Автор: Лейла Болтаева

Олжас Бектенов

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент тапсырмасымен елорданың энергетикалық инфрақұрылымын дамыту бойынша атқарылған жұмыстарды сараптап, бірқатар стратегиялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде энергетикалық қауіпсіздік ел астанасының дамуындағы басты басымдықтардың бірі. Осы бағытта атқарылған нақты шаралардың нәтижесінде, ЖЭО-3-тің бірінші кезегі мен газбен жұмыс істейтін «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» жылу станциялары іске қосылды. Бұл станциялар қаладағы жылу қуатын 30 пайызға арттырды. Жаңадан ашылған нысандар елордаға қосымша сағатына 1100 Гкал жылу береді. Елорда халқының жылдам өсуіне байланысты, алдағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін «Телман» газ жылу станциясының құрылысы басталды. Бұл стратегиялық маңызды нысанды 2027 жылы іске қосу жоспарлануда. Биыл…

Толық оқу
Берік Уәли Абай облысы әкімі

2025 жылғы 17 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл жаңадан құрылған облыс үшін жаңа үміттің, жаңа дәуірдің басы еді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақтың «ел ағасыз болмайды» деген сөзі өңір басшысының жұмысындағы негізгі ұстанымға айналды. Қызметіне кіріскен бойда әкім алдымен ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, батасын алды. Бірлікті ту еткен қазақ дәстүрінің ажырамас бөлігі десек болады Жаңа әкімнің алғашқы сынағы қысқы жылу мәселесі болды. Семей қаласындағы жылу орталықтары мен қазандықтар шұғыл тексеріліп, күрделі жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде халық жылусыз қалмады. Осы әрекет «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген халық даналығының іс жүзіндегі айқын дәлелі. Берік…

Толық оқу
Талқылау

Конституциялық реформаның тарихи маңызына арналған сараптамалық талдау Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауқымды саяси өзгерістерді талқылауға жиналған университет ғалымдары, тарихшылар мен заңгерлер конституциялық реформаны Ұлы дала мемлекеттілігінің жаңа даму сатысы ретінде сипаттады. Іс-шараны ашқан тарих факультетінің деканы Досбол Байғонақов бұл реформалардың тарихи маңыздылығына баса мән берді. Оның айтуынша, президент бастамасымен іске асырылып жатқан реформалар адамның мүддесіне бағытталған басқару жүйесін құруға негізделген. Декан өз сөзінде: «Тарихшылар үшін қазіргі конституциялық өзгерістер Ұлы дала мемлекеттілігі мен әділетті Қазақстан идеясын құқықтық тұрғыда бекітудің жаңа белесі болып табылады. Бүгінгі қабылданған шешімдер – ертеңгі тарихымыздың берік өзегі», – деп нақтылады. Талқылау барысында…

Толық оқу
Аружан Саин

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректердің шынайылығына қатысты соңғы уақытта қоғам арасында үлкен алаңдаушылық туындауда. Бұл мәселені Аружан Саин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы жолдаған хатында ашық көтерді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, балаларды спорттық секциялармен, шығармашылық үйірмелермен қамтамасыз етуге  кейбір ведомстволар әлі күнге дейін салғырт қарауда. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылында балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мәселесі екінші планда қалған. Қосымша білім беру тек формалды түрде, көбіне білім министрлігі желісі арқылы ғана іске асып келді, ал спорт және мәдениет жүйелері бұл процестен тыс қалды. ArtSport бағдарламасы арқылы мемлекеттік тапсырыс негізінде балаларды спорт пен шығармашылық үйірмелерге қатыстыру жоспарланған. Аружан Саинның ұсынысы бойынша, осы…

Толық оқу
Тоқаев Жаппаров

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында қазақ-қырғыз қарым-қатынасының соңғы уақытта белсенді дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, екі ел арасында тұрақты саяси диалог орнап, үкіметтер мен іскерлік топтар тығыз байланыс орнатқан. «Екі бауырлас елдің басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және су-энергетикалық салалардағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне ризашылықтарын білдірді», – делінген хабарламада. Президенттер достық, стратегиялық әріптестік және одақтастық рухында мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екендіктерін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысына Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы айтып, бұл өзгерістер елдің орнықты дамуына жаңа серпін беретінін жеткізді. Садыр Жапаров Қазақстанда…

Толық оқу
жер сілкінісі кезінде ескерту жүйесі

Бүгін Алматыда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап. Жер асты дүмпулері Астана уақытымен сағат 15:08-де болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 74 шақырым жерде, Есік қаласынан шығысқа қарай 31 шақырым қашықтықта орналасқан. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,9. Алматы тұрғындары мен қала маңындағы елді мекендерде дүмпу анық сезілді. Әзірге зардап шеккендер мен ғимараттардың зақымданғаны туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Жергілікті билік пен құзырлы органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тұрғындарға сақтық шараларын сақтау керектігі ескертіледі.

