Автор: Лейла Болтаева

фейк

Әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат құралдарында Астанадағы қоғамдық тамақтану орындарына ит еті жеткізілгені туралы ақпарат қайта тарады, деп жазады Ertenmedia.kz. Уәкілетті органдардың мәліметінше, бұл жарияланымдар 2023 жылы Ақмола облысы аумағында жануар тектес өнімнің заңсыз айналымына қатысты анықталған оқиғамен байланысты. Сол дерек бойынша құқық қорғау органдары заңда белгіленген тәртіппен тергеу жүргізген. Іс материалдары сотта қаралып, кінәлі адам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану нысандарына мұндай өнімнің жеткізілгені, сатылғаны немесе пайдаланылғаны туралы ресми расталған дерек жоқ. Елордада жануар тектес өнімдерге ветеринариялық-санитариялық бақылау тұрақты жүргізіледі. Оның ішінде ілеспе құжаттарды тексеру, жеткізушілерді бақылау және азық-түлік қауіпсіздігі талаптарының…

Толық оқу
балалар

Астанада жазғы каникул қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне арналған брифинг өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі Айгерім Өмірзақова мен қалалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Джуманова ата-аналарды жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырды. Мамандардың айтуынша, оқу жылы бойы құқық қорғау және уәкілетті органдар балалармен, ата-аналармен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізген. Дегенмен жаз мезгілінде оқушылар көшеде, үйде немесе интернетте көбірек уақыт өткізеді. Кей жағдайда олар ересектердің бақылауынсыз қалады. Сондықтан дәл осы кезеңде қауіпсіздік мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола түседі. Жазғы демалыс кезінде мемлекеттік органдардың профилактикалық жұмысы тоқтамайды. Каникул бойы рейдтер, әлеуметтік желілерге…

Толық оқу
Түркістан

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Қазақстан руханияты мен әдебиетіне үлес қосып жүрген қаламгерлермен кездесіп, ел руханияты, ұлттық әдебиет және Түркістанның түркі әлеміндегі тарихи орны туралы пікір алмасты, деп жазады Ertenmedia.kz. Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, этнограф Қасымхан Бегманов және ақын Қалқаман Сарин қатысты. Кездесуде әдебиет пен мәдениетті қолдау, өңірдегі рухани іс-шаралардың аясын кеңейту, Түркістанды халықаралық мәдени-гуманитарлық орталық ретінде дамыту мәселелері талқыланды. Нұралхан Көшеров мәдениет пен өнер ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, Түркістан өңірінде әдебиетке, мәдениетке және шығармашылық қауымға қолдау жалғасатынын айтты. Облыс әкімі қаламгерлер мен зиялы…

Толық оқу
Астана аэропорт

Бүгін Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқу-жаттығу сағат 15:00 мен 20:00 аралығында ұйымдастырылады. Іс-шара елорда жағдайында құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының терроризм қаупіне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеруге бағытталған. Жаттығу барысында әуежай аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Осыған байланысты жаяу жүргіншілер қозғалысына және көлік қатынасына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар белгілі бір аумақтарда уақытша тыйымдар қарастырылады. Терроризммен күрес жөніндегі елордалық жедел штаб тұрғындар мен әуежай жолаушыларын оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырды. Азаматтарға қауіпсіздік талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметкерлердің заңды нұсқауын орындау және тек ресми ақпарат көздеріне сүйену ұсынылады. Ұйымдастырушылар жалған ақпарат…

Толық оқу
Уәлихан Төлешов

Саясаттанушы Уәлихан Төлешовтің айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жошы ұлысы мұрасы туралы сөзі жай тарихи баяндама немесе дала өткенін мәдени тұрғыдан ақтау ғана емес, терең өркениеттік мәні бар саяси сигнал ретінде қабылдануы керек, деп жазады Ertenmedia.kz. Төлешовтің пікірінше, Алтын Орда бүгін қайта оралып жатыр. Бірақ өткендегі империя ретінде емес, Орта Еуразияның жаңа өркениеттік формасы ретінде. Оның ойынша, Тоқаев сөзінің түпкі мағынасы да осында жатыр. Қазақстан Алтын Орда мұрасын қайта көтеру арқылы түркі халықтарына, Орталық Азиядан бастап Еділ бойы, Кавказ, Сібір, Анадолы, Батыс Қытай және ішкі Еуразия кеңістігіне дейінгі үлкен тарихи арнаға жаңа үндеу жасап отыр. Саясаттанушы қазіргі әлем біртұтас жаһандану дәуірінен…

