Астанада көші-қон саясатын жаңарту және шетелдік мамандарды тарту тетіктері талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Эльдар Күзембаев өткізген жұмыс кездесуіне «Отандастар қоры», «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Халықаралық көші-қон ұйымы, бизнес қауымдастық өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатысты. Жиында Қазақстанға шетелдік капитал тарту, жоғары білікті мамандарға, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолайлы көші-қон тәртібін қалыптастыру мәселесі қаралды. Эльдар Күзембаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде көші-қон ағындарын реттеудің сервистік әрі бәсекеге қабілетті жаңа моделі әзірленіп жатыр. Негізгі құралдың бірі ретінде «Алтын виза» институты енгізілмек. Ол инвесторлар мен сұранысқа ие мамандарға Қазақстанда ұзақ мерзім жұмыс істеуге және…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстандықтар мобильді аударымдарға қатысты салық органдарынан келуі мүмкін хабарламаны алаңдап күтіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. 1 қаңтардан бастап банктер мобильді аударымдар туралы мәліметті салық органдарына бере бастады. Мемлекеттің негізгі мақсаты көлеңкелі бизнесті анықтау. Яғни тауар сатып, қызмет көрсетіп, бірақ төлемді жеке картаға қабылдайтын, ресми тіркелмеген кәсіп иелерін заңды алаңға шығару көзделіп отыр. Алайда қарапайым азаматтар да алаңдаулы. Себебі күнделікті тұрмыста мобильді аударымсыз жүретін адам аз. Бірі ата-анасына ақша жібереді, бірі баласына көмектеседі, енді бірі сыныпқа перде алуға, балабақша тобына сыйлыққа, туған күнге немесе ортақ сатып алуға ақша жинайды. Осындай тұрмыстық аударымдар салық органдарының назарына ілігіп кетпей ме деген сұрақ көбейді.…
Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша республикадағы жетекші өңір саналады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір еліміздегі жылыжайлардың 72 пайызы осы облыс аумағында орналасқан. Өңірде жалпы аумағы 1 006,7 гектарды құрайтын 3 366 жылыжай жұмыс істейді. Соның ішінде 62,5 гектарды қамтитын 17 өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай және 944,2 гектар аумақта орналасқан фермерлік жылыжайлар бар. Өткен жылы Түркістан облысында 113 мың тонна көкөніс өндірілді. Осы өнімдер маусымаралық кезеңде республика халқының көкөніске деген қажеттілігінің 45 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Демек, өңір жылыжайлары елдің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінде ерекше орын алады. Жылыжай шаруашылықтарын қолдау үшін 2023 жылдан бастап электр энергиясы, газ және көмір шығындарын ішінара субсидиялау шаралары…
Жетісу облысында қоңыр аю Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы қонақ үй үйшігіне кірмек болған, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан тауда орналасқан қонақ үйлердің біріне келген жыртқыштың ізі анық көрінеді. Аю ішке кіруге тырысып, темір есікті жұқа қаңылтырдай майыстырып кеткен. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ұлттық парк әкімшілігінің мәліметінше, жағдай Аттапқан шатқалында болған. Мамандардың алдын ала дерегіне қарағанда, аю аталған аумаққа тағам иісіне елітіп келген болуы мүмкін. «Тянь-Шань қоңыр аюы адамға сирек шабуыл жасайтын жануарлар қатарына жатады. Алдын ала мәлімет бойынша, аю көрсетілген аумаққа тағам иісіне байланысты келген. Оқиға салдарынан зардап…
20 мамырға арналған жұлдыз жорамал барлық зодиак белгісіне әңгімеге, жаңалыққа және күтпеген ұсынысқа мұқият қарауға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Күн хат алмасуға, кездесуге, қысқа сапарға және алдағы жоспарды талқылауға қолайлы. Бірақ кешке қарай қарқынды бәсеңдеткен дұрыс. Шаршауды дау-дамайға айналдырмауға тырысыңыз. Тоқты бүгін тез келісімге келу қабілетін тиімді пайдаланады. Бірақ әр хабарламаға бірден жауап берудің қажеті жоқ. Жұмыста қоңырау, қысқа кездесу және ұсақ детальды шатастырмауды талап ететін тапсырмалар көбеюі мүмкін. Кешке серуендеу немесе спортпен айналысу іште жиналған ашуды жақындарға төкпеуге көмектеседі. Торпақ шығын, сатып алу және өз еңбегінің құны туралы көбірек ойлануы мүмкін. Әдемі сөз көп, бірақ ақша мен мерзімге…
