Автор: Лейла Болтаева

Түркістан спортшылары

Түркістан облысында спорт инфрақұрылымын жетілдіру, бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімі апаратының апталық мәжілісінде осы бағыттағы көрсеткіштер сараланып, жоспарлар талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне спортты дамыту, инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмысты ширатуды тапсырды. – Аудан, қалаларда спорт нысандарына деген қажеттілікті реттеу бағытында жасалған 3 жылға арналған кешенді даму жоспары жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс.  Спорт инфрақұрылымын және бұқаралық спортты дамыту бойынша бекітілген индикаторлардың толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл  өте өзекті мәселе. Жасөспірімдер мен жасар арасында теріс әдеттердің алдын алу үшін спортты дамытудың маңызы зор. Осы…

Толық оқу
Түркістан экономикасы дамуда

Түркістан облысы әкімдігінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, аудан, қала әкімдіктерінің және басқармалардың қызметі тиімділігін рейтингтік бағалау мәселелері талқыланған алқа мәжілісі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжілісте 9 айдың қорытындысы шығарылып, индикаторлардың орындалу барысы талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жоспарды орындамаған аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына сын-ескертпе айтып, жұмысты жандандыруды тапсырды. – Биылғы 9 айдың қорытындысымен облыс экономикасы дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,8%-ды құрады. Бұл республикада – 2 орын. Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 7%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 9 айдың қорытындысымен Үкімет бекіткен межеге толық қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 855,4 млрд. теңгені құрап, өсім 101,5% деңгейінде болса,…

Толық оқу
инвестициялық жобалар мен индустриалды аймақ құрылыстар

Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда жүзеге асатын маңызды жобалардың құрылыс жұмыстары мен алдағы жоспары сала мамандарының тұрақты бақылауында, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы және өзге де мәселелер бүгін облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте қайта қаралды. Мәжіліске Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбеков, Түркістан облысы өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қанат Шонбасов және сала басшылары мен мамандар қатысып, биыл жүзеге асыру көзделген 121 іс-шараның құрылыс жұмыстарын оның ішінде түйткілді 14 жобаның ағымдағы жағдайын пысықтады. Күн тәртібінде өңірдің экономикалық өсім жағдайы, «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы аясында берілетін несие, инвестициялық жобалар мен индустриалды аймақ құрылыстары, жер…

Толық оқу
Түркістан инвестиция тартуда алда

Түркістан облысы негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Маңызды жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында берілген экономикаға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Сонымен бірге министрліктер мен әкімдіктердің өңірлердегі инвестиция көлемін және инвестициялық жобаларды іске қосу қарқынын үдете түсу жұмыстарының тиімділігін арттыруға назар аударылды. ҚР ҰЭМ деректері бойынша биылғы 9 айда негізгі капиталға салынған инвестицияның (НКИ) жалпы көлемі 13,8 трлн теңгені құраған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда…

Толық оқу
Жетісайға газ келді

Түркістан облысында елді мекендерді газбен қамту жұмысы өте қарқынды. Солардың бірі Жетісай ауданындағы Ж.Ералиев ауылдық округінің 2055 адам тұратын С.Сейфуллин елді мекенінің тұрғындары «25 қазан – Республика күні» аясында көгілдір отынға қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. 2024-2025 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жалпы сметалық құны 414 млн. 443 мың теңгені құрайтын нысанның құрылыс жұмыстарын «РемСтрой» ЖШС өндірістік кестеге сай жүргізген. Енді ұзындығы 21,7 шақырымды құрайтын газ құбырынан 269 үй көгілдір отын пайдаланатын болады. Елді мекен тұрғындарының қуанышын бөлісуге Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен «QazaqGazAimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Ақылбек Абилдиев, аудандық мәслихат депутаты Олжас Қаныбеков пен жауапты сала…

