Жетісу өңіріндегі маңызды мемлекеттік науқан – республикалық сайлауға Жоңғар Алатауы мекемесінің қызметкерлері ұйымшылдықпен келіп, біркісідей дауыс берді. Ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсеткен ұжым мүшелері азаматтық жауапкершіліктің айқын үлгісін танытты, деп жазады Ertenmedia.kz. Сайлау күні таңертең мекеме қызметкерлері сайлау учаскесіне бірлесіп келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл көрініс – тек азаматтық парызды орындау ғана емес, бірлік пен ынтымақтың жарқын белгісі. Олар үшін бүгінгі күн мемлекетіміздің келешегін айқындайтын маңызды сәт екенін атап өтті. Ұжым мүшелерінің айтуынша, әрбір дауыс – ел тағдыры үшін маңызды. Сондықтан сайлауға қатысу – әр азаматтың міндеті ғана емес, мемлекет дамуына қосқан нақты үлесі. – Бүгінгі саяси науқанға қатысып, дауыс…
Автор: Лейла Болтаева
Бүгін еліміздің әр аймағында өтіп жатқан республикалық референдумға Маңғыстау облысының еңбек ардагерлері де белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосты, деп жазады Ertenmedia.kz. Дауыс беру учаскесіне арнайы келген еңбек ардагерлері Жәңгірхан Өрісбай мен Әлия Биқасқызы жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне байланысты өз таңдауын жасады. Еліміздің өсіп-өркендеуі жолында көп жыл еңбек еткен ардагерлер бүгінгі саяси науқанның мемлекетіміздің келешегі үшін аса маңызды екенін атап өтті. Ардагерлердің айтуынша, референдум арқылы халықтың өз пікірін тікелей білдіруі – дамыған демократиялық қоғамның белгісі. Олар үшін бүгінгі таңдауға қатысу – азаматтық парыз ғана емес, сонымен қатар ел тағдырына деген жауапкершілік пен құрметтің белгісі. —…
Ақтауда өтіп жатқан республикалық референдум аясында өз таңдауын Ұлы Отан соғысының ардагері, 99 жастағы Василий Салазкин жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Соғыс жылдарында ол Отан қорғап, еліміздің бейбіт болашағы үшін күрескен болатын. Ал бүгін ардагер тағы да өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, маңызды саяси науқаннан тыс қалмады. Денсаулық жағдайына байланысты ардагер үйінде дауыс берді. №34 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері оның үйіне арнайы барып, тасымалды дауыс беру жәшігі арқылы дауыс беру рәсімін заң талаптарына сай ұйымдастырды. Жасы жүзге жуықтаса да, кезінде бейбіт өмір үшін күрескен майдангер ел өміріндегі маңызды оқиғадан қалыс қалмай, елдің ертеңі үшін өз таңдауын жасады. Айта кетейік, референдум күні денсаулығына…
Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды шара жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдум. Осы маңызды саяси оқиға аясында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орналасқан №394 сайлау учаскесінде дауыс беру ерекше мерекелік атмосферада өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер ұлттық нақыштағы киім киіп келіп, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасады. Білім ордасындағы бұл бастама ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді ұлықтаудың көрінісі болып, елдің назарын аударды. Жалпы, сайлау учаскесіне университет ұжымынан 100-ден астам адам ұлттық киіммен келіп дауыс берді. Бұл шараға университеттің басқарма төрағасы – ректоры Ермек Әбілтайұлы Бөрібаев та қатысып, ел ертеңі үшін таңдау жасады. – Референдум…
Атырау облысында республикалық референдумға вахталық әдіспен жұмыс істейтін мұнай-газ саласының мамандары белсенді түрде қатысуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Жедел деректерге сәйкес, өндірістік аймақтар мен вахталық елді мекендерге жақын жерде ұйымдастырылған дауыс беру учаскелерінде 5 мыңнан астам мұнайшы өз таңдауын жасап үлгерді. Облыстағы ірі мұнай-газ жобаларының вахталық жұмыс кестесі ескеріліп, арнайы сайлау учаскелері ашылған. Теңіз, Қарабатан, Қашаған, Прорва, Кенбай, Доссор, Мақат, Забурын кен орындарында қызмет ететін мұнайшылардың дауыс беруі үшін барлық жағдай алдын ала жасалған. Мұнай-газ саласы мамандарының айтуынша, референдумға қатысу – шалғайда орналасқан кен орындары мен вахталық жұмыс кестесіне қарамастан, өз азаматтық ұстанымын білдірудің маңызды мүмкіндігі. Өңірдегі референдум комиссиясының хабарлауынша, облыстағы дауыс беру…
