Автор: Лейла Болтаева

ыстық су ішу

Ыстық су ішудің денсаулыққа пайдасы туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Біреулер мұны артық салмақтан арылудың ең оңай тәсілі десе, енді біреулер тамақ ауруын емдейді деп сенеді. Осы ретте Ertenmedia.kz тілшілері сарапшылар пікірін ұсынады. Миф № 1. Ыстық су салмақ тастауға көмектеседі Ыстық су ішу арқылы артық салмақтан арылуға болады деген сенім бар. Алайда ғалымдардың зерттеуі бойынша, судың температурасы салмақ жоғалту процесіне тікелей әсер етпейді. Сарапшы Лорен Боллдың айтуынша, кез келген су, оның температурасына қарамастан, денені ылғалдандырып, тәбетті бақылауға көмектеседі. Бұл өз кезегінде тәтті және калориялы сусындарды тұтынуды азайтады. Бірақ майды ерітетін судың температурасы емес, сұйықтықтың өзі. Миф № 2. Ыстық су тамақ…

Толық оқу
алматы тауы

Қазақстанда жексенбі күні ауа райы тұрақсыз болады. Елдің солтүстік және батыс аймақтарында жауын-шашын күтіледі: жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Оңтүстікте тұман түсу ықтимал, деп жазады Ertenmedia.kz. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр. «Қазгидромет» Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және барлық облыстарда дауылды ескерту жариялады. Астана: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр және қар аралас жауын жауады, боран, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде −2 0 °C, күндіз 0 +2 °C аралығында болады. Алматы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде 0 +2 °C, күндіз +14–16 °C. Шымкент: көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауып, тұман түседі, ауа температурасы түнде +4–6 °C, күндіз +14–16…

Толық оқу
Құс жолы галактикасы

Жақында астрономдар Құс жолы глактикасының орталығын ерекше дәлдікпен бейнелейтін таңғажайып суретті ұсынды. Жаңа деректер Чилидегі Атакама шөлінде орналасқан Атакама үлкен миллиметрлік/субмиллиметрлік антенналық телескоптар жиынтығы (ALMA) арқылы алынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Нәтижесінде галактикамыздың орталығында аса үлкен қара құрдымды айнала қозғалып, жұлдыздардың пайда болуына негіз болатын суық газдың күрделі торлары айқын көрінді. Бұл зерттеу жұмысы «ALMA CMZ Exploration Survey» (ACES) жобасы аясында орындалды. Құс жолының Орталық молекулалық аймағы (CMZ) деп аталатын бұл өңір шамамен 650 жарық жылына дейін созылады. Аймақтағы газ бен шаң бұлттары өте тығыз және күрделі құрылымдарға ие. Бұл біздің Жерден анық бақылап, зерттеуге мүмкіндік беретін бірден-бір галактика орталығы. ALMA бақылаулары арқылы…

Толық оқу
Жанармай құю

Авто механик Ербол Тұрғынбай бензин орнына дизель құйылған жағдайда жүргізушілерге бірнеше пайдалы кеңестер берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Автокөлікті іске қоспаңыз Қателік анықталған бойда көлікті оталдыруға болмайды, тіпті жанармай құю бағанасынан алысқа кетпеген жөн. Себебі дизельді отын қозғалтқышқа түссе, ол зақымдалуы мүмкін. Жауапкершілікті АЗС қызметкерлеріне жүктеңіз АЗС басшылығынан эвакуатор шақыртып, автокөлікті қызмет көрсету орталығына жеткізуін талап етіңіз. Жанармай багын тазалау Автосервисте көліктің жанармай багын толық шешіп, тазалап, дұрыс отынмен қайта құю қажет. Қозғалтқыш дұрыс емес отынмен іске қосылса Егер жүргізуші қателікті бірден байқамай, көлікті жүргізе бастаса, бұл одан да күрделі жағдай. Әсіресе, дизель отыны аз мөлшерде құйылып, бензинмен араласса, қозғалтқыш біртіндеп қуатын жоғалтады,…

Толық оқу
Алазания

Әр мереке сайын гүл сыйлау ерекше сезім мен махаббаттың белгісі. Дегенмен, кейбір адамдар олардың тез солып қалатынын айтып, мұндай сыйлықтың мәнін түсінбеуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Бәлкім, осы жағдайда ыдыстағы гүлдер сыйлау жақсы шешім болар еді. Бұл өсімдіктер ұзақ уақыт бойы гүлдеп, сүйіктіңізді, анаңызды немесе әріптесіңізді қуанта алады. Әсем азалиялар Үй жағдайында өсіретін гүлдердің ішінде әсіресе азалия ерекше танымал. Оның гүлдері түрлі түске және пішінге ие, әрі ешқандай иісі жоқ. Азалия көздің жауын алатын, өте әдемі гүл. Ол жылына бір рет гүлдеп, иесін қуантады. Дегенмен, азалия ерекше күтімді қажет етеді. Бұл гүл жоғары температураны ұнатпайды, сондықтан оны үнемі суғарып, ылғалдандырып, топырағын қышқылдандыру…

