Автор: Лейла Болтаева

Саябақ

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдық мерейтойы аясында Қаскелең орманшылығында «Журналистер аллеясы» ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Игі бастама «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы және халықаралық «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында ұйымдастырылды. Ұлттық парк аумағында өткен шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, экологтар, қоғам белсенділері, еріктілер, блогерлер, мектеп орманшылықтары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. «Журналистер аллеясы» Іле Алатауы ұлттық паркінің 30 жылдығына арналған «30 жылдыққа – 30 іс-шара» мерейтойлық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан ерекше жобалардың бірі саналады. Бастаманың мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау бағытындағы қоғамдық жауапкершілікті арттыру және БАҚ өкілдерімен байланысты нығайту.…

Толық оқу
Жеке көмекші

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жеке көмекші қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жобасын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа бастама мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қолдау жүйесін икемді, ашық әрі заманауи форматқа көшіруге бағытталған. Негізгі мақсат артық бюрократиялық рәсімді азайтып, қызмет алушы мен жеке көмекші арасындағы байланысты цифрлық жүйе арқылы реттеу. Жобадағы басты өзгерістің бірі жеке көмекші қызметін азаматтық-құқықтық қатынас ретінде нақты бекіту. Яғни аталған қызмет еңбек қатынастары санатына жатпайды. Соның нәтижесінде жеке көмекші мен қызмет алушы үшін артық қағазбастылық қысқарады. Жұмыс уақытын есептейтін табель жүргізу немесе өмірлік жағдайға үнемі сәйкес келе бермейтін қатаң кестеге байлану қажеттілігі жойылады. Жаңартылған тәртіп…

Толық оқу
erasmus

Астанада Erasmus+ бағдарламасының өңірлік ақпараттық күні және «Жоғары білімдегі жасанды интеллект» конференциясы өтіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шара 2026 жылғы 21-22 мамыр күндері С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің алаңында ұйымдастырылды. Оны Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі аталған университетпен бірлесіп, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Білім, мәдениет және аудиовизуалды құралдар жөніндегі Еуропалық атқарушы агенттіктің және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен өткізіп отыр. Жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтудің және жоғары білім жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізудің маңызын атап өтті. Министрдің айтуынша, жасанды интеллект университеттерге жаңа мүмкіндік ашып, білім сапасын арттыруға, ғылыми зерттеуді дамытуға…

Толық оқу
америка сарбаздары

АҚШ президенті Дональд Трамп Польшаға қосымша 5000 әскери қызметкер жіберетінін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Трамп бұл шешімін Польша президенті Кароль Навроцкийдің сайлануымен және онымен жақсы қарым-қатынас орнатқанымен байланыстырды. Ақ үй басшысы Truth Social желісінде Навроцкийді қолдағанын мақтанышпен айтып, екі ел арасындағы байланыс аясында АҚШ Польшаға қосымша әскери күш жіберетінін жазды. Алайда Трамп нақты қандай контингент туралы айтып отырғанын ашып көрсеткен жоқ. Әңгіме мүлде жаңа әскери күш туралы ма, әлде бұған дейін Польшаға жіберілуі тиіс болып, кейін тоқтатылған 4000 сарбаздан тұратын 1-кавалериялық дивизияның 2-бронетанкалық бригадасы туралы ма – әзірге белгісіз. Бұған дейін, 13 мамырда, америкалық басылымдар Пентагон Польшаға 4000 сарбаз жіберу…

Толық оқу
Танакөз Толқынқызы

Ақын Танакөз Толқынқызы поэзия кешінің ақылы болуына қатысты оқырман пікіріне жауап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақынның айтуынша, әлеуметтік желіде бір оқырман «Кеш сонда ақылы ма?» деген пікір қалдырған. Танакөз Толқынқызы мұндай сұрақтың астарында «әдетте тегін өтетін поэзия кешіне неге ақша сұралады?» деген түсінік жатқанын бірден аңғарғанын айтады. Оның ойынша, қоғамда поэзия кеші міндетті түрде тегін болуы керек деген қате түсінік қалыптасқан. Адамдар күнделікті өмірде түрлі қызметке ақы төлеуге үйренген. Маникюр, шаш бояту, сантехник шақыру, мейрамханада тамақтану, би сабағы немесе ағылшын тілі курсы – бәріне ақы төленеді. Ал ақын кеші, өнер адамының еңбегі, сахнаға шыққан кәсіби мамандардың дайындығы көп жағдайда тегін…

