27 желтоқсан сана мен сезімнің арасына көпір салатын күн. Әр сөз, әр қадам таразыға тартылып, адам ішіндегі шынайы ниет анық көрінеді. Жаңа жыл қарсаңында көңіл күйіңізді тұрақты ұстауға тырысыңыз. Ертеңгі күнге деген сенім мен бүгінгі істің нақты нәтижесін көргіңіз келсе, Ertenmedia.kz ұсынған жұлдыз жорамалға назар салыңыз. Тоқты Бүгін бір істі қолға алсаңыз, оны ақырына жеткізгеніңіз дұрыс. Қарқын жақсы, дегенмен асығыстықтан сақтаныңыз. Майда-шүйдеге мән беру маңызды ұсақ нәрседен қате кетуі мүмкін. Біреу кеңес берсе, бас тартпаңыз, бұл пайдалы болуы ықтимал. Кешке қарай бір мәселенің анық шешілгеніне көзіңіз жетеді. Торпақ Бүгінгі күннің олжасы аралас-құралас. Кездейсоқ әңгімеден күтпеген жақсы хабар келуі мүмкін. Ақша…
Автор: Лейла Болтаева
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет басшысы Президентке экономикалық реформаларды жүзеге асыру және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында берген тапсырмаларын орындалу барысын баяндады. Үкімет басшысы Президентке еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындыларын ұсынды. Оның айтуынша, экономиканы әртараптандыру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде ішкі жалпы өнімнің өсімін негізінен өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз еткен. Биылғы жылдың он бір айында көлік қызметі 20,3 пайызға, құрылыс саласы 14,7 пайызға, сауда 8,8 пайызға, ауыл шаруашылығы 6,1 пайызға, ал өңдеу өнеркәсібі 5,9 пайызға артқан. Ел экономикасына тартылған инвестициялар көлемі 18,5 триллион теңгеге жетті, оның ішінде жеке сектор…
Түркістан облысы Отырар ауданындағы Қарақоңыр ауылдық округінде «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» серіктестігінің заманауи мақта өңдеу зауыты іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа өндіріс орнының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, өндіріс ұжымы мен жергілікті тұрғындарды маңызды оқиғамен құттықтады. Өңір басшысының айтуынша, мақта шаруашылығын дамыту Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешенін жаңғыртудың негізгі тетігі. Осы бағыттағы ірі жобалардың бірі саналатын жаңа зауыт заманауи технологиялармен жабдықталып, өндіріс көлемін еселеп арттырады. Серіктестік қытайлық инвесторлармен бірлесіп, 32 мың гектар аумаққа тамшылатып суару жүйесін енгізіп, жоғары өнім көрсеткішіне қол жеткізген. Қазірдің өзінде 120 мың тонна шитті мақта жиналса, оның 30 мың тоннасы толық өңделіп, таза…
Алматы облысында «Күрті – Қонаев» автомобиль жолының (0-67 шақырым) қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, төрт жолақты қозғалыс іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қонаевқа бастайтын жолақтар Бұл бағыт «Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы» дәлізінің негізгі бөлігі саналатындықтан, атқарылған жұмыс көлік қатынасының сапасын арттырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие. Аталған жоба арқылы Алматы агломерациясын елдің орталық өңірлерімен байланыстыру жеңілдеп, жол жүру уақыты қысқарды. Құрылыс жұмыстары Еуропалық қайта құру және даму банкі қаражаты есебінен қаржыландырылды. Жаңартылған автожол Іб техникалық санатына сай төрт жолақпен жасақталған. Құрылыс барысында төрт көпір, бір көлік айрығы, айрық құрамына кіретін бір жол өткелі, бес бұрылыс алаңы…
Алматы облысында ветеринария саласының материалдық-техникалық әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімдігінің қолдауымен, өңірдің ветеринария басқармасы арқылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» ұсынған лизинг бағдарламасы негізінде ауылдық округтердің ветеринар мамандарына 71 арнайы техника берілді. Оның ішінде 62 «JAC T6» және 9 «ГАЗ 231073» автокөліктері бар. Жалпы, биылғы жылы бұған дейін де ветеринария бөлімшелеріне 13 автокөлік тапсырылған еді. Жаңа техникалармен қоса есептегенде, облыстағы ветеринария саласының автопаркі 68 пайызға дейін жаңарып отыр. Тапсырылған көліктер ветеринар мамандардың қызмет сапасын арттырып, тұрғындардың өтініштеріне уақытылы әрі тиімді жауап беруге мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, автокөліктер профилактикалық және эпизоотиялық жағдайларға қарсы шараларды жедел жүргізуге, ауылдардағы мал ауруларының алдын…
