулер кейбір иттердің адамдар сияқты «тыңдап отырып» жаңа сөздерді меңгере алатынын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдардың айтуынша, қарапайым иттер «отыр», «жат» сияқты бірнеше команданы оңай үйренеді. Ал кейбір ерекше қабілетті иттер ондаған, тіпті жүздеген сөзді есте сақтай алады. Будапешт университетінің зерттеушілері иттердің жаңа сөздерді арнайы үйретпей-ақ, жай ғана адамдардың әңгімесін тыңдау арқылы үйрене ала ма деген сұраққа жауап іздеген. Тәжірибеге ерекше қабілеті бар 10 ит қатыстырылған. Оларға жаңа ойыншықтың атауын екі түрлі тәсілмен үйреткен. Біріншісі – тікелей көрсетіп, атауын айту. Екіншісі – адамдар өзара сөйлесіп, ойыншықты талқылаған, бірақ итке тікелей…

Толық оқу
Аббас Аракчи

Таяу Шығыстағы шиеленіс жалғасып жатқан кезде Иран бейбіт келісімге қатысты өз ұстанымын ашық білдірді. Елдің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи уақытша бітімге келіспейтінін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Тегеран тек толық әрі тұрақты соғыс аяқталуын қалайды. «Біз уақытша тоқтатуды емес, түбегейлі шешімді көздейміз», – деді дипломат. Аракчи Иранның бұл қақтығыста соңына дейін баруға дайын екенін атап өтті. Оның сөзінше, ел саяси тұрғыдан тұрақты және ішкі жүйесі жеке тұлғаларға тәуелді емес. Министрдің пікірінше, жоғары лауазымды тұлғалардың жоғалуы мемлекет тұрақтылығына әсер етпейді. Институттар жұмысын жалғастыра береді. Сонымен қатар Иран Ормуз бұғазы арқылы жапон кемелерінің өтуіне қатысты икемді позиция танытты. Бұл мәселе Токио мен…

Толық оқу
Омега-3

Балықты «миға пайдалы тағам» деп бекер айтпайды. Оның құрамында ағзаға аса қажет Омега-3 май қышқылдары бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдардың айтуынша, Омега-3 қабынуға қарсы әсері бар маңызды зат. Ол көру қабілетін жақсартуға, жүрек пен ми жұмысын қолдауға, тіпті Альцгеймер ауруының алдын алуға көмектеседі. Бірақ кез келген балық Омега-3-ке бай бола бермейді. Ең пайдалысы – суық суларда тіршілік ететін майлы балықтар. Мысалы, ең танымал түрлердің бірі албырт (семга). Ол Омега-3-тің негізгі көзі саналады. Дегенмен, дүкендегі албырт көбіне қолдан өсірілген болады. Мұндай балықтың пайдасы табиғи жағдайда өскен балыққа қарағанда төмен болуы мүмкін. Сондықтан мамандар арзанырақ, бірақ пайдалы балықтарға да назар аударуға кеңес береді.…

Толық оқу
Тоқаев Түркістанда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Президенттің өңірге сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл кесене  түркі әлемінің рухани әрі тарихи-мәдени мұрасының маңызды бөлігі. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысан ғасырлар бойы халықтың рухани тірегі болып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев кесене аумағында жерленген ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің және басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті. Бұл зиярат – ұлттық құндылықтарға құрмет пен тарихи сабақтастықтың айқын көрінісі.

Толық оқу
Digital Nauryz

Алматы облысында Ұлыстың ұлы күні жаңа форматта аталып өтті. Қонаев қаласында өткен мереке «Digital Nauryz» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, ұлттық дәстүр мен заманауи технология үйлесім тапты, деп жазады Ertenmedia.kz. Орталық алаңда роботтар көрмесі ұйымдастырылып, келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Киіз үйлер тігіліп, қазақтың дәстүрлері – тұсаукесер, қыз айттыру, беташар, бастаңғы, сүйінші сұрау сияқты көріністер сахналанды. Іс-шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Оның айтуынша, Наурыз – тек мейрам емес, рухани жаңғыру мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. «Наурызнама тұжырымдамасы арқылы мерекені кеңейту – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды қадамы», – деді өңір басшысы. Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне де тоқталды. Соңғы үш жылда…

