Қазақстан БҰҰ аясында өзін ядролық қарусыздану, өңірлік тұрақтылық, гуманитарлық жауапкершілік және көпжақты дипломатия бағытында белсенді мемлекет ретінде көрсетіп келеді. Өз кезегенде саяси сарапшы Нұргелді Әбдіғани Ertenmedia.kz тілшісіне Қазақстанның жаһандық бастамалары кездейсоқ дипломатиялық қадамдардан тұрмайды, олардың түбінде қауіпсіздікке қатысты ұстаным мен Орталық Азиядағы жауапты серіктес болуға ұмтылысы жатқанын айтып берді. – Нұргелді мырза, Қазақстанның БҰҰ аясындағы бастамаларын қалай бағалайсыз? – Қазақстан үшін БҰҰ мінбері сыртқы саясаттағы ең маңызды алаңдардың бірі. Ел 1992 жылы ұйымға мүше болғаннан кейін өзін бірден агрессивті күн тәртібімен емес, бейбітшілік, қарусыздану, тұрақтылық және диалог бағытымен танытты. Қазақстан халықаралық саясатта «үлкен күш» болуға емес, сенімді, болжамды және жауапты…
Автор: Лейла Болтаева
Алматы қаласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі десек болады. Шаһарда 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында профилактика, мектеп қауіпсіздігі, интернет кеңістігіндегі қорғаныс және жасөспірімдермен тікелей жұмыс күшейтілуде. Осы ретте Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов сұхбаттасып, қалада баланы қорғау бағытында атқаралып жатқан жұмыстарды Ertenmedia.kz сайтына әңгімелеп беруін сұрадық. – Айдын Сапарбекұлы, Алматыда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қандай жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр? Сұхбатымызды осыдан бастасақ. – Алматы сияқты ірі қалада баланың қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейді. Қазір қалада 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Аталған құжат аясында балаларды қорғауға, қауіпсіз инфрақұрылым…
Щучинск қаласындағы «Палау орталығында» газ жарылысынан қаза тапқандардың саны 11 адамға жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек хабарлады. Оның айтуынша, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, тағы екі адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. – 8 наурыз күні жарылыстан зардап шеккен бір азамат Авиценна-Бурабай ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ал 9 наурызда Көкшетаудағы көпбейінді облыстық ауруханада ем қабылдаған тағы бір пациент көз жұмды. Екі науқастың да жағдайы өте ауыр еді, – деді басқарма басшысы. Қазіргі таңда Ақмола облысының дәрігерлері басқа зардап шеккен азаматтардың өмірі үшін күресіп жатыр. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде…
Ғалымдар электроника саласында жиі қолданылатын қымбат әрі сирек кездесетін индий элементін қажет етпейтін жаңа мөлдір электрод жасап шығарды, деп жазады Ertenmedia.kz. Оңтүстік Кореяның Сонгюнкван университетінің ғалымдары профессор Хан-Ки Ким мен профессор Бо Рам Лидің жетекшілігімен инновациялық зерттеу жүргізіп, нәтижесін Materials Today журналында жариялады. Қазіргі таңда смартфон, теледидар және күн батареялары секілді электронды құрылғылардың маңызды бөлшектерінің бірі мөлдір электродтар. Олар электр тогын өткізумен қатар, жарықты да еркін өткізуі тиіс. Соңғы онжылдықтар бойы бұл функцияны орындау үшін индий мен қалайының оксидінен жасалған ITO (индий-қалайы оксиді) қолданылады. Алайда индийдің қолданысында бірнеше қиындық бар. Бұл металл өте сирек кездесетіндіктен, өндіріс шығынын арттырады. Ең бастысы,…
Автокөлік аккумуляторы арасындағы ең сапалы брендтер рейтингі анықталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы уақытта электромобильдерге сұраныс артқанымен, жолдарда жүрген көліктердің басым бөлігі әлі күнге бензинмен жүреді. Бұған бензинмен жүретін автокөліктердің жөндеу жұмыстары арзанырақ болуы да әсер етеді. Ал көлік аккумуляторы автомобильдің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін маңызды бөлшек. Дегенмен нарықта аккумулятордың сан алуан түрі бар. Сол себепті таңдауда жаңылысу оңай. Осы мәселені жеңілдету мақсатында Consumer Reports журналы көлік аккумуляторларына арнайы зерттеу жүргізді. Зерттеуде аккумуляторлардың сенімділігі, қызмет ету мерзімі, қосалқы сыйымдылығы (көлік генераторы істен шыққан жағдайда қанша уақыт жұмыс істейтіні) және суық ауа райында көлікті іске қосу қабілеті сыналды. Consumer…
