Автор: Лейла Болтаева

Қазақстанда жаңа Конституцияның күшіне енуімен саяси-құқықтық жүйені терең жаңғыртудың жаңа кезеңі басталды. Парламентаризм институтының атқарушы директоры, заң ғылымдарының кандидаты Алмас Канатовтың айтуынша, алдағы жұмыс жекелеген нормаларды өзгертумен шектелмей, бүкіл заңнамалық архитектураны жаңа конституциялық қағидаттарға сәйкестендіруді талап етеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алмас Канатовтың айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы және бұрынғы Негізгі заңның қолданысын тоқтатуы Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін трансформациялауға негіз қалады. Сондықтан қазіргі үдерісті кезекті конституциялық түзету ретінде емес, мемлекеттік институттар мен ұлттық заңнаманы қайта құрудың жаңа кезеңі ретінде қарастырған жөн. Сарапшының мәліметінше, Қазақстанда бір мезетте 15 дербес конституциялық заңнан тұратын жаңа құқықтық массив қалыптасады. Келесі кезеңде 24 кодексті жаңа Конституция талаптарына…

Толық оқу

Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауына орай Астанадан Алматыға жүгіріп бара жатқан ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазиновтың «Құрылтайға жол» бастамасы жалғасып жатыр. Аршалы мен Осакаровка тұрғындары спортшыны жолай қарсы алып, оның ұзақ сапарына қолдау білдірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Меңдібай Әлімғазинов кезекті сапар барысын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісті. Алғашында бір адамның азаматтық бастамасы ретінде басталған ультрамарафон бағыт бойындағы ауылдар мен кенттерде көпшіліктің назарын аударып, қарапайым адами қолдауға ұласа бастаған. Аршалы кентінің тұрғындары ультрамарафоншының келуін күтіп, ұзақ жолдан кейін тынығуына жағдай жасады. Меңдібай аға қайта сапарға шыққанда жергілікті тұрғындардың бір тобы оны жай ғана шығарып салмай, жолдың белгілі бір бөлігін бірге жүгіріп өтті. Осы…

Толық оқу

«Ақ жол» Демократиялық партиясының республикалық штабы Екібастұзда сайлауалды кездесулерін бастап, коммуналдық және энергетика саласының қызметкерлерімен пікір алмасты. Партия төрағасы Дания Еспаева бастаған штаб мүшелері еңбек ұжымдарына бағдарламаның әлеуметтік-экономикалық бағыттарын таныстырып, инфрақұрылым мен кадр мәселесіне қатысты ұсыныстарды тыңдады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Республикалық штаб өкілдері «Екібастұз қалалық су арнасы» және «Қалалық электр желісі» кәсіпорындарының ұжымдарымен кездесті. Жұмысшылар Дания Еспаеваны қарсы алып, гүл шоқтарын табыстады. Кездесудің негізгі өзегіне Екібастұздың коммуналдық инфрақұрылымы, энергетика жүйесінің тұрақтылығы, еңбек жағдайы және кәсіпорындарды кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мәселелері шықты. Дания Еспаева партияның сайлауалды бағдарламасындағы өңірлік экономика, еңбек ұжымдарын қолдау, коммуналдық шаруашылық пен өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұсыныстарға…

Толық оқу

Қостанайда «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы өтіп, оның қатысушылары Қазақстанды бейнелейтін символикалық пазл-композицияны бірлесіп құрастырды. Іс-шараға «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Құрылтай депутаттығына кандидат Серік Егізбаев, партия өкілдері, жастар және қала тұрғындары қатысты. Акция 50-ден астам адамды біріктірді. Іс-шара форматының таңдалуы да бекер емес. Бір-біріне жалғасқан пазл бөлшектері тұтас бейнеге айналып, әр адамның ел дамуына қосатын үлесін символдық тұрғыда көрсетті. Акцияның негізгі идеясы — қоғамның бірлігі әр азаматтың жауапкершілігі, белсенді ұстанымы және өзі тұратын қала мен өңірдің, жалпы елдің өміріне араласуынан қалыптасатынын жеткізу. Акция барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғамдық және жастар бастамаларының маңызы, сондай-ақ туған өңірінің дамуына әр азаматтың қосатын…

Толық оқу
Абай

Талдықорғанда Абай күніне орай ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Жетісу облысында 1-10 тамыз аралығында хакім мұрасын дәріптеуге арналған 119 мәдени-ағартушылық іс-шара ұйымдастырылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Абай – даналықтың дара шыңы» атты салтанатты шара Бикен Римова атындағы Академиялық драма театры алдындағы алаңда өтті. Мұнда Абай ескерткіші 2023 жылы орнатылған. Рәсімге Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, зиялы қауым, мәдениет және өнер өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Шара гүл қою рәсімінен кейін жас Абай мен кемел Абайдың кездесуін бейнелейтін театрландырылған прологпен жалғасты. Қойылымда кемел Абай жас шағындағы бейнесіне адамның шынайы көркі білімде, өзін жетілдіруде және…

