Қазақстан аумағында алдағы тәулікте ауа райы күрт құбылып, бірқатар аймақтарда қар мен жаңбыр араласып жауады, деп жазады Ertenmedia.kz. Солтүстік өңірлерде қар жауып, жолдарда көктайғақ пен боран күтілуде. Шығыс пен орталықта да ауа райы тұрақсыз – кейбір жерлерде тұман түсіп, қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз болады, дегенмен кей аумақтарда тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Батыста да бұлтты күн райы күтіліп, кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауады. Астанада күн ала бұлтты, түнде және таңертең қар жауады, көктайғақ пен боран күтіледі. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -10-12 градус суық. Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде аздап тұман түсуі ықтимал. Ауа…
Автор: Лейла Болтаева
Талдықорғанда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының Жетісу облысы активімен кездесуі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева арнайы қатысып, алда болатын референдум мен жаңа Конституция жобасының маңызын жан-жақты түсіндірді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформалар мемлекеттік басқарудың әділ әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған. – Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы шешімі – азаматтардың тікелей таңдауы арқылы маңызды өзгерістерді бекітуге бағытталған демократиялық қадам. Референдум – жай ғана формалды процедура емес, ол – ел болашағы үшін маңызды шешімдерді халықтың тікелей қабылдауының тиімді тетігі, – деді Аида Балаева.…
Қазақстанның Silk Way Star музыкалық жобасындағы Әзірбайжан мен Армения арасындағы гуманитарлық диалог халықаралық медианың назарын аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлемдік медианарықтағы беделді корпорацияның бірі саналатын BBC 15 ақпан күні жарияланған аналитикалық мақаласын жариялады. Онда Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстан кейінгі бейбіт келісімді талдап, мәдени-гуманитарлық шаралардың рөліне ерекше тоқталды. Осы орайда қазақстандық Silk Way Star халықаралық музыкалық жобасындағы ерекше эпизод мысал ретінде келтірілді. 2025 жылдың қараша айында Астана төрінде өткен байқауда әзірбайжандық әнші әрі қазылар алқасының мүшесі Самира Эфенди армениялық орындаушы Саро Геворгянға ең жоғары баға беріп, оны көпшілік алдында құшақтаған еді. BBC бұл әрекетті ұзақ уақыт жалғасқан қақтығыстан кейін жасалған…
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері бүгін Түркістан облысына арнайы келіп, жергілікті халықпен ашық әрі мазмұнды диалог өткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан қаласындағы Конгресс-холл ғимаратында өткен жиынға мыңнан астам адам жиналды. Олардың қатарында зиялы қауым өкілдері, педагогтар мен дәрігерлер, ардагерлер, жастар, кәсіпкерлер және волонтерлер болды. Түркістан жұрты коалиция мүшелерінің жаңа Конституция жобасы туралы баяндамаларын тыңдап, көкейдегі сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Кездесудің қасиетті Түркістанның төрінде, мемлекеттіліктің тамыры тереңге тартқан киелі топырағында өтіп отыр. Осы жерде Тәуке ханның «Жеті жарғысы» дүниеге келгенін ескерсек, жаңа Конституция жобасын талқылаудың символдық мәні зор. Ата заң бүгінгі қоғамдағы әрбір адамның сұранысына…
Орталық ғылыми кітапхана қазақ ғылымының кешегісі мен бүгінін байланыстырып тұрған ерекше мәдени-ғылыми орталықтардың бірі. 1932 жылы құрылған бұл мекеме бүгінде «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрамында табысты қызмет атқарып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғылыми мұраны сақтау, жүйелеу және оны барша зерттеушіге қолжетімді ету кітапхананың басты міндеті. Осы бағытта сирек қолжазбалар мен көне басылымдарды реставрациялау, ғылыми сипаттау және цифрландыру жұмыстары жүйелі түрде атқарылып жатыр. – Бүгінде кітапхана қоры 5,8 миллионнан астам бірлікті құрайды. Оның ішінде 4 миллионға жуық ғылыми әдебиет, 20 мыңнан астам қолжазба, 91 мың сирек кітап бар. Қорда 850 мыңнан астам шетел әдебиеті мен 900 мыңға жуық шетелдік ғылыми…
