Жүктілік әр әйелдің өміріндегі аса маңызды кезең, сондықтан бұл уақытта денсаулыққа ерекше назар аудару керек, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамандар жүктіліктің жайлы өтуі және сәбидің дені сау болуы үшін бірқатар қарапайым, бірақ тиімді кеңестер ұсынады. Жүкті екеніңізді білсеңіз, алкогольді толық тоқтатыңыз, себебі оның кесірінен нәрестенің ақыл-ойы кем болып туылуы мүмкін. Темекіге мүлде жоламаңыз, себебі темекі түсік тастау, мерзімінен бұрын босану және сәбидің салмағының төмен болуына әкеледі. Дәрі-дәрмекті дәрігердің нұсқауынсыз қолданбаңыз, өйткені кейбір дәрілер нәрестенің дамуына зиян келтіреді. Мамандар алғашқы апталарда жүкті әйелдердің жиі шаршайтынын ескертіп, көбірек демалуға, табиғатқа шығуға және ертерек ұйықтауға кеңес береді. Әдетте үшінші айдан кейін бұл шаршау бәсеңдейді.…
Автор: Лейла Болтаева
Синоптиктер тұман, көктайғақ, боран және екпінді желге байланысты сақ болуға шақырады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алакөл маңында оңтүстік-шығыс желі 15-20 м/с, кей сәтте 23-28 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Ақтауда түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с. Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында тұман. Жел бағыты ауысады, екпіні 15-18 м/с. Алматы облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында тұман, көктайғақ. Алматыда түнде және таңертең тұман, Қонаевта көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ…
Габион қабырғасы тастармен толтырылған металл тор қораптардан жасалатын тіреу немесе сәндік құрылым. Мұндай қабырғалар еңістерді бекітуге және ландшафтты безендіруге жиі қолданылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Сурет екі кезеңді көрсетеді. Жоғарғы бөлігінде құрылыс барысы бейнеленген. Мырышталған болат торлар еңіс бойына орналастырылған. Кейбірі бос, кейбірі жартылай толтырылған. Ішіне ірі, тегіс өзен тастары салынған. Алдыңғы жағына уақытша ағаш тақтай бекітілген. Ол тастарды жинақы ұстап, қораптың пішінін сақтауға көмектеседі. Қабырға артындағы топырақ қазылған. Бұл құрылым сол еңісті ұстап тұруға арналғанын көрсетеді. Төменгі суретте жұмыс толық аяқталған. Тор қораптар тастармен тығыз толтырылған. Тастар әдейі бір-біріне кіріктіріліп орналастырылған. Бос орын болмауы шарт. Бұл қабырғаның салмағын арттырады және…
Қазіргі архитектурада баспалдақ енді тек қабаттарды байланыстыратын элемент емес, кеңістіктің көркем өзегіне айналып отыр. Соның бір мысалы «X-Arch» немесе айқас аркалы тірекке негізделген заманауи мүсіндік баспалдақ концепциясын атауға болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жоба бірнеше визуалды панель арқылы ұсынылған. Жоғарғы сол жақтағы бейнеде баспалдақтың «шикі», яғни құрылыс кезеңіндегі нұсқасы көрсетілген. Негізгі тірек элементтері құйма бетонға ұқсайды, ал басқыштар қалың ағаш тақтайлар. Артқы фонда кірпіш қабырға бар. Конструкция орталық доғалы «омыртқаға» бекітілгендей әсер қалдырады. Сонымен қатар баспалдақ қалқып тұрғандай көрінеді. Дегенмен түйісу нүктелерінде нақты бекіту бөлшектері байқалмайды. Жарық пен текстураның біркелкілігі бұл көріністің шынайы құрылыс алаңы емес, жасанды интеллект арқылы жасалған…
Астанада дипломатиялық корпус өкілдері үшін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысының қорытындыларына арналған брифинг өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Шараға Қазақстанда аккредиттелген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 80 өкілдігінің елшілері мен басшылары қатысты. Кездесу Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, оған Конституциялық комиссия төрағасы әрі Конституциялық Сот Төрағасы Эльвира Азимова, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Республикалық адвокаттар палатасының төрағасы Мәди Мырзағараев және комиссия мүшелері қатысты. Еске салсақ, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған. Конституциялық комиссия 2026 жылғы 21 қаңтарда құрылып, ал парламенттік…
Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы ретте, Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің әр өңірінде алғаш рет талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын жас басқарушылардың тобын қалыптастыру мақсатында, Президенттің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау Қағидалары бекітіліп, 2024 жылы еліміздің барлық өңірінде өңірлік кадр резерві қалыптастырылды. Бұл бастама мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және жас, білікті кадрларды мемлекеттік…
Әнші Қарақат қызымен бірге сахна төрінде хореограф Меруерт Жараспаеваны құттықтап, жұрттың ықыласына бөленді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жарық шамдар астында қатар тұрған ана мен қыздың бейнесі залдағы жұрттың жүрегін елжіретті. Бір кездері «өзімнен аумай қалған қызым болса» деп армандаған ана үшін бұл күн көптен күткен ақ тілекке айналды. Қарақаттың қызының келбеті әкесіне көбірек тартқанымен, жан дүниесі анасының әлеміне жақын екені байқалады. Сахнадағы сенімді қимыл, көздегі жылу, өнерге деген құрмет бәрі де тәрбиенің терең тамырынан бастау алғандай әсер қалдырды. – Қызымен бірдей киініп, бірге жүруді талай рет қиялдадым. Бірақ дәл осылай сахнаға қатар шығамыз деп ойламаған едім. Өнер тек мамандық не әуес…
Түркістан облысында су үнемдеу технологиялары кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. 2025 жылы «Таймас-2024» ЖШС Отырар ауданындағы Қарғалы ауыл округінде 400 гектар алқапқа күрішті тамшылатып суару тәсілімен егіп, әр гектардан орта есеппен 50 центнер өнім алған. 2026 жылы тәжірибені тағы 200 гектарға кеңейту жоспарланған. Маңыздысы күріш елімізде пилоттық режимде алғаш рет дәл осы технологиямен егілді. Дәстүрлі әдісте бір гектарға 26 мың текше метрге дейін су жұмсалса, жаңа тәсіл арқылы көрсеткіш шамамен 15 мың текше метрге дейін төмендеді. Нәтижесінде су шығыны екі есеге жуық қысқарды. Ылғалсүйгіш дақылдар тиімділігін арттыру үшін мақта егісінде де су үнемдеу тетіктері белсенді қолданыла бастады. 2024 жылы…
Қазығұрт ауданында былтыр 14,6 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 35,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін аудан әкімі Азизхан Исмаилов айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Табанды жұмыстың арқасында ауданда 80 отбасы баспанамен қамтылған. Ал биыл тағы 100 пәтерді қолданысқа беру жоспарлап отыр. Инфрақұрылым көрсеткіштері бойынша аудан елді мекендері 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Электр желісімен қамту деңгейі 98,4 пайызға жеткен. 61 елді мекеннің 55-і көгілдір отынға қосылып, көрсеткіш 90,1 пайызды құрап отыр. 2027 жылға қарай аудан аумағы толықтай орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмақ. Жол және әлеуметтік нысандар құрылысы да жалғасуда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2025 жылы 21 ішкі көше…
Кентауда соңғы үш жылда 200-ге жуық көпқабатты тұрғын үй жөнделіп, қаладағы тұрғын үй қорының 85 пайызы жаңғыртылғанын Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Өткен жылы 5 қабатты 60 пәтерлі әлеуметтік несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жеке мердігер есебінен 3 қабатты 30 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілген. Тұрғын үй инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы бұл қадамдар шаһардың сәулеттік келбетін ғана емес, әлеуметтік тұрақтылықты да нығайтуға ықпал етіп отыр. Қалада жалпы құны 234,6 млрд теңгеге бағаланған 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Өндіріс орындары толық іске қосылған кезде 1 768 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Индустриялық серпін беру мақсатында Арнайы экономикалық…










