Білікті қаржы маманы Алмас Шөкин елдегі көлік статистикасының былтырғы жылғы көрсеткіштері көп сұрақ тудырып отырғанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Алмас Шөкиннің айтуынша, 2025 жылдың басында елде 5,9 млн автокөлік тіркеуде тұрған. Желтоқсан айының басында көлік саны 5,85 миллионға дейін кеміп кеткен. Бір жылда жүздеген мың жаңа көлік сатып алынып жатқанда, мұндай көрсеткіштің пайда болуы қызық жағдай. Алмас Шөкин «Бұл санның азаюына қазан айында көлік деректер қорын тазарту себеп болған шығар», – деп есептейді. Өйткені бұл кезде жүйеден ескі, қайталанатын және өлі тіркеулер алынып тасталған. Оның ойынша, осындай деректердің ашық әрі тұрақты жарияланып отырғаны дұрыс. Әйтпесе, қазір статистиканы әртүрлі мекемелерден теріп жинауға…
Автор: Лейла Болтаева
18 ақпан күні сіздің өміріңізде үлкен өзгерістер болмаса да, күтпеген оқиғалар болуы мүмкін. Бүгін сабыр сақтап, жоспарыңызды аздап өзгертуге дайын болыңыз, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. ТОҚТЫ Таңертең көшеде немесе көлікте себепсіз жанжал тууы мүмкін. Бірақ күннің екінші жартысында сізге жағымды тосын сый күтіп тұр. ТОРПАҚ Күннің алғашқы бөлігінде өзіңізді бақытты сезінесіз. Ұзақ уақыт іздеген жоғалған затыңызды табасыз немесе оған лайықты алмастырғышқа кезігесіз. ЕГІЗДЕР Сыртқы келбетіңізді өзгертуге деген құлшыныс пайда болуы мүмкін. Өз қалауыңызға қарай шағын өзгеріс жасап көріңіз – бұл сізге қуаныш сыйлайды. ШАЯН Жағымды күн. Жаңа қызығушылықты немесе спорт түрін ашыңыз. Сүйікті адамыңызға көбірек уақыт бөліп, романтикалық кеш ұйымдастырыңыз. АРЫСТАН Таңертеңгі…
Қазақстан аумағында алдағы тәулікте ауа райы күрт құбылып, бірқатар аймақтарда қар мен жаңбыр араласып жауады, деп жазады Ertenmedia.kz. Солтүстік өңірлерде қар жауып, жолдарда көктайғақ пен боран күтілуде. Шығыс пен орталықта да ауа райы тұрақсыз – кейбір жерлерде тұман түсіп, қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз болады, дегенмен кей аумақтарда тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Батыста да бұлтты күн райы күтіліп, кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауады. Астанада күн ала бұлтты, түнде және таңертең қар жауады, көктайғақ пен боран күтіледі. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -10-12 градус суық. Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде аздап тұман түсуі ықтимал. Ауа…
Талдықорғанда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының Жетісу облысы активімен кездесуі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева арнайы қатысып, алда болатын референдум мен жаңа Конституция жобасының маңызын жан-жақты түсіндірді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформалар мемлекеттік басқарудың әділ әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған. – Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы шешімі – азаматтардың тікелей таңдауы арқылы маңызды өзгерістерді бекітуге бағытталған демократиялық қадам. Референдум – жай ғана формалды процедура емес, ол – ел болашағы үшін маңызды шешімдерді халықтың тікелей қабылдауының тиімді тетігі, – деді Аида Балаева.…
Қазақстанның Silk Way Star музыкалық жобасындағы Әзірбайжан мен Армения арасындағы гуманитарлық диалог халықаралық медианың назарын аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлемдік медианарықтағы беделді корпорацияның бірі саналатын BBC 15 ақпан күні жарияланған аналитикалық мақаласын жариялады. Онда Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстан кейінгі бейбіт келісімді талдап, мәдени-гуманитарлық шаралардың рөліне ерекше тоқталды. Осы орайда қазақстандық Silk Way Star халықаралық музыкалық жобасындағы ерекше эпизод мысал ретінде келтірілді. 2025 жылдың қараша айында Астана төрінде өткен байқауда әзірбайжандық әнші әрі қазылар алқасының мүшесі Самира Эфенди армениялық орындаушы Саро Геворгянға ең жоғары баға беріп, оны көпшілік алдында құшақтаған еді. BBC бұл әрекетті ұзақ уақыт жалғасқан қақтығыстан кейін жасалған…