Толық оқу
Түркістан мектеп ашылды

Республика күні қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында №5 жалпы білім беретін  мектептің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа білім ордасы 600 оқушыға арналған, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға  Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, елді Республика күнімен құттықтады. – Баршаңызды жаңа білім ордасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін міне, терең тарихымен, еңбекқор халқымен ерекшеленетін Сауран ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында 3-ші білім ұясы іске қосылуда. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Әрбір оқушының білім алып, жан‑жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс»  делінген тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асты. Бұл…

Толық оқу
Түркістан өнер орталығы

Республика күні  Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жаңа Өнер орталығы ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты ашылу шарасына Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Қала басшысы тұрғындарды жаңа Өнер орталығының ашылуымен құттықтап, жаңа нысанның жас ұрпақтың шығармашылығын дамытуына, өнер мен білімге деген қызығушылығын арттыруға серпін беретін маңызды мәдени кеңістік екенін атап өтті. К.Бәйсеитов көшесінде орналасқан нысанға биыл маусым айында мердігер мекеме мен тапсырыс беруші арасында келісімшарт жасалып, үш ай ішінде орталықта ауқымды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қысқа мерзім ішінде толық жаңартылған ғимарат қазіргі заман талаптарына сай безендіріліп, пайдалануға берілді. Өнер орталығында 36 түрлі…

Толық оқу
Түркістан Нұрболат Тұрашбеков

Биылғы жылыту маусымында Түркістан облысындағы жылыжайлар үшін 273 214 тонна көмір алу жоспарланған. Былтыр өңірдегі жылыжайлар 250 мың тоннаға жуық қатты отын тұтынған, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі таңда көмір таратушы операторлардың қоймаларында 84,6 мың тонна қатты отын қоры бар. Сонымен қатар маусымаралық тұтыну кестесі ұсынылды. Сондай-ақ биыл «Фермерлік жылыжайларға қойылатын жалпы техникалық талаптар» мемлекеттік стандарты бекітіліп, қазіргі уақытта 801 жылыжай арнайы сертификаттаудан өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салалар бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын саралады. Кеңесте жауапты басқарма басшылары өз бағыттары бойынша есеп беріп, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, «Тұран су» мекемесі жалпы…

Толық оқу
Түркістан цифрландыру әкімдік білім

Түркістан облысы білім саласындағы ашықтық пен цифрландыруды жетілдіру бағытында маңызды қадамдар жасауда, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтың бастамасымен салаға нақты тапсырмалар беріліп, цифрлық теңсіздік пен жүйесіздікті жою басты міндет ретінде белгіленді. Мәжілісте білім жүйесіндегі күрделі мәселелер талқыланып, шешу жолдары нақтыланды. «Цифрлық Қазақстан» стратегиясына және заңнамаларға сәйкес пилоттық режимде сынақтан өткізіліп жатқан платформалар білім сапасын арттыруға бағытталған. Олар оқу үдерісін бақылау, кәсіби бағдар беру, оқушылардың жетістігін талдау, халықаралық зерттеулерге дайындық пен сыртқы бағалау жүйелерін енгізуді көздейді. Сонымен қатар жасанды интеллект технологиясы оқу процесін автоматтандыру мен жекелендіруді қамтамасыз етеді. Облыс әкімінің айтуынша, білім саласындағы маңызды қадамдар бір ғана басқарманың емес,…

Толық оқу
Түркістан Нурлыхан Кошеров

Түркістан облысы қарқынды дамып келеді. Инфрақұрылым, соның ішінде электрмен қамту жүйелері де заманауи талаптарға сай болуы тиіс, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның басшылығымен кездесіп, өңірді электр энергиямен қамту бағытындағы жобаларды талқылады. Кездесу барысында облыс орталығы мен облыс аумағындағы елді мекендерді үздіксіз әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету, тозған электр желілерін реттеу, жаңа қосалқы станциялар салу және қуаттылықты арттыру бойынша ұсыныстар қаралды. Сонымен қатар жасанды интеллект пен автоматтандыру жүйелерін енгізу мәселелері де сөз болды. Облыс әкімі бұл саладағы өзекті проблемаларды шешуде нақты шаралар қабылдау қажет екенін айтып, жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді. – Өңір…

Толық оқу