Жасанды интеллект арқылы жасалған видеолар қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр. Тіпті қазіргі уақытта ИИ-контенттің жалған екендігін анықтайтын кейбір белгілер болса да, бұл видеолар көрермендерді шатастыруға жеткілікті. Сондықтан кейбір платформалар «дипфейктердің» таралуына тосқауыл қоюға тырысуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін YouTube платформасы дипфейктерді анықтау мүмкіндігін саясаткерлер, мемлекеттік қызметкерлер, саяси кандидаттар және журналистер үшін кеңейтетінін хабарлады. Бұған дейін компания бұл функцияны тек серіктестік бағдарламасына қатысушылар үшін іске қосқан болатын. Енді аталған санатқа жататын тұлғаларға арнайы бағдарламаға қосылмай-ақ, YouTube платформасында жасанды интеллект арқылы жасалған видеолардағы өз келбетін анықтауға мүмкіндік беріледі. YouTube ұсынған бұл функция контенттен тұлғалардың бет-әлпетін анықтап, оны тіркелген адамның жеке деректерімен сәйкестендіреді. Осыдан…
Автор: Лейла Болтаева
Қонаевта ерекше цифрлық дрон-шоу өтіп, қала аспанында 500-ден астам дрондар жарқырай ұшып, көрермендерге әдемі әрі әсерлі композициялар ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Аспан төрінде бейнеленген Қазақстан картасы халықтың ерекше ықыласына бөленді. Сондай-ақ шоу барысында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін композициялар да көрсетілді. Оның ішінде халқымыздың бірлігі мен берекесінің нышаны – шаңырақ, көктемнің символы – қызғалдақ гүлі мен «Digital Nauryz», «Наурыз құтты болсын!» деген мерекелік жазулар көрініс тапты. Одан бөлек, дрондардың көмегімен «Қазақстан», «Алматы облысы» деген жазулар пайда болып, бұл символикалық көріністер өңірдің ел дамуындағы орны мен маңызын паш етті. Шоудың тағы бір маңызды бөлімі алда келе жатқан саяси оқиға – 15 наурыздағы республикалық…
Алатау қаласында тұрғындардың қатынауына қолайлы болу үшін екі жаңа қоғамдық көлік бағыты ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа №1 және №2 бағыттағы автобустардың салтанатты іске қосылу рәсіміне қала әкімі мен жергілікті ақсақалдар қатысты. Жаңа маршруттар Құйған – Еңбек – Жаңа Арна – Әли – Жаңалық саяжайлары – Байсерке – Жаңа Талап – Жаңа Дәуір – Қоянқұс – Gate City – Өтеген батыр – Еркін ауыл бағыттарын қамтиды. Бұл бағыттар қала орталығы мен оған жақын елді мекендер арасында қатынауды айтарлықтай жеңілдетпек. Қала басшысы алдағы уақытта қоғамдық көлік жүйесін дамыту жұмыстары тұрғындардың сұранысына сай жалғасатынын айтты. Жаңа автобустардың жолға шығуы қала инфрақұрылымын жетілдіруге,…
12 наурызда Атырау гарнизонының әскери бөлімінде жоспарлы даладағы оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі сарбаз оққа ұшты, деп жазады Ertenmedia.kz. Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, қайғылы оқиға қаруды абайсыз ұстау салдарынан орын алуы мүмкін. – Жараланған сарбаз бірден ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, сарбаздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан жауынгердің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оның отбасына заң аясында барлық көмек пен қолдау көрсетіледі, – делінген ресми хабарламада. Аталған факті бойынша ҚР Ішкі істер министрлігі Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.…
Атырау облысының Махамбет, Құрманғазы және Жылыой аудандарында 2026–2028 жылдары аралығында балық шаруашылығын дамыту көзделген. Осы бағытталған бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы жобалардың алғашқысы биыл Махамбет ауданында іске қосылмақ. Атап айтқанда, «А-Дана» шаруа қожалығының жылына 15 миллион дана бекіре шабағын өсіруге қауқарлы зауытының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар дәл осы ауданда жылдық қуаты 130 тонна тауарлы балық өсіру жобасы да жұмысын бастайды. Облыста қазірдің өзінде 18 балық шаруашылығы кәсіпорнына 31 учаске бекітілген, қосымша 27 учаске резервте тұр. – Өткен жылы өңірде 15 570 тонна балық ауланып, оның 9 700 тоннасы өңделді. Өнімнің шамамен 3 310…