Бүгін елімізде тарихи шешім қабылданып, республикалық референдум өтіп жатқан күні Алматы облысында 24 отбасының шаңырағында шаттық орнады. Түнгі сағат 00:00 мен күндізгі 12:00 аралығында өңірде 13 ұл және 11 қыз бала дүниеге келді, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы облысы еліміз бойынша туу көрсеткіші ең жоғары өңірлердің бірі. Бұл көрсеткіш жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Мысалы, биылғы жылдың тек қаңтар-ақпан айларында облыста 2968 сәби өмір есігін ашқан. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, ана мен бала денсаулығын қорғау – өңірдің басты басымдығы болып табылады. Облыста қауіпсіз босану жағдайларын қамтамасыз ету мен медициналық көмектің сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. – Алматы…
Маңғыстау облысында жас жұбайлар республикалық референдумда өз таңдауын ерекше тәсілмен жасады. Олар Каспий теңізі арқылы қайықпен келіп, сайлау учаскесіне келушілердің назарын аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Осылайша жас отбасы азаматтық белсенділік танытып, ел өміріндегі маңызды оқиғадан шет қалмады. Жас жұбайлардың қайықпен келген ерекше сәті әлеуметтік желілерде тез таралып, көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Видео мен фотосуреттерде Каспий теңізінің әдемі көріністері, жас жұбайлардың ерекше көңіл күйі мен азаматтық ұстанымы айқын көрініс тапқан. Қол ұстасып, бір-біріне деген сезімін паш еткен жастар үшін бұл сәт тек отбасылық өмірлерінің бастамасы ғана емес, сондай-ақ елдің болашағы үшін маңызды шешім қабылдайтын тарихи күн болып есте қалды. Жас жұбайлар референдумға…
Әлемдік аренада еліміздің атын шығарып жүрген әйгілі ережесіз жекпе-жек шебері, ММА жұлдызы Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы сайлау учаскесінде республикалық референдумда өз дауысын берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Даңқты спортшы ел үшін тарихи маңызы зор оқиғаға бей-жай қарамайтынын білдіріп, өзінің азаматтық ұстанымын көрсетті. Ол Қазақстанның болашағы мен дамуы әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті. Шавкат Рахмонов Қазақстандағы саяси тұрақтылық пен әлеуметтік-экономикалық дамудың спортшыларға да зор мүмкіндік беретініне назар аударды. – Спортта жеңіске жету үшін табандылық пен отансүйгіштік аса қажет. Әрбір қазақстандық спортшы елдің атынан сынға түскенде, көк байрақты биікте желбірету үшін күреседі. Мен үшін бүгінгі референдум – өз еліме деген құрмет пен патриотизмнің көрінісі.…
Түркістан облысы Арыс қаласының бірқатар тұрғындары референдум күні учаскеге велосипедпен келіп, дауыс берді. Ерекше бастама арқылы олар экологиялық таза көлік түрін насихаттап қана қоймай, азаматтық белсенділіктің де үлгісін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. – Әрбір мемлекеттің болашағы азаматтардың белсенділігіне байланысты. Референдум – сол белсенділікті нақты іс арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Дауыс беру арқылы халық маңызды реформалар мен өзгерістерге өз көзқарасын білдіреді. Бұл қоғам мен мемлекет арасындағы сенім мен диалогтың маңызды бөлігі болып саналады. Сондықтан әрбір азаматтың референдумға қатысуы – елдің тұрақты дамуына және қоғамның бірлігіне қосылған маңызды үлес, – дейді қала тұрғыны Дархан Темірхан. Қала тұрғындары велосипедпен келген азаматтарды…
Іле ауданында референдум күні тұрғындар ерекше әрі көңілді сәттердің куәсі болды. №42 сайлау учаскесіне әйгілі «Зверополис» мультфильмінің сүйікті кейіпкерлері – батыл қоян-полицей Джуди Хопс пен тапқыр түлкі Ник Уайлдтың костюмдерін киген екі сайлаушы келіп, көпшілікті таң-тамаша етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Анимациялық фильмнің кейіпкерлері болып киінген азаматтар учаскеге кірген сәттен бастап, айналадағы адамдардың жүзіне күлкі үйірілді. Олар дауыс беру рәсіміне қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп қана қоймай, мерекелік көңіл-күйдің ерекше атмосферасын қалыптастырды. Бұл көрініске әсіресе балалар мен жастар ерекше қызығып, сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен естелік суреттерге түсуге асықты. Осындай ерекше шараның арқасында дауыс беру процесі қызықты әрі көңілді өтіп, тұрғындар арасында жағымды әсер қалдырды.…










