Автор: Лейла Болтаева

Қонаев қаласы Coca-Cola керуені

Coca-Cola компаниясының дәстүрлі жаңажылдық керуені биыл тұңғыш рет Алматы облысының орталығына келіп, мыңдаған тұрғынның мерейін өсірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қызыл түске боялған алып фура шамдармен көмкеріліп, қала көшелерін бойлай жүріп өтті. Керуеннің артынан балалардың шат күлкісі мен тұрғындардың таңданысы естіліп жатты. Қаланың жүрегіндегі мейрам Фура Алматы, Сейфуллин, Жамбыл және Қонаев көшелерімен жүріп өтіп, орталық алаңға бет алды. Алаңда орнатылған алып шырша қазірдің өзінде мерекенің басты нышанына айналған. Ал Coca-Cola керуенінің келуі бұл мерекелік көріністі одан сайын айшықтай түсті. Компания өкілдері тұрғындарға тәтті сусындар мен сыйлықтар таратып, балаларға арналған шағын ойындар ұйымдастырды. Кеш бойы жергілікті өнерпаздар сахнада ән айтып, түрлі би…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал астрологиялық кеңестер

25 желтоқсан – жыл аяқталар алдындағы тынысыңды реттейтін күн. Бүгін ұсақ-түйекке дейін мән берсең, ертеңгі қарбалас жеңілдейді. Бір жағынан жаңа жылға дайындық, бір жағынан ішкі ойыңның таразысы қатар жүреді. Өзгенің айтқанына емес, өзіңнің бағытыңа көбірек сүйенетін сәт, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін нақты бір істі аяқтауға шындап кірісесің. Қарқын жақсы, бірақ асығыстыққа еріп кетпе. Бір құжат, бір хабарлама, бір ұсақ деталь кейін маңызды болып шығуы мүмкін. Жолда біреу қысқа кеңес айтады – тыңдап қой, пайдасы тиеді. Кешке қарай көңіл жеңілдеп, алдыңда тұрған істің бағыты анықтала бастайды. Торпақ Бүгін байланыс пен әңгіме саған пайда әкеледі. Үйдегі адаммен немесе ауылдағы…

Толық оқу
Samsung зауыты тұрмыстық техника

Биыл алғаш рет елімізде Samsung брендімен тұрмыстық техника өндіру жолға қойылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қарағанды облысының Сарань қаласында орналасқан Silk Road Electronics зауытында теледидарлар мен кір жуғыш машиналардың сериялық өндірісі ресми түрде іске қосылды. Бұл жоба мемлекеттің, инвесторлардың және жеке бизнестің бірлескен еңбегінің нәтижесі әрі отандық машина жасау саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадам. Өндірістің жаңа тынысы Зауыттың іске қосылуы өңір экономикасына тікелей әсер етіп отыр. Қазірдің өзінде кәсіпорында 1 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл нәтиже Сарань қаласы үшін ғана емес, бүкіл Қарағанды облысы үшін маңызды көрсеткіш. Жаңа өндіріс жергілікті кадрларды оқытып, технологиялық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік…

Толық оқу
Сүтті асыл тұғымды сиырлар

Алматы облысында сүтті мал шаруашылығын дамытуда бұрын-соңды болмаған маңызды қадам жасалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Алғаш рет шетелден аймаққа әуе көлігі арқылы бірден 956 бас жоғары өнімді асыл тұқымды ірі қара жеткізілді. Бұл өңірдің агроөнеркәсіптік бағытын нақты қайта құруға бағытталған жүйелі шешім. Буаз сиырлар Алматы халықаралық әуежайы арқылы жеткізіліп, Талғар ауданында орналасқан «Алматы асыл тұқымды мал» өндірістік кооперативінің базасына орналастырылды. Бірнеше жылдан бері бұл шаруашылық сүтті мал шаруашылығын дамытуды мақсатты түрде қолға алып келеді. Сүт өндірісіндегі нақты нәтиже Қазір кооператив қарамағында 2 593 бас асыл тұқымды ірі қара бар. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша кәсіпорында 7 420 тонна сүт…

Толық оқу
Нұралхан Көшеров халықты қабылдады

Түркістан облысын дамытуда тұрғындардың ұсынысы мен өтініші негізгі бағдарға айналып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Соның айқын көрінісі Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрғындарды жеке қабылдауы. Қабылдау еркін форматта өтті, азаматтар өз мәселесін жасырмай, тікелей айтуға мүмкіндік алды. Бұл жолы да халық пен билік арасындағы арақашықтықты қысқартуға бағытталған ашық диалогқа басымдық берілді. Тұрғындардың негізгі мәселелері және ашық диалог Қабылдауға таңертеңнен бастап 100-ге жуық тұрғын келіп, әр салаға қатысты өтініштерін жеткізді. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу, жер телімдері мен инфрақұрылым жағдайына байланысты болды. Әкімнің қабылдауына облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан және қала әкімдіктерінің…

