Қазақстанда қуаттылығы жылына 10 млн тоннаға дейін мұнай өңдей алатын төртінші ірі мұнай өңдеу зауытын салу жобасы практикалық іске асыру кезеңіне өтіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елде болашақта мұнай-химия кластерінің орталығына айналуы мүмкін жаңа ірі кешен салуға дайындық басталды. Қазір жоба бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Энергетика министрлігі мұнай өңдеу және мұнай-химия саласындағы уәкілетті орган ретінде жобаны ведомствоаралық деңгейде үйлестіреді. Жобаның тапсырыс берушісі – «Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымы SK Ondeu. Алдағы алты ай ішінде халықаралық инжинирингтік команда кешенді зерттеу жүргізеді. Соның қорытындысы бойынша Үкіметке болашақ зауыттың техникалық және экономикалық параметрлері ұсынылады. Алдын ала…
Автор: Лейла Болтаева
Мұхтар Байбатшановпен болған сұхбатта білікті маман ауыл шаруашылығы мамандықтарының бүгінгі ахуалын, жас кадр тапшылығын және ауылға бармайтын түлектер мәселесін ашық талдап берді. Ғалым ветеринар, зоотехник, агроном сияқты мамандарды даярлау тек грант бөлу арқылы шешілмейтінін, ауылда нақты жұмыс орны, техника, әлеуметтік жағдай және шаруашылықпен байланыс болуы қажет екенін алға тартты. Ertenmedia.kz тілішісмен болған әңгіме барысында аңшылықтану мен аң шаруашылығы саласындағы қазақ тіліндегі оқулық тапшылығы, ғылыми тіл қалыптастыру және ауылдан келген қазақ тілді жастарға сапалы білім беру мәселесі де кеңінен қозғалады. Сұхбаттың маңызды бөлігі киік санының күрт көбеюі, оны ғылыми негізде реттеу, жайылымға түсетін салмақ, ауру қаупі және шаруалар мүддесін қорғау мәселесіне…
Әлемдік мұнай бағасы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен арадағы қақтығыс жақын уақытта аяқталуы мүмкін деген мәлімдемесінен кейін төмендеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде фьючерстері 4,79 пайызға арзандап, барреліне 105,94 долларға түсті. WTI маркалы мұнайдың шілде фьючерстері де 4,78 пайызға төмендеп, барреліне 99,17 доллар болды. Нарықтағы құлдырауға Трамптың Иранмен келіссөздерге қатысты сөзі әсер етті. БАҚ дерегінше, АҚШ президенті Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен кезде делдалдар қақтығысты тоқтатуға негіз болатын келісіммен жұмыс істеп жатқанын айтқан. Бұл құжат 30 күндік келіссөздерге жол ашуы мүмкін. Онда Иранның ядролық бағдарламасы мен Ормуз бұғазын ашу мәселесі қарастырылмақ. Reuters мәліметінше,…
21 мамырға арналған жұлдыз жорамал барлық зодиак белгісіне бірден бәріне жармаспай, бүгін нақты нәтиже керек бір бағытты таңдауға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Күн бұрыннан кейінге қалып жүрген шешімдерге қолайлы. Жұмыс тапсырмасы, жеке әңгіме, тұрмыстық мәселе немесе құжат реттеу сияқты істерді созбай, бір-бірлеп аяқтаған дұрыс. Тоқты бүгін он түрлі шұғыл өтінішке бөлінбей, бір негізгі міндетті соңына дейін жеткізгені жөн. Жұмыста қысқа жоспар көмектеседі: қазір не істеу керек, нені кейінге қалдыруға болады және қай жерде өзгенің асығыстығына ермеген дұрыс екенін анықтап алыңыз. Кешке денеге көңіл бөліңіз. Белсенді серуен, жаттығу немесе жай ғана бой жазу күн бойғы ширығуды азайтады. Торпақ бүгін ақшаны,…
Орталық Африкада Эбола вирусына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр, бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһандық пандемия қаупі төмен екенін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. ДДСҰ мәліметінше, Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы індетке байланысты ұлттық және өңірлік деңгейдегі қауіп жоғары бағаланып отыр. Алайда вирустың әлемге кең таралу қаупі төмен. Сондықтан ұйым әзірге пандемия қаупін жариялауға негіз жоқ екенін айтты. ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, Конго мен басқа елдерде Эбола жұқтыруы мүмкін 600-ге жуық жағдай тіркелген. 139 адам қайтыс болғаны хабарланды. Бірнеше ондаған жағдай зертханалық тұрғыдан расталған, ал нақты жұқтырғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Мамандардың пікірінше, індет бірнеше ай…