Толық оқу
Мақсат Дүйсенов

Германия тарапы Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновті экстрадициялаудан бас тартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан Бас прокуратурасы агенттік сауалына берген жауабында Германия Дүйсеновті беруден бас тартқанын растады. Алайда неміс тарапы мұндай шешімнің себебін көрсетпеген. «Дүйсенов М.К.-ны экстрадициялау мәселесіне қатысты сауалыңыз бойынша хабарлаймыз: герман тарапы оны беруден бас тартты, себебі көрсетілмеген. Сонымен бірге аталған адамды іздеу тоқтатылған жоқ, қылмыстық қудалау жалғасуда. Қазір іс бойынша мән-жайды анықтауға бағытталған шаралар, соның ішінде шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жүргізілуде», деп жауап берді Бас прокуратура. Қадағалау органы істің нақты фабуласын жария еткен жоқ. Бас прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге…

Толық оқу
Raul Castro

АҚШ Әділет министрлігі Кубаның бұрынғы басшысы Рауль Кастроға сырттай айып тақты, деп жазады Ertenmedia.kz. 94 жастағы Рауль Кастроға және тағы бес адамға АҚШ азаматтарын өлтіру үшін сөз байласу, адам өлтіру және әуе кемелерін жою баптары бойынша айып тағылған. Іс 1996 жылғы 24 ақпанда болған оқиғаға байланысты. Сол күні Куба әскери ұшақтары Brothers to the Rescue ұйымына тиесілі екі қарусыз азаматтық Cessna ұшағын атып түсірген. Оқиға салдарынан АҚШ-тың төрт азаматы қаза тапты. АҚШ тарапының нұсқасына сәйкес, ұшақтар Оңтүстік Флоридадан Куба бағытына ұшқан және халықаралық әуе кеңістігінде болған. Тергеу дерегінше, сол кезде Кубаның қорғаныс министрі болған Рауль Кастро осы операцияға қатысы бар…

Толық оқу
сәуле базархан

Қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның қайтыс болғанын продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова хабарлағанын Ertenmedia.kz осыған дейін жазған болатын. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, блогер Алматыдағы жеке пластикалық хирургия клиникаларының бірінде көз жұмған болуы мүмкін. Telegram-арналарда әйелге операция басталмай тұрып немесе операция кезінде жағдайы нашарлағаны айтылды. Кей деректе оқиғадан кейін клиника уақытша жабылғаны жазылған. Бірақ бұл мәліметтерге қатысты ресми растау әзірге жоқ. Кейін Threads желісінде марқұмның қызы жазба жариялады. Оның айтуынша, 53 жастағы Сәуле Ермаханова 15 мамыр күні Алматыдағы жеке клиникада жоспарлы липосакция операциясы кезінде қайтыс болған. Қызы операция жергілікті анестезиямен жасалуы тиіс болғанын, дәрігерлер оның бір жарым…

Толық оқу
медицина

Орал қаласында «Жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік телемедицина» атты Қазақстан–Корея халықаралық симпозиумы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Батыс Қазақстан облысында алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Корея Республикасының Католиктік Квандонг университеті жанындағы «Әулие Мария» халықаралық клиникасының президенті Ко Донг Хён бастаған делегация және өңір дәрігерлері қатысты. Халықаралық симпозиум аясында облыстық көпбейінді ауруханада жаңа телемедицина бөлмесі салтанатты түрде ашылды. Жоба өңір басшысының 2025 жылғы қараша айында Оңтүстік Кореяға жасаған жұмыс сапары кезінде бекітілген меморандумдардың нақты нәтижесі ретінде іске асып отыр. Екіжақты келісім аясында биыл Батыс Қазақстан облысының неврология және нейрохирургия саласындағы 10 маманы «Әулие Мария» клиникасында тағылымдамадан өтті. Оралдық дәрігерлер…

Толық оқу
теңге курс доллар

Қазақстанда жылдық инфляция сәл төмендегенімен, банктер несие мөлшерлемесін арзандатуға асығар емес, деп жазады Ertenmedia.kz. Сәуір айында елдегі жылдық инфляция 10,6 пайыз болды. Наурызда бұл көрсеткіш 11 пайыз еді. Бір қарағанда, баға өсімі баяулай бастағандай көрінеді. Бірақ қарапайым халықтың қалтасына бұл өзгеріс әзірге қатты сезіліп отырған жоқ. Себебі айлық инфляция, керісінше, жылдамдаған. Сәуірде баға 0,8 пайызға өсті. Ал наурызда өсім 0,6 пайыз болған еді. Яғни тауар мен қызмет бағасы әлі де қымбаттап жатыр. Тек жылдық көрсеткіш салыстыру базасына байланысты сәл төмен көрінді. Қаржы нарығындағы басты тежегіш – Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемесі. Қазір базалық ставка 18 пайыз деңгейінде тұр. Экономикадағы ақша…

Толық оқу