Қазақстанда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылып, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдауға бағытталған бірқатар маңызды өзгеріс енгізілмек, деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі. Құжаттың негізгі мақсаты бағдарлама аясында көмек алуға үміткер азаматтарға қосымша мүмкіндік беру және рәсімдерді аяқтауға қосымша уақыт қарастыру. Жаңа өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік осал санатқа жататын қарыз алушыларға көрсетілетін қосымша көмек мерзімі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұзартылмақ. Бұл мүмкіндік 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтініш берген азаматтарға және арнайы комиссия оң шешім шығарған қарыз алушыларға қатысты болады. Қаулы жобасында тұрғын…
Автор: Лейла Болтаева
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану әлемде даулы құралға айналды. Пандемия кезінде бұл қадамды ондаған ел қолданғанымен, кейін оның салдары ауыр болғаны анық көрінді, деп жазады Ertenmedia.kz. COVID-19 кезінде табысынан айырылған азаматтарға көмектесу үшін көптеген мемлекет зейнетақы қорларындағы қаражатқа ерте қол жеткізуге рұқсат берді. Бір қарағанда бұл шешім халыққа өз ақшасын қиын кезеңде пайдалануға мүмкіндік бергендей көрінді. Алайда уақыт өте келе мұндай саясаттың ұзақ мерзімді тәуекелі айқындала бастады. ОЭСР 2020 жылдың өзінде зейнетақы активтерін жаппай шешу болашақтағы зейнетақы қауіпсіздігіне соққы болатынын ескерткен. Кейінгі деректер бұл қауіптің негізсіз болмағанын көрсетті. Зейнетақы жинағын ерте алуға рұқсат берген елдерде қор активтері қысқарып, болашақ төлемдердің…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, инвестициялық жобалар және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысына Абай облысының 2025 жылғы даму көрсеткіштері мен биылғы төрт айдағы экономикалық ахуалы жөнінде есеп берілді. Берік Уәлидің айтуынша, өткен жылы өңірлік жалпы өнім көлемі 3,9 триллион теңгеге жеткен. Биыл қаңтар-сәуір аралығында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,8 пайызды құрады. Инвестиция көлемі 19,4 пайызға өсіп, өнеркәсіп, өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларында оң динамика сақталған. Өңірде инвестициялық жобалар пулын кеңейту жұмысы да жүргізіліп жатыр. Былтырдан бері жалпы инвестициялық пулға кіретін жобалар саны 29-дан…
Қазақстанда жұмыс іздеушілер саны бос жұмыс орындарынан асып түсті. 2026 жылдың алғашқы бес айында Enbek.kz платформасында 495,7 мың бос жұмыс орны жарияланып, 609,3 мың түйіндеме орналастырылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамыр айының өзінде жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасына 86,7 мың бос жұмыс орнын енгізсе, жұмыс іздеушілер 91,6 мың түйіндеме жариялаған. Бұл еңбек нарығында бәсекенің күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Кадрларға ең жоғары сұраныс білім беру саласында байқалды. Мамырда мұнда 14 мың бос жұмыс орны тіркелген. Сонымен қатар қызмет көрсету саласында – 12,5 мың, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету секторында – 8,6 мың, құрылыста – 8 мың, ауыл шаруашылығында – 7,5 мың…
Ғарышта уақытты өлшеу Жердегі сағаттарға қарағанда әлдеқайда күрделі. Сондықтан NASA мен ғарыштық навигация жүйелері кәдімгі сағаттарға емес, атомдық сағаттарға сүйенеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Адамзат уақытты өлшеудің сан түрлі әдісін ойлап тапты. Қазіргі таңда көпшілік сандық сағаттарды пайдаланады. Бірақ олардың дәлдігі ғарыштық миссиялар үшін жеткіліксіз. Кәдімгі электронды сағаттардың жұмысы кварц кристалының тербелісіне негізделген. Теория бойынша ол секундына 32 768 рет тербеледі. Алайда уақыт өте келе бұл жүйеде өте аз болса да қателік жинала береді. Бірнеше аптадан кейін мұндай ауытқу миллисекундтарға жетуі мүмкін. Күнделікті өмірде мұндай айырмашылық байқалмайды. Бірақ ғарышта бір миллисекундтың өзі үлкен проблемаға айналуы ықтимал. Өйткені спутниктердің орбитасы, байланыс жүйелері…