Толық оқу
отандық тауар өндірушілер реестрі

Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде отандық тауар өндірушілер реестрі (ОТӨ Реестрі) іске қосылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл отандық бизнестің реттелетін сатып алуларға және мемлекеттік қолдаудың мақсатты шараларына қол жеткізуі үшін міндетті құралға айналатын цифрлық платформа. «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, приоритетті негізде сатып алуларға қатысу және мемлекеттік қолдау алу тек осы Реестрге енген компанияларға ғана мүмкін болмақ. Сатып алуларға және мемлекеттік қолдауға қол жеткізу шарттары: Негізгі шарт Қазақстан территориясында нақты өндірісі расталған болуы тиіс. Тізілімде тіркелу үшін ЭЦҚ арқылы қол қойылған өтінімді беру, өндірісті тексеруден және бағалаудан өту қажет. Тіркеу e-ondiris.gov.kz платформасы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады.…

Толық оқу
Сыбайлас жемқорлыққа қарасы жиын

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Шараға құқық қорғау органдары мен басқарма басшылары қатысты. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті. Комиссия отырысында өңірдің әлеуметтік маңызы бар салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзекті мәселелер бойынша жауапты басқарма басшылары баяндама жасады. Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Байдуәлиев хабарлады. Білім беру саласындағы жағдайды Білім басқармасы басшысының міндетін…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал астрологиялық кеңестер

24 желтоқсан ішкі шешімдер мен сыртқы әрекеттер қатар жүретін күн. Жаңа жылға бір апта қалғанда әр сөз, әр қадам санаға әсер етеді. Өзгенің де, өзіңнің де шынайы ниетің көрінетін сәт туады. Ertenmedia.kz ұсынған астрологиялық кеңестерді оқып, жүрек пен ақыл арасындағы тепе-теңдікті сақтап көріңіз. Тоқты Бүгін мақсатыңа жетелейтін бір нақты әрекет жасайсың. Қарқын бар, бірақ майда-шүйде нәрселерге мұқият бол. Қолыңа алған шаруаны тезірек бітіргің келеді – бірақ тез шешімнің артында қателік тұруы мүмкін. Жолда біреу кеңес айтса, тыңдай сал – бәлкім, пайдалы болар. Кешкісін тыныс жеңілдеп, бір істің дұрыс бағытқа бет алғанына көзің жетеді. Торпақ Бүгін адаммен араласу –…

Толық оқу
Жадо мен Меруерт

Әнші Меруерт Түсіпбаева алдағы уақытта Алматыдағы Бостандық аудандық сотында жауап беруі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Дизайнер Жадо әншіні «жала жапты, қорлады» деген уәжбен қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап отыр. Сонымен бірге азаматтық талап ретінде 20 млн теңге моральдық өтемақы өндіріп беруді талап еткен. Даудың түбі Түсіпбаеваның желідегі жазбасына барып тіреледі. Ол дизайнердің сырт келбетін сынап, «талғамсыздық» деп бағалап, білім алуға кеңес беріп, басы дауға қалады. Жадо сол жазбаны көпшілік алдында ар-намысқа тиетін сөз деп есептейді. Дизайнердің директоры Ринат Таттыбай ұстанымын жасырмай айтты. – Меруерт жария түрде Жадоны қорлады, қадір-қасиетін түсірді. Сондықтан біз сотқа жүгіндік, – дейді ол. Оның айтуынша, жазбадан кейін Жадоның…

Толық оқу
Димаш Құдайберген

2025 жылы қазақ өнерінің мақтанышы Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында жеке концерт беріп, абыройымызды асқақтатты, деп жазады Ertenmedia.kz. Мыңдаған аудиторияны жинаған бұл концерт қазақ өнерінің әлемге танылуына себеп болды. Сонымен қатар 2025 жыл жас өнерпаздар үшін де жемісті кезең болды. Олар әлемдегі ең ірі музыкалық байқауларда өнер көрсетіп, жеңіске жетті. Атап айтсақ, Ержан Максим Дубайда өткен Sanremo Best Song 2025 байқауының Гран-при иегері, Александр Лим Қазанда өткен XXI «Жаңа толқын – 2025» конкурсының Гран-при иегері, Алмагүл Батталиева XXXIV «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің Гран-при иегері, El Voice тобы Ставропольде өткен «Soldier’s Envelope – 2025» халықаралық фестивалінің Гран-при иегері,…

Толық оқу