Автор: Лейла Болтаева

Жетіу университеті жиналыс

Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Ермек Бөрібаев  2025 жылдың қорытындысы бойынша жұртшылық алдында есеп берді, деп жазады Ertenmedia.kz. 117 білім беру бағдарламасы жүзеге асты Есептік кездесуге облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қала тұрғындары және Жетісу университетінің ұжымы қатысты. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2024-2025 оқу жылында білім беру, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бағыттарында тұрақты дамуын көрсетті. Университетте 800-ден астам профессор-оқытушы еңбек етеді, олардың 51 пайызы ғылыми дәрежеге ие. Ғылым докторлары, PhD, ғылым кандидаттарының үлесі жыл сайын артып келеді. Білім беру қызметі аясында 117 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, жасанды интеллект, тау және альпілік экология, экономика және басқару сынды жаңа бағыттар…

Толық оқу
Маңғыстау жолдары жақсарған

Маңғыстау облысындағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97 пайызы жақсы деңгейге жеткен, деп жазады Ertenmedia.kz. Жолдың сапасының артуы ауыл мен қала арасындағы қатынасты жеңілдетіп, жүк тасымалын арттыра түскен. 2025-2026 жылдары өңірде жалпы қашықтығы 491 шақырым болатын 16 жоба бойынша құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Демек алдағы уақытта жақсы жолдардың көлемі арта түсетін болады. Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалы биыл 20 пайызға өсіп, 2,5 млн тоннаға жеткен. Мұнда «теңіз бар, порт бар» деп арқаны кеңге салуға болмайды, порттың түбі тайыз болса, кеме жүкті күтіп қалатыны жасырын емес. Сондықтан Құрық портында теңіз түбін тереңдету жұмыстары атқарылып, келесі кезеңде Ақтау…

Толық оқу
Маңғыстау облысында экономикалық даму

Маңғыстау облысында биылғы жылдың 11 айында өңірлік өнім 2,4 трлн теңгеге жетсе, өнеркәсіп көлемі 2,9 трлн теңгеден асты, деп жазады Ertenmedia.kz. Сауда айналымы 1 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 108 пайызға өсуі – қарапайым дүкен мен базардағы қарбаластың да артқанын аңғартады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай сандарды тізіп қана қойған жоқ, бағытын да ашық айтты. – Маңғыстау облысы дамуының негізгі тіректері өңдеу өнеркәсібі, туризм, көлік және логистика, шағын және орта бизнес, балық шаруашылығы, – деді аймақ басшысы. Бұл сөздің артында нақты көрсеткіш тұр. Инвестиция көлемі 949,9 млрд теңгеге жетіп, өсім 105 пайыздан асқан. Құрылыс жұмыстары…

Толық оқу
Көне қолжазбаларды сақтау маңызды

Таяуда «Ғылым ордасы» өкілдері Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Rami Kütüphanesi мен Süleymaniye Kütüphanesi базаларында халықаралық тағылымдамадан өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Практикалық дағдылар тереңдетілді Іс-шара «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» атты ғылыми жоба аясында ұйымдастырылды. Халықаралық тағылымдамаға Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов қатысты. Бұдан басқа Орталық ғылыми кітапханасының Цифрландыру және автоматтандыру бөлімі, Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет кітапхана-музейі бөлімінің мамандары да біліктілігін ұштады. Сондай-ақ Реставрация және консервация орталығының өкілдері қатысты. Бағдарлама барысында T.C. Cumhurbaşkanlığı Millet Kütüphanesi базасында қолжазба және сирек қорлармен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдылар тереңдетілген. Сонымен қатар жетекші шетелдік архивтік-кітапханалық мекемелермен…

Толық оқу
Жетісу ауылдарына газ келді

Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылы мен «Жастар-3» шағын ауданында газ тарату желілерінің құрылысы биыл аяқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Округтің барлық елді мекендері көгілдір отынға қол жеткізген. Биыл «Ынтымақ» тұрғын алабында 44 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталды. «Жастар-1», «Жастар-3» тұрғын алабында 60 көшеге асфальт жабыны төселді. Алдағы екі жылда жалпы саны 74 көше асфальтталады. «Жастар-2» тұрғын алабында 12 көшеге күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұдан бөлек, биыл Өтенай ауылында 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осыған біз Талдықорғанда 150 орындық оңалту орталығы салына бастағанын хабарлаған едік.