Толық оқу
Электромобиль

Электромобильдер Қазақстанда қарқынды дамып келеді, алайда ұзақ сапарға шықпас бұрын арнайы дайындықты талап етеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бірақ электромобильдер дәстүрлі бензинді көліктерге қарағанда әлдеқайда басқаша. Ertenmedia тілшілері  Auto сарапшылардың көмегімен алыс сапар алдында электромобиль иелеріне арналған маңызды ұсыныстарды әзірледі. Сапар алдындағы дайындық Авто саласының маманы Рамиль Дәулетгильдиев ұзақ жолға шықпас бұрын жол бойында зарядтау станцияларының бар-жоғын мұқият тексеруге кеңес береді. Бұл үшін арнайы мобильді қосымшалар бар, оларда зарядтау станциялары туралы барлық ақпарат көрсетілген. Мұндай қосымшаларға жанармай құю станциялары да кіреді. Автокөлік сарапшысы Эдуард Эдоков Алматыдан Қарағандыға дейінгі алғашқы сапары туралы бөлісті. Оның айтуынша, электромобильмен ұзақ сапар жасағанда маршрутты алдын ала жоспарлау маңызды.…

Толық оқу
Жанкүйерлер

Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының І туры аясында «Ақтөбе» мен «Тобыл» футбол клубтарының арасындағы кездесу өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Матчтың ерекшелігі спорттық шараның жастардың ел өміріндегі маңызды саяси бастаманы қолдау акциясымен үйлесімді түрде бірігуі болды. Футбол мерекесі Түркістан жастарының ел патриотизмін көрсеткен әсерлі флешмобымен ашылды. «Жастар VIBE» би тобының орындауындағы «Рух» биі жастардың бірлігін, туған елге деген сүйіспеншілігін ерекше паш етіп, көрермендердің қошеметіне ие болды. Бұдан кейін Түркістан қаласының өнерпаздары сахнаға шығып, патриоттық әндер орындап, стадионға жиналған жанкүйерлердің көңілін көтеріп, кештің мазмұнын байыта түсті. Шара барысында алдағы референдумның саяси және қоғамдық маңызын жастар арасында кеңінен түсіндіру мақсатында сөз алған «Аманат»…

Толық оқу
Зеленский

ЕуропаОдақтың қорғаныс және ғарыш мәселелері жөніндегі комиссары Андриус Кубилиус Таяу Шығыстағы зымыран тұтыну қарқыны Батыстың әскери-өнеркәсіптік қуатында күрделі кемшіліктер барын көрсетіп бергенін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Варшавадан бастап жеті Еуропа елдерінің астанасына зымыран өндірісіне қатысты мәселемен арнайы сапарға шыққан Кубилиус жағдайдың қиын екенін жеткізді. – Үш-ақ күн ішінде Таяу Шығыста Иран зымырандары мен дрондарына қарсы 800-ден астам америкалық зымыран қолданылды. Ал Украина төрт айға созылған қысқы маусымда бар болғаны 700-ге жуық Patriot зымыранын пайдаланды, – деді ол. Бұл жағдай Батыс өндірістік әлеуетінің шынайы жағдайымен сәйкес келмейді. Өйткені Patriot PAC-3 зымыранын шығаратын жалғыз Lockheed Martin компаниясы 2025 жылы бар болғаны 600 дана…

Толық оқу
СІМ

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстың жалғасуына және бірқатар елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына арнайы үндеу жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрлік өңірдегі әскери шиеленістер толық тоқтап, жағдай толық тұрақтанғанға дейін араб елдеріне бармауды ескертті. Құзырлы орын Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирия мемлекеттеріне барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады. Сонымен қатар қазіргі уақытта осы елдерде жүрген Қазақстан азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі ескертілді. Қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті биліктің барлық нұсқауларын мұқият орындауға шақырды. Зымыран қаупі туындаған жағдайда тез арада арнайы баспана немесе қорғану орындарына жасырынған…

Толық оқу
дворника машина

Автокөлік маманы Төлегеннің айтуынша, идеалды түрде тазартқыш щеткаларды әр алты ай сайын немесе кем дегенде жылына бір рет ауыстырған дұрыс, деп жазады Ertenmedia.kz. – Ең дұрысы, қыс басталмай тұрып және қыс аяқтала сала ауыстырған жөн. Өйткені аяз, мұз бен жолдағы химиялық реагенттер әйнек тазартқыш резинаны жазғы шаңға қарағанда әлдеқайда тез тоздырады, – деп түсіндіреді сарапшы. Маманның айтуынша шамамен 10-15 мың шақырымнан кейін тазартқыш щеткалардың қызмет ету мерзімі аяқталуы мүмкін. Автокөліктің тұрақ орны да маңызды рөл атқарады. Жабық гараж немесе паркингте тұрған көліктің щеткалары ашық аспан астында тұрған көліктің щеткаларына қарағанда әлдеқайда баяу тозады. Жаңа щеткаларды қалай таңдаймыз? Жаңа әйнек тазартқыштарды сатып алмас…

Толық оқу