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері бүгін Түркістан облысына арнайы келіп, жергілікті халықпен ашық әрі мазмұнды диалог өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан қаласындағы Конгресс-холл ғимаратында өткен жиынға мыңнан астам адам жиналды. Олардың қатарында зиялы қауым өкілдері, педагогтар мен дәрігерлер, ардагерлер, жастар, кәсіпкерлер және волонтерлер болды. Түркістан жұрты коалиция мүшелерінің жаңа Конституция жобасы туралы баяндамаларын тыңдап, көкейдегі сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесудің қасиетті Түркістанның төрінде, мемлекеттіліктің тамыры тереңге тартқан киелі топырағында өтіп отыр. Осы жерде Тәуке ханның «Жеті жарғысы» дүниеге келгенін ескерсек, жаңа Конституция жобасын талқылаудың символдық мәні зор. Ата заң бүгінгі қоғамдағы әрбір адамның сұранысына…
Орталық ғылыми кітапхана қазақ ғылымының кешегісі мен бүгінін байланыстырып тұрған ерекше мәдени-ғылыми орталықтардың бірі. 1932 жылы құрылған бұл мекеме бүгінде «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрамында табысты қызмет атқарып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғылыми мұраны сақтау, жүйелеу және оны барша зерттеушіге қолжетімді ету кітапхананың басты міндеті. Осы бағытта сирек қолжазбалар мен көне басылымдарды реставрациялау, ғылыми сипаттау және цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде атқарылып жатыр. – Бүгінде кітапхана қоры 5,8 миллионнан астам бірлікті құрайды. Оның ішінде 4 миллионға жуық ғылыми әдебиет, 20 мыңнан астам қолжазба, 91 мың сирек кітап бар. Қорда 850 мыңнан астам шетел әдебиеті мен 900 мыңға жуық шетелдік ғылыми…
Түркістан облысында енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті алдын ала брондауға болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалы хабарлап отыр. 2026 жылғы 20 ақпаннан бастап Байдібек және Созақ аудандарының ХҚКО бөлімдерінде электрондық кезек талонын алдын ала брондау бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Жаңа жүйе азаматтарға орталыққа келетін күнін және уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын, электрондық үкімет порталы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығын пайдалану қажет. Брондау сәтті өткен жағдайда өтініш берушіге SMS-хабарлама жіберіледі. «Жаңа жүйе тұрғындардың уақытын үнемдеуге бағытталған. Бұрын ұзақ уақыт кезек күтетін азаматтар енді ХҚКО-ға…
Бүгін елордадағы Maqsut Narikbayev University-де алдағы референдумға дайындық аясында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары, қаржы және IT саласының өкілдері, жастар ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды ашқан елорда әкімі Жеңіс Қасымбек алдағы референдумның ел үшін маңызы зор екенін атап өтті. Ол Конституция жобасы мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғанын жеткізді. «Жаңа Конституцияның басты мәні – адам және оның құқықтары. Себебі азаматтардың құқықтары мен бостандықтары Ата заңның өзегі», – деді әкім. Жеңіс Қасымбек жаңа Конституцияда «Әділетті Қазақстан» идеясы, «Заң мен Тәртіп» қағидаты, сондай-ақ адами…
Жетісу облысында студенттер арасында «Заң мен тәртіп» атты пікірсайыс турнирі өтіп, жастардың құқықтық мәдениеті мен сыни ойлау қабілеттері сыналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Zhansugurov College ұйымдастырды. Турнирге облыстың бірнеше оқу орнынан 150-ге жуық студент қатысты. Пікірсайыстың ашылу салтанатында университеттің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев сөз сөйледі. Ол мұндай шаралардың жастар арасында құқықтық мәдениетті арттырып, азаматтық ұстанымды нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті. Ой жарысында шешендігі мен тапқырлығын ортаға салған қатысушылар қатарында Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі, Талдықорған қаласының Инновация колледжі, Авиценна медициналық колледжі, Көксу ауылшаруашылық колледжі, Сарқан политехникалық колледжі, Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық…










