Автор: Лейла Болтаева

балаларға баспана

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының қатысушылары алғашқы төлемді көбіне тұрғын үй жинағына бағыттап жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 18 жасқа толған қатысушылардың қаржыны қалай пайдаланып жатқанын жариялады. Бағдарлама екі жылдан аса уақыт жұмыс істеп келеді. Енді алғашқы статистика нақты үрдісті көрсетіп отыр. Қор дерегінше, жас қазақстандықтар ақшаны бірден пәтер алуға жұмсамаған. Ипотека рәсімдеуге асыққандар да аз. Көпшілігі қаражатты Отбасы банктегі жинаққа қосқан. Мұндағы мақсат – кейін тиімді шартпен баспана алу. 2024 жылғы ақпаннан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қор 333 809 өтініш орындады. Жалпы сома 62,7 млн доллар болды. Соның басым бөлігі тұрғын үй мақсатына жұмсалған. Баспана…

Толық оқу

Қазақстандық отбасы ел ішіндегі демалыс құнын есептеп, әуе билетінің бағасына таңғалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әңгіме FlyArystan билеттерінің құнынан басталды. Әуе компаниясы нарыққа алғаш шыққанда, ішкі рейстерді қолжетімді етеді делінген. Алайда бірнеше жылдан кейін осы мәселе қайта көтерілді. Threads желісінде қазақстандық әйел отбасылық сапарға билет іздегенін жазды. Оның айтуынша, тек барып-қайту әуе билеті 300 мың теңгеге жуық шыққан. «Неге өз елімізде ұшу өз азаматтарымызға осынша қымбат? Отбасымыздың барып-қайту билеті 300 мың теңгеге жуықтайды. FlyArystan әуелде ел ішінде арзан ұшу үшін ашылмады ма? Қазір бағасы Air Astana-мен шамалас», деп жазды ол. Автор пойыз олардың отбасына қолайсыз екенін айтты. Жол бір тәуліктен асады.…

Толық оқу
ауа райы

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және жел күшеюі күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазгидромет 9 шілде, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің бірқатар өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні де күшейеді. Астанада күн ала бұлтты болады. Жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +32…+34°C болады. Алматыда күн бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Екпіні 13 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C болады. Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Алайда жел күшейеді. Оның екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Ауа температурасы…

Толық оқу
Нацбанк

Ұлттық валюта бағамы тағы нығайып, теңгенің қозғалысы базалық мөлшерлемені төмендетуге қатысты пікірталасты күшейтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Сауда-саттықтың ашылуында доллар бағамы 468,15 теңгеге дейін түскені айтылды. Ресей рублі 6,13 теңге деңгейінде саудаланған. Нарықтағы мұндай қозғалыс теңгенің кейінгі күндері біртіндеп нығайып келе жатқанын көрсетеді. Қаржы нарығы өкілдерінің бағалауынша, қазіргі курс Ұлттық банк үшін базалық мөлшерлемені одан әрі төмендетуге мүмкіндік барын аңғартады. Себебі теңгенің нығаюы инфляциялық қысымның бір бөлігін жұмсартуы мүмкін. Алайда мұндай жағдайда реттеушінің түсіндіру жұмысы ерекше маңызды. Сарапшылар Ұлттық банк айырбас бағамының неге нығайып жатқанын ашық әрі түсінікті түсіндірмей отыр деп санайды. Олардың пікірінше, мұндай үнсіздік нарық қатысушылары мен халықтың болжам…

Толық оқу
Талғат Алдабергенов

«Самұрық-Қазына» қорының шешімімен оның ҚТЖ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов өкілеттігін тоқтатты. Әзірге компанияны кім басқаратыны ресми түрде хабарланған жоқ, деп жазады Ertenmedia.kz. Талғат Алдыбергенов ҚТЖ тізгінін 2025 жылғы 3 шілдеде ұстаған еді. Осылайша, ол ұлттық компанияны бір жыл бес күн басқарды. Алдыбергенов теміржол саласында ұзақ жыл жұмыс істеген маман ретінде таныстырылған болатын. Ашық деректерге қарағанда, оның саладағы еңбек өтілі 35 жылдан асады. Бірақ соңғы кезеңде ҚТЖ жұмысына қатысты сын күшейген. Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов компанияның транзиттік тасымал көрсеткішіне байланысты ескерту жасаған еді. Үкімет отырысында ҚТЖ транзиттік тасымал жоспарын орындаудан шамамен 30 пайызға қалып қойғаны айтылған. Осыған байланысты Премьер-министр ұлттық…

