20 наурыз Ұлттық спорт күні. Бұл күн халқымыздың бай мұрасын, күш пен ептілікке негізделген дәстүрлі ойындардың маңызын айшықтайтын ерекше мереке, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақ халқы ежелден әрбір мерекені жарыссыз елестетпеген. Бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік секілді ойындар тек бәсеке емес, көшпелі өмір салтының ажырамас бөлігі болған. Ал тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату сияқты ойындар ұрпақ тәрбиесінің маңызды құралына айналған. Ұлттық спорт тек физикалық дайындық емес. Оның астарында төзімділік, батылдық, жауапкершілік және жақынға тірек болу сияқты қасиеттер жатыр. Ұлы Далада бұл қасиеттер өмір сүрудің негізгі шарты саналған. Бүгінде Наурыз мерекесі ұлттық спорт түрлерінің қайта жаңғыруына жол ашып отыр.…
Автор: Лейла Болтаева
Қоян-қолтық күш сынасатын спорт түрлерінде бас жарақатының қауіпті екені бұрыннан белгілі. Бірақ мұндай соққылар мида нақты қандай өзгерістер туғызатыны енді ғана терең зерттеле бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдардың айтуынша, регби, бокс, хоккей және америкалық футбол сияқты спорт түрлерімен айналысатын адамдарда есте сақтау қабілетінің нашарлауы мен нейродегенеративті аурулардың даму қаупі жоғары болады. Мұндай жағдайға тіпті жеке атау да берілген созылмалы травматикалық энцефалопатия, яғни «боксшылар деменциясы». Жаңа зерттеу нәтижесі бұл мәселенің басты себебі мидағы гематоэнцефалиялық бөгеттің (ГЭБ) бұзылуымен байланысты екенін көрсетті. Бұл бөгет – миды қан арқылы келетін зиянды заттардан қорғайтын табиғи қорғаныс қабаты. Зерттеуді жүргізген ғалымдар арнайы МРТ әдісін пайдаланып, бірнеше…
Күнделікті өмірде қолданылатын кейбір тұрмыстық бұйымдардың құрамындағы химиялық заттар балалардың иммунитетіне кері әсер етуі мүмкін. Америкалық педиатрлар жүргізген зерттеу осындай қауіп бар екенін көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, микротолқынды пешке арналған қаптамалар, жабыспайтын жабындысы бар ыдыстар және тұрмыстық текстиль құрамында кездесетін перфторланған қосылыстар (PFAS) балалардың ағзасында антиденелердің түзілуін әлсіретуі мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, бұл заттар қанға түскен жағдайда вакцинадан кейін қалыптасатын иммунитетті төмендетеді. Әсіресе дифтерия мен сіреспеге қарсы қорғаныс әлсіреуі ықтимал. Зерттеуді Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің мамандары жүргізген. Олар Атлант мұхитының солтүстігіндегі Фарер аралдарында тұратын 587 баланы бақылауға алған. Бұл өңірде теңіз өнімдері көп тұтынылады, ал дәл осы…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесіне орай ел халқына құттықтау жолдады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қадірлі отандастар! Ораза айт мерекесі құтты болсын! Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі. Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады. Ата дәстүріміз бен асыл дініміз елдің бірлігін нығайтып, қоғамның берекесін арттыратын игі амалдар жасауға үндейді. Биыл Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи…
Алматыда Наурыз мерекесі қарсаңында экологиялық акциялар қарқын алып, қала аумағында кең көлемде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңару күні аясында 400-ден астам ағаш отырғызылды. Ал жалпы мерекелік кезеңде 1000-нан астам көшет егілді. Бұл жұмыстарға коммуналдық қызмет өкілдерімен қатар еріктілер, студенттер, оқушылар және жергілікті тұрғындар белсенді қатысты. Түрксіб ауданында Қонаев атындағы өндірістік кооператив аумағында 139 ірі жапырақты ағаш егілді. Әуезов ауданындағы №1 шағынаудан скверінде 30 көшет отырғызылды. Наурызбай ауданында Абай даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында 75 ағаш егілсе, Жетісу ауданындағы «Ратушный» скверінде 50 көшет отырғызылды. Алмалы ауданында Розыбакиев көшесінің бойында 20 ірі ағаш егілді. Акцияға қатысушылардың бірі Ғалия Ермұханова ағаш…
