Автор: Лейла Болтаева

Дархан Сатыбалды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумға қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы бойынша өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қала басшысы таңғы уақытта Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріне келіп, дауыс берді. Дауыс беру барысында Дархан Сатыбалды референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, әр азаматтың осындай саяси іс-шараларға қатысуы мемлекеттің дамуына оң ықпал ететінін жеткізді. – Бүгін Қазақстан үшін тарихи маңызы бар күн. Әрбіріміз азаматтық белсенділік танытып, еліміздің болашағына әсер ететін маңызды шешімдерді бірге қабылдауымыз қажет. Референдум нәтижесі мемлекетіміздің тұрақты дамуына, демократиялық үдерістердің одан әрі жетілуіне негіз болады деп сенемін, – деді қала әкімі. Алматы қаласы бойынша дауыс беру үдерісін…

Толық оқу
Айжан

Бостандық ауданындағы №138 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде республикалық референдумға орай ерекше мәдени шара ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова дауыс беруге келген тұрғындарға арнап шағын концерт беруде. Өнер иесі өзінің репертуарындағы халыққа кеңінен танымал әндерін шырқап, учаскеге жиналғандардың көңіл-күйін көтеріп, ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды. Әншінің сахнадағы жарқын өнеріне риза болған тұрғындар қол соғып, қошеметтерін білдірді. Айжан Нұрмағамбетованың орындауындағы «Асыл ана», «Сен деп келдім», «Қазақы дастарханым» секілді әндері сайлау учаскесіне келген азаматтардың көңілінен шықты. Кейбір тұрғындар әнмен бірге қосыла шырқап, тіпті ортаға шығып билеп, мерекелік көңіл-күйді одан әрі жандандыра түсті. Бұл көрініс қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың, халықтың…

Толық оқу
дауыс

Ордабасы ауданында республикалық референдум аясында №455 дауыс беру учаскесінде ерекше мағынасы бар символикалық акция ұйымдастырылды. Акция барысында өз таңдауын жасауға келген азаматтарға тал мен гүл көшеттері таратылды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Әр дауыс – болашаққа артылған үміт» деп аталатын бұл акция азаматтардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға және олардың ел дамуына қосатын үлесін көрсетуге бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір дауыс беруші азамат отырғызған ағаш көшеті мен гүл тұқымы – келешектің көркеюі мен жаңғыруының белгісі. Акцияның негізгі мақсаты тұрғындарды елдегі саяси оқиғаларға белсенді атсалысуға шақыру, сондай-ақ табиғатты қорғап, жасыл желекке айналдыруға ынталандыру. Осы бастама арқылы дауыс беру мен экологиялық жауапкершілікті байланыстырып, азаматтардың бойында елжандылық пен экологиялық мәдениетті…

Толық оқу
Киікбай Жәулін

Бүгін Ақтау қаласындағы №240 референдум учаскесінде мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, академик Киікбай Жәулін республикалық референдумда өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Киікбай Мыңбайұлының айтуынша, референдумға қатысу – әрбір азаматтың парызы және ел дамуының маңызды кезеңдерінің бірі. Ол мұндай саяси науқандарға белсенді қатысу азаматтардың жауапкершілігін айқындайтынын атап өтті. Оның пікірінше, ел тағдырын айқындайтын маңызды шешімдер қабылдауға халықтың тікелей араласуы – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. – Әрбір азаматтың мұндай саяси науқанға белсенді қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Бүгін өтіп жатқан референдум – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан әр азамат дауыс беріп, мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосуы тиіс, –…

Толық оқу
парапланерист

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында ерекше жағдай орын алды. Парапланерист Николай Петинцев республикалық референдум күні тікелей сайлау учаскесінің алдына қонды, деп жазады Ertenmedia.kz. Экстремал қаладағы №42 мектепте орналасқан учаскеге келіп, өз таңдауын жасады. Оның айтуынша, бұл ерекше әрекет арқылы азаматтардың назарын ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға аударып, белсенділігін арттырғысы келген. – Әрбір қазақстандық өзінің азаматтық борышын орындап, мемлекеттің болашағына жауапкершілікпен қарағаны жөн. Мен бұл іс-әрекетіммен жастарды белсенділік танытып, қоғамдық өмірге қатысуға шақырғым келді, – деді парапланерист Николай Петинцев. Айта кетейік, бүгін Шығыс Қазақстан облысында 533 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың белсенділігі жоғары деңгейде байқалады. USB-құрылғылар үнемі қосылып тұрса…

