Автор: Лейла Болтаева

Жаңа кітап шықты

Ғылым ордасында ғалым, тарихшы Дүйсенәлі Әбділәшімұлының «Елдік феномен: Қазақ хандығының Цин патшалығына жолдаған бірегей дипломатиялық құжаттары туралы тарихи-деректанулық зерттеу» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.

Толық оқу
PBC Astana командасы

Қазақстандық PBC Astana командасы Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі аясындағы Phygital Basketball 3×3 дисциплинасы бойынша жартылай финалға жолдама алды. Команда тартысты өткен матчтың соңғы сәттерінде FlashBasket ұжымын 27:25 есебімен жеңді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған дейін топтық кезеңде PBC Astana Bad Boys командасын айқын басымдықпен 39:24 есебімен ұтып, турнирдегі ойынын жоғары қарқынмен бастап, көшбасшылар қатарына бірден қосылған. Сонымен қатар команда күрделі қарсыласқа да тап болды. Олар Moskowsky ұжымынан 23:40 есебімен жеңіліп, одан сабақ алып, шешуші ойындар алдында тактикалық тұрғыда қайта жинақталды. Плей-офф кезеңінде PBC Astana Derventa Esports Umbrella командасын 39:26 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты және Phygital…

Толық оқу
мүмкіндігі шектеулі азаматтар

Талдықорған қаласында мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қала тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. – Өткен кездесулерде көтерілген мәселеге байланысты биыл қыркүйек айында мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды, 2026 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі кезде облыс орталығында мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 7 орталық бар. Бүгінде оларда 1 282 адам қызмет алуда. Сол сияқты «Асар» спорттық-оңалту кешені базасында биыл облыс әкімдігінің қолдауымен республикада алғаш болып мүгедектігі бар адамдар үшін үйде оңалту қызметі қолға алынып, 210…

Толық оқу
Комбайн егіс даласы

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы экономиканың тірек саласына айналып келеді. Биыл агроөнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 234 млрд 800 млн теңгеге жетіп, өңір үшін маңызды межеден асты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл бір жылдың ішіндегі кездейсоқ өсім емес, соңғы жылдары қабылданған жүйелі шешімдердің нәтижесі. Аймақта жалпы құны 6 млрд 400 млн теңге болатын 9 жоба іске қосылып, өндіріс пен инфрақұрылым қатар қозғалды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев елордада өткен брифингте нақты цифрлармен баяндады. Саладағы басты өзгерістердің бірі техника жаңартуы. 2022-2024 жылдары 21 млрд 800 млн теңгеге 647 ауыл шаруашылығы техникасы алынған. Биыл бұл жұмыс жалғасып, тағы 4 млрд 700 млн теңгеге 139…

Толық оқу
Нурлыбек Налибаев

Қызылорда облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда. Бұл туралы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz. Инвестиция ирімі 2022-2024 жылдары облыс экономикасына 1 трлн 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Биылға 631 млрд 400 млн теңге жоспарланған. Бүгінде жаңа жобаларды іске қосу арқылы инвестиция 750 млрд. теңгеден асып, жоспар артығымен орындалды. 2021 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемі 233 пайыз артса, жеке инвестиция үлесі 70 пайыз. Экономиканы әртараптандыруда алдағы жылдары 2,8 трлн теңгенің 98 инвестициялық жобасы жоспарланған.  Бұл 12 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Биыл 300 млрд теңгеден астам…

Толық оқу
Смайлов корпорацияларға аудит жасады

Ел ішінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақты алға сүйрейді деген түсінік көптен бері бар. Бірақ Әлихан Смаилов басқаратын Жоғары аудиторлық палата корпорациялардың жұмысына тексеру жүргізіп әлгі ұғым-түсінікті теріске шығарғандай болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаражатты банктік депозитке орналастырған Аудиттен кейін Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысында бірыңғай тәсіл мен реттеу әлсіз екені белгілі болды. Ұлттық экономика министрлігі тарапынан нақты ереже қойылмаған. Соның салдарынан ӘКК әр өңірде әртүрлі бағытқа тартып, мемлекеттік жоспарлауға кірікпейтін жұмыспен айналысып жатқанын алға тартты. Осы ретте Смаилов «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жоспары қағаз үшін жасалған, сыртқы бағалау жоқ, ал атқарылған жұмыс әкімдіктердің тиімділігіне ықпал етпейді» деген байламға келді. Сондықтан аудиторлық палата корпорациялардың әлеуметтік рөлі мен…

Толық оқу
Түркістан әкімдігі мен Қазатомөндіріс кездесуі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбековпен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Басқосуда мекеме тарапынан келісімшарттың тармақтарында көрсетілген  ағаш отырғызу және оларды күтіп-баптау, орман қорына өткізу жұмыстарының орындалу барысы қаралды. Қазіргі таңда Түркістан облысы әкімдігімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қарасты «Қаратау», «Казатомпром-SaUran», «Оңтүстік Тау-Химиялық Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне уран өндіру мақсатында жалпы көлемі 4097,25 гектар жер уақытша пайдалануға берілген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Орман Кодексіне сәйкес және Түркістан қаласы айналасынан «Жасыл белдеу құру» жобасы аясында жалпы көлемі 8194,5 гектар аумақта ағаш отырғызуға келісімшарт жасалып, тиісті жұмыстар қолға алынған. Кездесуде отырғызылған ағаштарды қабылдап алу және оларды…

Толық оқу
Түркия әскери кеме құрастырады

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Стамбұл әскери-теңіз верфінде жаңа платформаларды іске қосу рәсімінде 300 метрлік авианосец құрылысы басталғанын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркіияда TCG Anadolu деп аталатын авианосеці бар. Енді соның «ағасы» пайда болмақ. Ердоған қорғаныс өнеркәсібіндегі әр жобаны тек бір өнім ретінде емес, тұтас экожүйе мен өндірістік қуатты өсіру құралы ретінде қарайтынын ашық айтты. Құрлықта ықпал етемін десең, әуеде де, теңізде де әлсіз болмауың керек. Түркия зерттеу, жобалау, бағдарламалық қамту, сериялық өндіріс сияқты кезеңдердің барлығын ұлттық ресурсқа сүйеніп атқаруды көздеп отыр. Мұның саяси мәні бар, сыртқы тәуелділікті қысқарту, шешім қабылдауда еркін болу. Бүгінде Түркия қорғаныс өнімдері экспорты бойынша әлемде…

Толық оқу
ҚазАэроНавигация әуежай салады

Әдетте еліміздің азаматтық авиациясында қазір көзге бірден түсе бермейтіні белгілі. Бірақ қазір салдары ауыр болуы мүмкін шешімдер талқылануда. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет туризмді дамыту үшін елдің шалғай, табиғаты көркем өңірлерінде бірден үш жаңа әуежай салу мәселесін көтергеніне біраз жылдың жүзі болды. Рас, ел ішіндегі туризмдің серпін беретін инфрақұрылым ауадай қажет. Бірақ мәселе әуежай салуда емес, оны кімнің есебінен тұрғызуда болып отыр. Ұсыныс бойынша жаңа әуежайларды қаржыландыру «ҚазАэроНавигация» мекемесінің мойнына жүктелмек. Яғни, Қазақстан аспанының қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін мемлекеттік компания туристік инфрақұрылымның негізгі донорына айналмақ. «ҚазАэроНавигация» ел аумағында ұшып жүрген барлық азаматтық…

Толық оқу