28 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа температурасы төмендеп, топырақ бетінде үсік жүреді. Ал оңтүстік облыстарда кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта сынап бағанасы 1–3 градусқа дейін суытып, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.
Мегаполистердегі ауа райы
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с деңгейінде соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C шамасында болады. Елорда маңындағы топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Алматыда күн ашық әрі жауын-шашынсыз өтеді. Жел екпіні секундына 3–8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +21…+23°C жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт жүріп, өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Оңтүстік мегаполисте жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с шамасына дейін жетеді. Түнде сынап бағанасы +10…+12°C, күндіз +22…+24°C көрсетеді.
Солтүстік, орталық және шығыс аймақтар
Қарағанды қаласында жауын-шашын күтілмейді. Жел жылдамдығы түнде 4–9 м/с, күндіз 9–14 м/с болады. Түнде +2…+4°C салқын болып, топырақ бетінде 2 градус үсік түседі. Күндіз ауа райы +13…+15°C шамасында жылиды.
Көкшетауда да түнгі уақытта топырақ беті -2°C-қа дейін суытады. Күндіз +15…+17°C аралығында жылы болады. Петропавлда түнде және таңертең тұман түсіп, топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі, күндіз +17…+19°C болады.
Павлодарда түнгі ауа температурасы +2…+4°C болып, тұман түседі, топырақ бетінде -1°C үсік жүреді, күндіз термометр көрсеткіші +13…+15°C көрсетеді. Өскеменде түнгі уақытта ауада 1–3 градус үсік сақталып, күндіз +16…+18°C-қа дейін көтеріледі. Семейде күн ашық, түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C болады деп болжанған.
Батыс пен оңтүстік өңірлер
Қызылордада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с құрайды. Түнде +9…+11°C, күндіз +23…+25°C деңгейінде жылылық сақталады.
Таразда жауын-шашынсыз, түнде +8…+10°C, күндіз +22…+24°C жылы болады. Түркістанда жел екпіні 15–20 м/с шамасына дейін күшейеді, ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C жылылықты құрайды.
Ақтауда ауа райы жылы, түнде +14…+16°C, күндіз +24…+26°C деңгейінде сақталады. Атырауда түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C болады. Ақтөбеде күндіз жел екпіні 12 м/с жетіп, сынап бағанасы күндіз +17…+19°C көрсетеді. Оралда жауын-шашын болмайды, ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +19…+21°C болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