Толық оқу
ШҚО

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласындағы №9 референдум учаскесінде дауыс беріп, ел болашағы үшін маңызды таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Аймақ басшысы референдумға отбасымен бірге келіп, балаларына азаматтық жауапкершіліктің мәнін іспен көрсетті. – Референдум еліміздің дамуындағы шешуші сәттердің бірі. Әр азаматтың пікірі маңызды, себебі бұл таңдау – Қазақстанның болашағын анықтайды. Шығыс Қазақстан облысында референдумды жоғары деңгейде өткізу үшін барлық жағдай жасалған, – деді облыс әкімі. Айта кетейік, бүгін Шығыс Қазақстан облысында барлығы 533 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 501-і тіркелген мекенжай бойынша болса, 32-сі уақытша орналасқан орындарда ашылған. Өскемен қаласының өзінде 129 учаске қызмет көрсетуде. Сағат 10.00-дегі мәлімет…

Толық оқу
Абайдың ұрпақтары

Ұлы Абайдың ұрпақтары референдумға қатысып, елдік таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Абай облысы Қарауыл ауылында тұратын хәкім Абайдың ұрпақтары республикалық референдумға ұйымшылдықпен келіп, өздерінің азаматтық белсенділігін танытты. Абай әулетінің өкілдері №162 референдум учаскесінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша дауыс берді. Олар бұл әрекеттері арқылы еліміз үшін маңызды кезеңде бірлік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Абай ұрпағы, Абай ауданының Құрметті азаматы Құсман Верлишев бүгінгі саяси шараның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті: «Атамыз Абай елді бірлікке, жауапкершілік пен саналыққа шақырған. Осы ұстанымды жалғастырып, бүгін ел өміріндегі тарихи оқиғаға қатысып отырмыз. Әр азаматтың таңдауы – болашаққа қосқан үлесі. Бұл біздің ата-баба аманатына…

Толық оқу
Наурызбай

Бүгін Наурызбай ауданындағы референдум учаскелерінің біріне батырлардың киімін киген тұрғындар келді. Ұлттық кейіпкерлердің бейнесі дауыс берушілердің назарын бірден аударып, учаскеде ерекше рух қалыптасты, деп жазады Ertenmedia.kz. Тұрғындар келген қонақтармен бірге суретке түсіп, мұндай бейнелер іс-шараға мерекелік көңіл-күй сыйлағанын атап өтті. Қатысушылардың айтуынша, олар осылайша референдумды қолдап, тұрғындардың көңілін көтеріп, маңызды шешімдерді бірге қабылдау дәстүрін еске салуды мақсат еткен. Олардың айтуынша, ертеден-ақ маңызды мәселені халық ақылдасып шешкен, сондықтан әр адамның атсалысуы үлкен мәнге ие. Білікті дәрігерлер бойыңызда 8 симптом байқалса, бірден маманға жүгінуге кеңес береді.

Толық оқу
Розақұл

Сайрам ауданындағы №608 сайлау учаскесінде мемлекет және қоғам қайраткері Розақұл Халмұрадов референдумда өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қоғам қайраткері сайлау учаскесіне арнайы келіп, азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Ол референдумның ел үшін маңыздылығын атап өтіп, халықты белсенділік танытуға шақырды. «Референдум – халықтың мемлекет басқаруға тікелей араласатын, өзінің пікірін білдіретін маңызды сәт. Әрбір азамат өз таңдауын жасауы керек, себебі әрбір дауыс елдің болашағын айқындайды. Осындай маңызды кезеңде жауапкершілік таныту – азаматтық парызымыз. Бүгінгі референдум халықтың бірлігін нығайтып, елдің тұрақты дамуына ықпал етеді», – деді Розақұл Халмұрадов. Айта кетейік, Сайрам ауданында бүгінгі референдумға қатысуға 134 219 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Аудан…

Толық оқу
дауыс

Маңғыстау облысында республикалық референдум күні дауыс беру учаскелерінде нағыз мерекелік атмосфера орнады, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс бойынша сайлау учаскелерінің аумағында ұлттық ойындар, концерттік бағдарламалар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлауда. Жекелеген учаскелерде халық күйлері мен танымал әндерді орындаған жергілікті әртістердің концерттері өтіп жатыр. Ұлттық киіммен шыққан әншілер мен бишілер сайлаушылардың назарын аударып, ерекше әсер қалдыруда. Сондай-ақ, учаскелер маңында ауыл шаруашылығы өнімдері мен ұлттық тағамдар сатылатын жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Тұрғындар мұнда азық-түлікті қолжетімді бағада сатып алып, жергілікті қолөнершілердің бұйымдарымен таныса алады. Одан бөлек, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар да белсенді түрде өтуде. Әсіресе жастар арасында асық ату, арқан тарту, гір көтеру…

Толық оқу