АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің Ирандағы 450 кг 60%-ға байытылған уранды Ресейге әкету туралы ұсынысынан бас тартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Axios порталының дерегінше, бұл ұсынысты Ресей басшысы 9 наурыз күні АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлескен кезде айтқан. Әңгіме барысында Путин АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтатудың бірнеше нұсқасын ұсынған. Солардың бірі – Ирандағы байытылған уранды Ресейге тасымалдау идеясы болған. 60 пайызға дейін байытылған уранның қауіптілігі – оны қару деңгейіне (90%) бірнеше аптаның ішінде жеткізуге болады. Иранда сақталған 450 келі мұндай уран 10-нан астам ядролық бомба жасауға жеткілікті. «Уранды Ресейге әкету идеясы алғаш рет ұсынылып тұрған жоқ.…
Автор: Лейла Болтаева
Абай облысында қолға алынған «Қаладан ауылға» пилоттық жобасына Көкпекті ауданының Көкжайық ауылы қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Болат Бекбердинов басқарып отырған «Елім-ай Көкпекті» шаруа қожалығы 2011 жылы құрылған. Қожалық асыл тұқымды ірі қара өсірумен және егін шаруашылығымен айналысады. Мұнда қазіргі таңда 150-ден астам адам еңбек етеді. 10 мың жуық мал ұстап отыр. Бүгінде мал тұқымын асылдандыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Шаруашылықта 2650 бас сиыр бар. Оның 1600-і қазақтың ақбас тұқымы, 1050-і Австралиядан әкелінген ангус тұқымды сиырлар. Шаруашылық ет және сүт бағытындағы өнімдерді ішкі нарыққа ұсынумен қатар, экспортқа шығаруға да әлеуетті. «Елім-ай Көкпекті» ЖШС облысымызда тұңғыш болып Өзбекстан мемлекетіне 700 бас ірі…
Жетісу облысында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу маңызды міндет. Осыған орай «Болашағың – өз қолыңда» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға колледж студенттері қатысып, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың саналы өмірлік ұстанымын дамыту бағытында маңызды ақпарат алды. Кездесу барысында жастарға есірткі және психотроптық заттардың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамдағы орнына тигізетін кері әсері туралы жан-жақты түсіндірілді. Мамандар нашақорлықтың алдын алу жолдары, зиянды әдеттерден сақтану және әр адамның өз болашағына жауапкершілікпен қарауы туралы айтып өтті. Шара аясында арнайы шақырылған сала мамандары есірткі заттарының адам өміріне тигізетін зияны айтылды. Бұдан басқа…
Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару түрмеден ауруханаға ауыр халде жеткізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Reuters агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені үшін сотталған экс-президенттің бронхопневмониямен жансақтау бөліміне жатқызылғаны белгілі болды. DF Star ауруханасы 70 жастағы Болсонару 13 наурыз күні таңертең қатты дене қызуы, қалтырау және қандағы оттегі деңгейінің төмендеуі белгілерімен ауруханаға түскен. Аурухана дәрігерлерінің бірі Болсонарудың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді. Жаир Болсонару 2019 жылдан 2023 жылға дейін Бразилия президенті болған. Ол 2022 жылы өткен президенттік сайлауда қазіргі президент Луис Инасио Лула да Силвадан жеңілген соң, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болғаны үшін 2025 жылдың қарашасынан бастап 27 жылға сотталған еді. Экс-премьер Асқар Мәминнің…
Бет терісінің жастығын сақтау үшін А, Е және С дәрумендерін тұрақты түрде қабылдаған жөн, деп жазады Ertenmedia.kz. Дерматолог дәрігер Станислав Арканников терінің қартаюын тежейтін негізгі дәрумендерді атады. Оның айтуынша, А дәрумені (ретинол) тері жасушаларының қалпына келуіне әсер етеді. Бұл дәрумен коллаген мен эластиннің өндірілуіне жауапты және терідегі пигменттік дақтарды азайтады. – Дәрумен жетіспеген жағдайда теріде ұсақ әжімдер көбейіп, бет түсі бозарып, құрғап, түрлі бөртпелер пайда болады. Жалпы айтқанда, бұл терінің мезгілінен бұрын қартаюына себеп болады, – дейді дәрігер. Ал Е дәрумені терінің май бездерінің жұмысын реттеп, ультракүлгін сәуледен қорғайды. Сонымен қатар, терінің зақымданған тұстарын тезірек қалпына келтіруге көмектесіп, ерте пайда…
