Дүкен сөресіндегі әрбір шоколад шын мәнінде шоколад бола бермейді. Мамандардың айтуынша, сапалы өнімнің құрамы қарапайым болуы тиіс – какао майы, какао ұнтағы және қант. Қалған қоспалар тек қосымша элемент ретінде ғана қолданылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Құрамында лецитин, ванилин немесе құрғақ сүт болуы мүмкін. Бірақ ингредиенттер саны неғұрлым аз болса, өнім соғұрлым сапалы деп есептеледі. Нарықта бағаны арзандату үшін кей өндірушілер какао майының орнына арзан өсімдік майларын қосады. Мұндай өнім сырттай шоколадқа ұқсаса да, шын мәнінде кондитерлік плитка болып саналады. Мамандардың айтуынша, кей елдерде заңнама мұндай алмастыруға рұқсат береді. Егер өнім мемлекеттік стандартпен емес, техникалық шартпен (ТУ) шығарылса, оның құрамын өндіруші…
Автор: Лейла Болтаева
Алматыда қол ұстаса тізбек құрып, итті құтқарған адамдардың бірлігін еске салатын арт-нысан орнатылды. Қоладан соғылған ескерткіш оқиға болған Сайран су қоймасының жағалауына қойылған. Арт нысан 22 наурыз күні ашылды. Жоба «ForteBank» АҚ бастамасымен жүзеге асты, деп жазады Ertenmedia.kz. 2016 жылдың жаз мезгілінде Сайран өзеніне түсіп кеткен ит жағаға шыға алмай қалған. Сол сәтте бейтаныс адамдар жұмыла, шарасыз жануарды құтқаруға кіріседі. Олар қол ұстаса тізбек құрып, бірі өзен арнасына төмен түсіп итті шығарып алды. Оқиға куәгерлерінің бірі телефонға түсіріп, видео күллі әлемге тарап, миллиондаған қаралым жинады. Әр елден пікір білдірген оқырмандар қандай жағдай болса да, көмекке ұмтылу адамдық қасиеттің биігі екенін…
Маңғыстау облысында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтіп, ұлттық дәстүр мен заманауи технология үйлескен ерекше форматымен ерекшеленді. Жалпы өңір бойынша мерекелік шараларға 60 мыңнан астам адам қатысып, 134 киіз үй тігілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Негізгі мерекелік алаң Ақтау қаласында ұйымдастырылды. Каспий теңізінің жағалауына 25 мыңнан астам адам жиналып, 33 киіз үй орнатылды. Биылғы Наурыздың басты жаңалығы – «Digital Nauryz» жобасы болды. Цифрлық киіз үйде келушілерге заманауи технологиялар таныстырылды. Адам тәрізді «Наурыз» роботы, «Тазы» робот-иті және шай құятын «Shai-tech» жобасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар VR/AR технологиялары, виртуалды ойындар және Қазақ хандығы дәуіріне арналған арнайы жобалар ұсынылды. 22 наурыз күні мереке…
Жетісу облысында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтіп, өңірдің барлық аудан-қалаларын қамтыды. Биылғы мереке дәстүрлі мазмұнымен қатар, заманауи технологиялармен ұштасқан ерекше форматымен есте қалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Талдықорған қаласындағы орталық алаңда «Наурыз ауылы» құрылып, ұлттық нақыштағы киіз үйлер тігіліп, тұрғындарға қазақы рухтағы кеңістік ұсынылды. Бұл жолы мерекенің басты ерекшелігі – цифрлық киіз үйдің ашылуы болды. Мұнда келушілер өңірде жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобалармен танысып, жаңа технологиялардың мүмкіндігін көзбен көрді. Цифрлық алаңда қонақтарды жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін гуманоид робот қарсы алды. Ол Наурызбен құттықтап қана қоймай, Қара жорға биін орындап, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар робот-ит пен басқа да…
Өскеменде ұлттық өнердің қуатын көрсеткен ерекше оқиға өтті. Қаланың орталық алаңында 5 мыңнан астам домбырашы бір мезетте «Ақбұлақ» әнін орындап, көрермендерді ерекше рухқа бөледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл шара тек ауқымымен емес, ішкі мазмұнымен де есте қалды. Мыңдаған адамның бір әуенге бірігуі – жай концерт емес, халықтың рухани тұтастығын көрсеткен көрініс болды. Әр домбырадан шыққан үн, әр дауыс бір арнаға тоғысып, алаңды ерекше қуатқа толтырды. «Ақбұлақ» әнінің таңдалуы да кездейсоқ емес. Аталмыш ән бірнеше буынның жүрегінен орын алған туынды. Әнде туған жерге деген сағыныш, ата қонысқа деген құрмет, ұлттық болмысқа деген іңкәрлік бар. Сондықтан ол халық жадында сақталған рухани символға…
