Түркістан облысында мемлекеттік ақпараттық саясаттың орындалу барысы талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен апталық штаб отырысында өңірлік коммуникация қызметінің жұмысы өтті. Шара барысында ақпараттық сүйемелдеу сапасы және мемлекеттік органдардың қоғаммен байланыс тетіктері қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Жұмашбеков қатысты. Соынмен қатар Ақпараттық талдау орталығы КММ директоры Айдар Сейдазым және Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Төребек Байтасов баяндама жасады. Жиын барысында өңірде жарияланған материалдарға ден қою алгоритмінің орындалуы сараланды. Мемлекеттік органдар тарапынан берілетін жауаптардың мерзімі, мазмұны және сапасы талқыланды. Сонымен қатар тұрғындар жиі көтеретін өзекті мәселелерге талдау жасалды.…
Автор: Лейла Болтаева
«Ғылым ордасында» француз және еуропалық мұра саласы сарапшыларымен B2B форматындағы халықаралық кездесуі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараны «Ғылым ордасы» РМК, Алматыдағы ЮНЕСКО Бюросы және Францияның DUALEST SAS компаниясы бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуге «Ғылым ордасы» өкілдері, Алматыдағы ЮНЕСКО Бюросының мамандары, француз компанияларының делегациясы қатысты. Сондай-ақ Алматы қаласындағы музей, архив, кітапхана және ғылыми-мәдени ұйым қызметкерлері қатысты. Француз делегациясы құрамында Bruynzell компаниясының президенті Alexandre Collot, Polymorph Design, Memorist, Agence Nathalie Carrière және DUALEST компанияларының өкілдері болды. Олар мәдени мұраны сақтау, архив қорларын қорғау, музей кеңістігін жаңғырту, реставрация және цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу «Ғылым ордасы» РМК мен DUALEST SAS компаниясы арасында қол…
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Құрылтай – мемлекеттік институт тұғыры» атты конференция өтіп, «Құрылтай феномені» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғылыми жиын университетте бастау алған «Мектеп – университет – нарық: білім берудің жаңа архитектурасы» педагогикалық идеялар фестивалі аясында өтті. Іс-шара Ұлы Дала өркениетіндегі құрылтай институтын, оның тарихи сабақтастығын және қазіргі Қазақстандағы саяси жаңғыру үдерісімен байланысын ғылыми тұрғыда талқылауға арналды. «Құрылтай феномені» еңбегінің бастамашысы әрі авторы – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының докторы Омархан Өксікбаев. Автор шығыстанушы, түрколог-лингвист ғалым Зәріпбай Оразбаймен бірлесіп, ортағасырлық деректерді жүйелеп, құрылтай дәстүрінің тарихи негізін кеңінен талдаған.…
Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтанов атындағы драма театрының жаңа ғимаратын салуға Үкімет резервінен 8 млрд теңге бөлінді, деп жазады Ertenmedia.kz. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбеде жаңа театр ғимаратын салу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында қарастырылып отыр. Үкімет бөлген қаражат құрылыс жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтауға мүмкіндік береді. Тахауи Ахтанов атындағы драма театры Ақтөбе өңірінің мәдени өмірінде ерекше орны бар өнер ордасы саналады. Театрдың тарихы 80 жылдан асады. Жаңа ғимарат Алтын орда шағын ауданында салынып жатыр. Театр 700 орынға есептелген. Нысанда өнердің қазіргі талаптарына сай үлкен және кіші зал, заманауи репетициялық бөлмелер мен сахналық кеңістіктер…
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жоғары оқу орнының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Мерейтойлық бағдарлама аясында халықаралық Лу Бань шеберханасының ашылуы ұйымдастырылып, мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетелдік серіктестер, ғалымдар мен түлектер қатысқан Ғылыми кеңестің салтанатты отырысы өтті. Университет аумағында студенттерді, оқытушыларды және қонақтарды біріктірген мәдени-көпшілік шаралар да мерекелік көңіл күй сыйлады, деп жазады Ertenmedia.kz. Лу Бань шеберханасының лентасын қию рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ЕҰУ басқарма төрағасы – ректоры Ерлан Сыдықов, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Хань Чуньлинь қатысты. Лу Бань шеберханасы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан қазақстандық-қытайлық…