Толық оқу
Ақ жол партиясы

«Ақ жол» мен Respublica арасындағы дебат әдеттегі партияаралық сөз қағыстан экономика мен кәсіби саясаттың табиғаты туралы пікірталасқа ұласты. Дания Еспаеваның жауабы «Ақ жолдың» саяси капиталы өткір слоганда емес, ұзақ парламенттік тәжірибеде, қаржылық есепке сүйенетін ұсыныстарда және бизнестің ішкі механизмін білетін кадрлық құрамда деген позицияны айқындады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Дебаттағы негізгі қақтығыс «популизм» ұғымының төңірегінде өрбіді. Respublica өкілдері «Ақ жолдың» кей бастамасы бірнеше сайлау циклі бойы қайталанып келе жатқанын айтып, орындалмаған уәденің жаңа бағдарламаға қайта енуін сынады. Еспаева оған мүлде басқа саяси логиканы қарсы қойды. Заң шығару жүйесінде бір реформаның бірнеше шақырылым бойы ілгерілеуі популизм емес, институционалдық табандылық екенін аңғару…

Толық оқу

Алматы облысында Абай күніне арналған мәдени-ағартушылық шаралар ұйымдастырылып, Қонаев қаласында ұлы ойшылдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай өңірде 300-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қонаев қаласындағы тағзым рәсіміне қала әкімі Асхат Бердіханов, ақын-жазушылар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты. Жиналғандар қазақ руханиятының темірқазығына айналған Абай мұрасын еске алып, ақын ескерткішіне гүл қойды. Абай күні Алматы облысының бірнеше ауданында әдебиет пен өнерді, ағартушылық пен ұлттық құндылықтарды сабақтастырған мазмұнды бағдарламамен жалғасты. Қонаевтан бастап Қарасай, Іле, Талғар, Кеген және өзге аудандарда әдеби кеш, көрме, дәріс, Абай оқулары, фильм көрсетілімі мен шығармашылық кездесу…

Толық оқу

«Әділет» партиясының кандидаттары Абай облысындағы сапарының басында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайдың Семейдегі ескреткішіне гүл шоқтарын қойды. Абай күнінде олар ақынға тағзым ете отырып, қала тұрғындарымен бірге оның ең әдемі әндерінің бірі – «Көзімнің қарасын» бірге шырқады. Абайдың мұрасы әлі күнге дейін ілім, білім мен адам дамуының негізгі өзегі болып қалып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та білімді, ойшыл және жауапты ұрпақ өсіру туралы көп айта келе, кітап, қоғамды ағарту мен оны интеллектуалды тұрғыдан дамытуға көп көңіл бөледі. Интеллектуалды қоғам қалыптастыру идеясы партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасында да көрініс тапқан. Бағдарламада кітап оқу мәдениетін дамыту, кітапты насихаттау және азаматтардың білімге…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданынан велосипедпен жолға шыққан ұстаз Асылбек Айболатов бірнеше өңірді басып өтіп, Астанаға жетті. Велосапар барысында ол тұрғындармен кездесіп, жиналған ұсыныс-пікірлерді «Ақ жол» Демократиялық партиясының басшылығына табыстады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Асылбек Айболатов сапарын Қаратөбе ауданынан бастап, Ақтөбе, Қостанай және Көкшетау арқылы елордаға бағыт алды. Мыңдаған шақырымға созылған жол спорттық бастамамен ғана шектелмеді. Ұстаз елді мекендерге арнайы тоқтап, жергілікті тұрғындардың күнделікті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесулер барысында ол азаматтарға «Ақ жол» партиясының негізгі ұстанымдары мен бастамаларын таныстырды. Сонымен қатар өңірлердегі әлеуметтік, экономикалық және тұрмыстық мәселелерге қатысты пікірлерді жинақтады. Астанаға жеткен велосаяхатшыны партияның елордалық филиалы мен Жастар кеңесінің…

Толық оқу

Семейде Абай күніне орай «Абайға құрмет» акциясы аясында салынған Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Мемлекеттік нышандарды бір сәулеттік кеңістікке тоғыстырған жаңа нысан акция шеңберінде аяқталған алғашқы жоба атанды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты рәсімге Абай облысының әкімі Берік Уәли, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов, қоғам өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Рәміздер алаңы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында бой көтерді. Жобаны Солтүстік Қазақстан облысы қолға алып, Семейге тарту етті. Берік Уәли жаңа кеңістіктің ашылуын өңіраралық ынтымақтастық пен ұлттық бірліктің көрінісі деп бағалады. Ол бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдаған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен…

Толық оқу