NASA ғалымдары Curiosity марсоходының көмегімен Қызыл ғаламшардан бұған дейін табылмаған аса ірі органикалық молекулаларды анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу нәтижелері Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды. Ғалымдардың пікірінше, бұл жаңалық Марстағы пребиотикалық химия, яғни өмірдің пайда болуына қажетті күрделі химиялық процестердің бұрын болжанғаннан да әлдеқайда жоғары деңгейге жеткенін аңғартады. Марсоходтағы шағын зертхана Sample Analysis at Mars (SAM) аппаратының көмегімен ұнтақталған тас үлгілерінен декан, унедекан және додекан сияқты күрделі органикалық молекулалар табылған. Аталған молекулалардың құрамы сәйкесінше 10, 11 және 12 көміртек атомдарынан тұрады. Мамандар бұл қосылыстарды май қышқылдарының Марс топырағында жақсы сақталған фрагменттері болуы мүмкін деп есептейді. NASA…
Автор: Лейла Болтаева
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалар негізінде өңірді дамытудың алдағы 6 басым бағытын айқындап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, халықтың табысын көтеру, өмір сүру деңгейін жақсарту негізгі міндет екенін баса атап өтті. Ең алдымен инвестиция тарту, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізе отырып, кәсіпкерлікті жандандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу міндеті алға қойылды. Жетісудың аграрлы аймақ екенін ескерген облыс әкімі ауыл шаруашылығы саласына ерекше тоқталды. – Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру керектігін айтты. Бұл тек қаржы бөлумен шектелмейді, әр тиынның қайтарымы болуы тиіс. Басты мақсат –…
2026 жылы Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл ел аумағында жалпы қуаты 2,64 ГВт болатын ірі энергетикалық жобалар іске қосылмақ. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы 2027 жылдың алғашқы тоқсанының соңына қарай еліміздегі энергия тапшылығы толық шешіліп, 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығу мүмкіндігі туады. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында былтыр еліміз 3,7 млрд киловатт-сағат энергия импорттауға мәжбүр болғанын атап өтіп, осыған байланысты жаңа қуат көздерін іске қосу жұмысын жеделдетуді тапсырған болатын. Осы тапсырма негізінде биыл Қазақстанда 4 бу-газ қондырғысы (БГҚ), 2 жел электр станциясы (ЖЭС), 4 күн электр станциясы…
Бүгін Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі ірі кәсіпорындардың жетекшілерімен кездесті, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде жаңа Конституция жобасы жан-жақты талқыланып, өңірдегі бизнес өкілдері реформаны толық қолдайтынын жеткізді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өз сөзінде Конституцияның жаңа редакциясында халықтың ұсыныс-пікірлері кеңінен қамтылғанын айтты. Сонымен қатар құжаттың тек мамандар үшін емес, жалпы қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті. – Мемлекет басшысы бастамашылық еткен бұл конституциялық реформа – соңғы жылдары жүргізілген ауқымды саяси өзгерістердің жалғасы. Жаңа Ата заңды талқылау әр азаматтың парызы, өйткені бұл құжаттағы нормалар мен қағидаттар еліміздің болашағына, ұрпағымыздың тағдырына тікелей ықпал етеді, – деді аймақ басшысы. Жиынға қатысқан облыстық…
Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында ел намысын абыроймен қорғаған командаларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, қазақ жауынгерлерінің әлемдік деңгейдегі тартысты додада көрсеткен ерік-жігері мен кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, әлемнің 48 мемлекетінен 100-ден астам команданың арасынан топ жару еліміздің қорғаныс қабілеті мен ұлттық рухының жоғары деңгейде екендігінің айқын дәлелі. – Намысты қолдан бермей, қиындықты жеңіп шықтыңыздар! Байрағымыз көкте желбіреді, еліміздің беделі асқақтады. Халық сіздерді мақтан етеді. Дубайда өткен бұл халықаралық жарыста үздіктердің үздігі атану – кездейсоқ емес, қажырлы еңбек пен табанды жаттығудың нәтижесі. Өткен жылы…
