Қазақстан теміржол, автомобиль, порт және авиация инфрақұрылымын қатар дамытып, Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік тораптардың біріне айналып келеді. Time Business News пен MSN басылымдары елдегі ірі көлік жобалары Еуразия логистикасының жаңа архитектурасын қалыптастырып жатқанын атап өтті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Халықаралық басылымдар ерекше назар аударған жобалардың бірі — «Бейнеу-Сексеуіл» автомагистралі. Жол пайдалануға берілгеннен кейін Қытайдан Еуропаға бағытталған жүктің жүретін қашықтығы шамамен 1 мың шақырымға қысқарып, жеткізу мерзімі үш күнге дейін азаюы мүмкін. Магистраль Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттерін Ақтау және Құрық порттарымен байланыстырып, Транскаспий халықаралық көлік бағытының құрлықтағы маңызды буынына айналады. Соңғы жеті жылда Қазақстан көлік инфрақұрылымына шамамен 35 млрд…
Автор: Лейла Болтаева
Астанада сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарланып отыр. 2029 жылға дейін жалпы құны 12,04 млрд теңге болатын тоғыз жоба іске асырылып, ескірген құбырлар ауыстырылады және желілерді онлайн бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық технологиялар енгізіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жұмыс «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүргізіледі. Бағдарламаның негізгі мақсаты — коммуналдық инфрақұрылымның тозуын азайтып, су, жылу және электрмен қамту сенімділігін арттыру. 2026-2028 жылдары желілерді қайта құрумен қатар Smart Water секілді цифрлық шешімдерді енгізу көзделген. Астана үшін су инфрақұрылымын жаңарту қаланың жылдам өсуіне байланысты ерекше маңызға ие. Жаңа тұрғын аудандар салынып, халық саны көбейген сайын магистральдық желілерге…
Астанада өткен жасанды интеллект бойынша IOAI 2026 халықаралық олимпиадасында Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де медаль иеленді. Ұлттық команда қоржынына екі алтын, екі күміс және төрт қола жүлде түссе, қазақстандық Даужан Бекетов абсолюттік рейтингте екінші орынға көтерілді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Халықаралық олимпиада 2-8 тамыз аралығында Астанада өтіп, әлемнің әр түкпірінен жасанды интеллект саласына қызығатын 500-ге жуық дарынды жасты жинады. Қазақстан құрамасы жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, қатысқан сегіз оқушының барлығы жүлдегер атанды. Олимпиададағы ең жоғары нәтижелердің бірін Даужан Бекетов көрсетті. Ол барлық қатысушы арасындағы абсолюттік рейтингте екінші орын алды. Мұндай нәтиже қазақстандық мектеп оқушыларының жасанды интеллект, алгоритм және бағдарламалау саласындағы дайындығы…
Өскеменде Абай күніне орай қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қоғам өкілдері хакім рухына тағзым етіп, оның ұлт руханиятындағы мәңгілік орнын тағы бір мәрте айшықтады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шара қаланың Орталық алаңында өтті. Оған қоғам және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мәдениет қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысты. Рәсім Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры әртістерінің театрландырылған прологымен басталды. Сахналық қойылымда Абайдың бейнесі сомдалып, ақынның шығармашылық әлемі көркем композиция арқылы ұсынылды. Шара барысында Абай өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының солистері хакімнің әйгілі «Желсіз түнде жарық…
10 тамызда Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр. Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы және композиторы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Абай 1845 жылы Семей өңірінде Құнанбай Өскенбайұлының отбасында дүниеге келген. Алғашқы білімін үйде алып, кейін Семейдегі Ахмет-Риза медресесінде оқыды. Орыс мектебіне де барып, араб және парсы тілдерін меңгерді. Науаи, Фирдоуси, Низами, Сағди, Жәми мен Хафиз мұрасымен танысты. Әкесінің қалауымен ел ісіне ерте араласқан Абай даладағы басқару дәстүрін, әдет-ғұрып құқығын терең білді. Алайда оның өмірлік мұраты әдебиет пен ағартушылыққа ұласты. Өлеңдері мен қара сөздерінде білім, еңбек, әділдік, адамгершілік, ел бірлігі және тұлғаның рухани жетілуі туралы…
