Автор: Лейла Болтаева

Мария Корина Мачадо үндеу жасады

Венесуэла оппозициясының жетекшісі, 2025 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері Мария Корина Мачадо АҚШ-тың Николас Мадуроға қарсы өткізген әскери операциясына қатысты пікір білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, оппозиция елдегі билікті өз қолына алуға толық дайын. Ол «Еркіндік сағаты соқты» деді өз үндеуінде. Мачадо сондай-ақ 2024 жылғы шілдеде өткен президенттік сайлауда оппозиция атынан түскен Эдмундо Гонсалес Уррутианың жеңіске жеткенін атап өтті. Сондықтан Мачадоның пікірінше, заңды билік иесі дәл осы Гонсалес Уррутиа. – Гонсалес Уррутиа дереу өзінің конституциялық міндеттеріне кірісуі тиіс. Барлық офицерлер мен сарбаздар оны Венесуэла ұлттық қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы ретінде мойындауға міндетті. Біз халық берген мандатты қорғауға…

Толық оқу
Pa 30 жұлдызы ғарыш

Астрономдар ғарыштағы ерекше жұлдыздың таңғажайып тағдырын ашты, деп жазады Ertenmedia.kz. Көптеген жұлдыздардың ғұмыры алапат жарылыспен аяқталып, олардың қалдықтары түрлі-түсті, пішіні ретсіз бұлт секілді ғарыш кеңістігіне шашырайды. Алайда Pa 30 атауына ие болған ғарыштық нысанның көрінісі мүлде басқаша. Оның орталығынан ұзын, түзу талшықтар тарап, алыстан қарағанда лапылдап, қатып қалған от ұшқындарына ұқсайды. 1181 жылдан қалған ғажайып Жылдар бойы астрономдар бұл объектінің өзгеше құрылымына бас қатырып келген еді. Pa 30 нысаны сонау 1181 жылы қытай және жапон аспан зерттеушілері жазып қалдырған «қонақ жұлдызбен» байланысты. Дегенмен бұл объект классикалық жарылған жұлдыз қалдықтарына мүлде ұқсамайды. Нью-Йорк штатындағы Сиракуз университетінің ғалымы Эрик Коглин осы құпияның…

Толық оқу
Жетісу облысы тұрғын үй мектеп

Жетісу облысында соңғы үш жылда жалпы ауданы 1 миллион шаршы метр болатын тұрғын үй салынып, 13 498 отбасы жаңа баспанаға ие болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның ішінде 2 362 пәтер әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, ал 388 баспана апатты үйлерде тұрған тұрғындарға табысталды. Биылғы жылдың 11 айында өңірде 338 мың шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне берілген. Әлеуметтік нысандарды жаңарту жұмыстары да қарқынды жүріп, өңірдегі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының жаңғырту деңгейі орта есеппен 55,8%-ды құрады. Осы бағытта жалпы саны 276 нысан жаңартылды. Білім саласында 19 жаңа нысан бой көтеріп, тағы 22 ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде…

Толық оқу
жер қайтарылды

Жер ресурсын басқару комитеті игерілмей жатқан 2,1 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жерді тиімді игеруге арналған республикалық комиссия осы бағыттағы жұмысты 2022 жылдан бері белсенді жүргізіп келеді. Аталған комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, құқық қорғау мекемелерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген. 2025 жылы комиссия үш мәрте жалпы отырыс және 42 өңірлік жиын өткізген. Жалпы, 2022 жылдан бастап бүгінге дейін мемлекет меншігіне 14,3 миллион гектар жер қайтарылған. Оның ішінде 2022 жылы 5,4 миллион гектар, 2023 жылы 4,6 миллион гектар, ал 2024 жылы 2,2 миллион гектар болса, биылғы жылдың басынан бері 2,1 миллион гектар жер мемлекет меншігіне…

Толық оқу
Астана такси

Қазақстанда цифрлық көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жаңа қадам жасалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және inDrive компаниясы 2026 жылы елордада пилоттық форматта жүргізушісіз такси жобасын іске асыру үшін меморандумға қол қойды. Сонымен қатар Yandex Qazaqstan компаниясымен де келісім жасалып, тараптар автономды такси сервисін кезең-кезеңімен дайындап, болашақта іске қосуды көздеп отыр. Әуежайдан Abu Dhabi Plaza-ға дейін Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылы Астана көшелеріне inDrive әзірлеген алғашқы жүргізушісіз такси шығарылады. Жоба «ақылды қала» тұжырымдамасы мен цифрлық инфрақұрылымды дамыту стратегиясы аясында жүзеге аспақ. Алғашқы кезеңде тестілеуге арналған арнайы полигон іске қосылып, заңнамалық…

