Қазақстандықтардың басым бөлігі Цифрландыру және жасанды интеллект жылының ел дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Сауалнама нәтижесі технологиялық жаңғыруға әсіресе жастар мен экономикалық белсенді азаматтар үлкен үміт артып отырғанын көрсетті. Сонымен қатарПрезиденттің «Таза Қазақстан» бастамасын қолдайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуіне сәйкес, мемлекеттік институттардың жұмысына жоғары баға бергендердің үлесі отбасылы азаматтар, көпбалалы жанұялар, 28 жасқа дейінгі жастар мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында көбірек байқалған. Зерттеушілер адамның тұрғылықты мекенімен, жұмысымен және отбасымен байланысы күшейген сайын мемлекеттік институттарға деген сенімі де жоғарылай түсетінін атап өтті. Отбасы мүшелерінің саны артқан жағдайда елдегі тұрақтылық, әлеуметтік қолдау мен мемлекеттік қызмет сапасына…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстанның әлеуметтік желілерінде танымал тұлғаның атынан саяси партияны қолдауға және бұқаралық іс-шараға қатысуға шақырған жалған жарияланым тарады. Онда партияны қолдаған азаматтарға ақшалай сыйақы берілетіні де уәде етілген, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мұндай манипуляциялық контенттің Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт кезеңінде көбеюі мүмкін екенін ескертті. Анықталған жарияланымда қазақстандық танымал тұлғаның фотосы мен аты пайдаланылған. Алайда аталған азамат ақпаратты ресми түрде теріске шығарып, ешқандай саяси үндеу жасамағанын мәлімдеді. Жарияланым авторлары азаматтарды саяси партиялардың бірін қолдауға үгіттеп, ресми өткізілуі расталмаған бұқаралық іс-шараға шақырған. Сонымен бірге танымал адамның атынан қолдау білдіргендерге қаржылай сыйақы ұсынылатыны жазылған. Мұндай мазмұн сайлаушының сеніміне…
2026 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстандағы жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4 миллион 527, 1 мың адамға жетті. Көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 42, 6 мың адамға немесе 0, 9 пайызға артты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жұмыс істейтін әйелдердің басым бөлігі жалдамалы қызметкер санатына кіреді. Олардың саны 3 млн 602 мың адамды немесе жалпы көрсеткіштің 79, 6 пайызын құрады. Тағы 925, 1 мың әйел өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Әйелдер ең көп шоғырланған сала – білім беру жүйесі. Мұнда 902, 2 мың әйел еңбек етеді, бұл жұмыспен қамтылған әйелдердің 19, 9 пайызына тең. Саладағы әр бесінші қызметкер әйелдер еңбегінің үлесіне тиесілі. Екінші орында көтерме…
Қазақстандық оқушылар Шанхайда өткен 67-Халықаралық математикалық олимпиадада алты жүлде жеңіп алды. Ұлттық құрама әлемнің 117 елінен келген 666 оқушы қатысқан додада үш күміс және үш қола медаль иеленді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Халықаралық математикалық олимпиада 10–21 шілде аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өтті. Мектеп оқушыларына арналған әлемдік жарыста әр елден алты үздік математик сынға түсіп, екі күн ішінде алты күрделі есеп шығарды. Қазақстан құрамасының барлық мүшесі жүлдемен оралды. Күміс медальды Алматыдағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Тимур Мұрат жеңіп алды. Онымен бірге NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Әли Еркебұланұлы мен Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Батырхан Бейганов екінші дәрежелі жүлдеге ие…
«Байқоңыр» ауданында реновация бағдарламасы аясында салынған алғашқы көпқабатты «Дәрмен-1» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысан ауданды кешенді жаңғырту жоспарының нақты құрылыс кезеңіне өткенін көрсетті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Реновация бағдарламасы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылып жатыр. Қазір инвесторларға жалпы аумағы 38, 61 гектар болатын 25 жер телімі берілген. Аталған учаскелерде жаңа тұрғын үйлер мен қалалық инфрақұрылым салу көзделген. Бағдарлама басталғалы 103 жылжымайтын мүлік нысаны сатып алынды. Оларды сатып алуға 5, 7 млрд теңге жұмсалған. Сатып алынған жер учаскелерінің жалпы аумағы шамамен 3, 6 гектарды құрады. Құрылыс алаңдарын дайындау үшін 51 тұрғын үй сүрілді. Босатылған аумақта заманауи, қауіпсіз және жайлы…
