ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы-драматург Жолтай Әлмашұлының «Олигарх қазақ», «Көктүрік сарыны» және «Клятва любви» атты жаңа кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға еліміздің зиялы қауым өкілдері, әдебиеттанушылар, қаламгерлер мен оқырмандар қатысты. Кездесуде автор өз шығармаларының жазылу тарихына тоқталып, олардың идеялық мән-мағынасын ашып берді. Сондай-ақ, қаламгердің әдебиеттегі өзіндік орны мен шығармашылық қолтаңбасы кеңінен талқыланды. Кеш барысында жазушыға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың арнайы құттықтау хаты табыс етілді. Қатысушылар өз кезегінде автордың шығармашылығын жоғары бағалап, әдебиетке қосқан үлесі мен жаңашылдық ерекшеліктерін атап өтті. Жақында Sotheby’s аукционында салмағы 24,5 килограмм тартатын, Марстан келген ең ірі метеорит сынығы 5,3 миллион долларға сатылып, метеориттер…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстан спортшылары бүгін Қысқы Олимпиадада бірнеше маңызды жарыстарға қатысады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жанкүйерлер тау шаңғысы, фристайл, биатлон және конькимен жүгіруден отандастарымыздың өнерін тамашалай алады. Жарыстарды Qazsport және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 14:00-де алып слаломда Александра Скороходова өнер көрсетеді, жеңімпаздар 17:30-да анықталады. 14:30-да фристайлшы Павел Колмаков параллельді могул бойынша сынға түседі, финалдық жарыстар 15:46-да аяқталады. 15:15-те биатлоннан 12,5 шақырымдық із кесу жарысына Владислав Киреев қатысады, ал 21:03-те Арина Ильященко мен Кристина Силаева конькимен жүгіруден 500 метрлік қашықтықта бағын сынайды. Әзірге Қазақстан құрамасында жалғыз алтын медаль бар. Оны мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров иеленді. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан Бразилия және Ұлыбританиямен бірге 15-17…
Физикалық белсенділік баланың дені сау, мықты әрі жан-жақты дамуының маңызды факторы болып табылады. Осыған орай балалардың қозғалыс белсенділігін ынталандыру бойынша маңызды кеңестерді, Ertenmedia.kz ұсынады. Мамандардың айтуынша, балаға кішкентайынан бастап белсенді қозғалыс әдетін қалыптастыру қажет. Ең бастысы жаттығулар мен ойындар баланың өзіне қызықты болуы керек. Себебі, бала ойыннан ләззат алса, оны қайта-қайта қайталауға талпынады. Осылайша физикалық белсенділік өз-өзіне сенімділігін арттырып, қозғалыс қабілетін дамытады. Нәрестелерге арналған физикалық белсенділік Жасы бір жасқа дейінгі сәбилердің күніне кемінде 30 минут уақытын ересектердің бақылауымен еденде (еденге төселген жайлы төсеніште) ойын ойнап өткізуі керек. Бұл кезде сәби шалқасынан жатып қана қоймай, ішіне жатып, басын көтеруге тырысуы тиіс.…
Қырғызстанда бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің жиені Нұрғазы Матисақов қызметінен босатылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы күндері қырғыз саяси сахнасында күтпеген жағдайлар орын алуда. Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы, әрі жақын серігі саналатын Қамшыбек Тәшиевті қызметінен шұғыл түрде босатуы ел ішінде ғана емес, көрші елдер арасында да үлкен талқылауға айналды. Тәшиевтің жиені Нұрғазы Матисақовтың да бірден қызметінен шеттетілуі саяси тартыстың жалғасып жатқанын дәлелдейді. Қамшыбек Тәшиев пен Садыр Жапаровтың саяси тандемі Қырғызстанда биліктің биік шыңына бірге көтерілген, бірі-біріне сенімді тұлғалар еді. Алайда соңғы уақытта олардың арасындағы байланыс үзілгені анық байқалады. Германиядан оралған Тәшиевтің Бішкекке…
Алдағы үш күнде Қазақстанның үш мегаполисінде ауа райы қандай болатынын Ertenmedia.kz ұсынады. АСТАНА 15 ақпан күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен соғады, жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -21…-23, күндіз -6…-8 градус аязды көрсетеді. 16 ақпан күні күн райы құбылмалы, күндіз қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, төменнен боран соғады. Оңтүстік-шығыс бағытындағы жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде 2-7, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде температура -10…-12, күндіз -2 градустан 0-ге дейін. 17 ақпан күні көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы -3…-5, күндіз шамамен 0 градус болады. АЛМАТЫ 15 ақпан…
