Арықтаймын және ағзамыздағы холестерин деңгейін төмендетемін деген мақсатпен біз көбіне тамақ рационымыздан майдың барлық түрін алып тастауға тырысамыз. Ал егер қандай да бір май түрін қалдыратын болсақ, көп жағдайда танымал диетологтар жиі мақтайтын зәйтүн майын таңдаймыз, деп жазады Ertenmedia.kz. Алайда күнделікті тұтынатын тағамдарымыздың қатарында тағы бір аса пайдалы май бар екенін естен шығарып жатамыз. Әңгіме – кәдімгі сары май туралы. Сары майдың тәуліктік мөлшері – 25 граммнан аспауы тиіс Сары майдың пайдасын сезіну үшін оның тәуліктік тұтыну мөлшерін қатаң сақтау қажет. Жалпы майдың мөлшері адам тұтынатын тағамның жалпы калориясының 10 пайызынан аспауы тиіс. – Сары майдың калориясы өте жоғары, сондықтан оны сақтықпен…
Автор: Лейла Болтаева
Ас тұзы асханамыздағы ең танымал әрі маңызды дәмдеуіштің бірі. Тұзсыз тамақ дәмсіз, нәрсіз болып көрінеді. Дегенмен, оның мөлшерден тыс болуы денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Ал дүкен сөрелерінде тұздың түр-түрі бар: тас тұз, теңіз тұзы, гималай тұзы, йодталған немесе «Экстра». Сонда қайсысы ағзамыз үшін пайдалырақ? Тұздың құрамы және ағзаға әсері қандай? Тұз химиялық құрамы бойынша табиғи қосылыс, натрий хлоридінен тұрады. Оның құрамында 60% натрий және 40% хлор бар. Бұл элементтер ағзамыздың тіршілігіне аса маңызды. Натрий қан плазмасының құрамында болып, су-тұз балансын реттеуге, бұлшық еттердің жұмысына және жүйке жүйесінің қалыпты қызметіне жауап береді. Ал хлор ас қорытуда маңызды рөл атқарады. Ол…
Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Диетолог мамандар 38 түрлі диетаны 21 критерий бойынша бағалады. Бағалау барысында диетаның ғылыми негізделуі, рационның тепе-теңдігі, тиімділігі және қолданудағы жеңілдігі ескерілді. DASH диетасы ғылыми дәлелденген пайдасы, барлық адамға қолжетімділігі және аса қатаң шектеулердің болмауы есебінен ең жоғары ұпайға ие болды. Аталған диетада қандай да бір азық-түлік топтары толығымен алынып тасталмайды, бұл оны ұстануды жеңілдетеді. DASH диетасы бастапқыда қан қысымын төмендетуге бағытталған. Оның құрамында жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы талшықтар мен…
Күнделікті өмірде шашымызды жуып, жылы душқа немесе ваннаға түсу әдетке айналған. Мамандар дене қызуы көтеріліп, ауырып қалғанда бұл әдеттен уақытша бас тартқан дұрыс екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Дерматолог маман Дариға Қуанышбекқызының айтуынша, дене қызуы 37,5 градустан асса, шаш жууға және ыстық душ қабылдауға мүлде болмайды. – Дене қызуы көтерілгенде ыстық су мен душ қабылдау ағзаның қосымша қызып кетуіне (гипертермияға) әкеледі. Бұл қан айналымын нашарлатып, жүрекке қосымша жүктеме түсіреді, жүрек соғысын жиілетеді, жалпы жағдайды нашарлатып, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін, – дейді дәрігер. Дене қызуы 37,5 градустан жоғары болған кезде аяқ булау процедурасынан да бас тартқан жөн, себебі ол да гипертермияға әкелуі мүмкін.…
Жұмыс аптасының шаршауын басу үшін достармен бірге моншаға барып, хош иісті шөп шайын ішіп, буға түсудің рахатына жететін нәрсе жоқ. Дегенмен, мамандар моншаның пайдасын толық сезініп, зиянын болдырмау үшін оған дұрыс дайындалып бару керектігін ескертеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы кезде моншаға бару денсаулықты жақсартудың сәнді трендіне айналды. Бірақ бұл үрдістің барлық пайдасын сезіну үшін қажетті ережелерді білу маңызды. Әсіресе, бұрын жиі буға түспеген адамдар үшін қауіпсіздік пен денсаулық сақтау аса өзекті. Монша денені жасартады, жүйкені тыныштандырады, күш-қуатты қалпына келтіреді, зат алмасуды жылдамдатады және ағзадағы зиянды заттарды шығаруға көмектеседі. Тіпті тері ауруларын, тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге, иммунитетті нығайтуға және салмақ тастауға септігін…
