Бүгін шекара шебіндегі Мақаншы ауданының орталығындағы көп жылдан бері құрылысы аяқталмай келген нысан ел игілігіне берілді. Жоба республикалық «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Үш қабатты ғимаратта 15 орындық күндізгі стационар, ауысымына 100 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, зертханалық диагностика, әйелдер консультациясы, хирургия, стоматология және гинекология кабинеттері жұмыс істейді. Сонымен қатар, ем-шара бөлмесі, тіркеу орны, күту аймақтары және басқа да қажетті кабинеттер қарастырылған. Амбулатория еуропалық үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған. Облыс әкімі Берік Уәли жаңа ғимараттың ашылуына қатысып, шалғайдағы ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. – Көктемде келгенде осы ғимаратқа қаржы бөлеміз деп уәде бергенбіз. Бүгін міне соның ашылуында жиналып…
Автор: Лейла Болтаева
Шымкент қаласында басты жаңа жылдық шыршаның шамдары жағылып, мегаполис жаңа жылдың табалдырығын ерекше көңіл күймен аттады, деп жазады Ertenmedia.kz. Шыршалар Шымкенттің бес ауданында бір мезетте жағылды Шаһардың «Астана» алаңында өткен салтанатты шараға мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтары жиналды. Биыл бұл мереке алғаш рет жаңа форматта ұйымдастырылып, бұрынғы жылдармен салыстырғанда ауқымы мен мазмұны жағынан өзгеше сипат алды. Салтанатты кешке Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Жаңа жылдық шырша жағу қала өміріндегі маңызды дәстүрдің бірі. Бұл кеш тек жарық жағумен шектелмей, адамдарды бір алаңға жинап, ортақ қуаныш пен үмітке ұйыстыратын сәтке айналды. Биылғы ерекшелік – жаңа…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерімен дәстүрлі жыл сайынғы кездесу өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын формалды есепке емес, ашық әңгімеге құрылғаны бірден аңғарылды. Кәсіпкерлер өзекті мәселелерін тікелей айтып, әкімдік тарапынан нақты жауап алуға мүмкіндік алды. Мұндай диалогтың негізгі мақсаты – қаланың инвестициялық ахуалын жақсартып, кәсіпкерлікке кедергі келтіретін түйткілдерді бірлесе шешу. Кәсіпкерлікке қолдау және салық жүктемесін азайту мәселесі Бұл кездесуде шағын және орта бизнесті қолдау басты тақырыптардың бірі болды. Әсіресе арнайы салық режимі бойынша мөлшерлемені 4 пайыздан 2 пайызға төмендету бастамасы кәсіпкерлер тарапынан қолдау тапты. Әкім бұл шешім бизнестің көлеңкеден шығуына және айналым қаражатын ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.…
Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған екі ірі өндірістік нысан бір күнде іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Шымкентте спанбонд өнімдерін шығаратын өндіріс ашылды Бұл жобалар қаланың инвестициялық тартымдылығын арттырып қана қоймай, нақты жұмыс орындарын ашу арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуға тікелей әсер етіп отыр. Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жаңа кәсіпорындардың маңызын атап өтті. Қаланың өнеркәсіптік әлеуетін күшейтетін мұндай жобалар бүгінде аса қажет. Алдымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Marvik Partners» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тоқыма емес материалдар өндіретін фабрикасы іске қосылды. Кәсіпорын спанбонд өнімдерін шығарады. Бұл материал жеңіл өнеркәсіпте, медицинада, құрылыс саласында және тұрмыстық мақсатта кеңінен қолданылады. Соңғы жылдары…
“Almaty aqshamy” ұжымы жыл бойы атқарған еселі еңбегін бүгін ерекше марапатпен, үлкен абыроймен түйіндеп отыр деп жазады Ertenmedia.kz. “Қазақстандағы Жыл таңдауы” (№1 Choice of the уear in Kazakhstan) ұлттық жобасының “Мемлекеттік тілдегі республикалық қоғамдық-саяси газет” номинациясын жеңіп алды. Бұл сыйлық аясында жыл ішінде көрсеткен жетістігі, сапасы мен ел ішіндегі беделі ең жоғары деп танылған брендтер, компаниялар және жобалар “Қазақстандағы №1” атағын алады. Сондықтан мерейімізді көтеріп тастаған осынау мәртебелі марапаттың бағасы біз үшін құнды. – Жобаның ұйымдастырушыларына, бізді бағалаған баршаға ағайынға алғыс білдіреміз. Газетіміздің “Мың жасаған шаһардың шамшырағы” деп аталуы тегін емес. Өйткені “Almaty aqshamy” отандық журналистикада, жалпы қазақ руханиятында өзіндік…
Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында тәулігіне 10 мың текше метр су өндіретін су тұщыту зауыты пайдалануға берілді деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Аталған нысан Мемлекет басшысының су тапшылығын жою және ауылдық аумақтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Зауытты «Алёка» ЖШС жүзеге асырды. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын аумақта 50 ұңғымадан су алынады. Зауытта су тазартуға арналған құм сүзгілері, бетонды резервуарлар және тәулігіне 5 000 текше метрден су өндіре алатын екі осмос қондырғысы орнатылған. Жоба аясында Құрық ауылы тәулігіне 4 000 текше метр ауыз сумен қамтылып, су…
Семейдегі «Ес-Аймақ» рухани орталығында облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттар арасында өткен «Достық-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға облыс әкімі, Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Берік Уәли, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты. «Достық-2025» байқауы азаматтық қоғамды жүйелі түрде жаңғырту, жалпыұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылды. Шара өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған. Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген аймақ басшысы этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттардың ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту жолындағы еңбегінің ерекше екенін атап өтті. – Дана халқымызда «Ынтымақты елге бақ қонар» деген аталы сөз…
Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кентінде «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігінің жеке инвестициясы есебінен заманауи үстел теннис орталығы қолданысқа берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Орталықтың ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту, ауылдардағы спорт инфрақұрылымын жаңарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Облыста осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл облыс көлемінде 112 спорт нысанның құрылысы басталып, бүгінгі таңда 102-нің құрылысы аяқталуда. Қалғаны 2026 жылғы өтпелі. Бүгін ашылып отырған нысан стандарттарға сай әрі заманауи үлгіде жабдықталған. Спорт нысаны бір мезетте 200-ге дейін спортшыны қабылдай алады. Мұнда үстел теннисімен бірге бокс,…
Ақтауда отбасы институтын дамыту мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Отбасы және қоғам: жаңа мүмкіндіктер кезеңі» атты өңірлік форум өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Облыс әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты және Жаңаөзендегі «Аналар кабинеті» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған шараға еліміздің әр өңірінен арнайы делегациялар қатысты. Форумның мақсаты отбасы институтын нығайтып, ұлттық тәрбиені насихаттау, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру. Жиынға қатысқан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев отбасы құндылығын күшейту мен қоғамдағы ананың рөлін ерекше атап өтті. Шарада халық емшісі Қаламқас Күлбарақова, психолог Елжас Ертайұлы, Қызылорда…
Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту тек әлеуметтік бастама емес, ұлт денсаулығы мен адами капиталды нығайтудың стратегиялық бағытына айналып отыр. Бүгінде ел бойынша 240 мыңнан астам бала спорт секцияларына тегін қатысады. Бұл соңғы жылдардағы жүйелі мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі. Ресми деректерге сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда 7-17 жас аралығындағы балалардың шамамен 35-40%-ы спортпен жүйелі түрде айналысады. Соңғы 5 жылда балалар мен жасөспірімдерді қамтитын спорт секцияларының саны 1,5 есеге артып, Тегін спорт үйірмелерінің 60%-дан астамы өңірлер мен шағын қалаларда орналасқан. Бұл көрсеткіштер спорттың қолжетімділігі артқанын және оның тек ірі қалалармен шектелмей, ауыл-аймақтарға да жетіп жатқанын аңғартады. Сарапшылардың пікірінше, ақылы спорт үйірмелерінің орташа айлық құны…