Толық оқу
Маңғыстау

Ақтау қаласындағы 4А шағынауданда орналасқан «Ақбота» саябағын кешенді жаңғырту жобасы таныстырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға таныстырылды. Негізгі мақсат қала тұрғындары мен қонақтарына арналған заманауи, қауіпсіз әрі жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру. «Ақбота» саябағының жалпы аумағы 107 мың шаршы метрден асады. Жобаны қаржыландыру «NCOC» компаниясының демеушілігі есебінен жүзеге асырылады. Жалпы инвестиция көлемі 2,5 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Конкурстық рәсімдер өткізілді. Енді мердігер мекеме – «Оңдасын Строй» ЖШС-мен келісімшартқа қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңғырту аясында саябақтағы жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтіріліп, автотұрақтар ұйымдастырылады. Сонымен қатар серуендеу аллеялары, тынығу…

Толық оқу
интернет кабель

Ғалымдар интернет кабельдерін тек байланыс құралы ретінде ғана емес, жер сілкінісі, жанартау атқылауы және су тасқыны секілді табиғи құбылыстарды бақылайтын сезімтал датчик ретінде пайдалана бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір жер жүзін миллиондаған шақырым оптикалық талшықты кабель торлап жатыр. Оның ішінде мұхит түбінде жатқан суасты интернет кабельдерінің ұзындығы шамамен 920 мың мильге жетеді. Бұрын мұндай желілер тек дерек тасымалдау үшін қажет болса, енді олар ғылымға да қызмет ете бастады. Мамандар таратылған акустикалық зондтау, яғни DAS технологиясын қолданады. Бұл әдіс кабель бойымен лазерлік импульс жіберіп, өте ұсақ діріл, топырақ қозғалысы, деформация және су ағыны секілді өзгерістерді тіркейді. Кәдімгі сейсмометр жер қозғалысын бір…

Толық оқу
май ауыстыру

Қазақстанда жеке көлікті күтіп ұстау шығыны бір жылда 16,6 пайызға қымбаттады. Автокөлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету қазақстандықтар үшін барған сайын қымбаттап барады. Бұған дейін де көлік жөндеу бағасы өсіп келгенімен, жүргізушілер кейінгі жылдағы қымбатшылықтың қарқыны қатты сезілгенін айтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Тек жөндеу ғана емес, оған ілеспе қызметтер де қымбаттаған. Техникалық байқау, автотұрақ жалдау, жүргізу сабақтары және мемлекеттік баж салығы бойынша баға орта есеппен 28 пайызға өскен. Көлік иелері май ауыстырудың өзі бұрынғыдан қымбаттап кеткенін айтады. Бірі танысының былтыр қозғалтқышты күрделі жөндеуге 320 мың теңге жұмсағанын айтса, енді бірі әр май ауыстырған сайын баға бірнеше мың теңгеге өсіп отырғанын…

Толық оқу
жалақы

Қазақстанда орташа жалақы 461,5 мың теңгеге жеткенімен, инфляция бұл өсімнің әсерін әлсіретті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында елдегі орташа номиналды жалақы 9,1 пайызға өсіп, 461,5 мың теңгені құрады. Қағаз жүзінде бұл жақсы көрсеткіш сияқты көрінеді. Алайда халықтың нақты қалтасына келгенде жағдай басқаша. Инфляцияны есепке алғанда, нақты жалақы 2,3 пайызға төмендеген. Яғни адамдар бұрынғыдан көбірек ақша алуы мүмкін, бірақ сол ақшаға сатып алатын тауар мен қызмет көлемі азайып отыр. Нақты жалақының төмендеуі үшінші жыл қатарынан тіркеліп келеді. Бұл еңбек нарығы үшін жағымсыз белгі. Себебі есеп парағындағы өсім тұрмыс сапасының жақсарғанын әрдайым білдіре бермейді. Ең…

Толық оқу
DDAgency

Енді сақтандыру компаниялары көлік иелеріне бірдей тарифпен қарамай, әр жүргізушінің тәуекел деңгейін жеке есептей алады. Яғни полис бағасына адамның жасы, жүргізушілік өтілі, жол апатына жиі түсуі, айыппұлдары, көліктің шыққан жылы және басқа да деректер әсер етеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қарапайым тілмен айтқанда, көлікті ұқыпты жүргізетін адам үшін полис арзандауы мүмкін, ал жол ережесін жиі бұзатын немесе апатқа көп түсетін жүргізуші қымбат төлейді. «Freedom Insurance» СК» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаевтың айтуынша, қазіргі міндетті автосақтандыру жүйесі ұзақ уақыт бойы сақтандыру компаниялары үшін тиімсіз өнімге айналған. Жиналатын сақтандыру сыйлықақысы төлем шығынын толық жабуға жетпейді. Соның салдарынан сақтандырушылар полисті белсенді сатуға, клиентке ескерту…

Толық оқу