Қазақстанның ірі салық төлеушілері ESG және орнықты даму талаптарын қалай орындап отырғаны туралы ESGQ рейтингтік агенттігі аналитикалық шолу жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу ESGQ сарапшылары, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Назарбаев Университетінің профессорлары мен студенттерінің қатысуымен халықаралық әріптестік негізінде әзірлеген. ESG-ның ашық есебін кім жасырып жүр Зерттеу үшін компаниялардың қаржылық есептері емес, олардың ресми сайттарында және ашық дереккөздерде жарияланған ақпарат негізге алынды. Мұндай тәсіл компаниялардың экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару мәселелері бойынша қоғамға ашық ақпарат ұсынуын бағалауға мүмкіндік береді. Жобаға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша ірі салық төлеушілер тізіміне енген 356 компания қатыстырылған. Оның ішінде 85 пайызы…
«Ақтау теңіз порты» АЭА қызмет ету мерзімі 2053 жылға дейін ұзартылып, мүмкіндіктері кеңейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір экономикасына жаңа серпін Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағы мен даму бағыттары кеңейтілді. – Президенттің сәуір айында Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары ел есінде. Сапарда арнайы экономикалық аймақ мәселесі сөз болған. Өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудың негізгі орталығы болуы тиіс екені атап өтілген. Осыған байланысты АЭА-ның қызмет ету мерзімі 2028 жылдан 2053 жылға дейін ұзартылды, – деді «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басқарма төрағасы Мүбәрак Төлегенов. Мемлекет басшысының мультимодальды хабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Ақтау халықаралық әуежайы да арнайы экономикалық…
Астанада Жұмысшы мамандықтар жылының аяқталуына орай колледж студенттерінің қатысуымен ерекше флешмоб өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Елордада өткен іс-шара барысында колледждердің негізгі жетістіктері мен бастамалары, жұмыс берушілермен бірлескен кәсіби білім беруді дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру бағытындағы нәтижелер таныстырылды. Сонымен қатар кәсіби білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Осы айтулы оқиғаға орай елорданың Білім басқармасы флешмоб ұйымдастырып, оған жұмысшы мамандықтар бойынша білім алып жатқан колледждердің 2 000-нан астам студенті қатысты. Атап айтқанда, аспаздар, бармендер, тігіншілер, слесарьлар мен электрмонтажшылар акцияға белсене атсалысты. Қатысушылар арнайы осы шара үшін жазылған «Жүрек қалауы» әнін орындады. Бұл ән алдағы уақытта…
Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Қытаймен шекаралас аумақта жаңа халықаралық жүк және жолаушылар әуежайы салынбақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жоба елдің транзиттік әлеуетін күшейтуге, логистика мен туризмді қатар дамытуға бағытталған стратегиялық бастама саналады. Әуежай Жетісу облысындағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы аумағында орналасады. Мамандардың айтуынша, бұл нысан Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды әуе-логистикалық хабтардың біріне айналдыруға жол ашады. Жобаны жүзеге асыру үш кезеңге бөлінген. Алғашқы кезең 2027 жылға дейін аяқталуы тиіс. Осы уақытта жолаушыларға арналған терминал салынып, сағатына 50 адамға дейін қызмет көрсету мүмкіндігі жасалады. Ал 2032 жылға қарай әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 500 жолаушыға дейін ұлғаймақ. Бұл көрсеткіш шекара маңындағы өңір…
Рождество қарсаңында Католик шіркеуінің басшысы, Папа Лев XIV әлемді бейбітшілікке шақырып, соғысты тоқтатуға үндеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның үндеуі адамзатқа бағытталған жан айқайындай әсер етті. Көпшілік оны «соғыс шаршаған әлемнің ар-ұжданы сөйледі» деп бағалады. Соғыс пен үнсіз үміт Папа Лев XIV Кастель-Гандольфо резиденциясында журналистерге арнаған сөзінде Ресейдің соғысты тоқтатудан бас тартқанына қатты қапаланғанын айтты. – Мен тағы да барша ізгі ниетті адамдарға үндеу жолдаймын: еш болмаса Құтқарушымыздың туған күні қарсаңында бір күнге тыныштық орнасын, – деді ол. Бұл сөздер бүкіл христиан әлемінде үлкен ой салды. Соғыстың оты шарпыған Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстарда адамдардың өмірі мен тағдыры ойыншыққа айналып кеткендей.…










