Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде алдағы Құрылтай сайлауына арналған жалпы отырыс өтті. Жиында жаңа Конституция нормалары, азаматтардың саяси үдеріске қатысуы және сайлау мәдениетінің қалыптасуы талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қоғамдық кеңес мүшесі Дмитрий Лактюшин алдағы сайлауды Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі деп бағалады. Оның айтуынша, саяси кеңістікке жаңа тұлғалардың келуі, партияаралық бәсекенің күшеюі және ашық пікірталастардың өтуі саяси мәдениеттің біртіндеп өзгеріп келе жатқанын көрсетеді. – Біз жаңа адамдардың, жаңа саясаткерлердің келіп жатқанын, саяси бәсекелестіктің жаңа мәдениеті қалыптасып, пікірталастардың өтіп жатқанын көріп отырмыз. Азаматтық қоғам өкілі ретінде бұл маған үлкен оптимизм ұялатады, – деді Дмитрий Лактюшин. Оның пікірінше, сайлау тек саяси…
Автор: Лейла Болтаева
Алматыда журналист Динара Егеубаева басқарған көлік пен велосипедшінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына байланысты жәбірленуші тараптың өкілі Бақыт Жарқынбеков алғаш рет көпшілік алдында пікір білдірді. Оның айтуынша, үндеу жасауға әлеуметтік желілерде Данияр Баянбаев апатты әдейі ұйымдастырды деген нұсқалардың таралуы себеп болған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жарқынбеков осы уақытқа дейін істі қоғамдық талқыға шығармай, тергеудің заңда белгіленген тәртіппен жүруін күткенін айтты. Алайда велосипедшінің өзі көлікке әдейі соғылды деген пікірлер көбейген соң, жәбірленуші тарап өз позициясын жариялауды жөн көрген. – Тергеу бар, заңда белгіленген тәртіп бар. Бірақ жәбірленуші жол-көлік оқиғасын өзі әдейі ұйымдастырды деген сөздер айтыла бастағанда үнсіз қалу мүмкін емес, – деді…
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялық таңдауы әлі қалыптаспаған азаматтардың үлесі айтарлықтай азайып келеді. Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, мұндай динамика үгіт науқаны күшейген сайын электоралдық таңдау біртіндеп шоғырланып келе жатқанын аңғартады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшы Алматыда өткен «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылар алаңында бірнеше әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесін салыстырды. Оның келтірген дерегіне сәйкес, нақты шешім қабылдамаған сайлаушылардың үлесі ҚСЗИ зерттеуіндегі 22,6%-дан Еуразиялық интеграция институтының кейінгі зерттеуінде 8,4%-ға, ал Қоғамдық саясат институтының соңғы сауалнамасында 5,3%-ға дейін төмендеген. Алғашқы және соңғы көрсеткіш арасындағы айырма 17,3 пайыздық тармақты құрады. Айгүл Сәдуақасованың пікірінше, шешімсіз электораттың қысқаруы қазіргі науқанның ең анық…
Қазақстандық гобелен мектебінің бастауында тұрған Батима Зауырбекова ұлттық ою-өрнекті, дала табиғатын және әйел әлемін заманауи көркем тілге айналдырған суреткерлердің бірі. 12 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның ұлттық өнерді дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, суретшіге «Отан» орденін табыстады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Батима Зауырбекованың қазақ бейнелеу өнеріндегі орны гобеленмен тығыз байланысты. Ол Құрасбек Тыныбеков және өзге суретшілермен бірге кәсіби қазақстандық гобелен мектебін қалыптастырған буынға жатады. Сонымен қатар Қазақстанда гобелендік картиналар жасаған алғашқы әйел суретші ретінде аталады. Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Қазақстан сәндік-қолданбалы өнері бөлімінің жетекшісі Наталия Баженованың айтуынша, Зауырбекованы өзгелерден бірден ажырататын белгі — түс пен композициялық ырғақты ерекше…
Халықаралық жастар күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің белсенді жастарымен еркін форматта кездесті. Жамбыл атындағы саябақтағы басқосуда креативті индустрия өкілдері, кәсіпкерлер, спортшылар, блогерлер, волонтерлер және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері өздерін толғандырған мәселелер мен бастамаларын ортаға салды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуді ашқан облыс әкімі жастардың ұсынысын тікелей өздерінен естудің маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа буынның талабын, бастамасын және қоғамдағы өзгерістерге көзқарасын түсіну өңірлік саясатты қалыптастыруда маңызды. – «Ақыл жастан» дейді бабаларымыз. Бүгінгі сіздердің талаптарыңызға біздің ертеңіміз байланысты. Бүгін аз сөйлеп, сіздерді көбірек тыңдасам деп едім, – деді Нұрымбет Сақтағанов. Еркін формат жастарға ресми баяндамадан гөрі күнделікті…