21 мамыр, бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашын Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Семей және Тараз қалаларында күтіледі. Кей өңірде жел күшейіп, екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с болады. Түнде +10…+12 градус, күндіз +13…+15 градус күтіледі. Алматыда да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Жел 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде +10…+12 градус, күндіз +25…+27 градус жылы болады. Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15–18 м/с дейін күшейеді. Түнде +15…+17, күндіз…
Германия экономикасындағы үшінші маңызды сала саналатын химия өнеркәсібі соңғы жылдары ауыр дағдарысқа тап болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Саланың әлсіреуіне бірнеше фактор қатар әсер етіп отыр. Украина мен Ирандағы соғыстарға байланысты энергия тасымалдаушылар бағасы өсті. Бұған қатаң реттеу талаптары, экономикалық баяулау және халықаралық бәсекенің күшеюі қосылды. Германия химия өнеркәсібі қауымдастығы VCI дерегінше, елдегі химия компанияларының жалпы табысы 2025 жылы 2022 жылмен салыстырғанда шамамен 22 пайызға төмендеп, 220 млрд еуроға дейін азайған. Сарапшылар жақын арада жағдай тез жақсарады деп күтпейді. Мюнхендегі ifo экономикалық зерттеулер институтының сарапшысы Анна Вольфтың айтуынша, саланың өзі энергия мәселесіне қарсы қолдан келетін шаралардың көбін жасап үлгерді. Компаниялар энергияны…
Астанада «Alem.ai» Халықаралық жасанды интеллект орталығында «AMANAT» партиясы Кәсіпкерлер қанатының IT-қауымдастық және бизнес өкілдерімен кездесуі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, жетекші технологиялық компаниялар, банк секторы, телекоммуникация операторлары, IT-кәсіпкерлер және өңірлерден онлайн қосылған қатысушылар жиналды. Жалпы кездесуге шамамен 440 адам қатысты. Басқосуда цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту және Қазақстанның заманауи цифрлық экономикасын қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмыс мәселесі талқыланды. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов мемлекет цифрлық трансформация мен жасанды интеллект құралдарын енгізуге ерекше мән беріп отырғанын айтты. Оның сөзінше, алдағы үш жылда Қазақстан толыққанды цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Осы мақсатта инфрақұрылым құру, заңнаманы жаңарту және IT-салаға…
Қазақстандықтардың қаржылық өмірі жылдам өзгеріп келеді. Қазір жұрт баспананы арзан несие арқылы алғысы келеді, акциядан табыс табуға қызығады, ал бизнес банк қызметінің жай ақша аударымымен шектелмей, толық цифрлық көмекшіге айналғанын қалайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Кәсіпкерлер банктерден жаңа деңгейдегі сервисті күтіп отыр. Әлеуметтік желілерде компания банк қосымшасы арқылы БСН немесе ЖСН бойынша бірден шот шығарып, клиент оны push-хабарлама арқылы бір батырмамен төлей алатын жүйе енгізу туралы ұсыныс айтылып жүр. Кәсіпкерлердің айтуынша, қазір компаниялар арасындағы қарапайым мәміленің өзі кейде ұзақ бюрократиялық рәсімге айналып кетеді. Шот, PDF құжат, акт, электронды шот-фактура, қолмен салыстыру – шағын бизнес үшін уақыт пен қосымша шығын. Сондықтан банктер…
Астана қаласында 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтеді. Елорда әкімі бұл оқиғаның қала үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік екенін атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Астана алдағы жылдары әлемдік бокстың басты орталықтарының біріне айналмақ. Жеңіс Қасымбек World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкинмен, ұйымның бас хатшысы Том Диленмен және өзге де өкілдермен кездескенін хабарлады. Кездесу барысында әлем чемпионатына дайындық, спорт инфрақұрылымының әзірлігі және алдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланған. Қала әкімінің айтуынша, бокс Қазақстан үшін жай спорт түрі емес. Ол елдің болмысымен біте қайнасқан, қайсарлықты, тәртіпті және жеңіске деген жігерді көрсететін маңызды бағыт. Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Қазақстанның бокстағы әлеуеті жоғары…