Қарағанды облысында боран мен көктайғақтың кесірінен жолдардағы жағдай төрт тәуліктен бері күрделі болып тұр, деп жазады Ertenmedia.kz. 13 наурыз кешкісін «Қарағанды – Астана» тас жолының бойында жағдай күрт нашарлады. Ошаған елді мекені маңындағы биікке шығатын жолда қатты көктайғақтан жүздеген көлік қозғалыссыз қалды. Жүргізушілердің айтуынша, осы тұста 500-ге жуық жүк көлігі мен шамамен 700 жеңіл автокөлік кептеліп қалған. Қозғалыс толықтай дерлік тоқтаған, ауыр жүк көліктері биіктен аса алмай, қалған көліктер жол үстінде бөгеліп тұр. Желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар таралуда. Кадрларда полиция қызметкерлерінің жолды қолмен, күрекпен құм сеуіп жатқанын көруге болады. – Жолдағы жағдай өте ауыр. Көктайғақпен күреске полиция қызметкерлері өздері…
14 наурыз, сенбіге арналған жұлдыз-жорамал әр белгі үшін күннің тыныш әрі пайдалы өтетінін болжап отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Қаржы мәселесі еске түсуі мүмкін: қарыз қайтару, кішігірім пайда немесе сәтті жеңілдік. Күн бюджет есептеуге, жоспар құруға ыңғайлы. Ірі саудаға асықпаған жөн, алдымен бәрін мұқият тексерген дұрыс. Торпақ Ағзаңыз аздап демалудың уақыты жеткенін сездіруі мүмкін. Егер мүмкіндік болса, тынығып, бой жазып алыңыз. Жеңіл серуен немесе жайлы кеш күшіңізді қалпына келтіреді. Егіздер Қарым-қатынаста ашық әңгімеге себеп туындайды. Байсалды әңгіме бір-біріңізді жақсы түсінуге көмектеседі. Жалғыз жүрген Егіздерге таныс адамға мұқият қарап қойған артық етпейді. Шаян Жұмыста сабырлық пен шыдамдылықты талап ететін шаруа пайда…
Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы тәулікте ауа райы тұрақты болып, жауын-шашын күтілмейді, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды, жел секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Түнде температура -2…-4°C, күндіз 0…+2°C шамасында. Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жоқ, жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -5…-7°C, күндіз +4…+6°C аралығында. Шымкентте аспан ашық, жауын-шашын күтілмейді, жел секундына 5-10 метр. Түнде сынап бағанасы -4…-6°C көрсетеді, күндіз +10…+12°C-қа дейін жылынады. Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды, жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +12…+14°C аралығында сақталады. Ақтөбеде ала бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, жел секундына 3-8 метр. Түнде -8…-10°C, күндіз +1…+3°C жылы…
Tesla Cybertruck сыртқы дизайны бойынша өз санатындағы ең ерекше көліктердің бірі. Тіпті бейнеойындардағы автомобильге ұқсайтынын көпшілік мойындайды. Алайда бұл көлік екінші нарықтағы ең үздік электромобильдердің қатарына жатпайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәселен, көлікті сатып аларда техникалық қызмет көрсету шығындарын ескерген жөн. Өйткені Tesla шығарған бұл көлікті кез келген механик жөндей алмайды. Қызмет ақысы қымбатқа түсуі мүмкін. Consumer Reports журналының мәліметінше, Cybertruck қысқа мерзім ішінде бірнеше техникалық мәселеге тап болды. Мысалы, көлік қозғалыс кезінде газ педалінің қысылып қалуы секілді ақаулар анықталған. Сонымен қатар, көліктің бұрынғы иесінің жүргізу ерекшелігіне қарай аккумуляторда және басқа да бөлшектерде жасырын ақаулар пайда болуы мүмкін. Ал бұл кемшіліктер қысқа…
Қытайда танымал болған OpenClaw жасанды интеллект көмекшісіне қатысты күтпеген жағдай орын алды. Алдымен оны ақылы түрде орнатқан пайдаланушылар енді оны жою үшін тағы ақша төлеп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Alibaba компаниясына тиесілі Xianyu онлайн-алаңында «OpenClaw өшіру» қызметіне сұраныс күрт өскен. Шанхайда «Mojito lime water» есімді пайдаланушы бұл қызмет үшін 299 юань (43,55 АҚШ доллары) талап етіп, қазірдің өзінде 10-нан астам тапсырыс алған. Басқа қалаларда да осындай қызмет ұсынатындар көбейген. Бұл жағдай қытайлық тұтынушылар мен ірі технологиялық компаниялардың жасанды интеллект агенттерін белсенді түрде пайдалана бастағанына қатысты қауіпсіздік сарапшыларының алаңдаушылығын тудырды. Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігіне қарасты Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар…










