Автор: Лейла Болтаева

тұқым

Егер тұқымды аз сепсеңіз, өнім аз шығады. Ал тым көп ексеңіз, әр көшетті күтіп-баптауға күш пен уақыт жетпейді. Дұрысы қайсы? Көктем келіп, бау-бақша жұмыстарын бастайтын кезеңде осы сұрақ әрбір саяжай иесін мазалайтыны анық. Қазір тұқым, топырақ және басқа да бақшаға қажетті материалдардың бағасы арзан емес. Сондықтан саяжайшылар алдын ала барлық шығынды есептеп, артық затқа ақша жұмсамағаны дұрыс, деп жазады Ertenmedia.kz. Тұқымды таңдағанда бірнеше маңызды жайтты ескеру керек. Ең алдымен, өсімдіктің сортына, күтілетін өнім көлеміне, бақшаңыздың аумағына және сақтау мүмкіндігіне назар аударыңыз. Қолда бар тыңайтқыштар мен топырақ мөлшерін бағалау да артық болмайды. Көбінесе бағбандар тағы бір маңызды факторды – уақытты есепке алмайды. Егер…

Толық оқу
баспана

Бүгін Қонаев қаласындағы «Comfort» көппәтерлі тұрғын үй кешенінен 50 адам баспаналы болды. Бұдан басқа Іле ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа медициналық орталықтар іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Заманауи жабдықталған емдеу мекемелері Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында және «Береке» саяжай-кооперативінде орналасқан. Медициналық нысандарды салуға жауапты мердігер – «Капитал Строй Проект групп» компаниясы. Енді ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетілетін болады. Сонымен қатар ауданда баспана мәселесін шешу мақсатында әлеуметтік осал топ өкілдеріне жаңа үйлердің кілті табысталды. Облыс орталығы Қонаев қаласындағы «Comfort» көппәтерлі тұрғын үй кешенінен 50 адам баспаналы болса, Іле ауданындағы «Galamat» тұрғын үйінен 82 отбасы жаңа…

Толық оқу
көрме

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда «Наурыз Fest» аясында ерекше крафт өнімдері мен ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңке-көрмесі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Көрмеге өңірдің әр аудан-қалаларынан жиналған жергілікті қолөнершілер, кәсіпкерлер мен шағын өндіріс өкілдері қатысты. Шарада шеберлер табиғи тас пен эпоксидті шайырдан, қызыл балшық пен мақта жібінен, ағаш пен киізден дайындалған бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Ұлттық нақышта безендірілген әшекейлер, ыдыстар, интерьер заттары мен кәдесыйларда дәстүрлі ою-өрнектер қазіргі заманғы материалдармен үйлесім тапқан. Қатысушылар өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, оларды дайындаудың ерекшеліктері мен әдістері туралы да баяндап берді. Көрмеге қолөнершілермен қатар азық-түлік өндірушілері де белсене атсалысты. Жәрмеңкеде облыс орталығындағы жаңа базар аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы ұйымдастырылды.…

Толық оқу
Маңғыстау

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Qamqorlyq» орталығының құрылыс барысымен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Аймақ басшысына жауапты мамандар жобаның сметалық құжаттамасы, техникалық сипаттамасы және қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Жаңа орталықта аутизм спектрі бұзылыстары және психоневрологиялық ерекшеліктері бар балаларға кешенді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Заманауи жабдықталған орталық бір мезетте 125 баланы қабылдай алады. Аталған нысанның құрылысы 2025 жылдың 15 шілдесінде басталған болатын. Бүгінде ішкі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, технологиялық жабдықтарды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қазір нысанның дайындығы 95 пайызға жетті. Жалпы ауданы 2000 шаршы метр болатын орталықта балалардың кешенді дамуына бағытталған сенсорлық бөлме,…

Толық оқу
Ормуз бұғазы

Иран АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған қысымға қарамастан, Қытайға мұнай экспортын тоқтатпай жалғастыруда. Тегеранның бұл әрекеті АҚШ әкімшілігінің экономикалық қысым жасау жоспарына үлкен соққы болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Теңіз арқылы тасымалданатын мұнай көлемін бақылайтын агенттіктердің дерегіне сәйкес, 28 ақпаннан 11 наурыз аралығында Иран Ормуз бұғазы арқылы Қытайға 13,7-ден 16,5 миллион баррельге дейін мұнай экспорттаған. Бұл тәулігіне шамамен 1,1-1,5 миллион баррель мұнайды құрайды. Бұл көрсеткіш ақпан айындағы жоғары деңгейден төмен, бірақ былтырғы орташа деңгейге жақын. 28 ақпанда соғыс басталғалы Ормуз бұғазы айтарлықтай қауіпті аймаққа айналды. Соның салдарынан Иранға қатысы жоқ елдердің мұнай тасымалы күрт азайды. Басқа Парсы шығанағы елдері мұнай экспортын тоқтатып немесе…