Толық оқу
Түркия авиациясы

Түркия қорғаныс өнеркәсібі авиациялық қозғалтқыш өндірісінде ірі жетістікке жетіп, жалпы сомасы 2,95 миллиард долларды құрайтын экспорттық тапсырыс алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Түркия президенті әкімшілігі жанындағы қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Халук Гөргүн NSosyal әлеуметтік желісінде жариялаған жазба қалдырды. Ол жазбасында елдің авиациялық саласы 2025 жылды рекордтық көрсеткіштермен аяқтағанын жеткізді. Оның айтуынша, 2026 жылдың алғашқы ірі экспорттық табысына Türk Havacılık ve Uzay Sanayii A.Ş. (TEI) компаниясы қол жеткізіп отыр. Гөргүн тапсырысқа алынған 2,95 миллиард долларлық келісім Түркияның авиациялық қозғалтқыш өндірісіндегі әлемдік көшбасшылардың қатарына енгенін айқын дәлелдейтінін атап өтті. – Жаңа келісім бойынша азаматтық және әскери авиацияда кеңінен қолданылатын 22 түрлі қозғалтқыш бағдарламасына…

Толық оқу
Атырау мектеп ашылды

Атырауда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысан іске қосылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өңірде білім беру мен денсаулық сақтау салаларына ерекше мән беріліп, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне бағытталған инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде Атырау қаласының Жұлдыз-3 шағынауданында және Қайыршақты ауылдық округінің Ақсай-2 елдімекенінде заманауи үлгідегі екі мектеп есігін айқара ашты. Әрқайсысы бір ауысымда 900 оқушыға арналған білім ошақтарында STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, спорт залдары, кітапхана, акт залы мен асхана бар. Инклюзивті білім беруге қажетті жағдайлар толық қамтамасыз етілген. Жаңа нысандар өңірдегі мектеп тапшылығын азайтып, білім сапасын арттыруға септігін тигізбек. Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласы бойынша да маңызды…

Толық оқу
Алматы облысы жастары

Алматы облысында 2025 жылы жастарды қолдау шаралары қарқынды жүргізіліп, нақты нәтижелермен қорытындыланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өткен жылы жастар саясаты өңірде ерекше басымдыққа ие болып, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру сапасын арттыру, волонтерлікті қолдау және жастар инфрақұрылымын жетілдіру бағытында кешенді жұмыстар атқарылды. NEET-тен нетворкке дейін Жыл қорытындысына сәйкес, 27 360 жас азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде 14 094 жас жеке бастамалары арқылы кәсіп ашып, еңбек етсе, 6 927 жас «enbek.kz» порталы арқылы жұмыс тапқан. Сонымен қатар, жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына 3 852 жас тартылды. Олар жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, алғашқы жұмыс орны және ұрпақтар келісімшарты сынды…

Толық оқу
Тоқатар Серіков Бейбіт Сейдуалиева

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тоқтар Серіков алғаш рет жұбайы Бейбіт Сейдуалиевамен қалай бас қосқаны туралы ашық айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Екі жүрек, бір майдан Бұл туралы әнші «Хабар» арнасына берген сұхбатында мәлім етті. Әңгіме барысында әнші бұрын еш жерде айтпаған сырын ашып, отбасылық өміріне қатысты көпшілікке белгісіз жайттармен бөлісті. Әсіресе, ол марқұм ата-енесін ерекше құрметпен еске алып, олардың өзіне деген шынайы ықыласы мен қамқорлығын тебірене жеткізді. – Қазақта жақсы сөз бар: «Досыңды жұртқа тастама». Ит екеш иттің өзі ұяласын далаға тастамайды екен. Біз де сондай белестерді бірге бағындырып, бірге жүрдік. Атақ-дәрежеге жетіп, елдің алдында абыройлы болдық. Орта жолға…

Толық оқу
Руслан Берденов мәлімдемесі

Алматы даму орталығының басшысы Руслан Берденов Жаңа жыл мерекесіне қатысты қоғамда туындаған түсініспеушілікке байланысты өз ұстанымын ашық білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желілерде оның мерекені атап өтуге қарсылық танытып, ұжым ішінде Жаңа жыл шараларын өткізуге шектеу қойды деген ақпарат тараған. Бұл жағдай көпшіліктің көкейінде түрлі сауал туғызғаны анық. Сондықтан Берденов бұл мәселеге ашық әрі нақты жауап беруді ұйғарып, әлеуметтік желідегі парақшасында өз ойын жан-жақты жеткізді. Мерекеге құрмет, қызметкерге қолдау Оның айтуынша, Қазақстан зайырлы ел, көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет. Сондықтан да мәдениетке немесе дінге байланысты ешбір алалау болмауы тиіс. «Мен үшін «дұрыс» немесе «бұрыс» мәдениет деген түсінік жоқ және болмақ та емес.…

Толық оқу