Толық оқу
Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен құттықтады. Президент өз құттықтауында бұл мерекенің терең мағынасына тоқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Наурыз тек табиғаттың жаңаруы емес, адамның ішкі дүниесінің де тазару кезеңі. Ойдың, ниеттің, сананың тазалығы – бұл мерекенің басты мәні. Президент «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына да ерекше назар аударды. Оның сөзінше, бұл жоба қоғамда нақты өзгерістерге жол ашып, әсіресе жастар тарапынан кең қолдау тапқан. «Тазалық – жай сөз емес, ол нақты іс арқылы көрінетін қасиетке айналып келеді», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент бұл бастаманың уақытша акция емес, елдің тұрақты идеологиясына айналуы керектігін…

Толық оқу
газ

Таяу Шығыстағы қақтығыс жаңа деңгейге шықты. Иранның Сауд Арабиясы, БАӘ және Катардағы энергетикалық нысандарға жасаған соққылары аймақтық шиеленісті ғана емес, әлемдік энергетикалық тепе-теңдікті де бұзды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл шабуыл Израильдің Ирандағы «Оңтүстік Парс» газ кен орнына жасаған соққысына жауап ретінде жүзеге асқан. Осылайша тараптар алғаш рет мұнай-газ инфрақұрылымын тікелей нысанаға ала бастады. Катардағы Ras Laffan индустриалды кешені айтарлықтай зақым алған. Бұл әлемдегі сұйытылған газ экспортының ең ірі орталықтарының бірі. Оның үлесіне жаһандық СПГ саудасының шамамен 20 пайызы тиесілі. Сарапшылардың бағалауынша, мұндай соққы тек аймақтық мәселе емес. Бүкіл әлемдік газ нарығына тікелей әсер ететін фактор. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл…

Толық оқу
Габион

Таулы аймақтарда жаңбырдан кейін немесе қар еріген кезде өзен-көлдердің ағысы күрт күшейеді. Осындай кезде су топырақты шайып, жағалауды бұзып, сел қаупін арттырады. Мұндай проблеманың тиімді шешімдерінің бірі габионнан жасалған шағын бөгеттер, деп жазады Ertenmedia.kz. Габион дегеніміз темір сымнан тоқылған арнайы тор қорап. Оның ішіне тас толтырылады. Осы қарапайым көрінетін құрылым табиғатта өте маңызды рөл атқарады. Мұндай бөгеттердің басты ерекшелігі олар толық жабық емес, яғни су олар арқылы өтеді. Сондықтан олар суды тоқтатпайды, тек ағыстың күшін бәсеңдетеді. Қарапайым тілмен айтқанда, габион бөгеті суды «жұмсартып», оның екпінін азайтатын құрал. Бұл құрылым қалай жұмыс істейді? Біріншіден, су ағыны бөгетке келгенде жылдамдығын жоғалтады. Бұл…

Толық оқу
қызыл қоңыз

Қызыл қоңыз көпшілікке сүйкімді көрінетін кішкентай жәндік. Бірақ оның табиғаттағы рөлі тек әдемілікпен шектелмейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жәндік ауыл шаруашылығы мен бақша үшін аса пайдалы табиғи «жыртқыш» саналады. Қызыл қоңыздардың негізгі қорегі өсімдіктерге зиян келтіретін тля (өсімдік биті). Бір ғана қызыл қоңыз күніне ондаған, ал өмір бойы мыңдаған зиянкесті жоя алады. Сондықтан ол биологиялық күрестің маңызды құралы ретінде қарастырылады. Яғни химиялық дәрілердің орнына табиғи жолмен зиянкестерді азайтуға көмектеседі. Қызыл қоңыз тек тлямен ғана қоректенбейді. Ол сондай-ақ кенелерді, ұсақ жәндіктерді және өсімдікке зиян келтіретін басқа паразиттерді де жейді. Бұл оны бақшадағы әмбебап «қорғаушыға» айналдырады. Ғалымдардың айтуынша, бір қызыл қоңыздың дернәсілі…

Толық оқу