Түркістан облысында енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті алдын ала брондауға болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Түркістан облысы бойынша филиалы хабарлап отыр. 2026 жылғы 20 ақпаннан бастап Байдібек және Созақ аудандарының ХҚКО бөлімдерінде электрондық кезек талонын алдын ала брондау бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Жаңа жүйе азаматтарға орталыққа келетін күнін және уақытын алдын ала белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын, электрондық үкімет порталы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығын пайдалану қажет. Брондау сәтті өткен жағдайда өтініш берушіге SMS-хабарлама жіберіледі. «Жаңа жүйе тұрғындардың уақытын үнемдеуге бағытталған. Бұрын ұзақ уақыт кезек күтетін азаматтар енді ХҚКО-ға…
Бүгін елордадағы Maqsut Narikbayev University-де алдағы референдумға дайындық аясында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаттары, қаржы және IT саласының өкілдері, жастар ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды ашқан елорда әкімі Жеңіс Қасымбек алдағы референдумның ел үшін маңызы зор екенін атап өтті. Ол Конституция жобасы мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталғанын жеткізді. «Жаңа Конституцияның басты мәні – адам және оның құқықтары. Себебі азаматтардың құқықтары мен бостандықтары Ата заңның өзегі», – деді әкім. Жеңіс Қасымбек жаңа Конституцияда «Әділетті Қазақстан» идеясы, «Заң мен Тәртіп» қағидаты, сондай-ақ адами…
Жетісу облысында студенттер арасында «Заң мен тәртіп» атты пікірсайыс турнирі өтіп, жастардың құқықтық мәдениеті мен сыни ойлау қабілеттері сыналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Zhansugurov College ұйымдастырды. Турнирге облыстың бірнеше оқу орнынан 150-ге жуық студент қатысты. Пікірсайыстың ашылу салтанатында университеттің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев сөз сөйледі. Ол мұндай шаралардың жастар арасында құқықтық мәдениетті арттырып, азаматтық ұстанымды нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті. Ой жарысында шешендігі мен тапқырлығын ортаға салған қатысушылар қатарында Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі, Талдықорған қаласының Инновация колледжі, Авиценна медициналық колледжі, Көксу ауылшаруашылық колледжі, Сарқан политехникалық колледжі, Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық…
Мұнай саласы кәсіподағының өкілдері еліміздің жаңа Конституциясын толық қолдайтынын және алдағы референдумға белсенді түрде қатысатынын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы кәсіподақ мүшелерімен өткен ақпараттық-түсіндіру кездесуінде белгілі болды. Іс-шараға коалиция мүшелері Мақсат Ырзаханов, Орынбасар Тоғжанов, Серік Бекбергенов, Марияш Нуранова, сондай-ақ Аят Сүгірбай мен Сабина Бейсембаева қатысты. Жиында жаңа Конституциядағы өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызы талқыланып, олардың қоғамдағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тигізер ықпалы кеңінен түсіндірілді. – Бүгінгі жиынның басты мақсаты кәсіподақ мүшелеріне жаңа Конституцияның мәнін түсіндіру. Конституциялық реформалар еңбек адамының құқықтарын қорғап, әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға үлкен ықпал етпек, – деді жиында сөз сөйлеген Мақсат Ырзаханов. Шара барысында жаңа Конституциядағы…
Рамазан миллиондаған мұсылмандар үшін ерекше ай, рухани тазару мен ішкі гармонияға қол жеткізетін кезең.Ораза ұстау денсаулыққа зиянын тигізбеуі тиіс. Қандай жағдайларда адамға Оразадан бас тартқан дұрыс және осы қасиетті айда дұрыс тамақтануды қалай жолға қою керектігін Ertenmedia.kz тілшісі сараптап шықты. Ислам діні бойынша адамның денсаулығы мен өмірін сақтау – бірінші кезектегі міндет. Сондықтан Ораза ұстау адамның денсаулығына кері әсер етпеуі тиіс. Ораза кімдерге ұсынылмайды? Медицина мамандарының айтуынша, дені сау адам Оразаны еш қиындықсыз өткереді. Тіпті дұрыс ұсталса, тамақтану уақытының шектелуі ағзадағы зат алмасуды жақсартуы да мүмкін. Алайда белгілі бір созылмалы аурулары бар адамдарға ораза ұстау денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін.…










