Автор: Лейла Болтаева

коалиция

Бүгін Түркістан облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы құрылды. Конституциялық реформаларды халық арасында кеңінен түсіндіру және осы тарихи бастамаларды қолдау бағытында жүзеге асырылатын жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі болып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Өңірлік коалиция құрамына 5 саяси партияның облыстық филиалдары, беделді қоғам қайраткерлері, танымал заңгерлербар. Сонымен қатар мәслихат депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, тәжірибелі сарапшылар енді. Жалпы саны 457 адамнан құралған өңірлік штаб мүшелері барлық аудан-қалаларда, халықтың түрлі әлеуметтік топтарымен жалпы саны 1959 кездесу өткізіп, конституциялық реформалардың аясындағы жаңа құқықтық нормаларды түсіндіреді. Конституциялық реформа жөніндегі кеңестің мүшесі Нұралы Әбішов жаңа Конституция жобасының ұсынылуы еліміздің саяси…

Толық оқу
Ерлан Қошанов

Бүгін елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға бірікті, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл коалиция құрамына бес жетекші саяси партия мен 300-ден астам қоғамдық ұйым кірді, олардың әрқайсысы миллиондаған қазақстандықтың мүддесін білдіреді. Жаңа Конституция жобасы Қазақстанды түбегейлі өзгертетін тарихи құжат. Ол елдің саяси жүйесін қоғам сұранысына сай жаңартып, азаматтардың мемлекетті басқаруға араласуын кеңейтеді, биліктің барлық тармағының ашық, әділ әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді. Мәжіліс Спикері, Жалпыұлттық Коалиция жетекшісі Ерлан Қошанов бұл Конституцияның халықпен бірге жазылғанын, сондықтан оны «Халықтық Конституция» деп атауға толық негіз бар екенін атап өтті. – Жаңа Конституцияда мемлекеттің басты байлығы жер асты…

Толық оқу
БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты республикалық бастама аясында өңірлік коалиция өз жұмысын бастады. Алғашқы жиынға коалиция мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары, мәслихат депутаттары, жастар ұйымдарының белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Аймақтық коалиция құрамына өңірдегі жетекші саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері еніп, жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылап, оның маңызын халыққа түсіндіруде күш біріктіруге келісті. Облыстық коалиция төрағасы, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы Мұрат Мұқаев жаңа Конституция жобасының елдің дамуы үшін тарихи маңызына ерекше тоқталды. – Қазіргі кезең еліміз үшін жаңа даму дәуірінің бастауы. Әлем тез өзгеріп жатыр. Осы өзгерістерге ілесу үшін…

Толық оқу
Үнзила Шапақ

Бүгін Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының алғашқы отырысы өтті. Осы жиында Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ жаңа Конституция жобасының тарихи маңызын атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Депутаттың айтуынша, Конституцияның жаңартылған нұсқасында ұлттық тарихымыз бен құндылықтарымызды мызғымас негізі ретінде айқындады. – Әлем өзгеріп, заман түрленіп жатса да, мемлекеттің беріктігі оның тұрақты ұлттық құндылықтарына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасында Тәуелсіздік, Егемендік, мемлекеттік шекарамыз бен аумақтық тұтастығымыздың мәңгілік құндылықтар екендігі нақты белгіленді, – деді Үнзила Шапақ. Ол жаңа құжаттың еліміздің тарихи тамырына ерекше назар аударғанын жеткізіп, мыңжылдық тарихымыз алғаш рет мемлекеттік деңгейде ұлттық құндылық ретінде танылғанын атап…

Толық оқу
Жетісу облысы әкімдігі

Әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүріп жатқан Жетісу облысы соңғы үш жылда 1,5 трлн теңге инвестиция тартты. Аймақтың жалпы өңірлік өнім көлемін екі есеге дейін арттырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен 2026 жылға арналған даму жоспары талқыланған облыс әкімдігінің отырысында айтты. Облыс әкімінің айтуынша, 2022 жылмен салыстырғанда жалпы өңірлік өнім көлемі екі есеге жуық өсіп, 2,5 трлн теңгеге жеткен. Сондай-ақ, облыста жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеп, соңғы үш жылда 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 11 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Бұған қоса, 276 әлеуметтік нысан жаңартылып, халықтың ауыз сумен қамтылуы 100%-ды құрады.…

