Автор: Лейла Болтаева

Мәлік Отарбай

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу Темірлан ауылындағы «Өнер» мектебінде өтті. Шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, жастар және мәдениет саласының мамандары қатысты. Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси реформалардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Кездесуде Ордабасы ауданының құрметті азаматы Жүсіп Лесбек, «Ордабасы оттары» газетінің редакторы Ғалымжан Зиябек, аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Әділет Әбухайыров пен білім саласының өкілі Рүстем Үсенов сөз алып, ел мен қоғам дамуына қатысты өзекті мәселелерге пікір білдірді. Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев елде жүргізіліп жатқан…

Толық оқу
Никола Уиллис

Жанармай тапшылығына байланысты Жаңа Зеландия автокөліктерді қолдануды шектеуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Елдің қаржы министрі Никола Уиллис 1979 жылғы заңды қайта енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Бұл заң бойынша көлік жүргізушілеріне аптасына бір күн машинамен жүруге тыйым салынады. Талапты бұзғандарға ақшалай айыппұл салынбақ. Аталған заң алғаш рет 1979 жылы Ирандағы ислам революциясынан кейін енгізілген. Сол кезде де мақсат елдегі жанармай тұтынуды азайту болатын. Қазір елдегі жағдай әуе қатынасына да әсер етіп отыр. Керосин бағасының өсуіне байланысты Air New Zealand әуе компаниясы алдағы екі ай ішінде рейстер санын 5%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Қысқарту негізінен ішкі рейстерге қатысты болады. Жаңа Зеландия жанармайды…

Толық оқу
Президент Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен мәслихат депутаттарының республикалық форумында жаңа Конституция жобасына сын айтушыларға жауап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Президенттің айтуынша, жаңа Конституцияда алғаш рет мемлекеттің басты міндеті ретінде ғылым мен білімді, мәдениет пен инновацияны дамыту анық көрсетілген. Мемлекеттің зайырлы сипаты және білім беру жүйесінің зайырлы болуы туралы норма да ерекше маңызды болып отыр. – Қазақстан таланттар мен инвестицияны тартатын әлемдік орталыққа айналуға зор мүмкіндікке ие. Бұл адами капиталдың сапасын арттыруға ықпал етеді. Сол себепті Конституцияда тұңғыш рет интеллектуалдық меншік құқығын қорғау нақты бекітілмек. Осы арқылы креативті экономиканың дамуына жаңа серпін беріледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол сондай-ақ азаматтардың жағдайын…

Толық оқу
Соғыс құны

АҚШ-тың Иранмен соғыстағы алғашқы алты күндік шығыны 11 миллиард доллардан асты, деп жазады Ertenmedia.kz. The New York Times басылымының хабарлауынша, бұл туралы Пентагон өкілдері Конгреске арналған жабық брифингте мәлімдеген. Аталған сомаға Иранға қарсы соғысқа дайындық шығындары кірмеген, сондықтан нақты сома бұдан да көп болуы ықтимал. Бұған дейін америкалық БАҚ алғашқы екі күннің өзінде ғана АҚШ әскерилері құны 5,6 миллиард долларды құрайтын оқ-дәрі қолданғанын жазған болатын. Ал CSIS талдау орталығы соғыстың алғашқы 100 сағатындағы шығынды 3,7 миллиард долларға бағалады. 12 наурыз таңертеңгі жағдай бойынша АҚШ-тың соғысқа жұмсаған жалпы шығыны 17 миллиард доллардан асқан. Қазір соғысқа шамамен күніне 1 миллиард доллар кетуде.…

Толық оқу
балық педикюр

Дүниежүзінің бірқатар елінде танымал балық-педикюрі қауіпті екенін назардан шығармаңыз, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл процедура кезінде ұсақ гарра руфа балықтары аяқтың қатып қалған терісін жеп, теріні жұмсартады. Алайда мамандар оның ВИЧ, С гепатиті сияқты қауіпті инфекцияларды жұқтыру қаупі бар екенін ескертіп отыр. Мамандардың айтуынша, инфекция балықтардан адамға тікелей жанасу кезінде немесе су арқылы жұғуы мүмкін. Өйткені гарра руфа балықтары теріні тазалаған кезде микро жарақаттар пайда болып, вирустар ағзаға сол жарақаттар арқылы енеді. Әсіресе диабет, псориаз сияқты аурулары бар және иммунитеті төмен адамдарға бұл педикюр түрін жасатуға мүлдем болмайды. Ғалымдар жұқтыру қаупінің өте төмен екенін айтқанымен, оны толығымен жоққа шығару мүмкін емес. Себебі…

