ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде құрылыс саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесіне арналған кеңес өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға мемлекеттік органдардың, кәсіподақ орталығының өкілдері және елордадағы ірі құрылыс компаниялары қатысты. Кеңесте құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, еңбек қатынасын заңды рәсімдеу, жұмысшыларды міндетті сақтандыру және бас мердігерлердің қосалқы мердігерлерге бақылауын күшейту мәселесі қаралды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев құрылыс алаңдарында қауіпсіздікке формалды қарауға болмайтынын айтты. Оның сөзінше, құрылыс маусымы қызған кезде әр нысанда еңбек қауіпсіздігіне жеке бақылау қажет. Бұған дейін Мемлекет басшысы Астанадағы құрылыс саласында өндірістік жарақаттану деңгейінің өсуіне назар аударып, жұмысшылардың қауіпсіздігін…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстандық салық төлеушілерге push-хабарлама жіберілді. Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше, мұндай хабарламалар салық тәуекелін азайту үшін жолданған. Яғни салық төлеушілерге деректерді алдын ала салыстырып, ықтимал айырмашылықтарды өз бетінше түзетуге мүмкіндік беріліп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Хабарлама жалпыға бірдей тәртіппен салық төлейтін тұлғаларға, қосылған құн салығы бойынша тіркеуде тұрған кәсіпкерлер мен компанияларға жіберілген. Атап айтқанда, жалпыға бірдей салық салу режимін қолданатын салық төлеушілерге 2025 жылға арналған корпоративтік табыс салығы декларациясында, яғни 100.00 нысанында табысты төмен көрсетуге қатысты ескерту берілген. ҚҚС бойынша тіркеуде тұрған тұлғаларға 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған 300.00 нысанында өткізу бойынша ҚҚС сомасын төмен көрсету және есепке жатқызылған ҚҚС сомасын…
22 мамыр, жұма күні Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерде бұршақ түсуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, Алматы, Шымкент, Қонаев, Талдықорған, Тараз және Түркістан қалаларында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей өңірде жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшеюі ықтимал. Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде 0…+2 градус, топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Күндіз +13…+15 градус жылы. Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15–18 м/с дейін жетуі ықтимал. Түнде +14…+16, күндіз +20…+22 градус болады. Қонаевта да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Түнде +15…+17, күндіз +22…+24 градус жылы. Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.…
Абай облысының аумағында арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі Үкімет тарапынан қолдау тапты, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл мәселе Үкіметте өткен отырыста қаралды. Жиында өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа жобаларды тарту және инвестициялық пулды кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Абай облысында инвестициялық белсенділік айтарлықтай артқан. 2025 жылдың басынан бері инвестициялық пулға енгізілген жобалар саны 29-дан 112-ге дейін көбейді. Ал жалпы инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеден 4,3 трлн теңгеге жетті. Облыс әкімі Берік Уәлидің айтуынша, 2026 жылы жалпы құны 131,2 млрд теңгені құрайтын 41 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осы жобалар нәтижесінде 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Өңірде өндірістік…
Мәжілістегі AMANAT фракциясының депутаты Тілектес Адамбеков «Таза Қазақстан» бастамасын күшейтіп, оны институционалдық деңгейде дамыту жөнінде Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысы ұсынған бастама бүгінде елдегі ең ауқымды қоғамдық жобалардың біріне айналды. Ол енді бір реттік сенбілік немесе маусымдық акция ретінде ғана қабылданбауы керек. «Таза Қазақстан» қоғамда жаңа экологиялық мәдениет, ортақ жауапкершілік және туған жерге жанашыр көзқарас қалыптастыратын тұрақты құндылыққа айналуы тиіс. Тілектес Адамбеков өз сауалында референдумда қабылданған Конституцияда табиғатқа ұқыпты қарау мәселесіне ерекше мән берілгенін атап өтті. Сонымен қатар Үкімет 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын бекіткенін еске салды. Құжат…
Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент депутаттары, мәдениет және өнер саласының өкілдері қатысты. Сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаған Аида Балаева мәдениеттің қоғамның рухани дамуы мен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы орны ерекше екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстанның мәдениет және өнер саласында 60 мыңға жуық адам еңбек етеді. Кейінгі үш жылда 592 мәдениет қызметкері мемлекеттік наградамен марапатталған. Сонымен қатар Мемлекет басшысының атынан мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 331 пәтер сертификаты табысталды. Аида Балаева сала өкілдерінің атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық мәдениетті дамытуға көрсетіп…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласын қолдау мемлекеттің конституциялық міндетіне айналғанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысының сөзінше, Конституцияда тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесіне ерекше назар аударылған. Сондықтан ұлт руханиятына қызмет етіп жүрген мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып отыр. Президент соңғы бес жылда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы екі есе өскенін атап өтті. Биылдан бастап өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі де екі есе ұлғаймақ. Тоқаевтың айтуынша, тек былтырдың өзінде елімізде 61 мәдениет нысаны салынды. 250-ден астам мекеме жөндеуден өтті. Сондай-ақ Президент Жарлығымен үш мұражайға «Ұлттық» мәртебе берілді. Бұл жұмыс биыл да жалғасады. Мемлекет басшысы Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық…
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Ertenmedia.kz порталы аймақ театрларының өңір мәдениетін жаңғыртудағы рөліне назар аударады. 21 мамыр Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде 2013 жылдан бері аталып келеді. Осы күннің мәні тек сахнада жүрген әртіс пен музейде, кітапханада, мәдениет үйінде еңбек ететін мамандарды құттықтаумен шектелмейді. Мереке қоғамның рухани салмақ өлшемін қайта қарауға мүмкіндік береді. Өйткені мәдениет қызметкерінің еңбегі күнделікті тіршілікте бірден көзге түсе бермегенімен, елдің ішкі болмысын, тілін, тарихи жадын, эстетикалық талғамын және ұрпақ тәрбиесін қалыптастыратын үлкен күшке ие. Аймақтағы театрлар осы үлкен мәдени жүйенің ең тірі, ең сезімтал бөлігі саналады. Кітапта жазылған ойды оқырман өзі іздеп…
Британдық Radio Caroline радиостанциясы король Карл III қайтыс болды деген қате хабар таратқаны үшін кешірім сұрады, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға радиостанцияда «Монарх» деп аталатын арнайы протоколдың кездейсоқ іске қосылуынан болған. Мұндай протокол Ұлыбритания монархы қайтыс болған жағдайда ақпарат тарату үшін алдын ала дайындалады. Radio Caroline басшысы Питер Мур Facebook парақшасында сейсенбі күні түстен кейін «Монарх» протоколы қателесіп іске қосылғанын және соның салдарынан эфирде корольдің қайтыс болғаны туралы жалған хабар айтылғанын түсіндірді. Оның сөзінше, қателікке негізгі студиядағы компьютерлік ақау себеп болған. Радиостанция алдымен тікелей эфирде кешірім сұрап, кейін әлеуметтік желіде де король мен тыңдармандарға арнап ресми кешірім жариялады. Қате хабар айтылған…
Маңғыстау облысында емдік-сауықтыру туризмін дамытуға бағытталған жаңа жоба таныстырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. 20 мамыр күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Tree Of Life» ЖШС өкілдерімен және шетелдік жобалық компания мамандарымен кездесті. Жиында өңірде салынуы жоспарланып отырған санаторий-курорттық кешеннің жобасы қаралды. «Tree Of Life» ЖШС Маңғыстау облысының жағалау аймағында термалды суларды тиімді пайдалану арқылы заманауи санаторий және емдеу-сауықтыру орталығын салуды жоспарлап отыр. Жоба Еуропадағы үздік санаторийлік кешендерді жобалаған шетелдік компанияның қатысуымен әзірленген. Жобаның жалпы құны 20-25 млрд теңге көлемінде бағаланып отыр. Инвесторлар жаңа кешен өңірдің туристік әлеуетін арттырып, Маңғыстауда емдік-сауықтыру туризмін дамытуға серпін береді деп күтеді. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстаудың инвестициялық…