НАСА ғалымдары астероидтің Аймен соқтығысу қаупін жоққа шығарды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған дейінгі орбиталық есептеулерде 2024 YR4 астероидінің 2032 жылдың 22 желтоқсанында Аймен соқтығысу ықтималдығы 4,3% деп бағаланған еді. Алайда Джеймс Уэбб ғарыш телескопымен жүргізілген соңғы бақылаулар нәтижесінде бұл болжам түбегейлі өзгерді. 18 және 26 ақпанда алынған жаңа деректерді қолдана отырып, НАСА-ның Оңтүстік Калифорниядағы реактивті қозғалыс зертханасы жанындағы Жер маңы нысандарын зерттеу орталығы астероидтің нақты траекториясын қайта есептеді. Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, астероид Айдың жанынан шамамен 21 200 шақырым қашықтықта ұшып өтеді. Ғалымдар жаңа есептеулер орбитаның өзгергенін емес, астероид орналасқан нүктенің дәл анықталғанын білдіретінін атап өтті. Бұрынғы есептеулер соңғы бақылаулар енгізілмегендіктен,…
«Мектептегі ҚМЖ-ны (қысқа мерзімді жоспар) толық алып тастау дұрыс шешім емес, бірақ оны міндеттеуге де қарсымын», – дейді белгілі педагог, мектеп директоры Аятжан Ахметжанұлы, деп жазады Ertenmedia.kz. Әріптесі Айманның ҚМЖ-ны мүлдем алып тастау туралы ұсынысы жайында пікір білдірген ол, мәселені жан-жақты қарау керегін айтады. – Жалпы, мен өзім кезінде ҚМЖ жазбайтын мұғалім болдым. Қазір директор ретінде де мұғалімдерден ҚМЖ талап етпеймін. Бірақ соған қарамастан, ҚМЖ-ны толық алып тастауға қарсымын. Неге? Себебі еліміздегі мұғалімдердің біліктілігі әлі де төмен деңгейде. Жақында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы да Қазақстандағы мұғалімдердің жартысынан астамының білімі төмен екенін айтты. Мұны қайдан алынғанын білмеймін, бірақ өз басым 16…
Иранда жоғарғы билікке жаңа тұлға келді. Елдің Эксперттер ассамблеясы аятолла Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеиді Иранның жаңа Жоғарғы жетекшісі етіп тағайындады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ресми мәлімет бойынша, шешім АҚШ пен Израильдің әскери соққылары жалғасып жатқан кезеңде қабылданған. Әуе шабуылдары Тегеранға он күн бойы үздіксіз жасалып жатыр. Эксперттер ассамблеясы жоғары дәрежелі дінбасылардан тұратын орган – 56 жастағы дін қызметкерін елдің жаңа көшбасшысы ретінде таңдады. Моджтаба Хаменеи Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусымен тығыз байланысы бар тұлға саналады. Аталған әскери құрылым әкесінің қазасына жауап ретінде қарсы операцияларды жүргізіп жатқан негізгі күштердің бірі. Әли Хаменеи 28 ақпанда соғыс басталған алғашқы соққылардың кезінде қаза тапқан.…
Тараз қаласының тұрғыны тонаушы шабуыл жасады деп полицияға жалған хабар берген, деп жазады Ertenmedia.kz. Polisia.kz арнасының хабарлауынша, әйел адам үйіне бетперде киген белгісіз ер кісі басып кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын бұйымдары мен ақшасын алып кеткенін айтқан. «Аталған ауыр қылмыс туралы хабарлама полиция тарапынан дереу қабылданып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-тергеу тобы іске кірісіп, тиісті іздеу шараларын жүргізді», – делінген ақпаратта. Алайда, көп ұзамай, бұл оқиғаның жалған екені анықталды. Полицейлердің мәліметінше, әйел күйеуімен болатын жанжалдан қорқып, осындай оқиғаны ойдан шығарған. Шын мәнінде ол алтын бұйымдарын бірнеше ай бұрын күйеуінің рұқсатынсыз сатып жіберген. Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты қылмыс туралы…
2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың наурызына дейін астық пен ұн экспорты астық баламасында 8, 9 млн тоннаға жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде аталған көрсеткіш 7, 9 млн тонна болған еді. Яғни, бір маусым ішінде экспорт көлемі 1 млн тоннаға артты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан үшін астық экспорты ауыл шаруашылығынан бөлек көлік-логистика жүйесінің де нақты көрсеткіші саналатынын атап өткеніміз жөн. Өнімді өсіру бір бөлек, оны уақытында вагонға тиеп, шекарадан өткізіп, сатып алушы елге жеткізіп беру де үлкен жұмыс. Әсіресе Орталық Азия бағытындағы нарықтарда тұрақты тасымал, сапалы өнім және келісілген жеткізу мерзімі үлкен рөл атқарады. Экспорт географиясына қарасақ, өсім негізгі серіктес елдер…