Толық оқу
Күміс

Соңғы кезде қазақстандықтар бағалы металдарға, әсіресе алтынға көбірек қызыға бастады. Алайда алтынның тасасында қалған күміс соңғы жылдары әлдеқайда тиімді инвестиция ретінде танылып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Күміс соңғы бір айдың ішінде шамамен 12%-ға қымбаттаса, бір жылдың ішінде 150%-дан астам өскен. Бүгінде оның бағасы бір унциясы үшін 85-87 доллар шамасында саудаланып жатыр. 2026 жылғы 10 наурызда тіпті 90 доллардан асып, инвесторлардың назарын қайта аударды. Әуелде күміске көбіне зергерлік бұйым немесе қарапайым инвестиция құралы ретінде қарайтын. Алайда соңғы жылдары сұраныс құрылымы өзгерді. World Silver Survey зерттеуіне сәйкес, әлемдегі күмістің шамамен 59%-ын өнеркәсіп тұтынады. Ол электроника, күн панельдері, электромобильдер және дата-орталықтардың инфрақұрылымында кеңінен…

Толық оқу
Президент Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде әлемде тұрақсыздық пен белгісіздік күшейгенін атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы «турбуленттік» термині қазір жиі қолданылатын саяси сипатқа ие болғанын жеткізді. Бұрын бұл сөзді ұшқыштар әуе кемесі қолайсыз аймаққа енгенде ғана айтатын болса, бүгінде халықаралық ахуал туралы пікір білдіретін саясаткерлер мен сарапшылардың негізгі терминіне айналған. – Шын мәнінде, бүкіл әлем тұрақсыздық пен белгісіздік жағдайында өмір сүруге мәжбүр. Қазіргі онжылдықтың әр жылы алдыңғысынан күрделірек болып барады. Бұл құбылыс әлеуметтік желілерден айқын көрінеді. Онда ақиқат жалған ақпаратпен, конспирология арандатумен, қайғы-қасірет ойын-сауықпен астасып кеткен. Жасанды интеллект дәуіріне қадам басқан қазіргі…

Толық оқу
WhatsApp

WhatsApp мессенджерінде енді 13 жасқа дейінгі балалардың да жеке аккаунтын ашып, қолдануына рұқсат беріледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа функция арқылы ата-аналар жасөспірім балаларына арнап арнайы аккаунттар жасай алады. Бірақ бұл аккаунттарды бақылау тізгіні толығымен ата-ананың қолында болады. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл өзгеріс WhatsApp-тың «отбасылық өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын» көрсетеді. Алайда, соңғы уақытта жастар арасында смартфон мен әлеуметтік желілердің зияны туралы қоғамда алаңдаушылық та артып келеді. WhatsApp бұл шешімді ата-аналардың өтінішімен қабылдағанын атап өтті. «Көптеген ата-аналар бізге хабарласып, балаларына WhatsApp-пен танысуға мүмкіндік беретін және жасөспірімдерге лайықталған интерфейс жасауды сұрады», — делінген компания мәлімдемесінде. Жасөспірімдердің аккаунттарын ата-анасы немесе заңды өкілдері ашып, үнемі…

Толық оқу
LRT

Астана әкімдігі жеңіл рельсті көлік (LRT) үшін жол жүру тарифтерінің жобасын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа тарифтік ұсыныс «Ашық НҚА» порталында қоғам талқысына шығарылды. Жоба бойынша жеңіл рельсті көлікпен жол жүрудің бағасы – қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз төлем түріне қарамастан, 200 теңге болып белгіленген. Ал жеңілдік берілген көлік карталарының иелері тегін жүре алады. Жобаға берілген түсініктемеде жолаушылардың белгілі бір санаты үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылғаны жазылған. Мұндай азаматтар жолақы төлеуден тек жеке электронды көлік картасының түпнұсқасы арқылы ғана босатылады. Бұған дейін елорда әкімі LRT көлігімен жол жүру бағасы 100-200 теңге аралығында болуы мүмкін екенін айтқан еді. Қазіргі ұсынылған тарифтер осы шекте…

Толық оқу
Ким Чен Ын

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бейсенбі күні қызы екеуі қару-жарақ зауытына барып, жаңа қаруды сынақтан өткізген сәтімен көзге түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл оқиға елдің әскери стратегиясында маңызды өзгерістер жүріп жатқанын көрсетеді. Бұған дейін негізінен ядролық қаруды дамытуға басымдық берілген болса, енді қарапайым қару-жарақты жаңарту ісі жанданғаны байқалады. CNA агенттігінің мәліметінше Ким Чен Ын тапанша мен өзге де жеңіл қарулар шығаратын зауытқа барып, жаңа тапаншаларды сынап көрді. Агенттік қарудың сапасын көшбасшының «өте жақсы» деп бағалағанын хабарлады. Жазбаша мәлімдемеде қызының аты аталмаса да, фотосуреттерде Кимнің жасөспірім қызының әскери лауазымды адамдармен бірге қару атқаны көрінеді. Ким Чен Ын зауыттың елдің әскери…

Толық оқу