Толық оқу
жел стансасы

Теңіздегі жел электр станциялары таза энергия көзі ретінде ғана емес, теңіз экожүйесіне әсер ететін ірі инфрақұрылым ретінде де қарастырыла бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай станциялар мұхит пен теңіздегі қуатты жел ағынын пайдалануға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары инженерлер оларды электр көліктерін сымсыз қуаттайтын магниттік зарядтау инфрақұрылымымен де байланыстыра бастады. Алайда ғалымдар мұндай нысандардың теңіз жануарларына күтпеген ықпал етуі мүмкін екенін айтып отыр. Зерттеулерге қарағанда, теңіздегі жел станциялары кей жағдайда теңіз шошқаларының қозғалыс бағытына және қорек іздеу мінез-құлқына әсер етеді. Әсіресе құрылыс кезеңіндегі шу, суасты дірілі және ірі кемелер қозғалысы жануарлардың белгілі бір аумақтан уақытша алыстауына себеп болуы мүмкін. 2004 жылы Данияның…

Толық оқу
үй сарай

Марқұм Болат Назарбаевтың бұрынғы өгей ұлы Данияр Кесікбаев АҚШ-тағы ең қымбат үйлердің бірін өз атына рәсімдеген, деп жазады Ertenmedia.kz. New York Post басылымының жазуынша, Нью-Джерси штатындағы Alpine ауданында орналасқан зәулім үй құжат жүзінде небәрі 10 долларға өткен. Әңгіме 2 Margo Way мекенжайындағы сарай үлгісіндегі жылжымайтын мүлік туралы болып отыр. Басылым дерегінше, бұл үй Нью-Джерсидегі ең қымбат нысандардың бірі саналады. Оның қазіргі салықтық бағасы 35,5 млн доллар деп көрсетілген. Ал бұған дейін нысан 34 млн долларға сатылымға шығарылған. New York Post мәліметіне қарағанда, аталған зәулім үй 2012 жылы 20 млн долларға қолма-қол сатып алынған. Ол кезде мүлік анонимді компания атына рәсімделген.…

Толық оқу
ЖСДП

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия кезектен тыс XXV съезінде Құрылтай сайлауына арналған бағдарламасы мен кандидаттар тізімін бекітті, деп жазады Ertenmedia.kz. Партия жаңа электоралдық кезеңдегі саяси стратегиясын да айқындады. Съезд барысында Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын кандидаттар тізімі мақұлданып, сайлауалды бағдарлама таныстырылды. ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов Қазақстан жаңа Конституция қабылданғаннан кейін саяси дамудың келесі кезеңіне өткенін айтты. Оның сөзінше, партия көп жылдан бері көтеріп келе жатқан бірқатар идея жаңа Негізгі Заңда көрініс тапқан. Асхат Рахымжанов мұны партия ұстанымының өміршеңдігін көрсететін саяси белгі ретінде бағалады. Оның айтуынша, ЖСДП үшін бұл партияның жиырма жылдық белесімен тұспа-тұс келген маңызды кезең. Партияның жаңа сайлауалды бағдарламасы «Прогреске бастайтын 20…

Толық оқу
зейнеткер куәлігі

Қазақстанда зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен арнайы жұмыс тобының отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және бейінді ұйымдардың өкілдері қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрлік мәліметінше, жұмыс тобының қарауына зейнетақы жүйесінің сингапурлық моделі ұсынылған. Бұл тәсіл міндетті зейнетақы капиталын қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар азаматтарға зейнет жасына шыққанға дейін қаражаттың бір бөлігін тұрғын үй алуға, білім ақысын төлеуге, медициналық шығындарға және инвестицияға пайдалануға мүмкіндік берілуі мүмкін. Ұсынылған модель бойынша түсетін қаражат үш шотқа бөлінеді. Соның бірі тұрғын үй мәселесін жеңілдетілген тетік арқылы шешуге бағытталады. Алайда талқылау кезінде бірқатар сарапшы бұл модельдің…

Толық оқу
Қанатбек Жайсаңбаев

Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды. Ақорданың хабарлауынша, Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев жаңа қызметке тағайындалуына байланысты бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Қазақстан Халық Кеңесі жаңа мемлекеттік-саяси модель аясында іске қосылып жатқан институттардың бірі саналады. Оның хатшылығы кеңестің ұйымдастырушылық жұмысын үйлестіріп, күн тәртібін қалыптастыруға және шешімдердің орындалуын сүйемелдеуге жауапты болады. Қанатбек Жайсанбаев бұған дейін Президент Әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарған. Ашық деректерге сәйкес, ол 1980 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Жаңа…

Толық оқу