Кеміргіштердің бір ерекшелігі олардың үнемі бірдеңені кеміріп жүруі. Бұл жай әдет емес, олардың тіршілігі үшін қажет биологиялық процесс, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдардың айтуынша, кеміргіштердің алдыңғы тістері, яғни, күрек тістері өмір бойы өсіп отырады. Егер олар қатты заттарды кеміріп, тістерін үнемі қажамаса, тістер шамадан тыс ұзарып, жануар тамақтана алмай қалуы мүмкін. Сондықтан тышқан, егеуқұйрық, тиін, құндыз сияқты жануарлар үшін кеміру өмір сүрудің негізгі шарты. Бұған дейін биологтар бұл әрекетті жай рефлекс деп есептеген. Яғни, кеміру ағзаның автоматты реакциясы деп қарастырылған. Алайда жаңа зерттеулер бұл процестің әлдеқайда күрделі екенін көрсетті. Мичиган университетінің ғалымдары зерттеу барысында кейбір зертханалық тышқандардың тістері шамадан тыс өсіп…
Көктем мезгілі Қазақстанда өзіне тән құбылмалы мінезін сақтап отыр. Елдің әр өңірінде ауа температурасы әртүрлі болып, жауын-шашын мен жел күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, 22 наурыз күні республика аумағында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, кей жерлерде тұман мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Астанада түнде −5…−7°C, күндіз +4…+6°C. Күндіз аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, жолдарда көктайғақ сақталады. Алматыда түнде +4…+6°C, күндіз +18…+20°C. Жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Шымкентте күн жылы болады: түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Ақмола облысында түнде қар, күндіз жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болады. Жел екпіні 15–20…
Қазақстанда көліктерді міндетті техникалық тексеру ережелеріне өзгеріс енуде. Енді бұл процесс бұрынғыдай формальды емес, нақты тексеруге негізделген жүйеге көшіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа өзгерістердің бірі бірыңғай ақпараттық жүйенің (ЕИС) жұмысына қатысты. Бұдан былай техқарау станциялары жүйеге тек ресми келісімшарт арқылы ғана қосыла алады. Сонымен қатар жүйеге автоматты тексеру енгізілді. Егер көлік туралы деректер күмәнді болса, диагностикалық карта рәсімделмейді. Жүйе автоматты түрде бас тартады. Тағы бір маңызды жаңалық – жалған техқарауды анықтау. Яғни, көлікті тексермей-ақ құжат беру енді мүмкін емес. Ережеде станцияларды жүйеден ажырату себептері де нақты көрсетілген. Мысалы, деректерді уақытында жібермесе, мекенжай өзгерісін хабарламаса немесе құжаттарды дұрыс рәсімдемесе, жүйеден шеттетіледі.…
Алматыда Наурыз мерекесі қарсаңында түркі халықтарының көрме-жәрмеңкесі басталды. Бұл шара тек сауда алаңы емес, ортақ мәдениет пен дәстүрді біріктірген ерекше кеңістікке айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. 21 наурыз күні басталған көрме 23 наурызға дейін жалғасады. Іс-шараға Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген шеберлер мен қолөнершілер қатысып отыр. Көрме алаңында ұлттық нақыштағы түрлі бұйымдар ұсынылған. Келушілер тоқыма өнімдері, зергерлік әшекейлер, кәдесыйлар мен тұрмыстық заттарды тамашалап қана қоймай, сатып алу мүмкіндігіне ие. Бұл жәрмеңке арқылы әр халықтың қолөнер ерекшелігі, өрнек мәдениеті мен тұрмыс салты айқын көрінеді. Әр бұйымның артында тұтас тарих пен дәстүр жатыр. Ұйымдастырушылар келушілерге арнайы мерекелік бағдарлама да әзірлеген. Концерттік қойылымдар…
Жүктілік кезінде дұрыс тамақтану болашақ баланың денсаулығына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Ғалымдар бұл кезеңде чипсы, сухарик және қуырылған жаңғақ сияқты өнімдерден бас тартуға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеулер көрсеткендей, мұндай тағамдар құрамында акриламид деп аталатын зиянды зат болады. Ол крахмалға бай өнімдер жоғары температурада қуырылған кезде түзіледі. Мамандардың айтуынша, акриламид ұрықтың дамуына кері әсер етуі мүмкін. Зерттеу барысында осындай тағамдарды жиі тұтынған аналардың балалары орта есеппен 132 грамға жеңіл туған. Сонымен қатар олардың бас айналымы да қалыпты көрсеткіштен төмен болған. Бұл мидың дамуына байланысты маңызды көрсеткіштердің бірі саналады. Ғалымдардың пікірінше, акриламидтің әсері кей жағдайда жүктілік кезіндегі темекі шегумен тең…