Толық оқу
Мұнай өңдеу алаңы

Қазақстан мұнай өңдеу саласын дамытуды одан әрі күшейтіп, отын нарығындағы тәуелсіздігін арттыруға бағытталған ірі жобаларды қолға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. «ҚазМұнайГаз» елдегі үш мұнай өңдеу зауытының қуатын кеңейтуді көздеп отыр. Осылайша мұнай өңдеу көлемін қазіргі 18,4 млн тоннадан 27,7 млн тоннаға дейін жеткізбекші. Бұл жобалардың нәтижесінде автокөлік бензинінің өндірісі 5,6 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін қсіреді. Ал дизель отыны 6,2 млн тоннадан 9,5 млн тоннаға дейін, ал авиакеросин 0,7 млн тоннадан 1,7 млн тоннаға дейін арттырады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2026-2033 жылдар аралығында жылына 10 млн тонна мұнай өңдейтін қуатты жаңа зауыттың құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл жобаны…

Толық оқу
Ораза айы, Рамазан айы ауыз бекіту ережелері мен шарттары

19 ақпан күні мұсылман жамағаты үшін қасиетті саналатын Ораза айы басталады. Алғаш рет ауыз бекітіп, ораза тұтақан жандар үшін ауыз бекітудің ережелері мен тәртібі бар, деп жазады Ertenmedia.kz. Ораза Исламдағы бес парыздың бірі. Бұл айда мұсылман қауымы таң атқаннан күн батқанға дейін тамақ ішпей, ауыз бекітеді, жаман сөз бен жат әрекеттерден тыйылып, рухани тазарады. Оразаның басталуы мен аяқталуы Рамазан айының қарсаңында, яғни 18 ақпан күні құптан намазынан кейін барлық мешітте арнайы тарауих намазы оқылады. Тарауих намазы тек Рамазан айында оқылатын ерекше құлшылық. Оны жамағатпен бірге мешітте орындаған абзал, алайда үйде де жеке оқуға рұқсат етіледі. Биыл мұсылмандар 19 ақпан күні…

Толық оқу
патриоттық шара

Жетісу облысының жастары Талдықорғанда ауқымды патриоттық форум өткізіп, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған маңызды бастаманы жүзеге асырды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Жастар» спорт сарайында өткен «START: ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫ – ТАҢДАУ УАҚЫТЫ!» атты форумға өңірдің барлық аудан-қалалары онлайн режимде қосылып, белсенді жастар ортақ мәселелерді талқылады. Форумның негізгі мақсаты жастардың қоғамдық-саяси өмірге араласуын ынталандырып, олардың азаматтық жауапкершілігі мен елжандылық сезімін күшейту. Жиынға облыстық мәслихат төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Гүлнар Тойлыбаева, Мәжіліс депутаттары Болат Керімбек пен Анас Баққожаев арнайы қатысып, жастармен пікір алмасты. Форумның құрметті қонағы ретінде актер әрі кинорежиссер Ерлан Қасымжанұлы жастармен ашық әңгімелесіп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ол көшбасшылық қабілетті дамыту, жеке…

Толық оқу
Қамшыбек Ташиев камчибек

Қырғызстанда саяси ахуалдың шиеленісе түсуіне байланысты, бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Қымшыбек Тәшиев уақытша шетелге кетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы «Регион» телеарнасының директоры Откурбек Рахманов әлеуметтік желіде жариялаған видеосында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қамшыбек Тәшиевтің елден тыс жерге шығуы уақытша шешім. Алайда оның нақты қандай мақсатпен, қай елге кеткені туралы ресми ақпарат әзірге жоқ. Еске сала кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 10 ақпанда өзінің жақын серігі әрі ықпалды саясаткер Қамшыбек Тәшиевті барлық қызметінен босатқан болатын. Бұл шешімді президент елдегі саяси тұрақтылықты сақтау және мемлекеттік құрылымдар арасында алауыздықтың алдын алу үшін қабылдағанын мәлімдеген еді. Ташиев қызметтен кеткеннен кейін елдің…

Толық оқу