Маңғыстау облысында Наурыз мерекесі қарсаңында жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді. Ақтау қаласында халықаралық стандарттарға сай салынған мұз сарайының ашылуы өңірдегі спорт инфрақұрылымының дамуына тың серпін берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Ол өз сөзінде жастарға қолайлы жағдай жасау мен бұқаралық спортты дамыту басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. – Жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беру стратегиялық міндет. Қысқы спорт түрлерін дамыту арқылы жаңа буынның әлеуетін ашуға жол ашамыз, – деді өңір басшысы. Мұз сарайының лентасын қию рәсіміне облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев, кәсіпкер Ұлықпан Көбесов, мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт…
Автор: Лейла Болтаева
Түркістанда Рамазан айында игі бастама жалғасып, жастар көпбалалы отбасыға баспана тарту етті. Бұл үрдіс жыл сайын дәстүрге айналып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан қаласындағы «Бекзат» мөлтек ауданының 1995 жылы туған азаматтары бірігіп, жалғызбасты ана Айсұлу Көшербаеваға 5 бөлмелі үйдің кілтін табыстады. Ол бірнеше жылдан бері төрт баласымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып келген. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі әкесіне де қамқорлық жасап жүр. Салтанатты рәсімге өңірдің беделді тұлғалары қатысты. Үйдің лентасын ауыл ақсақалы Дәулеткерей Оспанов, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Адырбекқызы және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы Айғаным Серім қиды. Қалалық мәслихат депутаттары мен ел ағалары жаңа қоныс иелерін құттықтап, ізгі…
Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева отбасылық тақырыпқа қатысты сұраққа ашық жауап беріп, желіде қызу талқылануда, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол «екінші әйел алу» туралы қойылған сұраққа философиялық тұрғыда жауап берген. – Бұл мәселе адамның қалауынан бұрын пешенеге байланысты. Үлкендер де солай дейді. Егер жазылса, адам оны көреді. Ал ағаң өзі барып алып бермей алмайды ғой, – деді Динара Майғазиева. Сондай-ақ ол жұбайының әлеуметтік желіде жиі смайлик қолдануын да түсіндірді. Оның айтуынша, бұл – Сәкен Майғазиевтің халыққа деген ықыласы мен ізгі ниетінің көрінісі. Желі қолданушылары бұл пікірге әртүрлі көзқарас білдірді. Бірі отбасылық тақырыпты қозғауды орынсыз деп санаса, енді бірі Динара…
Би адамның денсаулығына оң әсер ететіні бұрыннан белгілі. Қазіргі таңда дәрігерлер би терапиясын түрлі ауруларды емдеуде кеңінен қолдануда, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамандардың айтуынша, би тек қозғалыс емес, ол эмоция мен энергияның үйлесімі. Қала өміріндегі күйбең тірлік, стресс пен қозғалыстың аздығы көптеген аурудың негізгі себебі саналады. Ал би осы факторлардың орнын толтырып, ағзаға жан-жақты әсер етеді. Би кезінде адам денесі толық қозғалысқа түседі. Бұлшықеттер жұмыс істейді, жүрек-қантамыр жүйесі жаттығады, тыныс алу жақсарады. Қан айналымы күшейіп, ағза оттегімен жақсы қанығады. Соның нәтижесінде бас ауруы азайып, иммунитет артады, жалпы сергектік пайда болады. Би артық салмақтан арылуға да көмектеседі. Әсіресе латынамерикалық бағыттағы билер жоғары…
Қырғызстанда экс-қауіпсіздік қызметінің басшысы Қамшыбек Тәшиев Ораза айт намазына қатысып, қоғамға үндеу жасады. Бұл оның елге оралғаннан кейінгі алғашқы жария көріністерінің бірі болды, деп жазады Ertenmedia.kz. 20 наурыз күні ол Бішкек қаласындағы «Жал» ықшамауданындағы мешітте айт намазына қатысты. Қасында Ош қаласының бұрынғы әкімі Женишбек Токторбаев болған. Журналистерге берген қысқаша пікірінде Тәшиев барша халықты мерекемен құттықтап, елге тұрақтылық тіледі. Сонымен қатар қасиетті Рамазан айында өзіне қатысты жағымсыз пікір айтқандарды кешіргенін жеткізді. – Барлығын Алла разылығы үшін кешірдім. Келешекте жалған ақпарат таратпайды деп үміттенемін, – деді ол. Айта кетейік, бұған дейін 10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Ташиев қызметінен босатылған болатын.…