АҚШ Сенаты Әсел Робертсті Словения Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының төтенше және өкілетті елшісі қызметіне бекітті, деп жазады Ertenmedia.kz. АҚШ Сенатының ресми дерегіне сәйкес, Әсел Робертстің кандидатурасы 2026 жылғы 18 мамырда бекітілді. Сенаттағы дауыс беру қорытындысы бойынша оның кандидатурасы 46 дауыс қолдап, 43 дауыс қарсы болып өткен. Ақ үй бұған дейін, 2026 жылғы 11 ақпанда, оны Словениядағы АҚШ елшісі қызметіне ұсынған болатын. Бұл жаңалық Қазақстан үшін де ерекше мәнге ие. АҚШ-та дипломатиялық қызметтің жоғары сатысына көтерілген Әсел Робертс, ашық деректерде көрсетілгендей, Қазақстанда дүниеге келген. Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі оны АҚШ тарихында елші қызметіне бекітілген алғашқы этникалық қазақ ретінде құттықтады. Осы тұрғыдан алғанда,…
20 мамыр, сәрсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашын негізінен батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде байқалады. Шымкент, Ақтау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Тараз және Түркістан қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерде жел күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде +7…+9 градус, күндіз +25…+27 градус жылы. Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Жел 3–8 м/с шамасында соғады. Түнде +9…+11 градус, күндіз +21…+23 градус болады. Қонаевта түнде +8…+10, күндіз +23…+25 градус жылы. Мұнда жел екпіні 18 м/с дейін жетуі мүмкін. Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 8–13…
Түркия Армениямен тікелей сауда жүргізуге қатысты бірқатар рәсімдік шектеуді алып тастады. Анкара енді екіжақты жүк тасымалында Арменияны соңғы жеткізу нүктесі және тауардың шыққан елі ретінде көрсетуге ресми түрде рұқсат берді. Ереванда бұл шешім тікелей сауда байланысына жасалған қадам ретінде қабылданып отыр. Алайда Армения мен Түркия арасындағы құрлық шекарасы әзірге ашылған жоқ. Жүк бұрынғыдай Грузия аумағы арқылы тасымалданады, деп жазады Ertenmedia.kz. Арменияның Түркиямен келіссөздер жөніндегі арнайы өкілі, парламент вице-спикері Рубен Рубинян 13 мамырда саудадағы процедуралық кедергілер алынғанын айтып, мұны бизнес үшін жақсы жаңалық деп атады. Оның сөзінше, енді тауарды үшінші елде қайта рәсімдеудің қажеті болмайды. Кедендік тұрғыдан сауда тікелей сипат алады.…
Алматыда «Etude-Ybyrai» ЖШС құрылыс компаниясының журналист Вадим Борейкоға қарсы іскерлік беделді қорғау жөніндегі азаматтық талап арызы бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Даудың өзегі журналистің YouTube желісіндегі «ГИПЕРБОРЕЙ» арнасында және Instagram парақшасында жарияланған материалдарға қатысты болып отыр. Құрылыс компаниясы Борейко өз қызметі туралы жүйелі түрде шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет таратты деп есептейді. Компания өкілдерінің айтуынша, әңгіме Алматыдағы «PREMIER» тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты айтылған пікірлер туралы. Атап айтқанда, журналист құрылыс жүргізуге заңды негіздер мен рұқсат құжаттары жоқ деген мазмұнда мәлімдемелер жасағаны айтылып отыр. Соттан кейін журналистердің сұрағына жауап берген компания өкілі Бақыт Қасыбаев бұл жарияланымдар сатылымға кері…
Алатау қаласының маңында Қазақстандағы eVTOL технологиясына негізделген аэротаксидің алғашқы демонстрациялық ұшуы таныстырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. 19 мамыр күні Alatau City аумағында «Alatau Advance Air Group Ltd.» жеке компаниясы электр қуатымен тік ұшып-қонатын әуе аппаратының алғашқы сынақ ұшуын өткізді. eVTOL деп аталатын мұндай аппараттар қалалық әуе мобильдігі, яғни Urban Air Mobility жүйесінің негізгі технологияларының бірі саналады. Қазақстан үшін аталған жоба жаңа көлік индустриясын қалыптастыруға жасалған алғашқы практикалық қадам болып отыр. Демонстрациялық ұшу аясында қалалық әуе мобильдігі экожүйесінің бірнеше маңызды элементі көрсетілді. Олардың қатарында AutoFlight компаниясының жолаушыларға арналған eVTOL аппараты, ұшқышсыз авиациялық жүйелер арқылы жүк жеткізу шешімдері және қалалық ортадағы әуе қозғалысын…