Толық оқу
Созаққа газ келді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Шолаққорған ауылдық округінде көптен күткен табиғи газ желілерінің іске қосылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аймақ басшысы аудан тұрғындарын тарихи оқиғамен құттықтап, Созақ жеріне алғаш рет «көгілдір отын» келіп отырғанын ерекше атап өтті. – Бүгін сіздермен бірге Қаратаудың етегінде тарихи сәттің куәгері болып отырмыз. Созақ ауданына газ құбыры тартылып, елдің ұзақ жылғы арманы орындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жақында Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауылдық елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамтуды тапсырған болатын. Бүгінгі іс-шара – сол тапсырманың орындалуының нақты көрінісі, – деді облыс әкімі. 2025 жылы Түркістан облысында газбен қамту бойынша ауқымды…

Толық оқу
Ирландия Қазақстан инвестиция

Қазақстанға инвестиция тарту бойынша үлкен сандар мен әдемі баяндамаларға қарап, бәрі жақсы деп айта салуға әсте болмайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы ретте сарапшы Әлен Серік еліміздегі тартылыған инвестиция санынан бұрын сапасына мән беру керек екенін алға тартты. Соңғы жылдары әлемде шетелдік тікелей инвестицияның (ПИИ) логикасы өзгерген. Бұрын инвестицияларды жай ғана капитал, ақша көзі деп қараса, қазір оны экономиканы жаңғыртудың, технологиялық дамудың құралы ретінде қабылдайды. Осы орайда Ирландияның инвестиция тартудағы тәжірибесі Қазақстан үшін ерекше маңызға ие болып отыр. – Қазір елдер инвестиция көлемі үшін емес, оның сапасы үшін күресуде. Ақша ғана емес, технология, білім, біліктілік пен жаһандық құндылық тізбектеріне интеграция маңызды.…

Толық оқу
Нұрдәулет Қилыбай

Бүгін Ақтау қаласында еліміз бойынша екінші болып саналатын заманауи үлгідегі жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының жаңа ғимараты ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, медицина ардагерлері мен өңір дәрігерлері қатысты. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жаңа станцияның ашылуымен құттықтап, бұл әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бас прокуратураның қайтарған активтері есебінен және Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен салынғанын атап өтті. – Бүгін Маңғыстау жұртшылығы үшін аса маңызды әрі қуанышты оқиға. Заманауи медициналық нысан өңір тұрғындарына жедел көмектің қолжетімділігін арттырып, халыққа…

Толық оқу
Есік қаласындағы №1 перинаталдық орталығы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының денсаулық сақтау саласында маңызды өзгеріс орын алды. Есік қаласындағы №1 перинаталдық орталық енді жеке медициналық ұйым ретінде жұмыс істейтін болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы уақытқа дейін орталық Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының құрамында жұмыс істеп келген еді. Ал енді оның дербес мәртебеге ие болуы – аудандағы босандыру қызметін жетілдіру мен аймақтық денсаулық сақтау жүйесінде орталықтың институционалдық рөлін нығайту бағытындағы стратегиялық қадам. Жаңа мекеме басшысы болып тәжірибелі маман Дәурен Иманалиев тағайындалды. Оны ұжымға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымұлы Сүлейменов арнайы таныстырды. Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл шешім ана мен бала денсаулығын қорғау, босандыру кезіндегі асқынулар…

Толық оқу
Түркістан аэропорты

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындаудың нақты жолдары талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан мен қала әкімдері, сондай-ақ аумақтық департаменттердің жетекшілері қатысты. Жиын барысында Президент жүктеген 7 негізгі бағыт: инфляцияны төмендету, жаңа Салық кодексін тиімді енгізу, цифрлық технологияларды кеңінен қолдану, инвестициялық белсенділікті арттыру, заманауи өнеркәсіпті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, көлік логистикасын жетілдіру және энергетика тапшылығын азайту мәселелері кеңінен қаралды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңір басшыларына нақты міндеттер жүктеді: – Президент тапсырмаларын орындауда жүйелілік пен нәтижеге басымдық береміз. Барлық салада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізуіміз…

Толық оқу