Жол жөндеу кезінде асфальтты жай ғана үстінен қайта құя салу тиімді емес. Себебі ескі жолдағы жарықтар уақыт өте жаңа асфальттың бетіне қайта шығып кетеді. Осы мәселені шешу үшін арнайы «аралық мата» технологиясы қолданылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл әдісте ескі жолдың үстіне жаңа асфальт құймас бұрын арнайы синтетикалық мата төселеді. Ол қарапайым мата емес, битуммен (сұйық асфальтпен) сіңдірілген арнайы материал. Жүйенің негізгі бөліктері қарапайым: Ең үстінде – жаңа асфальт қабаты. Бұл көлік жүретін тегіс жол беті. Оның астында – арнайы мата. Ол су өткізбейтін қабат ретінде қызмет етеді және ескі жарықтардың жоғары шығуын тежейді. Төменде – бұрынғы жол жабыны. Ол көбіне…
Қазақстанда автожол саласын дамытуға бағытталған жаңа кезең басталмақ. Көлік министрлігі 2026–2028 жылдарға арналған негізгі бағыттарды бекітіп, инфрақұрылымды жаңғырту мен транзиттік әлеуетті арттыруға басымдық берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қабылданған құжатқа сәйкес, жол жабынының түрін таңдау тәсілі қайта қаралады. Жүк қозғалысы жоғары халықаралық бағыттарда цементбетон жолдары көбейтіледі. Ал ауылдық және шағын елді мекендерге апаратын жолдарда қиыршық тас пен шағал жабындарына басымдық беріледі. Бұл материалдар ұзаққа шыдамды әрі климаттық өзгерістерге төзімді. Транзиттік дәліздерді дамыту – негізгі бағыттардың бірі. «Бейнеу – Сексеуіл», «Қызылорда – Сексеуіл», «Сексеуіл – Ұлғайсын» және «Жаңаөзен – Кендірлі – Темірбаба» жолдары стратегиялық жобалар қатарында. Сонымен қатар жөндеу жұмыстарының көлемі артып,…
Қазақстанда азаматтардың өтініштерін қарау жүйесі жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Департаменттің хабарлауынша, қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстың негізгі тетігі – азаматтардың жолданымдары. Әрбір өтініштің артында нақты мәселе, адамның тағдыры мен үміті тұрғандықтан, оны сапалы қарау мемлекеттік органдардың басты міндеті болып саналады. Осы бағытта 2021 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі маңызды рөл атқарып отыр. ӘРПК азаматтардың құқықтарын қорғаудың жаңа құралын қалыптастырып, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтті. Департамент өкілдерінің айтуынша, енді мемлекеттік органдар өтініштерді тек уақытында ғана емес, мазмұнды…
Қазақстанда іздеуде жүрген Арғын Нигматуллиннің Еуропада болуы ықтимал деген ақпарат тарады. Мәліметтерге сәйкес, ол Португалия аумағында жасырынуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Деректер бойынша, оның жұбайы Найле Бельбаева Мальтада тіркелген Heartwood Limited компаниясы арқылы Португалияның Картейра қаласында орналасқан қымбат виллаға иелік етеді. Сарапшылар мұндай жылжымайтын мүліктің құны шамамен 3 млрд теңгеге жуық болуы мүмкін екенін айтады. Аталған нысан Португалияның оңтүстігіндегі курортты аймақта орналасқан. Бұл өңір демалысқа қолайлы инфрақұрылымымен, жағажайларымен және жоғары деңгейдегі тұрғын үйлерімен ерекшеленеді. Бұрын бұл жерде дәстүрлі үлгідегі үй болған, кейін оның орнына заманауи форматтағы жаңа вилла салынған. Ақпарат көздеріне қарағанда, нысанға қатысты қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Үйдің айналасы биік…
Ғалымдар мидағы белгілі бір аймақтардың зақымдануы темекі мен алкогольге тәуелділікті әлсіретуі мүмкін екенін анықтады. Бұл жаңалық тәуелділік механизмін түсінуге жаңа мүмкіндік беріп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеуге қатысқан адамдардың барлығы темекі шегетін болған. Алайда ми жарақатын алғаннан кейін олардың бір бөлігі бұл әдеттен оңай бас тартса, енді біреулері бұрынғыдай темекі шегуді жалғастырған. Ғалымдар осы айырмашылықтың себебін анықтау үшін мидағы нақты зақымданған аймақтарды салыстырған. Нәтижесінде темекіні тастаған адамдарда миының белгілі бір бөліктері зақымданғаны белгілі болды. Атап айтқанда, жоғарғы белдеулі қыртыс, бүйірлік префронтальды қыртыс және аралшық қыртысы деп аталатын аймақтар тәуелділікпен тығыз байланысты екені анықталған. Бұл аймақтар бір-бірімен жүйке байланыстары арқылы байланысып,…