Ғаламның құпиясын ашуда ғалымдар тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді. Ұзақ уақыт бойы ғарыштағы қарапайым материяның жартысына жуығының қайда орналасқаны жұмбақ күйінде келген еді. Енді зерттеушілер ерекше радиотолқындардың көмегімен жоғалған материяның нақты мекенін анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалам екі түрлі материядан тұрады. Бірі қарапайым материя, ал екіншісі құпияға толы қараңғы материя. Қараңғы материя көзге көрінбейді, ол тек ғарыштағы алып тартылыс күштерінен анықталады. Ал қарапайым материя газд, шаң, жұлдыздар, планеталар және біз күнделікті көріп-білетін заттардан тұрады. Ғалымдардың есебінше, қарапайым материя ғаламдағы жалпы материяның небәрі 15 пайызын құрайды. Бірақ осы қарапайым материяның жартысы қайда орналасқаны ұзақ уақыт бойы жұмбақ күйде келді. Енді…
Белгілі саясаткер Болат Әбілов Италиядағы қысқы Олимпиадада алтын жүлдеге қол жеткізген Михаил Шайдоровты құттықтап, ойын ортаға салды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Михаил Шайдоров Олипида алтынын алғаннан кейін оның ең алғашқы спорттағы қадамы «Рамстор» сауда орталығындағы шағын мұз айдынынан басталғанын жаза бастады. Желі қолданушылар «Алматыдағы «Рамстор» сауда орталығының шағын мұз айдыны Қазақстандағы барлық ірі спорт кешендерінен артық. Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген жалғыз жағдай. Денис те, Михаил да керемет жағдайсыз, осы шағын алаңда жаттықты» деген жазбалар шыққанын білеміз. Осы жазбалар Әбіловтың да жүреген қозғау салыпты. – 1999 жылы серіктестерімізбен бірге «Рамстор» сауда-ойын-сауық орталығын ашқанда Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін жабық мұз айдыны мүлде болмаған еді.…
Ғалымдар адамзат тарихына қатысты маңызды жаңалық ашты. Олардың зерттеушінше, алғашқы адамдар құрлықпен ғана емес, теңіз арқылы да қоныс аударған, деп жазады Ertenmedia.kz. Археологиялық қазбалардан табылған көне қармақтар, теңіз қабықтарынан жасалған әшекейлер мен жағалау маңындағы тұрақтар олардың мұхитты игергенін дәлелдейді. Бұл деректер адамзаттың көші-қон тарихын қайта қарауға негіз болып отыр. Рюкю аралдары Жапония мен Тайвань аралығында орналасқан кішігірім, аласа аралдар шоғыры. Кейбір шалғай аралдар бір-бірінен көкжиек арқылы көрінбейді. Оның үстіне, бұл аймақтан әлемдегі ең қуатты мұхит ағыстарының бірі Куросио ағысы өтеді (жылдамдығы секундына 1 метрден асады). Осыған қарамастан, бұл өңірде шамамен 35 мың жыл бұрын қазіргі адам (Homo sapiens) мекендеген алғашқы тұрақтар пайда…
Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды іс-шара – жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған алты сағаттық ақпараттық марафон басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Іс-шара республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook платформаларында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Ақпараттық алаңның мақсаты Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттары мен өзгерістерінің мәнін халыққа ашық түсіндіру болып табылады. Әрі ұсынылған жаңалықтарды әр азаматтың өмірімен байланыстырып көрсету. Марафон аясында «Ток-шоу» және «Сараптау: бұрын және қазір» пікірталас алаңдарында 100-ге жуық беделді сарапшы мен қоғам қайраткері Конституция жобасындағы негізгі бағыттарды талқылауда. Атап айтқанда, «Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні», «Жаңа Конституцияның Преамбуласы», «Егемендік пен Тәуелсіздік – бәрінен қымбат», «Адам – мемлекеттік саясаттың өзегі», «Заң және…
«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірге арналған ауқымды цифрлық жобаларымен таныстырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Сапар аясында компания басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті. Басқосуда цифрлық инфрақұрылымды дамыту және өңір халқының өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жобаларды талқылады. Кездесу барысында ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Аймақ бойынша 737 шақырымнан астам талшықты-оптикалық желі тартылған. Нәтижесінде 63 мыңнан астам үй мен 3 мыңға жуық мемлекеттік және бизнес ұйымдары жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізген. Жалпы, облыс көлемінде компанияның үлесі 73%-ды құрайды. Биылғы жылы жоба аясында тағы 18 ауыл интернет желісіне қосылады деп…










