Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев кулуарда өзіне қатысты «болашақта вице-президент лауазымына тағайындалады» деген қауесетке пікір білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, мұндай әңгіменің дәл қазір қозғалуы орынсыз әрі қоғамдағы пікірталасты басқа арнаға бұрады. – Бұл талқылаулардың қоғамдық пікірталасты мүлде басқа бағытқа бұрып әкетіп жатқанын айтқым келеді. Кадр мәселесінің барлығы тек референдумнан кейін, егер Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасын қолдаса, сол Конституцияға сәйкес шешіледі, – деді Әшімбаев. Сенат спикерінің ойынша, қазіргі және алдағы Конституция қабылданғаннан кейінгі барлық кадрлық шешімдерді қабылдау тікелей президенттің құзыретінде. «Лауазымды тұлғаларды тағайындау – тек қана президенттің прерогативасы. Сондықтан бұл мәселе бойынша қазір талқылау жүргізу немесе қандай да бір…
Автор: Лейла Болтаева
Солтүстік Кореяда 600 миллиметрлік ірі калибрлі реактивті зымыран қондырғылары партияның алдағы тоғызыншы съезіне орай табысталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Корея орталық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, салтанатты рәсім Пхеньянда өткен. Іс-шараға Мемлекеттік кеңес төрағасы Ким Чен Ын қатысып, жаңа қару жүйесін жеке өзі қарап шыққан. Мәліметке сәйкес, маңызды әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшылары екі айлық қосымша өндіріс нәтижесінде жасалған 50 дана 600 мм калибрлі реактивті зымыран қондырғысын сый ретінде ұсынған. Ким Чен Ын өз сөзінде аталған қару «ерекше соққы жасауға, яғни стратегиялық міндеттерді орындауға бейімделгенін» атап өтті. Оның айтуынша, жүйеге жасанды интеллект технологиясы мен кешенді бағыттау тетіктері енгізілген. Осы арқылы артиллерияның заманауи соғыстағы рөлі мен…
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Сеул қаласының соты экс-президентті 2024 жылдың желтоқсан айында елде төтенше әскери жағдай жариялап, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптады. Сонымен қатар елдің конституциялық құрылымын бұзуға талпынды деп бағалаған. Бұрынғы мемлекет басшысы өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ. Прокурорлар Юн Сок Ёль үшін өлім жазасын сұраған болатын. Юн Сок Ёльге тағылған айыптың негізі 2024 жылдың желтоқсанындағы оқиғаларға барып тіреледі. Сол уақытта бюджет мәселесі парламентте үлкен дау тудырып жатқан еді. Осыны сылтау еткен Юн Сок Ёль бір түнде ел аумағында төтенше әскери жағдай енгізді. Ол мұны оппозиция өкілдерінің…
Қытайда литий батареяларын әуе көлігімен қауіпсіз тасымалдауға арналған жаңа технология сынақтан сәтті өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жақында Хубэй провинциясындағы Эчжоу Хуаху халықаралық әуежайынан салмағы 250 келі болатын қуатты литий батареясы Гуандун провинциясының Шэньчжэнь қаласына жүк ұшағымен жеткізілді. Ұшақ тасымалы әдеттегі жердегі көлікке қарағанда 80%-ға дейін тиімді болып шыққан. Мұны SF Holding логистикалық компаниясының еншілес кәсіпорны SF Airlines операциялық стандарттар бөлімінің басшысы Сян Сивэнь хабарлады. Литий батареялары электроникадан бастап электр көліктері, робототехника және қуат сақтау жүйелеріне дейін көптеген салада қолданылады. Бүгінде әлемдегі ең ірі литий батареяларын өндіруші мемлекет Қытай. 2024 жылы елдегі литий батареялары өндірісінің жалпы көлемі 1,2 триллион юаньнан (169,7…
Энергетика министрлігі «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елдегі энергетика нысандарының қазіргі жай-күйіне кешенді бағалау жүргізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрлік мамандары технологиялық процестерді басқару жүйелерінің цифрлық деңгейін талдап, саладағы технологиялық және ақпараттық тәуекелдерді анықтады. Осы бағалау нәтижесінде жасанды интеллектті (ЖИ) қолдана отырып, энергетика саласын дамыту бағыттары нақтыланды. Жасанды интеллект негізінде энергетикалық нысандардың технологиялық параметрлерін зияткерлік мониторинг жасайды. Сонымен қатар құрал-жабдықтардың істен шығуын алдын ала болжау, жұмыс режимдерін оңтайландыру және энергиямен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Бұдан басқа диспетчерлік басқару және киберқауіпсіздік жүйелеріне үлкен деректерді талдайды. Сондай-ақ, машиналық оқыту алгоритмдерін енгізу жолдары да қарастырылған. Бағалау жұмыстарының…