Түркістан облысының Отырар ауданында ауыл шаруашылығына тың бағыт енгізілді. Шәмші ауылында банан өсіру жобасы іске қосылып, алғашқы нәтижелер байқала бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Otyrar GeoBanana жылыжай кешенінде небәрі 0,03 гектар аумақта банан өсіру қолға алынған. Жоба заманауи агротехнологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылып отыр. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы жылыжайға арнайы барып, жобаның жұмысымен танысты. Ол енгізілген технологиялық шешімдер мен басқару тәсілдеріне оң баға беріп, бастаманың өңір үшін маңызын атап өтті. Кездесу барысында кәсіпкер Рамазан Кенжебаевқа қолдау білдіріліп, мұндай жобалардың ауыл шаруашылығын әртараптандыруға ықпал ететіні айтылды. Жоба аясында жаңа өнім түрін өндіру мүмкіндігі пайда болды. Бұл өз кезегінде импортты алмастыруға жол ашып,…
АҚШ ұлттық барлау қызметінің басшысы Тулси Габбард Иранның жаңа жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеидің Израиль әуе соққылары кезінде ауыр жарақат алғанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Габбард бұл туралы АҚШ Конгресіндегі тыңдау барысында айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда Иран басшылығында нақты шешім қабылдап отырған тұлға кім екені белгісіз күйде қалып отыр. Алайда Иран тарапы бұл ақпаратты басқаша түсіндіруде. Елдің сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Хаменеи жеңіл жарақат алғанын және жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді. Бұған дейін Иран СІМ өкілі Эсмаил Багаи де көсемнің жараланғанын растағанымен, оның нақты жағдайы туралы мәлімет бермеген. Соған қарамастан, Хаменеи халыққа үндеу жасап, АҚШ пен Израиль шабуылдарына жауап болатынын…
Қазақстанда мүгедектік тағайындау жүйесіне қатысты кешенді тексеру басталды. Бұл бастаманы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитеті қолға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Тексеру шаралары ел бойынша барлық аумақтық бөлімшелерді қамтиды. Мұндай шешім Атырау облысында анықталған құқық бұзушылық белгілерінен кейін қабылданған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, азаматтарды сырттай-проактивті куәландыруға жолдау кезінде кейбір медициналық қызметкерлер мен дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының әрекеттерінде құжаттарға жалған мәлімет енгізу фактілері болуы мүмкін. Аталған деректер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Қазір олар заң аясында қаралып, тиісті шешім қабылданады. Министрлік бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Негізгі мақсат – мүгедектік…
Әлемде зымырандық қарулану мен әскери технологиялар жарысы жаңа кезең басатлды. АҚШ барлау қызметінің соңғы бағалауы бұл үрдістің тек аймақтық емес, жаһандық қауіпке айналып бара жатқанын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Саясаттанушы Тимур Сейітмұратовтың айтуынша, мәселе тек АҚШ қауіпсіздігімен шектелмейді. Қауіптің ауқымы әлдеқайда кең және оның салдары Еуропадан бастап Орталық Азияға дейінгі кеңістікті қамтиды. АҚШ Ұлттық барлау директоры Тулси Габбард Сенаттағы тыңдауда Қытай, Ресей, Солтүстік Корея және Иран зымырандық әлеуетін қарқынды арттырып жатқанын мәлімдеді. Бағалау бойынша, 2035 жылға қарай АҚШ аумағына жетуге қабілетті зымырандар саны 3 мыңнан 16 мыңға дейін өсуі мүмкін. Сейітмұратовтың пікірінше, бұл тек әскери баланс мәселесі емес. «Жаңа геосаяси…
Алматыда электромобильдерге қызмет көрсететін станцияда өрт шықты. Оқиға салдарынан бірнеше көлік жанып кеткен, деп жазады Ertenmedia.kz. Куәгерлердің айтуынша, ғимарат ішінде кемінде төрт автокөлік өртенген. Кейін белгілі болғандай, олардың арасында алматылық танымал блогер Алина Лидің көлігі де болған. Блогер болған жағдай туралы Instagram парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, бұл көлік – ұзақ уақыт бойы жинаған еңбегінің нәтижесі болған. – 14 жасымнан бастап армандаған көлігіме ақша жинадым. 18 жасымда сатып алдым. Тіпті толық жетпеген соң несие алуға тура келді. Бүгін сол көлік күлге айналды, – деді ол. Алина алғашында бұл хабарды қалжың деп қабылдағанын айтады. Алайда шындықты білгенде ауыр күй кешкенін жасырмады. –…