Украина Қарулы күштері биылғы жылдың басындағы қарсы шабуыл кезінде шамамен 400 шаршы шақырым аумақты қайтарған, деп жазады Ertenmedia.kz. Агенттік АҚШ Қорғаныс министрлігі барлау басқармасының есебіне сілтеме жасаған. Пентагон бағалауынша, Украина әскерінің алға жылжуына Ресей күштері заңсыз пайдаланып келген Starlink спутниктік интернет терминалдарының бірнеше мыңының өшірілуі ықпал еткен. Starlink терминалдарын Илон Масктың SpaceX компаниясы әзірлеп, қызмет көрсетеді. Ресей әскері бұл құрылғыларды майданда бөлімшелер қозғалысын үйлестіру, байланыс орнату және дрон соққыларын басқару үшін пайдаланғаны айтылады. Терминалдар өшірілгеннен кейін Ресей армиясының жауынгерлік мүмкіндігі уақытша болса да, айтарлықтай төмендеген. Пентагонның бас инспекторы дайындаған құжатта осы жағдай Киевке 2023 жылдың басынан бері алғаш рет белгілі…
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновпен бірге Ақтау қаласында салынып жатқан «112 Resort Aktau» демалыс базасының құрылысымен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа нысан Каспий теңізі жағалауында орналасқан. Жоба Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде еңбек ететін қызметкерлерге арналған заманауи демалыс және сауықтыру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Демалыс базасы аумағында капсулалық үйлер, абаттандырылған серуендеу аймақтары, спорт алаңдары, бассейндер, мәдени және корпоративтік іс-шара өткізуге арналған орындар қарастырылған. Сонымен қатар отбасылық демалыс пен белсенді бос уақыт өткізуге қолайлы жағдай жасауға басымдық беріліп отыр. Жауапты мамандар өңір басшысы мен министрге құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңдерін, инфрақұрылымдық шешімдерді және жобаның алдағы даму жоспарын таныстырды.…
Алматыда алғаш рет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған мекемеаралық жоспар әзірленіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа құжат зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысын күшейтуге, қауіпті жағдайды ерте анықтауға және зардап шеккендерге көрсетілетін көмекті жүйелеуге бағытталған. Мамандардың айтуынша, әйелдер көбіне жылдар бойы жәбір көріп, жағдай шегіне жеткен кезде ғана көмек сұрайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Дағдарыс орталықтары одағы заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы Зульфия Байсақова тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қандай қолдау қажет екенін және неге кей әйелдер жәбір көрсеткен адамға қайта оралатынын түсіндірді. Оның айтуынша, зардап шеккендер ең алдымен психологиялық көмекке мұқтаж. Әйелдер мен балалар қорқыныштан арылып, күйзелістен шығу, өзіне сенімін қайта…
Қазақстанда өткізіп алған қоңыраудан кейін автоматты түрде қайта-қайта хабарласатын автодозвон қызметіне тыйым салынбақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында хабарлады. Бұған дейін, 13 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат абоненттерді мазалайтын автодозвон мәселесін көтерген еді. Сол кезде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бұл функция қайта қаралуы мүмкін екенін айтқан. 22 мамырда байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына автодозвонға тыйым салатын түзетулер енгізілетіні белгілі болды. Вице-министр Досжан Мусалиевтің айтуынша, жобаға сәйкес, абоненттер өткізіп алған қоңыраулар туралы хабарламаны тек қысқа мәтіндік SMS арқылы алады. Сонымен қатар мұндай SMS пен өткізіп алған қоңырау туралы…
Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап салық берешегі ірі компания басшылары мен жеке кәсіпкерлерге қатысты жаңа шектеу күшіне енеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Салық консультанты Айдар Масатбаевтың айтуынша, жаңа Салық кодексінің 189-бабына сәйкес, фискалдық органдар бюджет алдында ірі қарызы бар заңды тұлғалардың бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына, жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын адамдарға шетелге шығуға уақытша шектеу қою құқығын алады. Алайда қарыз пайда болған бойда адам бірден шекарадан өткізілмейді деген сөз емес. Мұндай шектеу қолданылуы үшін бірнеше шарт қатар орындалуы керек. Біріншіден, компанияның салық берешегі 27 мың АЕК-тен асуы тиіс. 2026 жылғы есеппен бұл 99 млн теңгеден жоғары сома. Екіншіден, қарыз…