Түркістан облысына жұмыс сапары аясында «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы ұлттық спорт саласының өкілдерімен кездесті. Басқосуда спортшылар мен жаттықтырушылар саладағы өзекті мәселелерін көтеріп, партия өкілдерімен ашық пікір алмасты. Кездесу барысында сөз сөйлеген «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай ұлттық спорт саласына қатысты көтерілген мәселелердің барлығы назардан тыс қалмайтынын айтты. – Бүгінгі кездесуге арнайы келіп отырғандарыңыз үшін рақмет. Бүгін өте жақсы сындарлы ұсыныстар айттыңыздар. Біз естідік, оны алдағы жұмысымызда ескереміз, мүмкіндігінше қолдаймыз, — деді Айбек Дәдебай. Ал Құрылтай депутаттығына кандидат Жанарбек Әшімжан партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтарға тоқталды. Оның сөзінше, құжатта білім беру, жол инфрақұрылымы мен ауылдарды дамыту бағыттары қамтылған. Сондай-ақ ол…
Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы жартысында жұмыс берушілердің еңбекақы бойынша берешек айтарлықтай қысқарды. Алты айда мерзімі өткен қарыз көлемі 361,1 млн теңгеге азайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жыл басында кәсіпорындардың қызметкерлер алдындағы берешегі 876,1 млн теңгені құраған. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысында көрсеткіш 515 млн теңгеге дейін төмендеді. Осылайша еңбекақы қарызы 41,2 пайызға қысқарған. Жалақыны уақытылы төлеу еңбек заңнамасында бекітілген негізгі кепілдіктің бірі саналады. Қызметкер атқарған жұмысы үшін ақысын белгіленген мерзімде толық алуға құқылы. Жұмыс берушінің қаржылық қиындығы немесе өндірістегі мәселе аталған міндетті орындамауға негіз бола алмайды. Мемлекеттік еңбек инспекциясының жұмысы енді тек азаматтардан түскен арызды қараумен шектелмейді. Инспекторлар еңбекақы берешегі пайда болуы…
Исатай ауданында жылдар бойы тұралап қалған құрылыс пен апатты инфрақұрылым халықтың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіріп отыр. Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Аққыстаудағы проблемалы нысандарды аралап, әр жоба бойынша нақты шешім мен орындалу мерзімін белгілеуді тапсырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Аққыстаудан екі шақырым жердегі өрт сөндіру депосының құрылысы 2019 жылғы мамырда басталып, 2021 жылғы шілдеде аяқталуға тиіс болған. Алайда «Гамма-С» серіктестігі міндеттемесін орындамағандықтан, жұмыс үш жыл бойы тоқтап, ғимарат конструкциялары отырып, іргетасына жарық түскен. Қазір мердігерге қатысты сот жүріп жатыр, ал түзетілген жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Оң қорытынды алынғаннан кейін жаңа мердігерді анықтау үшін конкурс қайта жарияланып, құрылысты 2027 жылы…
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев ақ пейіл ұғымын ұлттық мәдениеттің бастауы деп атады. Оның ойынша, мәдениет музей мен кітапханадан бұрын адамның күнделікті мінез-құлқынан көрінеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Арман Жүдебаевтың айтуынша, ақ пейіл адамның таза ниетімен ғана өлшенбейді. Ол өзгеге көрсетілген құрметтен, жылы сөзден, үлкенге ізет пен кішіге қамқорлықтан байқалады. Айналадағы адамның қадір-қасиеті мен жеке кеңістігін сыйлау да осы ұғымның ажырамас бөлігі саналады. Қазақ халқы күнделікті қарым-қатынастың өзіне терең мән берген. Алғыс айту, орын ұсыну, жөн-жоралғыны сақтау секілді қарапайым әрекет ұлттық тәрбиенің өлшеміне айналған. «Сәлем – сөздің анасы» деген нақыл да амандасу әдебінің халқымыз үшін қаншалықты маңызды…
Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт бүгін сағат 18: 00-ден кейін басталып, 22 тамыз күні сағат 00: 00-де аяқталады. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлау науқанында қолданылатын жаңа талаптар мен шектеулерді түсіндірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік заңнамадағы негізгі өзгерістердің бірі толтырылған сайлау бюллетеніне қатысты екенін айтты. Дауыс беру күні таңдау жасалған бюллетеньді фотоға немесе видеоға түсіруге, сондай-ақ жазбаны таратуға тыйым салынады. Норма жасырын дауыс беру қағидатын сақтап, сайлаушының еркін таңдауына сыртқы ықпалдың алдын алуға бағытталған. Комиссия өкілінің айтуынша, бюллетеньдегі таңдауды жария көрсету саяси партияны ашық қолдаудың құралына айналуы мүмкін. Жаңа талап сайлау процесіне қатысушылар үшін тең жағдай қалыптастыруды…