Толық оқу
Ақ үйдің кілті

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы пікірін кезекті ресми протокол шеңберінен асыпы, ілтипат білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Елшілердің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ильясовпен қысқа сөйлескен Трамп қараша айында Сопақ кабинетінде өткен кездесуді жылы естелік ретінде атаған. Оның айтуынша, Тоқаев халықаралық үдерістерді терең түсінетін, салмақты әрі тәжірибелі мемлекет қайраткері. Мұндай баға дипломатиялық этикет үшін қалыпты көрінгенімен, астарында саяси салмақ бар. Америкалық лидер Қазақстан басшысына жеке лебізін жеткізіп, құрметін нақты ишарамен бекіткен. Трамп Тоқаевқа бірнеше сыйлық жолдаған. Соның ішінде символдық мәні басым «Ақ үй» дің кілті мен өз қолтаңбасы қойылған бейсболка бар. Ақ үйдің…

Толық оқу
Coca-Cola керуені Қонаев қаласы

24 желтоқсан күні сағат 16:00-де Coca-Cola керуені Қонаев қаласына жол тартады, деп жазады Ertenmedia.kz. Арнайы безендірілген фура сағат 17:00-де облыс орталығына жетіп, Алматы, Сейфуллин, Жамбыл және Қонаев көшелерімен жүріп өтеді. Кейін бас шырша орнатылған орталық алаңда аялдайды. Қонақтарға қызықты ойындар мен концерттік бағдарлама ұсынылады. Одан кейін керуен Алматы облысынан Алматы қаласына бағыттайды. Мейрам келе жатыр! Жаңажылдық атмосфераға бірге бөленейік.

Толық оқу
Түркия мен Өзбекстанның энергетика саласы

Өзбекстан энергетика секторындағы реформаларын тереңдетіп жатқан тұста Түркиямен әріптестікті күшейтуге баса көңіл бөліп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Өзбекстанның энергетика министрі Жорабек Мырзамахмұдов «Анадолу» агенттігіне берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, бірлескен жұмыс тек бір жобамен шектелмейді, мұнда тізбек түгел қамтылған. Энергеияны өндіру, генерация, инфрақұрылым салу, әрі қарай аймақтық энергетикалық жүйелерге кіріктіруге дейін толық қамтылған. Мырзамахмұдов Түркияның тәжірибесін ерекше атап өтті. Өзбекстан энергетикалық нарықта реттеуші орган құру секілді реформаларға кіріскенде Анкара қолдау көрсеткенін айтты. Түрік компаниялары Өзбекстандағы алғашқы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларына ерте кіріп, нақты жобаларға жауапкершілік алған. Соның ең айқын мысалы ретінде Самарқанд облысындағы тарату желілерін басқару және жаңғырту бойынша халықаралық тендерді…

Толық оқу
Маңғыстау Бозжыра

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Орталық коммуникация қызметінде брифинг өткізіп, өңірдің 11 айдағы даму көрсеткішін қорытындылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Туризмді дамытуда ТОП-3 құрамында Биыл Маңғыстауда экономикалық өсімнің негізгі көрсеткіштері оң динамика көрсетіп, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,9 трлн теңгеден асса, инвестициялар көлемі 105,4%-ға өсіп, 949,9 млрд теңгені құрады. Құрылыс, транспорт, сауда, байланыс салалары да тұрақты даму үстінде. Соңғы үш жылда Маңғыстауға 3 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылған. Тек бір жылдың өзінде өңірге 3 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция құйылды. Жалпы 2026-2032 жылдары құны 10 трлн теңге болатын 55 жоба жүзеге асырылып, 8,8 мың жұмыс орны ашылмақ. Биылдың өзінде 19…

Толық оқу
Түркістанда бас шырша жағылды

Түркістанда Жаңа жыл мерекесіне орай «Жарқыра, Жаңа жыл шыршасы!» салтанатты іс-шарасы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталығы алаңында орнатылған бас шыршаның шамы жағылып, мерекелік кеш ұйымдастырылды. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жиналған жұртшылықты келе жатқан жаңа 2026 жылмен құттықтады. –  Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз тағы бір белесті еңсеріп, күнтізбеде жаңа жылдың бетін айқара ашқалы отыр. Әрине тарихта әрбір жылдың орны ерекше. Әсіресе, біз үшін қастерлі саналатын жылқы жылын еліміз береке мен жетістіктер жылы деп санайды. Сондықтан, біз алдағы жылдан толайым табыстар, барлық саладан жетістіктер күтеміз. Өтіп бара жатқан жыл…

Толық оқу