Қазақстандық ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов Құрылтай депутаттарының 23 тамызда өтетін сайлауына қатысу үшін Астанадан Алматыға дейін 1300 шақырым жүгіруді жоспарлап отыр. «Құрылтайға жол» деп аталған бастама арқылы ол азаматтық таңдау мен сайлауға қатысудың маңызын өз үлгісімен көрсеткісі келеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. 58 жастағы Меңдібай Әлімғазинов марафонмен 30 жылдан астам уақыттан бері айналысады. Осы кезеңде ұзақ қашықтықтағы түрлі жарысқа қатысып, бірнеше рет жүлдегер атанған. 2017 жылы спортшы Astana Marathon жарысында өз жас санатында бірінші орын иеленді. 2021 жылғы Astana Marathon-да 50-54 жас санатында үшінші орынға тұрақтады. Меңдібай Әлімғазинов үшін Астана-Алматы бағыты да бөтен емес. 2018 жылы ол он ультрамарафоншыдан құралған командамен…
Жаңа Конституция әділ сот төрелігі мен адам құқықтарын қорғауға арналған конституциялық кепілдіктерді едәуір күшейтті. Қылмыстық процестегі жаңа тәсілдер жария және жеке мүдденің арасындағы құқықтық тепе-теңдікті сақтауға бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Конституциялық Сот жұмыс істеген үш жарым жыл ішінде 88 нормативтік қаулы қабылдады. Олардың шамамен үштен бірі қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелеріне қатысты. Аталған шешімдердің орындалуы қылмыстық-процестік заңнаманың бірқатар нормасын Конституция талаптарына сәйкестендіріп, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға мүмкіндік берді. Менің ойымша, әділ сот төрелігі тек сот отырысының әділ өтуімен шектелмейді. Оның артында адамның бостандығын шектеу тәртібінен бастап, кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, соттың тәуелсіздігі мен процесс тараптарының теңдігіне дейінгі тұтас…
23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы Қазақстандағы саяси реформаларды практикалық кезеңге шығаратын маңызды науқан болмақ. Неміс сарапшысы Оливер Ролофстың пікірінше, мемлекеттік институттардың нығаюы мен азаматтардың саяси үдеріске кеңінен қатысуы Қазақстанның ішкі дамуына ғана емес, Германия және Еуропамен ұзақ мерзімді серіктестігіне де әсер етеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Орталық сайлау комиссиясының ресми дерегіне сәйкес, Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген. Қазіргі уақытта партиялық тізімдер тіркеліп, сайлау науқаны белгіленген күнтізбе бойынша жүріп жатыр. Оливер Йоахим Ролофс — геосаясат, қауіпсіздік және стратегиялық коммуникация саласында жұмыс істейтін неміс сарапшысы. Ол Мюнхендегі COMMVISORY стратегиялық коммуникациялар және консалтинг компаниясының негізін қалаушы әрі басқарушы серіктесі.…
Маңғыстаудағы бес жартасты мешіттің ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі өңірдің тарихи ескерткіштерін қорғау мен басқаруға жаңа талап қойып отыр. Халықаралық мәртебе енді киелі орындарды сақтау, ғылыми зерттеу, реставрация және туристер ағынын ұйымдастыру ісін әлемдік стандарттарға бейімдеуді талап етеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар комитеті 2026 жылғы 29 шілдеде Пусан қаласында өткен 48-сессиясында «Маңғыстаудың жартасты мешіттері және олармен сабақтас қасиетті нысандар» кешенін Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізді. Сериялық нысанға Оғландыдағы Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан үпі кешендері кіреді. ЮНЕСКО оларды мәдени мұраның II және III критерийлері бойынша таныды. Кешен тек мешіт ғимараттарымен шектелмейді. Оның құрамына…
Орталық Азия елдері Сырдария бассейніндегі суды есепке алуды автоматтандыруға бағытталған ортақ жоспар әзірлеуге келісті. Жаңа жүйе трансшекаралық судың нақты көлемін бақылап, мемлекеттер арасындағы су бөлу ісін ашық әрі дәл жүргізуге мүмкіндік бермек, – деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан қаласында Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 94-отырысы өтті. Жиынға Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Далер Джума, Түрікменстанның Мемлекеттік су шаруашылығы комитетінің төрағасы Дурды Генджиев және Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев қатысты. Басқосуға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов та келді. Тараптар 2026 жылғы вегетация кезеңінде Сырдария…