Түркістан қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы – ана» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты кеште облыстың өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген ардақты аналарға, аяулы аруларға ерекше құрмет көрсетілді. Түркістан музыкалық-драма театрында өткен мерекелік шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, барша әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтады. – Сіздерді ең жарқын, ең жылы мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Бұл күн – тек көктемнің ғана емес, сұлулық пен жылулықтың да мерекесі. Әрбір отбасындағы бақ пен берекенің, ынтымақ пен бірліктің негізі сіздердің мейірімдеріңіз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында орнайды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев…
Күнделікті өмірде адам түрлі жеңіл-желпі ауру сезімдерін бастан кешіреді. Әдетте, біз оларды елемей, ауруды басатын дәрілер қабылдап, сырқаттың бетін қайтаруға тырысамыз. Кейде дәрігерге тек жағдайымыз мүлде нашарлап кеткенде ғана жүгінеміз. Дегенмен медицина мамандары кейбір белгілердің денсаулыққа ғана емес, өмірге де қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы ретте терапевт, кардиолог әрі гастроэнтеролог Александр Осташков «міндетті түрде назар аударуды қажет ететін» 8 қауіпті симптомды атады: Күшті әрі кенеттен басталған ауырсыну Ағзадағы қатты ауырсыну ешқашан себепсіз пайда болмайды. Мысалы, іштің жоғарғы бөлігіндегі, сол жақ қабырға астына қарай таралатын, арқаға берілетін, шыдатпайтын ауырсыну – өткір панкреатиттің белгісі болуы мүмкін. Бұл ауру дереу ем…
Әлем бойынша кең танымал WhatsApp мессенджері «Статус» бөліміне түбегейлі өзгеріс енгізбекші. Жақын арада бұл бөлімнен енді телефон кітапшаңызда жоқ, бірақ соңғы уақытта сізбен жиі байланысқан адамдардың да жариялаған статусын көре алатын боласыз, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа функция Android, iOS және WhatsApp-тың веб-нұсқасы қолданушыларына бірдей қолжетімді болмақ. Бүгінде статус бөліміне тек өзіңіздің байланыс тізіміңіздегі адамдардың немесе құпиялылық параметрлері бойынша рұқсат етілген жандардың жаңалықтары шығып отырады. Жаңа сынақ режимінде енді статустар телефон кітапшаңызда сақталмаған, бірақ соңғы уақытта өзіңіз қарым-қатынас жасаған адамдардан да көрінеді. Мұндай өзара әрекеттесу келесі жағдайларды қамтиды: чатта хат алмасқан болсаңыз; телефон арқылы байланысқан болсаңыз; бір-біріңіздің аттарыңызды хабарламаларда жиі атап жүрген болсаңыздар.…
Әрбір азамат – ел назарында»
Джонс Хопкинс университетінің ғалымдары астероид соққысынан кейін планетаның сынықтарына ілініп қалған бактериялардың ғарышта саяхаттап, басқа ғаламшарларға, тіпті Жерге жетіп, тірі қалуы мүмкін екенін дәлелдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу барысында ғалымдар Deinococcus radiodurans деп аталатын төзімді бактерияның Марстағы астероид соққысынан туындайтын аса жоғары қысымға төтеп беретінін көрсетті. Бұл бактериялар экстремалды жағдайларға, соның ішінде ғарыш кеңістігінің қатал ортасына жақсы бейімделген. Сондықтан зерттеушілер «Марста тіршілік бар болса, ол осыған ұқсас бактерия болуы ықтимал» деп отыр. – Бұл жаңалық тіршілік бір планетадан екінші планетаға ауысып, сонда тірі қалуы мүмкін екенін дәлелдейтін өте маңызды қадам. Осылайша, Жердегі тіршілік те басқа ғаламшардан келуі мүмкін деген болжам шындыққа айнала…