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран Ормуз бұғазы маңында америкалық әскери тікұшақты атып түсіргенін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Трамптың айтуынша, оқиға Ормуз бұғазы үстінде патрульдік тапсырма орындау кезінде болған. Оның мәліметінше, Иран күштері АҚШ армиясының жоғары технологиялық Apache тікұшағын атып түсірген. Америка президенті тікұшақ бортында екі ұшқыш болғанын және олардың аман қалғанын хабарлады. Оның сөзінше, экипаж мүшелері жарақат алмаған. – Біздің әскери күштерден өткен түні Иран Ормуз бұғазы үстінде патрульдеу кезінде жоғары технологиялық Apache тікұшағымыздың бірін атып түсіргені туралы ақпарат алдым. Бортта екі ұшқыш болды, екеуі де аман және зардап шеккен жоқ. Соған қарамастан, Америка Құрама Штаттары бұл шабуылға жауап беруге…
Жамбыл облысында көліктерге заңсыз қосымша жанармай багын орнатқан техникалық қызмет көрсету орындары анықталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қордай ауданында полиция қызметкерлері мемлекеттік кірістер органдарының өкілдерімен бірлесіп арнайы рейд жүргізді. Тексеру барысында қосымша жанармай бактарын орнатумен айналысатын 16 техникалық қызмет көрсету станциясы бақылаудан өтті. Нәтижесінде алты станция иесіне қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай заңсыз өзгерістер көбіне жанармайды шекара арқылы көп көлемде тасымалдау мақсатында жасалады. Полиция соңғы бір айдың өзінде ел аумағынан шамамен 12 тонна жанар-жағармай материалын заңсыз шығарудың жолын кескен. Сонымен қатар қосымша жанармай багымен қайта жабдықталған 54 автокөлік анықталған. Аталған көліктердің иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда…
10 маусымға арналған жұлдыз жорамал жауапкершіліктен қашпай, кейінге қалдырылған мәселелерге нақты көзқараспен қарауға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бүгін отбасы, баспана немесе жеке шекараларға қатысты мәселелер алдыңғы қатарға шығуы мүмкін. Әңгіме барысында эмоцияға ерік бермей, қарсы тараптың пікірін тыңдаған жөн. Кешке дейін кейінге қалдырылған тұрмыстық шаруаны аяқтауға мүмкіндік туады. Құжат, төлем немесе өтініш мәселесін реттеу үшін қолайлы күн. Артық дау мен қысымнан аулақ болған дұрыс. Сабырлы ұстаным жақсы нәтиже береді. Кешкі уақытты үй шаруасына арнаған жөн. Торпақ Бүгін ұсақ-түйек көрінген ақпараттың өзі маңызды болуы мүмкін. Кездесу уақыты, мекенжай немесе келісімдерді жазып алған дұрыс. Ұмытшақтық кейбір істі қиындатуы ықтимал. Қысқа…
Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде 10 маусым күні жаңбыр мен найзағай күтіледі. Астанада бұршақ жаууы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Елордада күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +13…+15 градус, күндіз +26…+28 градус шамасында болады. Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +32…+34 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте де күн ашық болып, +34 градусқа дейін ыстық болады. Қонаевта аптап күшейеді. Мұнда күндіз +34…+36 градус ыстық болжанып отыр. Семейде де ауа температурасы +36 градусқа дейін жетеді. Солтүстік өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Петропавлда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Петропавлда желдің…
Қазақстандық ауыр салмақтағы файтер Расул Хатаев халықаралық аренадағы жеңісті жолын жалғастырып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Tobet Top Team командасының өкілі әрі Alash Pride ұйымының ауыр салмақтағы чемпионы Расул Хатаев BRAVE CF халықаралық лигасындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Қазақстандық спортшының қарсыласы Ресей өкілі болды. Жекпе-жек барысында Хатаев негізгі эпизодтарда басымдық танытып, кездесуді сенімді өткізді. Үш төреші де жеңісті бірауыздан қазақстандық файтерге берді. Осылайша Расул Хатаев кәсіби мансабындағы жеңісті сериясын жалғастырып, рекордын 7 жеңіс, 0 жеңіліске жеткізді. Ауыр салмақ дәрежесіндегі спортшы үшін мұндай көрсеткіш үлкен жетістік саналады. Спортшының дайындығына Tobet Top Team командасының бас бапкері Диас Қабдуов жетекшілік етеді. Мамандардың айтуынша, жүйелі…