Алматының Медеу ауданында жер бедері күрделі аумақтардағы жүргінші бағыттары «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңартылды. Тұрғындар бұрын өздігінен пайда болған соқпақтармен жүрген учаскелерге қауіпсіз әрі қолайлы баспалдақтар салынып, қолданыстағы өткелдер жөнделді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба Медеу ауданының таулы және биіктік айырмасы айқын бөліктеріндегі күнделікті қозғалысты жеңілдетуге бағытталған. Мұндай аумақта тротуар немесе тегіс жаяу жол салу әрдайым мүмкін бола бермейді. Сондықтан жер бедерінің табиғи ерекшелігі ескеріліп, жүргіншілерге арналған инженерлік шешімдер таңдалды. Жаңа баспалдақтар Сұлусай шағынауданында, әл-Фараби даңғылының бойында және Роза Бағланова көшесінде орнатылды. Сұлусайда ұзындығы 120 метр болатын металл баспалдақ жасалды. Ол тұрғындардың биіктік айырмасы бар аумақпен қауіпсіз көтеріліп-түсуіне мүмкіндік…
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт науқаны біртіндеп жалпы саяси ұрандардан еңбек, жалақы, өндіріс, инфрақұрылым, азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік қызметтің нақты мәселелеріне ауысып келеді. Орталық сайлау комиссиясы тіркеген жеті партия өңірлік күн тәртібін күшейтіп, дәстүрлі кездесумен қатар мобильді штаб, өндірістік алаң, экологиялық акция және кәсіби ұжымдармен тікелей диалог форматтарын пайдаланып жатыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Әділет» партиясының республикалық штабы Семейдегі Shakarim University алаңында ғылым, мәдениет және аға буын өкілдерімен кездесіп, кітапхана ісін дамыту, әлеуметтік көмекті цифрландыру және жас зерттеушілерді қолдау мәселесін көтерді. Партия үшін аймақтық науқанның тағы бір құралы — «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені. Жамбыл облысында төрт күн ішінде 7 кездесу…
Жетісу облысында Халықаралық жастар күніне орай облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы – 2026» жастар сыйлығының лауреаттары анықталды. Биыл марапатқа цифрлық технология, жасанды интеллект және волонтерлік бағыттарды қамтитын жаңа номинациялар қосылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты рәсім Талдықорғандағы Қаратал өзенінің жағалауында өтті. Өңір басшысының атынан жастарды облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады. Оның айтуынша, Жетісу облысында 14-35 жас аралығындағы 200 мыңға жуық азамат тұрады. Олардың арасында қоғамдық өмірге белсенді араласып, білім, ғылым, спорт, медицина, медиа және еріктілік саласында нәтижеге жеткен жастар аз емес. – «Көшбасшы» сыйлығы үздік жастардың еңбегін бағалайтын жақсы дәстүрге айналды. Биыл оның ауқымы кеңейіп, «Үздік жас цифрлық көшбасшы»…
Jibek Joly телеарнасында Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның командалық теледебаттағы сөз сөйлеу ретін анықтау үшін ашық жеребе тартылды. Пікірсайыс 12 тамыз күні сағат 20:00-де тікелей эфирде өтеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жеребе нәтижесінде алғашқы сөз «Ақ жол» партиясына берілді. Одан кейін Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, «Әділет», Қазақстан Халық партиясы, «Ауыл», «Байтақ» жасылдар партиясы және Respublica өкілдері кезекпен шығады. Теледебат «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі» тақырыбына арналады. Форматтың басты ерекшелігі – әр партиядан екі спикердің қатысуы. Осылайша саяси ұйымдар өз бағдарламасын бір ғана өкіл арқылы емес, командалық форматта қорғауға мүмкіндік алады. Тікелей эфир барысында партиялар заң үстемдігі, қоғамдық тәртіп…
Алматы облысының Жамбыл ауданында жастар мен еріктілер тарихи ескерткіштер аумағын тазалап, абаттандыру жұмысына қатысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы акция туған жердің тазалығын сақтаумен қатар, тарихи жады мен ұлттық мұраға құрметті нығайтуға бағытталды, – деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылғы 11 тамызда Ұзынағаш ауылындағы Сұраншы батыр мен Саурық батыр ескерткіштерінің аумағында тазалық шарасы ұйымдастырылды. Акцияға жастар, еріктілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындарынан құралған 150-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар ескерткіштер маңын тұрмыстық қалдықтан тазартып, шөп шауып, аумақты ретке келтірді. Абаттандыру кезінде тарихи нысандардың айналасын таза ұстауға және қоғамдық кеңістіктің көркін сақтауға ерекше мән берілді. Шараның мазмұны сенбілікпен ғана шектелген жоқ. Жастарға тарихи-мәдени…










