Қазақстанның шикізаттық экономикадан технологияға, өңдеу өнеркәсібіне және сапалы инвестицияға негізделген жаңа модельге көшуі ұзақ мерзімді дамудың негізгі шартына айналды. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының жобалық менеджері, инвестициялық саясат мәселелері жөніндегі сарапшы Қуаныш Өміржанның пікірінше, экономикалық жаңғырудың нәтижесі жастардың біліміне, кәсібилігіне және белсенділігіне тікелей байланысты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қуаныш Өміржанның айтуынша, соңғы отыз жылда Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күші мұнай-газ секторы болды. Табиғи ресурстар экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, бюджет кірісін арттыруға, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және шетелдік капитал тартуға мүмкіндік берді. Алайда әлемдік нарықтағы мұнай бағасының тұрақсыздығы шикізаттық модельдің ұзақ мерзімді даму үшін жеткіліксіз екенін көрсетті. Сарапшы экономиканы әртараптандыруды уақыт…
Автор: Лейла Болтаева
Атырауда орталық көпірдің жағдайы қаланың көлік қозғалысына ғана емес, жаңа аудандарды жылумен қамту мүмкіндігіне де әсер етіп отыр. Облыс әкімі Болат Ақшолақов жол инфрақұрылымына қатысты бірнеше нысанды аралап, құрылыс қарқыны мен жобалық шешімдерді тексерді, – деп жазады Ertenmedia.kz. 1965 жылы салынған орталық автомобиль көпірі бүгінде кешенді жаңғыртуды қажет етеді. Оның бойымен диаметрі 400 мм магистральдық жылу құбыры өтеді. Жылу желісінің кіреберіс бөлігі 700 мм-ге дейін кеңейтілгенімен, көпірдің техникалық жағдайы мен ескі құбырдың өткізу қабілеті қосымша қуатты толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Мамандар инженерлік коммуникацияларға арналған жеке көпір салуды және жаңа автомобиль көпірінің жол бөлігін алты жолаққа дейін кеңейтуді ұсынды. Мұндай…
Қазақстанның жеті өңірінде мәдени нысандар салу, кітапхана мен архив жұмысын цифрландыру және халықаралық фестивальдер өткізу бағытындағы жобалар қарқын алды. Жылдың алғашқы жартысында мәдени іс-шаралар жүздеген мың көрерменді қамтып, ауылдардағы инфрақұрылымды жаңарту жұмысы жалғасты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Мәдениет және ақпарат министрлігінде Алматы мен Шымкент қалаларының, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарының 2026 жылғы алғашқы жартыжылдықтағы жұмысы қаралды. Отырыста мәдениет нысандарының жағдайы, цифрлық сервистер, шығармашылық жобалар және алдағы міндеттер талқыланды. Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі Шығыс Қазақстанда өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне он ел мен өңірдің өкілдері қатысып, 50 мыңнан астам көрермен жиналған. Облыс…
Астанада өткен «Сайлау-2026: медиа және цифрлық платформалар» сарапшылар алаңында жасанды интеллектінің үгіт науқанына ықпалы, жалған ақпарат қаупі және сайлаушылардың өзгерген талабы талқыланды. Сарапшылар саяси бәсекенің ендігі тағдыры жарқын ұранға емес, ақпараттың шынайылығына, бағдарламалардың сапасына және партиялардың халықпен ашық диалог орната білуіне байланысты екенін айтты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынды Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Алғашқы сессия саяси коммуникацияның цифрлық дәуірдегі өзгерісіне арналды. Қатысушылар әлеуметтік желі, жасанды интеллект және онлайн-платформалардың сайлау науқанының ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов технология қаншалықты дамыса да, саяси коммуникацияның негізгі капиталы азаматтардың сенімі болып қала беретінін айтты. Оның пікірінше, жасанды…
Өзін-өзі ұстау мәдениеті, жаңа қоғамдық этика қағидаттарын қалыптастыру – ұлтымыздың дамуы мен өркендеуінің негізгі алғышарттарының бірі. Ішкі мәдениеті мен берік адамгершілік ұстанымдары қалыптасқан қоғам ғана қазіргі заманның сан алуан сын-қатеріне төтеп бере алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселенің маңызын терең түсінеді. Сондықтан да, ол осы бағытқа айрықша мән беріп келеді. Шынында да, қазір қоғамдағы дау-дамайлар көп жағдайда азаматтардың мәдениетсіздігінен, дарақылығынан, әдепсіздігінен туындап жатады. Яғни, бұған адамдардың қарапайым әдеп нормаларын сақтамауы, бір-бірін құрметтемеуі себеп. Сондықтан, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру қазіргі уақыттағы ең негізгі мәселенің бірі саналады. Қоғамдағы кез келген кикілжіңнің я даудың алдын алудың бірден бір жолы – жеке бастың…