Кербұлақ ауданында заманауи кітапхана құрылысы аяқталуға жақын, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір аудандық кітапхана ауыл әкімдігінің ғимаратында орналасқан. Ал балалар кітапханасы Әбікен Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде жұмыс істеп тұр. Аудан кітапханаларындағы жалпы кітап қоры 53 мың данаға жуық, оқырман саны 58 мыңнан асады. Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменовтің айтуынша, облыс бойынша жыл соңына дейін жалпы саны тоғыз мәдениет нысаны пайдалануға беріледі. Оның ішінде Сарыөзек ауылындағы кітапхана да бар. – Президент атап өткендей, кітапхана желісін дамытуға ерекше көңіл бөлгеніміз жөн. Қазіргі таңда облыста жұмыс істеп тұрған 150 кітапхананың жалпы кітап қоры 2,8 миллион данадан асты. Сарыөзектегі…
Вашингтонда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америкада тұратын, білім алып жүрген және қызмет етіп жатқан қазақстандықтармен арнайы кездесу өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент кездесуде жастардың қазіргі таңда жаһандық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатып жүргенін ерекше атап өтті. – Өскелең ұрпаққа үлкен үміт артамын. Әрбіріңіздің жетістігіңіз елдің табысы. Сондықтан мемлекет жастардың жан-жақты дамуына, ғылыми-зерттеу жобаларына, стартап бастамаларына және инновациялық идеяларды жүзеге асыруға әрдайым қолдау көрсетеді. Жастардың қабілет-қарымын ұштауға, халықаралық тәжірибе жинауына барлық мүмкіндікті жасаймыз, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде алдағы наурыз айында өтетін жалпыхалықтық референдумның тарихи маңызына ерекше тоқталды. – Жаңа Конституция еліміздің демократиялық даму жолындағы жаңа белес. Бұл –…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Вашингтонға барды, деп жазады Ertenmedia.kz. Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдердің көшбасшыларымен және АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесулер өткізбек. Президент Тоқаев бұл сапарға АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен барды. Бейбітшілік кеңесінің негізгі талқылайтын тақырыбы – Газа секторындағы жағдайды тұрақтандыру және өңірде қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар әзірлеу. Сонымен қатар, гуманитарлық қолдауды үздіксіз жеткізу мәселесі де кеңес назарында болады деп күтілуде. Автордың айтуынша, бұған дейін 22 қаңтарда Давоста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойған. Сол жиын барысында Тоқаев пен Трамп арасында болған…
Білікті қаржы маманы Алмас Шөкин елдегі көлік статистикасының былтырғы жылғы көрсеткіштері көп сұрақ тудырып отырғанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Алмас Шөкиннің айтуынша, 2025 жылдың басында елде 5,9 млн автокөлік тіркеуде тұрған. Желтоқсан айының басында көлік саны 5,85 миллионға дейін кеміп кеткен. Бір жылда жүздеген мың жаңа көлік сатып алынып жатқанда, мұндай көрсеткіштің пайда болуы қызық жағдай. Алмас Шөкин «Бұл санның азаюына қазан айында көлік деректер қорын тазарту себеп болған шығар», – деп есептейді. Өйткені бұл кезде жүйеден ескі, қайталанатын және өлі тіркеулер алынып тасталған. Оның ойынша, осындай деректердің ашық әрі тұрақты жарияланып отырғаны дұрыс. Әйтпесе, қазір статистиканы әртүрлі мекемелерден теріп жинауға…
18 ақпан күні сіздің өміріңізде үлкен өзгерістер болмаса да, күтпеген оқиғалар болуы мүмкін. Бүгін сабыр сақтап, жоспарыңызды аздап өзгертуге дайын болыңыз, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. ТОҚТЫ Таңертең көшеде немесе көлікте себепсіз жанжал тууы мүмкін. Бірақ күннің екінші жартысында сізге жағымды тосын сый күтіп тұр. ТОРПАҚ Күннің алғашқы бөлігінде өзіңізді бақытты сезінесіз. Ұзақ уақыт іздеген жоғалған затыңызды табасыз немесе оған лайықты алмастырғышқа кезігесіз. ЕГІЗДЕР Сыртқы келбетіңізді өзгертуге деген құлшыныс пайда болуы мүмкін. Өз қалауыңызға қарай шағын өзгеріс жасап көріңіз – бұл сізге қуаныш сыйлайды. ШАЯН Жағымды күн. Жаңа қызығушылықты немесе спорт түрін ашыңыз. Сүйікті адамыңызға көбірек уақыт бөліп, романтикалық кеш ұйымдастырыңыз. АРЫСТАН Таңертеңгі…