Жұлдызаралық 3I/ATLAS каметасы ерекше химиялық құрамымен астрономдардың назарын аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдар оның құрамында метанолдың (спирттің бір түрі) мөлшері өте көп екенін анықтады. Тіпті бұл көрсеткіш Күн жүйесіндегі өзге кометалармен салыстырғанда да әлдеқайда жоғары. Чилидегі ALMA телескопымен жасалған бақылаулардың нәтижесінде комета ядросын қоршаған газ бен шаңнан құралған «комада» (комета айналасындағы бұлт тәрізді қабат) метанолдың ерекше көп екені байқалды. Зерттеу барысында ғалымдар екі органикалық молекулаға метанолға (CH₃OH) және көгерткіш қышқылға (HCN) назар аударған. Әдетте, кометаларда бұл екі заттың қатынасы әлдеқайда төмен болады. Бірақ 3I/ATLAS кометасында метанолдың мөлшері HCN-мен салыстырғанда шамамен 70 және 120 есе көп екені тіркелді. Бұл деректер комета…
Өскеменде Наурыз мерекесіне орай 100-ден астам мәдени, спорттық және ғылыми-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Болатбек Мамарбаев айтты. Биылғы Наурыз тойы 14 наурыз Көрісу күнінен бастау алып, он күндік форматта тойланады. Жоспар бойынша, 17 наурызда қалалық Арбат алаңында «Жан ана» көпбалалы отбасылар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған танымдық іс-шара өтеді. 18 наурыз Ұлттық киім күніне орай «Макси Молл» сауда орталығында өскемендік дизайнерлердің ұлттық киімдерінен сән көрсетілімі ұйымдастырылады. Сонымен қатар ұлттық киімдердің арнайы көрме-жәрмеңкесі де осы жерде өтеді. 20 наурыз – Ұлттық спорт күні ретінде аталып өтеді.…
Алматыда банк және микроқаржы ұйымдарының өкілдері бас қосып, алдағы референдум аясында ұсынылған жаңа Конституция жобасын талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова кездесуде қаржы секторы үшін тұрақты әрі болжамды құқықтық ортаның маңыздылығын атап өтті. – Қаржы қауымдастығы мемлекет басшысы ұсынған саяси және экономикалық реформалардың мәнін жақсы түсініп, қолдап отыр. Бизнес-климат, саяси тұрақтылық және демократиялық өзгерістер елдің инвестициялық тартымдылығын арттырды. Қазақстан халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктерінен жоғары баға алуда. Бұл инвесторлар мен халықтың сенімінің артқанын білдіреді, – деді Әбілқасымова. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова қатысушылардың референдумға зор қызығушылық танытып, ұсынылған өзгерістер бойынша сұрақтарын…
Аспаннан жаңбыр жауғанын көрдіңіз, бірақ жерге бір тамшы жауын тамбады. Метеорологияда мұндай құбылыс «вирга» деп аталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Вирга бұлттан жауған жаңбыр тамшыларының жерге жетпей, ауада буланып кетуі. Мұндай құбылыс көбіне ауасы құрғақ әрі ыстық аймақтарда байқалады. Сондықтан вирганы шөл далада немесе теңіз деңгейінен биік аймақтарда жиі көруге болады. Әсіресе АҚШ-тың батыс аймақтарында, Канаданың далалық жерлерінде, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка мен Аустралия сияқты өңірлерде көп кездеседі. Вирга жиі көрінетін құбылыс болғанымен, табиғаты нәзік әрі өте әдемі. Сіз оны талай мәрте байқаған боларсыз, бірақ оның ерекше атауы бар екенін білмеуіңіз де мүмкін. Кейде ауа райы қосымшаларының радарында жаңбыр не қар…
13-23 наурыз аралығында Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» атты кең ауқымды акция өтеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Он күнге жалғасатын мерекелік шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары тиімді сауда жасап, мерекелік көңіл-күйді сезіне алады. Акцияға қатысатын сауда орталықтарында түрлі тауарларға 10-30% аралығында жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ отандық өндірушілердің өнімдеріне арналған арнайы сауда алаңдары ұйымдастырылады. Мұнда қазақстандық брендтердің тауарларын әдеттегі бағадан 10-20% төмен алуға мүмкіндік бар. «Nauryz Sale» акциясы тиімді сауда жасаумен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени бағдарламаларды да ұсынады. Акцияға қатысатын сауда орталықтарының тізімі төменде көрсетілген. Алматылық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қала тұрғындарын алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.