Қазақстанда жасанды интеллект қылмыстық істерді тергеу барысында кеңінен қолданыла бастайды. Жаңа технологиялар үлкен көлемдегі деректі жылдам талдап, арнайы прокурорлардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бас прокурор Берік Асыловтың тапсырмасымен Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің бастығы Асхат Шәріпов отандық IT-компаниялар мен цифрлық экожүйе ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Тараптар қылмыстық процесті цифрландыру және жасанды интеллектіні тергеу жұмысына бейімдеу мүмкіндігін қарастырды. Q. AI Limited компаниясының бас директоры Дмитрий Мун мемлекеттік басқаруда қолданылатын жасанды интеллект шешімдерін таныстырды. Кездесуде қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеуге көмектесетін перспективалы технологиялар да көрсетілді. Alem. ai жасанды интеллект орталығындағы талқылауға Astana Hub, «Ұлттық ақпараттық технологиялар», Astana Innovations және TSARKA өкілдері қатысты.…
Атырау облысында Доссор, Мақат және Сағыз теміржол вокзалдары күрделі жөндеуден кейін жолаушыларға қайта есік ашты. Ғимараттардың сыртқы келбеті жаңарып, күту залдары мен қызмет көрсету орындары заманауи талаптарға бейімделді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірдегі теміржол инфрақұрылымын жаңарту жұмысы Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Атырау облысының әкімдігі былтырғы қыркүйектен бастап тоғыз вокзалды жөндеу және жаңғырту жобасын бірлесіп жүзеге асыруда. Негізгі міндет жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, аудан мен ауылдардағы көлік инфрақұрылымының сапасын көтеру. Қазір Аққыстау, Ганюшкин, Сағыз, Мақат және Доссор вокзалдары пайдалануға берілген. Жамансор, Мұқыр және Исатай станцияларындағы жұмысты тамызда аяқтау жоспарланып отыр. Атырау вокзалы қазан…
Президенттің 2023 жылы, 17 маусымда, Түркістан қаласында өткен ІІ Ұлттық құрылтайда «Мартин Лютер Кингтің сөзімен айтсақ, менің де бір жоспарым, тіпті арманым бар. Ол – тәулік бойы жұмыс істейтін Президенттік кітапхана салу. Мен мұндай кітапхананы Анкарада көрдім. Ол жерде келушілер әлемде жарық көретін көркем және арнайы әдебиеттермен таныса алады. Осындай кітапхананы бізде де салуға болады» деген болатын, деп жазады Ertenmedia.kz. Ал біздің Алматы – мәдени астана. Онда ол бірінші болып жол бастауы керек. Сол жолы әкімдердің де, мәдениет басқармасының да басы істеп кетті, «ондай кітапхана салынып біткенше, Алматыдағы бір кітапхананы 24/7 істетіп көрейік» деді де, Жамбыл кітапханасы Республикада бірінші болып 24/7…
Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт-насихат науқанының белсенді кезеңі жалғасуда. Осы кезеңде «Әділет» партиясы мұнайшылармен кездесулер өткізсе, ЖСДП мен Қазақстанның Халық партиясы әлеуметтік күн тәртібіне басымдық беруде. «Байтақ» партиясы «Көліксіз күн» акциясын ұйымдастырып, «Ауыл» аграрлық мәселелерге назар аударса, «Ақ жол» кәсіпкерлермен кездесулер өткізді, ал «Respublica» Семей қаласында форум ұйымдастырды. Үгіт-насихат науқаны жария саяси пікірталас кезеңіне өтті. Өндіріс ұжымдарынан жастарға дейін: партиялар қандай топтарға бағытталуда Салалық тәсіл «Әділет» және «Ауыл» партияларының сайлауалды жұмыстары барысында айқын байқалады. Алайда олардың қызметі әртүрлі сайлаушылар топтарын қамтыды. «Әділет» партиясы Атырау облысының өнеркәсіп саласы өкілдеріне – мұнайшыларға, мұнай өңдеу және вагон жасау кәсіпорындарының қызметкерлеріне, мұнай-газ саласының ардагерлері…
Қостанай облысындағы Железорудная станциясында жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Заманауи кешен жолаушылардың қауіпсіздігіне, жайлылығына және көлік қызметінің қолжетімділігіне қойылатын талаптарға сай салынды, – деп жазады Ertenmedia.kz. 1959 жылы салынған ескі вокзал ғимараты толық бұзылған. Оның орнына жалпы аумағы 416, 1 шаршы метр болатын бір қабатты жолаушылар кешені бой көтерді. Жаңа нысан станцияның өткізу мүмкіндігі мен жолаушыларға қызмет көрсету ерекшелігі ескеріле отырып жобаланған. Қайта жаңғырту кезінде инженерлік коммуникациялар толық жаңартылды. Вокзалға қажетті жабдық пен заманауи жиһаз орнатылып, пойыз күтуге арналған қолайлы кеңістік жасалды. Ғимараттың ішкі құрылымы жолаушылар қозғалысын қауіпсіз әрі ыңғайлы ұйымдастыруға бейімделген. Өрт қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылды. Жаңа эвакуациялық…