Биыл қазақ эстрадасының аңызға айналған «Музарт» тобының құрылғанына 25 жыл толады, деп жазады Ertenmedia.kz. «Музарттың» мерейтойлық гастрольдік сапары 15 ақпаннан басталып, 1 мамырға дейін жалғасады. Осы аралықта топ еліміздің әр өңірінде, соның ішінде ірі қалалар мен облыс орталықтарында арнайы концерт беріп, тыңдармандарымен қауышады. Мерекелік турне тек Қазақстанмен шектелмей, көршілес елдердің де сахнасында жалғаспақ. Концерттік бағдарламаға 25 жыл ішінде халықтың жүрегінен орын алған, «Музарттың» алтын қорына енген хит әндер енеді. Сонымен қатар, топ мүшелері шығармашылық жолының әр кезеңіндегі туындыларын жаңа форматта ұсынуды жоспарлап отыр. Әрбір кеште сүйікті әндер жанды дауыста орындалып, көрермендер үшін ерекше сыйлық ретінде жаңа әндердің тұсауы да кесіледі.…
Астанада бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан JOLTAP жобасы тұрғындардың жаңа дағдыларды игеруіне, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды тегін меңгеруіне және табысын арттыруына мүмкіндік беріп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаға қатысып, кәсіби біліктілігін арттырған Наурызбек Утин JOLTAP арқылы өмірінің қалай өзгергенін айтып берді. Бастапқыда ол бұл жобаның шын мәнінде тегін екеніне сенбеген. Алайда модульдік кеңсеге барып, оқу жүйесін көрген соң, бірден курстарға жазылған. – Алғашында мұндай тегін курс сапасыз, тек үстіртін болады деп ойладым. Бірақ сабақтардың нақты стандарттарға сәйкес, кезең-кезеңімен сапалы өткізілетінін байқадым. Оқытушылар өте білікті, әр сұраққа мұқият жауап береді, қолдау көрсетеді, – дейді Наурызбек. JOLTAP жобасында…
Ақпан айының ортасынан бастап, ал оңтүстік өңірлерде одан да ертерек бау-бақшадағы жеміс ағаштарының қысқы бұталу маусымы басталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жұмыс солтүстіктегі аймақтарда күн жылып, ағаш бойына шырын жүре бастағанша жалғасады. Бұталаудың басты мақсаты жас ағаштың дұрыс пішінін қалыптастыру және кейінгі жылдары өнім беретін кезеңде ағаш бұтақтарын ретке келтіру арқылы сапалы әрі мол жеміс алу. Ағашты пішіндеудің бірнеше жүйесі бар. Бірақ көбіне орталық жетекші (негізгі діңгектің жоғары бөлігі) мен одан таралатын негізгі бұтақтардың дұрыс орналасуы арқылы еркін өсетін пішін қолданылады. Ағаш өскен сайын жетекші бойында бірнеше қабатты крона пайда болады. Кейін ағаш тым биіктеп кеткенде, жетекші бұтақты төменірек орналасқан…
Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында әлемдік саясат пен дипломатиядағы жағдайға қатысты қызықты тұжырымдар айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Саясаттанушы Уәлихан Төлешов Мюнхен конференциясында Еуропа көшбасшылары АҚШ кәрі құрлықтағы қауіпсіздіктің негізігі кепілі болудан бас тартақанын қалғанын ашық мойындағанын айтты. Америкалық тарап та қазіргі әлемдік тәртіптің ескіргенін, оның АҚШ-тың өзіне қарсы құралға айналғанын мәлім етті. Мұның дипломатиялық ишара емес, терең қайшылық екенін аңғару қиын емес. – Қарапайым тілмен айтсақ, АҚШ бұдан былай қауіпсіздіктің жалғыз «қалқаны» болғысы келмейді, ал Еуропа енді өз тағдыры мен қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілік алу қажеттігін ұқты. Осының салдарынан қорғаныс шығындары күрт өсті, стратегиялық автономияға, қаржы ағынына, цифрлық кеңістікке, көлік-логистика арналарына және…
Жұлдыз-жорамалға сенсеңіз де, сенбесеңіз де, бүгінгі күннің энергетикасы сіздің алдағы өміріңізге әсер етуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты белгісіндегілердің бүгінгі қаруы сөз. Бірақ тым көп сөйлеп, ақтала берсеңіз, ықпалыңызды жоғалтасыз. Бүгін сіздің күшіңіз қысқа сөйлемдер мен терең паузаларда. Кім бірінші үнсіз қалса, жеңіс соныкі. Тыныштықты басқаруды үйреніңіз. Торпақтар бүгін жақын адамдардың шекараны бұзып, жеке кеңістікке кіруге ұмтылғанын сезуі мүмкін. Бұл – сіздің беріктігіңізге сынақ. Егер ұсақ-түйекте жеңілдік жасасаңыз, маңызды шекараны жоғалтасыз. Жеке аумағыңызды қатаң қорғаңыз. Егіздер бүгін тым сезімтал. Таңертеңнен жаңалықтарды тоқтаусыз қарай берсеңіз, түске дейін күш-қуатыңыз сарқылып, мақсатыңыз жоғалады. Сәттілік жылдам «стимуляторлардан» бас тартуыңызға байланысты. Миды ашық ұстаңыз жаңа…