Толық оқу
ғалымдар

Сәтбаев университетінің ғалымдары қоршаған ортадағы механикалық тербелістерді электр энергиясына айналдыратын шағын әрі тиімді құрылғы әзірлеуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Құрылғы шалғай және жетуі қиын аймақтарда орналасқан автономды датчиктерді тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған. Зерттеудің басты мақсаты ондаған герцтен бірнеше жүз герцке дейінгі жиілікте жұмыс істейтін электромагниттік түрлендіргішті жасау. Осы арқылы табиғи ортада жиі кездесетін тербелістерден қуат алуға болады. Әдетте мұндай IoT-датчиктер тұрақты қуат көзін қажет етеді, ал ұсынылған шешім баламалы қуат көзі ретінде экономика мен өнеркәсіптің түрлі салаларында, әсіресе егіс алқаптарын бақылау, экологиялық мониторинг жүргізу ісінде кең сұранысқа ие болады. Әзірлеме электромагниттік индукция заңына негізделген. Құрылғы ішінде магнит пен шарғының өзара қозғалысы…

Толық оқу
Тоқаев банктерге ескерту жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі цифрландыру жұмыстарының баяу жүруіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Мемлекет басшысы Ақордада өткен жиында Digital Qazaqstan жобасының іске асырылуын талқылап, цифрлық технологияларды енгізу процесін жеделдетуді талап етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн форматқа көшкенімен, мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасу мен өзара үйлесімділік әлі де төмен деңгейде. «Басты назарды жылдамдық пен сапаға аударуымыз керек. Адамдар емес, деректер жүгіретін уақыт келді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Qazaqstan стратегиясы азаматтар мен бизнестің нақты қажеттіліктеріне бағытталуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін терең трансформациялау қажет екеніне баса назар аударды. Президенттің пікірінше,…

Толық оқу
гуманоид робот

Қытайдың DroidUp компаниясы жасаған Моя атты жаңа гуманоид робот өзінің шынайы жүрісімен, адамға ұқсас көзқарасымен және мимикасымен көпшіліктің назарын аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Шанхайда алғаш рет таныстырылған бұл роботтың адам тәрізді табиғи қозғалыстары әлеуметтік желілерде тез тарап, көрермендердің қызығушылығын оятты. Моя әлемдегі алғашқы толық биомиметикалық жасанды интеллект роботы ретінде сипатталады. Бұл роботтың ерекшелігі «воплощенный жасанды интеллект» технологиясына негізделгендігінде. Яғни, робот нақты ортада адамдармен шынайы қарым-қатынасқа түсіп, қоршаған ортаны сезініп, адамдармен өзара әрекеттесе алады. South China Morning Post жариялаған видеороликтерде Моя адамның күнделікті өміріндегі әрекеттерді сәтті қайталайды. Бұдан басқа күлімдеп, басын изейді, адамдармен көз байланысын орнатады. Сондай-ақ, робот адамға тән шағын мимикаларды да…

Толық оқу
сутек водород

Сутегі отын ретінде болашақтың қуат көзі деп аталғанымен, оның әлі күнге кеңінен тарамауының нақты себебі бар. Басты себеп таза сутекті алудың қиындығы мен оған кететін шығындардың тым жоғары болуы, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлемде сутегі ең көп таралған элемент болғанымен, оны отын ретінде қолдану үшін таза күйде алу қажет. Бүгінде әлемдегі сутегінің шамамен 96%-ы табиғи газдан алынады. Мұндай әдіс қоршаған ортаға зиянды бір тонна сутегі өндірілгенде атмосфераға 9-12 тонна көмірқышқыл газы бөлінеді. Қазіргі кезде АҚШ-та өндірілетін сутегінің шамамен 95%-ы «сұр сутегі» деп аталатын, жоғары температурада табиғи газдан алынатын сутегі болып отыр. Бұл әдіс бір килограмм сутегі өндіргенде шамамен 12 килограмм көмірқышқыл газын шығарады.…

Толық оқу
вокзал жөндеу

Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын модернизациялау аясында 37 вокзалдың ғимараты толық бұзылып, қайта салынатын болды. Бұған олардың техникалық жағдайының тым нашарлауы себеп болған, деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазақстан темір жолы» компаниясының хабарлауынша, елдегі 124 вокзалдың жай-күйіне сараптама жасалып, олардың 37-сінің негізгі конструкцияларының айтарлықтай тозғаны анықталды. Сондықтан оларды жөндеу экономикалық және техникалық жағынан тиімсіз деп танылып, орнына жаңа вокзал ғимараттарын салу туралы шешім қабылданды. Қазіргі кезде тізімдегі бір нысан Рудный қаласындағы Железорудная станциясының вокзалы толық бұзылып, жаңа вокзалдың жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құрылыс жұмыстарына дайындық та басталып кетті. Жалпы, вокзалдарды жаңғырту бағдарламасы 2026 жылы аяқталмақ. 11 наурыздағы мәліметке сәйкес, қазірдің өзінде 48 вокзалдың құрылысы аяқталуға жақын,…

Толық оқу